Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 қыркүйектегі № 818 Қаулысы
(2008.15.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Каспий», «Тобыл» және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын» құру және олардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 17 қыркүйектегі № 407 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Олардың жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрі - «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ), «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрі - «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ) және «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» (бұдан әрі - «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ) акционерлік қоғамдары құрылсын және Ақтау қаласы «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның, Қостанай қаласы «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның және Ақтөбе қаласы «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның орналасатын жері болып белгіленсін.
ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік және жеке секторларды шоғырландыру, кластерлік тәсіл негізінде біртұтас экономикалық нарық құру, инвестициялар тарту және инновациялар үшін қолайлы экономикалық орта қалыптастыру, өңірлерді әлеуметтік дамытуға, сондай-ақ пайдалы қазбаларды, оның ішінде мынадай пайдалы қазбаларды: газды (көмір қабаттарынан өндірілетін метаннан басқа), мұнайды, уранды қоспағанда, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, қайта өңдеуге бағытталған бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысу жолымен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі мәні - Атырау және Маңғыстау облыстарының, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі мәні - Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының және «Батыс» ӘКК" ҰК" АҚ қызметінің негізгі мәні - Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының экономикалық дамуына жәрдемдесу болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне берсін;
Маңғыстау, Қостанай және Ақтөбе облыстарының әкімдерімен бірлесіп, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны олардың орналасуы үшін ғимараттармен қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын;
инвестициялық, инновациялық және өзге жобаларды жүзеге асыру үшін республикалық меншіктің жекелеген объектілерін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға беру мақсатында республикалық меншік объектілерін түгендеудің нәтижелерін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қарауына берсін;
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп:
1) «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджет қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджет қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғылық капиталын республикалық бюджет қаражатынан 1000000000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде қалыптастыруды;
2) «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жарғыларын әзірлеуді және бекітуді;
3) «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ны Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігімен бірлесіп, «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ жарияланған акцияларының санын ұлғайтуды және орналастырылатын «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ берілетін жер учаскелерінің және республикалық меншік объектілерінің құнына төлеуді қамтамасыз етсін.
5. Қоса беріліп отырған:
1) ҚР Үкіметінің 2008.15.08. № 752 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар бекітілсін.
6. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, үш күн «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ қызметінің негізгі қағидаттары туралы меморандумдардың жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін.
7. Атырау, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) 2007 жылғы 20 қазанға дейін коммуналдық меншік объектілерін түгендеуді аяқтасын және олардың нәтижелерін тиісінше «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қарауына берсін;
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, инвестициялық, инновациялық және өзге жобаларды жүзеге асыру үшін кейіннен «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға беру мақсатында коммуналдық меншіктің жекелеген объектілерін республикалық меншікке беру жөніндегі мәселені қарастырсын;
2) 2007 жылғы 20 қазаннан бастап:
тиісінше жер учаскелерін «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ға орналастырылатын акцияларға төлеуге (жеке меншікке) немесе "Каспий" ӘКК" ҰК" АҚ,»"Тобыл" ӘКК" ҰК" АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның жерді пайдалануына беруді;
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның концессиялардағы үлесі сияқты жерді пайдалану құқығымен пайдалы қазбаларды әзірлеуге, өңірлік арнайы экономикалық аймақтарды, индустриялық және технологиялық парктерді ұйымдастыруға, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарына қатысуын;
жер учаскелерінің және ауыл шаруашылығы өндірісі ысырабының құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды іске асыру шеңберінде «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның үлесіне жатқызуды қамтамасыз етсін;
3) Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігімен бірлесіп, 2007 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде қордағы жерді, оның ішінде арнайы жер қорының; құрылыстан бос елді мекендердің; астында пайдалы қазбалар бар; арнайы экономикалық аймақтарды; өңірлік индустриялық және технологиялық парктерді орналастыруға арналған; олардың алаңы мен шекарасын анықтай отырып, шекара маңы ынтымақтастығы орталықтарының жерін түгендеуді аяқтасын және түгендеу нәтижелерін тиісінше «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қарауына берсін.
8. Мүдделі мемлекеттік органдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес берілетін активтердің құнын инвестициялық, инновациялық және өзге де жобаларды іске асыру шеңберінде «Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ-ның үлесіне жатқызуды қамтамасыз етсін.
9. Осы қаулының 7-тармағы 1) және 2) тармақшаларының нормалары мыналарға: мемлекеттік жер пайдаланушыларға; жеке қосалқы шаруашылық жүргізу, бақ өсіру, саяжай және жеке тұрғын үй құрылысы, бау-бақша мен жеке ауланы ұстау үшін; заттай гранттар ретінде; еркін экономикалық аймақтарға берілетін жер учаскелеріне қолданылмайды.
10. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ө.Е. Шөкеевке жүктелсін.
11. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 818 қаулысымен
бекітілген
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1403 Қаулысымен тізбе өзгертілді (бұр.ред.қара)
«Каспий» ӘКК» ҰК» АҚ, «Тобыл» ӘКК» ҰК» АҚ және «Батыс»
ӘКК« ҰК» АҚ барлауды, өндіруді және қайта өңдеуді
жүзеге асыра алатын пайдалы қазбалар, оның ішінде кең
таралған пайдалы қазбалар түрлері мен қорлары көлемінің
тізбесі
Р/с № | Атауы | Өлшем бірлігі | Қорлар |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 | Мыс Қорғасын мен мырыш Марганец рудалары Темір рудалары Боксит рудалары Никель Қалайы түпкілікті шашыранды Вольфрам түпкілікті шашыранды Титан-циркон Көмір энергетикалық қоңыр Тальк Магнезит Волластонит Хризотил астбесі Графит Мусковит Вермикулит Битумдар Кең таралған пайдалы қазбалар | мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т мың т | барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар 100-ге дейін 25-ге дейін 15-ке дейін 5-ге дейін 300-ге дейін 10-ға дейін 800-ге дейін 400-ге дейін 700-ге дейін барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар барлық қорлар барлық түрлер мен қорлар |
20 | Жер асты сулары | | барлық қорлар |
21 | Нефелин сиениттері | млн.т | 800-ге дейін |
22 | Барит | млн.т | 10-ға дейін |
23 | Кварц | млн.т | 8-ге дейін |
24 | Калийлі тұздар | млн.т | барлық қорлар |
25 | Бром | млн.т | барлық қорлар |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 818 қаулысымен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар
ҚР Үкіметінің 2007.29.12. № 1403 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Маңғыстау облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 236-8-жолмен толықтырылсын:
236-8. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»;
«Қостанай облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 299-10-жолмен толықтырылсын:
«299-10. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»;
«Ақтөбе облысы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 133-5-жолмен толықтырылсын:
«133-5. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».
2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулыға қосымшада:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 237-30, 237-31 және 237-32-жолдармен толықтырылсын:
«237-30. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»
«237-31. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»
«237-32. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».
3. «Ұлттық компанияларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық компаниялардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 19, 20 және 21-жолдармен толықтырылсын:
«19. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».
20. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».
21. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».
4. «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 47, 586-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«Акционерлік қоғамдар» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 18, 19 және 20-жолдармен толықтырылсын:
18. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»;
19. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ»;
20. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» АҚ».