Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi атқарушы орган 25 желтоқсаннан кешiктiрмей жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі органға келесi қаржы жылына арналған кiрiстердiң болжамдық көлемiн және түсiмдердiң жиынтық жоспарының жобасын алдын ала айға бөлудi (ерекшелiктер деңгейiне дейiн) бередi.
Жоғары тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган төмен тұрған бюджеттер кiрiстерiнiң мөлшерi мен ай сайынғы болжамдық көлемi негiзiнде бюджеттік алуларды айға сайынғы бөлуді айқындайды және жоғары тұрған бюджеттiң түсiмдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары бекітілгеннен кейiн үш жұмыс күнi iшiнде тиiстi жергiлiктi атқарушы органдардың қаперіне жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 147-тармақ өзгертілді
147.Төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде бюджеттік алулар сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнің және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген айлық сома шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттік сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, ағымдағы айдың жиырма бесінші күнiне дейiн аударады.
Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі жалақы және басқа да ақша төлемдерін, оның ішінде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақыны төлеуді, салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді, жәрдемақыларды, алименттерді, міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды төлеуді, банк қызметтеріне ақы төлеуді қоспағанда, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген бюджеттік алулардың сомасын толық аударғанға дейін тиісті жергілікті бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.
148. Бюджеттік алуларды аударудың толықтығын бақылауды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады. Бюджеттік алуларды аударудың уақытылылығын бақылауды аумақтық қазынашылық органдары жүзеге асырады.
6-бөлім. Шығыстар бойынша бюджеттің атқарылуы
17-тарау. Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелерді қабылдауы
149. Мемлекеттік мекемелер ағымдағы қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарымен бекітілген сомалар шегінде шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша міндеттемелер қабылдайды.
Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелері олар аумақтық қазынашылық бөлімшелерінде міндетті тіркелгеннен кейін күшіне енеді.
Тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарында бекітілген сомалар және мыналармен:
1) іске асыру мерзімі бір жылдан астам бюджеттік бағдарламалармен;
2) технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (кейінгі) қаржы жылы (жылдары) беруге себепші болатын активтерді және басқа да тауарларды сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалармен;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда мерзімі бір қаржы жылынан астам қызмет көрсетумен;
4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жүзеге асырылатын, аяқталу мерзімі келесі қаржы жылында басталатын қызметтерді көрсетумен;
5) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан асатын іс-шараларды өткізумен байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша жоспарлы кезеңнің екінші және үшінші жылдарының базалық шығыстары шегінде олар әрекет еткен барлық мерзім ішінде тіркелуге жатады.
Бюджеттің базалық шығыстары өзгерген кезде аталған азаматтық-құқықтық мәмілелер қайта тіркеуге жатады.
150. Міндеттемелер шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелердi (бұдан әрi - шарт) жасасу арқылы, сол сияқты оларсыз да қабылданады.
Жасасқан шарттарды аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыстардың, оның ішінде шығыс түрлерінің экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган айқындайды.
Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң қорытындысын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай жасасуы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік мекеменің шығыстарды жүзеге асыру жөніндегі міндеттемесі мыналардың:
1) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алған жағдайда, орындалған жұмыстардың шот-фактурасының, хабарлама шотының, шотының, актісінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген басқа да құжаттың;
2) мемлекеттік мекемелердiң қызметкерлерiне жалақы мен басқа да ақшалай төлемақыларды, міндетті зейнетақы жарналары және әлеуметтік есептеулер, бюджетке жүргізілетін есептеулер, жеке тұлғаларға стипендиялар және төлемақылар бойынша бастапқы құжаттардың;
3) бюджеттен трансферттер бөлінген жағдайда, жоғары тұрған бюджеттің міндеттемелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қаржыландыру жоспарының;
4) инкассолық өкімнің;
5) осы тізбеген енбеген ерекше шығыстар мен басқа да шығыс түрлері бойынша төлемдер жүргізген кезде төлеуге берілетін шоттың негізінде қабылданған болып есептеледі.
18-тарау. Мемлекеттік мекемелердiң мiндеттемелердi қабылдауына қойылатын талаптар
151. Мемлекеттік мекеме шарт жасасқан кезде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауды, сондай-ақ шарттағы келтірілген деректердiң шынайылығын қамтамасыз етедi және оларды сақтамағаны үшін жауап бередi.
152. Мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық мәмілелерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленгеннен аспайтын мерзімге жасасады.
Мемлекеттік мекемелердің Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттың шеңберіндегі немесе байланысқан гранттар бойынша шарттарды (бұдан әрi - қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі шарт) қарыз/грант туралы шарт шеңберіндегі азаматтық- құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысқан грант халықаралық шарттың қолданыс мерзімінен аспайтын мерзімге жасасады.
153. Мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шартты жасасуға мынадай:
мемлекеттік мекеме шартты қарыз/грант туралы шарт (келісім-шарт) шеңберiнде жасасқан;
мемлекеттік мекеме бюджеттік даму бағдарламаларын iске асыру шеңберiнде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме технологиялық дайындалу мерзімінің ұзақтығы оларды келесі (одан да кейінгі) қаржы жылында (жылдарында) беруге себепші болатын активтер мен басқа да тауарларды, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген жағдайларда көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме аяқталу мерзiмi келесі қаржы жылында басталатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын қолданбай-ақ жүзеге асырылатын қызметтер беру шеңберiнде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме іске асыру мерзімі бір қаржы жылынан аспайтын Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар жүргізу шеңберінде шарттар жасасқан;
мемлекеттік мекеме автокөлiк құралдарын иеленушiлердiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыруға шарттар жасасқан жағдайларда жол берiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 154-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
154. Қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шартта тиiстi қаржы жылдары бойынша соманы шартты түрде бөле отырып жалпы сомасын көрсетеді. Шарттың жалпы сомасы, жылдар бойынша оның бөлiнуi өзгерген кезде оларды түзету қосымша келісімдердi жасасу жолымен түзетіледі.
155. Мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасының Үкіметінің резервінен қаражат бөлу жағдайларын қоспағанда міндеттемелер бойынша қаржылық жоспардың шегінде бір бюджеттік бағдарлама аясында шарт жасасады.
Мемлекеттік мекеме ақша алушының бiреуiмен бюджеттік кiшi бағдарламалардың немесе шығыстардың экономикалық сыныптамасының бiрнеше ерекшелiктерi бойынша шарт жасасқан жағдайда шартта жалпы соманы әрбір бюджеттік кiшi бағдарлама немесе шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбiр коды бойынша бөле отырып көрсетедi.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 156-тармақ өзгертілді (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
156. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының әрбiр коды бойынша шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай:
131 «Тамақ өнімдерін сатып алу»;
132 «Дәрi-дәрмектер және өзге де медициналық мақсаттағы құралдар сатып алу»;
134 «Зат түріндегі мүлiктiк заттарды және басқа нысандық және арнайы киім-кешектердi сатып алу, тiгу және жөндеу»;
135 «Ерекше жабдықтар мен материалдар сатып алу»;
139 «Өзге де тауарлар сатып алу»;
411 «Негiзгi құралдарға жататын тауарлар сатып алу»;
412 «Үй-жайлар, ғимараттар мен құрылыстар сатып алу» ерекшелiктерi үшiн ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға жол берiледi.
Осы Ереженiң 157-160-тармақтарында көрсетiлген ерекшелiктер мен шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша шығыстар түрлерiн қоспағанда, шығыстардың экономикалық сыныптамасының көрсетiлген тiзбеге енбейтін ерекшелiктері бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Мемлекеттік мекеме негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру кезінде 413 «Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 50 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырылады.
Бұрын мемлекеттік кәсіпорындар жасасқан, аяқталып келе жатқан ұзақ мерзімді шарттар бойынша күрделі жөндеу мен қалпына келтіруден басқа, ғимараттар мен құрылыстарды салу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру үшін мемлекеттік мекеме 424 «Мемлекеттік кәсіпорындардың ғимараттары мен құрылыстарын салу (реконструкциялау)» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша осы мақсаттарға ағымдағы қаржы жылына көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын аванстық (алдын ала) төлем жасауды жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2011.22.02. № 165 Қаулысымен 156-1-тармақпен толықтырылды (2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
156-1. Шетелде кадрлар даярлаудың халықаралық бағдарламаларын іске асыру бойынша стипендиаттарды шетелде оқыту үшін 154 «Стипендиаттардың шетелде оқуына төлеу» экономикалық шығыстар сыныптамасының ерекшелігі бойынша ақы төлеу шетелдік жоғары оқу орындары (әлемнің ғылыми орталықтары мен зертханалары) мен Қазақстан Республикасының Үкіметі шетелде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру халықаралық бағдарламаларын іске асыру, оның ішінде шарттың талаптарына сәйкес соңғысы ұсынған өтінімдерге байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыру жөніндегі қызметтерді беруші етіп анықтаған заңды тұлға арасында жасалған шарттың көшірмелерін қоса бере отырып, төлеуге берілген шоттың негізінде жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен 157-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
157. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 149 «Өзге де қызметтер мен жұмыстар» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының мынадай:
2011 жылғы 7-ші қысқы Азия ойындарын ұйымдастыру және өткізу» мемлекеттік тапсырма шеңберіндегі іс-шаралар бойынша шығыстарға ақы төлеу үшін 100 пайыздан;
ауруларды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 70 пайыздан;
алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететiн ұйымдардың ауылда қызмет көрсетуiн көздейтiн шығыстарды төлеу үшiн 50 пайыздан;
осы тармақта көзделген шығыстардың тiзбесiне енбейтiн шығыстарды төлеу үшiн 30 пайыздан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 148 «Мемлекеттік әлеуметтiк тапсырыс шеңберіндегі қызметтердi төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) төлемге тек үкiметтiк емес ұйымдарға ғана емес мемлекеттік әлеуметтiк тапсырысты орындаған кезде ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2009.15.09. № 1382 Қаулысымен 157-1-тармақпен толықтырылды; ҚР Үкіметінің 2010.03.08. № 780 Қаулысымен 157-1-тармақ жаңа редакцияда (2010 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады) (бұр.ред.қара)
157-1. Мердігер ұйым екінші деңгейдегі банктің төлемақы сомасына арналған шарттық міндеттемелерді уақтылы орындауға кепілдігін ұсынуы шартымен шығыстардың экономикалық сыныптамасының 421 «Ғимараттар және құрылыстар салу» ерекшелігі бойынша:
инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде дайындалуының технологиялық мерзімі бір жылдан асатын күрделі энергетикалық жабдық құнының;
«Астана қаласындағы коньки тебу стадионы» объектісінің құрылысы бойынша шарт құнының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем жасауға рұқсат етіледі.
158. Мемлекеттік астық ресурстарын қалыптастыруды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке ақша қаражатын аудару Қазақстан Республикасы Үкіметінің жыл сайынғы шешімімен анықталатын астықты көктемгі-жазғы қаржыландыруға және күзгі сатып алуға арналған сома мөлшерінде біржолғы төлемақы жасау жүзеге асырылады.
ҚР Үкіметінің 2009.21.11. № 1909 Қаулысымен 158-1-тармақпен толықтырылды
158-1. Ресей Федерациясының аумағы арқылы транзитпен экспортқа қазақстандық астықты тасымалдау жөніндегі қызметтерге ақы төлеу ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 100 пайызы мөлшерінде біржолғы төлеммен жүзеге асырылады.
159. Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыру және мерзiмдi баспасөздi сатып алу кезiнде шарт сомасының 100 пайызы мөлшерiнде аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға жол берiледi.
160. Шығыстардың экономикалық сыныптамасының 141 «Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу» ерекшелiгі бойынша аванстық (алдын ала) төлемақы жасауға, ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде тек отын сатып алуға аванстық (алдын ала) төлемақы жасауды қоспағанда, рұқсат етiлмейдi.
Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, шығыстардың экономикалық сыныптамасының 147 «Үй-жайды жалдауға ақы төлеу» ерекшелiгi бойынша аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 160-1-тармақпен толықтырылды
160-1. Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қорытындысы бойынша жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге жол берілмейді.
161. Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы шарт шеңберіндегі шарттарда (келісім-шарттарда) осы шартта (келісім-шартта) көзделген аванс беру тәртібі белгiленедi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.22.02. № 165 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 162-тармақ өзгертілді
162. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген шарттарға қосымша келісімдер мынадай:
бюджеттi нақтылаған, түзеткен;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді, осы шарт бойынша бірінші тоқсанда осындай тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын мемлекеттік сатып алу туралы шарттың қолданысын келесі жылдың бірінші тоқсанына ұзартқан жағдайда тапсырыс берушінің үздіксіз қызметін қамтамасыз еткен;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларына сәйкес әлеуеттік өнім берушіні таңдауға негіз болып табылған сапасы мен басқа да талаптары өзгермеген жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шартқа өзгеріс енгізу;
тауарлар, жұмыстар, қызметтер сатып алынатын белгілі бір нарықта үлестері жүз пайызға тең басым (монополия) жағдайға ие субъектiлермен не оның қызметінің негізгі мәні бойынша мемлекеттік монополия субъектісімен шарттың сомасы өзгерген;
шарттың жалпы сомасын өзгертпей, қолданылу мерзiмi ағымдағы қаржы жылынан асып кететiн шарттың жоспарлы кезеңінің екінші және үшінші жылдарға базалық шығыстары өзгерген жағдайда ағымдағы қаржы жылына арналған сомасы өзгерген;
ББС-ке өзгерістер енгiзген;
тараптардың деректемелері өзгерген;
жасасқан шарттың талаптарында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда және тәртiпте шартты бұзған;
өткен жылы орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары және/немесе осы Ереженiң 57 және 526-тармақтарында көрсетiлген шығыстар бойынша ҚР Ұлттық қорынан кепiлдiк берiлген трансферттiң аударылмаған сомасы есебiнен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзiмiн ұзартқан жағдайларда жасалады. Көрсетiлген шарттардың қолданылу мерзiмiн ұзарту тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысы бойынша жүргiзiледi, ол оң қорытынды берген кезде, бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне немесе тиiстi жергiлiктi атқарушы органның әкiмдiгiне тиiстi қаулының жобасын енгiзедi;
шарт бойынша міндеттемелерді орындамағанда немесе тиісінше орындамағанда тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) қолдану, егер шартта осы талап көзделген болса, бұл ретте тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстап қалу, мемлекеттік мекеме ақша алушымен мемлекеттік мекеменің тиісті бюджет кірісіне тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы немесе мемлекеттік мекеменің ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аударуы туралы қосымша келісім жасасу жолымен жүзеге асырылады.
163. Мемлекеттік мекеменiң екiншi деңгейдегi банктермен және/немесе банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдармен (бұдан әрi - банк) құқықтық қатынастары осы Ережеде белгiленген талаптарды ескере отырып, Қазақстан Республикасы банк заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделедi.
19-тарау. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін
мемлекеттік мекемелер ұсынатын құжаттардың тізбесі
164. Мемлекеттік мекемелердiң азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiм негiзiнде жүзеге асырылады, ол мемлекеттік мекеменiң шартын немесе тiркелген шартқа қосымша келісімдi тiркеу үшiн жасалады және аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне берiледi.
Шартты сот шешiмi бойынша бұзған жағдайда мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне заңды күшiне енген сот шешiмiнiң көшiрмесiн қоса бере отырып, аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне соттың мөр бедерімен куәландырылған тиiстi хатты бередi.
Шартты басқа негіздер бойынша бұзған немесе Қазақстан Республикасы заңнамаларында қарастырылған жағдайларда шарттың орындалуынан біржақты немесе жасасқан шартпен бас тартқан жағдайда, мемлекеттік мекеме хатпен (хатта нөмірі, күні, сомасы және шартты тіркеу туралы хабарлама сомасының қалдығы көрсетілуі міндетті) бірге шарттың бұзылғанын растайтын құжаттың көшірмесін немесе бір айдан кем емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы ескертпе хаттың көшірмесін береді.
Егер Шарт талаптары бойынша шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімақы) ұстау көзделген болса, онда мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеу үшін екі өтінім ұсынады (бір өтінім тұрақсыздық айыбын (айыппұлды, өсімақыны) есептен шығарған шарт сомасына, екіншісі - ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімақының) сомасына ұсынылады. Бұл ретте мемлекеттік мекеме қосымша келісімді беруі негізгі шарт бойынша «түпкілікті» мәртебесі бар төлемді жүргізбей тұрып жүзеге асырылады.
Егер келісім шарты бойынша ақша алушыға коммуналдық төлемдерді уақытылы төлемегені үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасын аудару көзделген болса, мемлекеттік мекеме тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімақы) сомасына қосымша өтінім ұсынады.
Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмнiң шынайылығы және ресiмделу дұрыстығы үшiн жауапкершiлiк мемлекеттік мекемеге жүктеледi.
ҚР Үкіметінің 2010.03.07. № 688 Қаулысымен 165-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
165. Азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiм аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шарттың (қосымша келісімнiң) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып, екі данада ұсынылады.
Қарыз/грант туралы шарт шеңберiнде шартты тiркеу үшiн азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмдi мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт немесе байланысты гранттар бойынша шарт шеңберіндегі осы шартты қоса бере отырып, ұсынады.
Науқастарды шетелде емдеудi көздейтiн шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмiлелерiн тiркеуге өтінімді аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөр бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне «түпкілікті» мәртебесі бар төлемге берілетін шотты ұсынған кезде шарттың түпнұсқасын ұсынады.
Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын міндетті түрде қоса бере отырып ұсынады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2010.03.07. № 688 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 166-тармақ өзгертілді
166. ҚБАЖ-да ақша алушы болмай қалған жағдайда, азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеуге арналған өтiнiмге, 165-тармақта көрсетілген құжаттардан басқа, осы Ереженің 60, 62-қосымшаларына сәйкес, мемлекеттік мекеме ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге өтінімді мынадай құжаттарды қоса бере отырып ұсынады:
1) заңды тұлға:
заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасы.
ақшаны алушының толық деректемелерін көрсете отырып, мемлекеттік мекеменің растама хаты (ақшаны алушы резидент емес болып табылатын жағдайда).
2) жеке тұлға:
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе жеке кәсіпкерді тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
клиентті салықтық есепке қою фактісін растайтын салық органы берген құжаттың көшірмесі;
оның нөмірін көрсете отырып, банктік шоттың болу туралы банктің анықтамасы.
ҚБАЖ -да ақша алушының деректемелері болмай қалған жағдайда, мемлекеттік мекеме, өзгерістер енгізілетін деректемелерді растайтын осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көрсетілген тиісті құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 63, 64 - қосымшаларына сәйкес, ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінім береді.
Ақша алушыны Ақша алушылардың анықтамасына енгізуге және ақша алушының деректемелеріне өзгерістер енгізуге өтінімнің ресімделуінің шынайылығы мен дұрыстығына мемлекеттік мекеме жауапты болады.
167. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмiленi тiркеу үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 165 және 166-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменiң азаматтық-құқықтық мәмiлесiн тiркеуге арналған өтiнiмдердiң тiзiлiмiн бередi.