Тиiстi қолма-қол ақшаны бақылау шоттарында ақша жеткiлiксiз болған жағдайда салықтың және басқа да бюджетке міндетті төлемдердің, салық органдары және (немесе) уәкілетті органдардың құзыреті шегіндегі салықтық емес төлемдердің артық төленген сомаларын салық төлеушілерге қайтаруға төлем тапсырмаларын аумақтық қазынашылық бөлiмшесi орындауға қабылдамайды.
БҚШ-дан ақшаны есептен шығару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган ҚР ҰБ белгiлеген тәртiппен ҚБЕО төлем жүйелерi арқылы жiберiлген электрондық төлем құжаттары негiзiнде жүргiзiледi.
Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихат шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңның немесе мәслихат шешімінің жобасы Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның немесе бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ұсынған деректер негізінде бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органның нұсқауы бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесі жоспарлы тағайындауларды азайту жоспарланатын бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар), ерекшеліктер бойынша төлемдер жүргізуді тоқтата тұрады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 189-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
189. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мемлекеттік мекемелерден төлеуге берiлетiн шоттарды қағаз тасығышта қабылдауды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң басшысы бекiткен және мемлекеттік мекемелерге берілген мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесiне сәйкес жергiлiктi уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейiн жүзеге асырады. Бұл ретте, банк кассасынан чек бойынша қолма-қол ақшаны алуға арналған құжаттар жергiлiктi уақыт бойынша сағат 13.00-гe дейiн қабылданады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесі мемлекеттік мекемелерден келіп түскен төлеуге берілетін шоттарды электрондық түрде «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы қабылдауды жұмыс күні ішінде сағат 16.00-ге дейін жүзеге асырады. Сағат 16.00-ден кейін келіп түскен құжаттар келесі жұмыс күні орындалады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 190-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 190-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
190. Мемлекеттік мекеме:
мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету кестесінің сақталуын;
төлеуге берілетін шотты ұсыну заңдылығы мен негізділігін;
төлеуге берілетін шотта көрсетілген деректемелердің дұрыстығын;
ақша алушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша міндеттемелердің уақтылығы мен толық орындалуын;
жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес тауарлардың, орындалған жұмыстардың және (немесе) көрсетілген қызметтердің жеткізілуін растаудың дұрыстығын;
тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша аванстық төлемнің сомасын қоспағанда, төлем жүргізген кезде шот-фактуралардың немесе тауарларды жеткізу туралы жүкқұжатының (актінің) немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актісінің көшірмелерін немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрін беруді;
олар бойынша жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы даярлау құны ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта құруға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша аванстан кейінгі төлемді жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік мекеме аванстық төлем сомасын қоспағанда, негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргізу кезінде мемлекеттік кәсіпорын мен көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) беруші арасында жасалған шартқа сәйкес тауарды жеткізу туралы шот-фактуралардың немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген олар ұсынған өзге құжаттың көшірмелерін қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне береді. Бұл ретте, көрсетілген құжаттардың әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрі бедерімен куәландырылады және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның), олар болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның қолы қойылады.
Мемлекеттік мекеме аванстық төлем сомасын қоспағанда, бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру бойынша төлем жүргізу кезінде осы тармақтың екінші бөлігінде санамаланған құжаттарға қосымша қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне әрбір парағы мемлекеттік мекеменің түпнұсқалық мөрі бедерімен куәландырылған және орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы орган жауапты хатшысының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлғаның), олар болмаған жағдайда, мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкілеттік берген тұлғаның қолы қойылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын ұсынады.
191. Қолма-қол емес және қолма-қол ақша түрiнде төлемдер мен ақша аударуды жүзеге асыру мыналардың:
бюджет қаражаты;
мемлекеттік мекемелер өздерiнiң билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша;
мемлекеттік мекемеге Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке және (немесе) заңды тұлғалардың оны қайтарып алу не белгілі бір жағдайлар басталғанда тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен беретiн ақша;
мемлекеттік мекемелер үшін демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар заңнамалық актілерге сәйкес алатын ақша есебінен төлеуге берілетін шоттарды мемлекеттік мекеменiң қалыптастыруын және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жүргiзуiн қамтиды.
192. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiне төлеуге берiлетiн шотты ұсынғанға дейiн оны төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналына тiркейдi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналы журналдағы беттердiң жалпы санын көрсете отырып, нөмiрленген, тiгiлген және елтаңбалы мөрi қойылған және мемлекеттік мекеме басшысының немесе ол өкiлеттiк берген тұлғаның қолымен куәландырылған осы Ереженің 73-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жүргiзiледi. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазу төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастыруға қарай хронологиялық тәртiпте жүргiзiледi. Бұл ретте, төлеуге берiлетiн шотта көрсетiлген күн төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында көрсетiлген тiркеу күнiне сәйкес келуi тиiс. Төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналында ағымдағы қаржы жылы аяқталғанда бос беттер болған кезде келесi жылғы жазулар үшiн пайдалануға болады, бұл ретте, жазулардың нөмiрленуi басынан басталады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 193-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
193. Осы Ереженің 74-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасығыштағы төлеуге берілетін шот және төлеуге берілетін шоттың электрондық түрі онда көрсетілген күннен он күнтізбелік күн ішінде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне беруге жарамды.
«Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы төлеуге берілетін шот осы Ереженің 74-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жіберіледі.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 194-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
194. Мемлекеттік мекеме төлемдердi жүргiзу және ақша аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженің 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн, алдын-ала төлеу үшін төлеуге берілетін шоттарды қоспағанда, осы Ереженің 208 және 211 тармақтарда көзделген құжаттарды қоса бере отырып, төлеуге берілетін шоттарды ұсынады. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмi және төлеуге берiлетiн шоттардың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне екi данада ұсынылады.
Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiнде мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынатын барлық төлеуге берiлетiн шоттар көрсетiледi.
«Қазынашылық - Клиент» АЖ арқылы электрондық түрде жіберілген төлеуге берілетін шоттарды жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттардың тізілімдері берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 195-тармақ өзгертілді
195. Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерiнiң жауапты орындаушысы осы Ережеде көзделген жағдайларда қағаз тасығышта оларға қоса берілген төлеуге берілген шоттары мен құжаттармен бірге төлеуге берілген шоттар тізілімінің екі данасын қабылдайды, олардың жинақтылығын, 24-29-тарауларда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді. Төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiне қоса берiлген төлеуге берiлетiн шоттар мен құжаттардың саны, төлеуге берілген шоттар тізілімінде көрсетілген олардың санына және 24-29-тарауларда белгiленген талаптарға сәйкес келген кезде тiзiлiмнiң екi данасына және тізілімге қоса берілген төлеу шоттарына қолын, күнiн және мөртабан бедерін қояды. Төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнiң қол қойылған және мөр таңбаланған данасы мемлекеттік мекемеге қайтарылады, төлеуге берілген шоттарға және құжаттарға қоса берілген төлеуге берiлетiн шоттар тiзiлiмiнің екінші данасы одан әрi орындау үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде қалады.
Аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты орындаушысы төлеуге берілетін шоттың электрондық түрінің және оған қоса берілген құжаттың осы Ереженің 24-29-тарауларында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді және сәйкес келген жағдайда төлеуге берілетін шоттың электрондық түрін бекітеді.
ҚБАЖ -да ақша алушы болмай қалған кезде, жасасқан шарттың аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелуін талап етпейтін БСК шығыстары бойынша шарт жасаспай не шарт жасаса отырып тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу жағдайында осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес, мемлекеттік мекеме Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге өтінімді ақша алушының мынадай құжаттарын:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасын.
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хатын (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда)
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесін;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасын қоса бере отырып ұсынады.
ҚБАЖ -да ақша алушының деректемелері болмаған кезде, ол бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшесінде жасалған шартты тіркеу талап етілмейтін шығыстардың БСК бойынша шарт жасаспай не шарт жасасып тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайда, мемлекеттік мекеме, осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64-қосымшаларына сәйкес, ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінім береді.
Ақша алушыны ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің растығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
196. Төлем жүргiзiлгеннен кейiн төлеуге берiлетiн шоттың екiншi данасы және осы Ереженiң 76-қосымшасына сәйкес 5-15 «Мемлекеттік мекемелердiң төлемдерiн жүргiзу жөніндегі күнделiктi көшiрмесi» нысаны бойынша қалыптастырылған есеп (бұдан әрі 5-15-нысан) төлеуге берiлетiн шотта төлем жүргiзiлген күнді және салыстыру жүзеге асырылған күнді көрсете отырып, салыстырылады, қазынашылық аумақтық бөлiмшесiнің жауапты орындаушысының қойылған қолымен және мөртабан бедерімен куәландырылады және мемлекеттік мекемеге берiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 197-тармақ өзгертілді
197. Қолма-қол ақшаның тиісті бақылау шоттарында төлеуге берiлетiн шоттарды орындау үшін ақша болмаған не жеткіліксіз болған жағдайларды қоспағанда, қағаз тасығышта төлеуге берілетін шот және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот орындалады не орындалмай оны аумақтық қазынашылық бөлiмшесi қабылдаған күннен кейiнгi күннен бастап екі жұмыс күнi iшiнде қайтарылады.
Қағаз тасығышта төлеуге берілетін шот және «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот мынадай:
кағаз тасығышта төлеуге берiлетiн шот осы Ережеде белгiленген нысанға сәйкес емес нысан бойынша ұсынылған;
түзетулермен, оның ішінде қолмен түзетіліп ұсынылған;
осы Ережеде көзделген растау құжаттарын, оның ішінде магниттік (электрондық) қосымшасыз ұсынылған;
талап етілген жолдарда қойылған қолдардың және /немесе мөр бедерінің болмаған;
қойылған қолдар және /немесе мөр бедері қойылған қолдардың және мөр бедерінің үлгісі бар құжатқа сәйкес келмеген;
құжаттың барлық даналарындағы талап етілген ашық шетіне мөр бедері дәл (анық) қойылмаған;
жазба соманың санмен көрсетiлген сомаға сәйкес келмеген;
төлеуге берілетін шоттарда көрсетілген, бағдарламалық тексеруге жататын деректердің ҚБАЖ - ға енгізілген деректерге сәйкес келмеген;
төлем мақсатының Шығыстардың экономикалық сыныптамасы ерекшелiгiнiң құрылымына сәйкес шығыстардың бағытына сәйкес келмеген;
төлеуге берілетін шоттардың деректерінің төлеуге берілетін шоттарға қоса берілген (осы Ережеде белгiленген жағдайларда құжаттар қоса берілген кезде) растаушы құжаттардың деректеріне сәйкес келмеген;
төлем сомасының қаржыландырудың жеке жоспарларының тиісті кезеңдегі (өспелі қорытындылармен) төлемдері бойынша пайдаланылмаған қалдығы сомасынан асып кеткен;
аванстық төлем пайызы осы Ереженің 156-161-тармақтарында көзделген мөлшерінен асып кеткен;
төлеуге берілетін шоттың бірінші данасының деректемелері төлеуге берілетін шоттың екінші данасының деректемелеріне сәйкес келмеген;
төлеуге берілетін шоттың қолданыс мерзімінен асатын мерзімде берілген;
ұсынылған төлеуге берілетін шоттар саныны төлеуге берілетін шоттар тізілімінде көрсетілген санға сәйкес келмеген;
ҚБЕО белгілеген хабарламалар пішімінде магниттік (электрондық) тасығышта қателер анықталған жағдайларда орындалмай мемлекеттік мекемеге қайтарылады;
осы Ереженің 185-тармағының екінші абзацында көзделген талаптарды сақтамастан төлеуге берілетін шотқа хабарламаны «Қазынашылық-клиент» АЖ арқылы бекіту.
«Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот қабылдау және одан әрі өңдеу кезеңінде жоғарыда санамаланған талаптарға сәйкес келмейтіндігі анықталған кезде төлеуге берілетін шот қайтару негіздемесі міндетті түрде көрсетіле отырып, электрондық түрде мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
Төлеуге берілетін шот қабылдау кезеңінде жоғарыда санамаланған жағдайларға сәйкес келмеген кезде төлеуге берілетін шот қайтарылуы туралы белгі соғылған бар хатпен ресімделмей төлеуге берілетін шот тізілімінің бірінші данасында - мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының қойылған қолы, екінші данада - аумақтық қазынашылық бөлімшесінің жауапты хатшысының қолы қойылып қайтарылады. Тексеру барысында қабылдағаннан кейін сәйкессіздік анықталған кезде онда төлеуге берілетін шот аумақтық қазынашылық бөлімшесі басшысының немесе оған уәкілеттік берген тұлғаның қолы қойылған жазбаша негіздемемен қайтарылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 198-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
198. Мемлекеттік мекеменiң қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берiлетiн шотының атқарылу күнi бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган бекiткен 5-15 нысанындағы есепке бекітілген төлеуге берiлетiн шотты енгiзген күнi болып табылады.
24-тарау. Төлеуге берiлетiн шотты ресiмдеу тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 199-тармақ өзгертілді
199. Қағаз тасығыштағы және «Қазынашылық - клиент» АЖ арқылы электрондық түрде түскен төлеуге берілетін шот былайша толтырылады:
«№ төлеуге берiлетiн шот» ашық жолағында мемлекеттік мекеменiң жетi мәнді кодынан тұратын, төлем мен ақша аудару жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылының соңғы екi саны бөлшек сызығы арқылы, дефис арқылы - төлеуге берiлетiн шоттарды тiркеу журналындағы жазбаның реттiк нөмiрiне сәйкес келетiн реттiк нөмiрiнен тұратын төлеуге берiлетiн шоттың нөмiрi көрсетiледi;
«Күнi» ашық жолағында төлеуге берiлетiн шот үзiндiсінің күнi көрсетiледi;
«Мемлекеттік мекеме» бөлiмiнде:
«ММ-нің Коды» ашық жолағында Мемлекеттік мекемелердiң анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменiң жетi белгiден тұратын коды көрсетiледi;
«Атауы» тор көзiнде мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес келетiн мемлекеттік мекеменiң толық атауы көрсетiледi; аумақтық қазынашылық бөлiмшесi мен мемлекеттік мекеменің жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанның атауын және мемлекеттік мекеменің атауын қысқартуға жол беріледі;
«СТН» («БСН») ашық жолағында мемлекеттік мекемеге салық қызметi органы берген салық төлеушінің тiркеу нөмiрi (бизнес сәйкестендіру нөмірі) көрсетiледi;
«АҚБ» ашық жолағында мемлекеттік мекемеге қызмет көрсететiн аумақтық қазынашылық органының атауы көрсетiледi;
«БСК» ашық жолағында бюджет атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның банктік сәйкестендіру коды көрсетіледі;
«ЖСК» ашық жолағында:
мыналар:
мемлекеттік мекеменiң қаржыландыру көзiне қарай республикалық бюджетке (облыстық бюджетке (республикалық маңызы бар қала (астана) бюджетiне) не аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетiне түсетiн түсiмдер;
мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаны аудару және олардың есебінен есеп айырысулар жүргізу;
мемлекеттік мекемелер үшiн демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн, олар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес алатын ақшаны есептеу және жұмсау;
мемлекеттік мекемеге қайтарымды не белгілі бір жағдайлар басталған кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартында жеке және (немесе) заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекеттік мекемеге беретін ақшаны есепке алу;
ерекше шығыстарды жүргізуге арналған бюджет ақшасын есепке алу және оларды пайдалану бойынша операцияларды есептеу үшін қолма-қол ақшаны бақылау шотының тиісті жеке біріктірілген коды көрсетіледі.
«Қаржыландыру көзi» ашық жолағында қаражатының есебiнен төлем мен ақшаны аудару жүзеге асырылатын қаржыландыру көзiнiң түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
1 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатын қоспағанда, бюджет қаражатының есебiнен;
2 - үкiметтiк сыртқы қарыздар немесе байланысты гранттар бойынша бiрлесiп қаржыландыру қаражатының есебiнен;
3 - мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен;
4 - демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдердiң қаражаты есебiнен;
5 - жеке және (немесе) заңды тұлға қайтарымды шарттарда мемлекеттік мекемеге беретiн ақшаның есебiнен;
8 - ерекше шығыстардың есебiнен;
«Бюджет түрi» ашық жолағында қаражатының есебiнен мемлекеттік мекеме ұсталатын бюджет түрiн бiлдiретiн нышан көрсетiледi:
01 - республикалық бюджет;
02 - облыстық (республикалық маңызы бар қала (астана)) бюджет;
03 - аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетi;
«Шығыстардың БСК» ашық жолағы бюджет қаражатының немесе мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатуынан түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады; онда кезектiлiкпен үш мәнді бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiнiң, бюджеттік бағдарлама, шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiгi кодтарын бiлдiретiн он екi мәнді код көрсетiледi;
«Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды» мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуінен түсетiн ақшаның есебiнен төлемдер мен аударымдарды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік мекемелер өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) коды көрсетiледi.
«Ақшаны алушы» бөлiмiнде:
«Атауы» ашық жолағында мемлекеттік тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiкке сәйкес келетiн ақшаны алушының атауы; ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнің, мемлекеттік мекеменiң, ақша алушының және оған қызмет көрсететiн банктiң жұмысын қиындатпайтын ұйымдастыру-құқықтық нысанының атауын және ақша алушының атауын қысқартуға жол беріледі;
«СТН» ашық жолағында - ақша алушыға салық қызметi органы берген салық төлеушінің тiркеу нөмiрi («БСН» - бизнес-сәйкестендіру нөмірі) көрсетiледi;
«Банк» ашық жолағында ақшаны алушыға қызмет көрсететiн банктiң атауы көрсетiледi;
«БСК» ашық жолағында ақшаны алушы банктiң банктiк сәйкестендiру коды көрсетiледi;
«ЖСК» ашық жолағында ақшаны алушының банктегi ағымдағы шотының нөмiрi көрсетiледi;
«Түсiмдер БСК» ашық жолағында - салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу бойынша төлем жүргiзiлетiн түсiмдердiң бюджеттік сыныптамасының коды шетел валютасын айырбастауға немесе қайта айырбастауға төлемдер жүргізген кезде ерекшелік коды көрсетiледi (бюджетке төлемдердi жүзеге асыру кезiнде ғана толтырылады).
«Төлем мәртебесi» ашық жолағында «ағымдағы» немесе «түпкiлiктi» деп көрсетiледi;
«Төлемнiң мақсаты» ашық жолағында: төлемнің мақсаты, құжаттың атауы, нөмірі мен күні тауарларды беру туралы құжаттың (шот немесе хабарлама-шот немесе шот-фактура) нөмiрi мен күнi немесе орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің актiсi немесе осының негiзiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген басқа құжат) және қосымша:
«Төлемнің тағайындалуы» ашық жолағы:» тіркелген шарттар (қосымша келісімдер) бойынша төлеуге берілетін шоттың электрондық нысанында төлемнің тағайындалуында төлемнің мәртебесі былайша көрсетіледі: «ағымдағы», «түпкілікті»;
тiркелген шарттар (қосымша келісімдер) жөніндегі төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - хабарламаның нөмiрi мен күнi;
жасасқан аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркеуге жатпайтын шарттар жөніндегі төлеуге берiлетiн шоттар бойынша - шарттың нөмiрi мен күнi; банк қызметтерін төлеу кезінде - жасасқан шарттың талаптарына сәйкес пайыздық төлемнің мөлшері;
төлем жүзеге асырылатын кезең (бір жолғы сипаттағы және кезеңі көрсетілуін талап етпейтін төлемдерді жүргізу кезінде көрсетілмейді);
осы аударымдар жүзеге асырылатын салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеу кезiнде мемлекеттік мекеменiң құрылымдық бөлiмшелерінiң атауы мен СТН-ы (БСН);
«Сомасы» ашық жолағында төлеуге берілетін шоттағы теңге және тиын сомасы санмен көрсетiледi;
«Жазбаша сомасы» ашық жолағында - төлеуге берілетін шоттың теңгедегі сомасы жазбаша бас әріппен көрсетiледi, тиын сомасы - санмен көрсетіледі;
қағаз тасығышта төлеуге берілетін шоттың «М.О.» ашық жолағында мемлекеттік мекеменiң елтаңбалы мөрiнiң бедерi қойылады, елтаңбалы мөрді қойған кезде («Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігі» мемлекеттік мекемесін қоспағанда), қызыл, қара және жасыл түсті мастиканы пайдалануға тыйым салынады, кескін дәл және анық болуы тиіс.
Қағаз тасығышта төлеуге берілетін шоттың «Басшының тегі, аты-жөні Қолы» ашық жолағында құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымының атауы, орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегінің басқы әріптері) көрсетіледі. Электрондық нысандағы төлеуге берілетін шотта «Басшының тегі, аты-жөні Қолы» ашық жолағында орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғаның) бұйрығына сәйкес бірінші қол қою құқығы бар мемлекеттік мекеменің уәкілетті тұлғасының, ал мұндай болмаған жағдайда - қолдар мен мөр бедерінің үлгілері бар құжатқа сәйкес мемлекеттік мекеме басшысының қойылған жеке қолы және қолының таратып жазылуы (аты мен тегінің басқы әріптері) көрсетіледі.