«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 17 наурыздағы № 242 Қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «2005 - 2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметiн дамыту туралы» 2005 жылғы 25 қаңтардағы № 1513 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Қоғам) құрылсын.
2. Қоғам қызметiнiң негізгі бағыттары:
Қазақстан Республикасының ғарыш қызметi саласында ағымдағы, ұзақ мерзiмдi салааралық бағдарламаларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;
Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық мiндеттерiн шешуге және ұлттық қауiпсiздiгін қамтамасыз етуге бағытталған тиiмдiлiгi жоғары ақпарат және ғарыш технологияларын құру;
ғылымды қажетсiнетiн ғарыш технологиялары мен техникасын құру жөнiнде ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргізу;
халықаралық ғарыш станциясында iргелi және қолданбалы зерттеулердi орындау үшiн ұшқыш басқаратын ғарыш ұшыруларын пайдалану;
ұлттық қауiпсiздiкті, қорғанысты, қоршаған ортаны қорғауды, төтенше жағдайларды болжауды және мониторингтеудi қамтамасыз ету жөнiндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға қатысу болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігіне Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыру үшiн 2005 жылға арналған республикалық бюджетте кезек күттiрмейтiн шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен 100000000 (бip жүз миллион) теңге бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетiне иелік ету және пайдалану құқықтарын берсiн.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру комитетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiмен бiрлесiп, заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) осы қаулының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінiң резервiнен бөлiнетiн қаражат есебiнен Қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды;
2) Қоғамның Қазақстан Республикасының әдiлет органдарында мемлекеттік тiркелуiн;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсiн.
6. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсiн.
7. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2005 жылғы 17 наурыздағы
№ 242 қаулысымен
бекітiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне
енгізілетiн өзгерістер мен толықтырулар
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттерiне мемлекеттік меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
«Алматы қаласы» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 123-96-жолмен толықтырылсын:
»123-96. »Қазғарыш» ҰК» AҚ».
2. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетiлген қаулымен бекiтілген Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тiзбесiнде:
«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетi» деген бөлiм мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 282-жолмен толықтырылсын:
»282. »Қазғарыш» ҰК» АҚ».
3. «Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттік меншiк объектiлерiнiң тiзбесi туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметiнiң 2000 жылғы 24 қазандағы № 1587 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 43, 513-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген 2006 жылға дейiн акциялардың мемлекеттік пакеттерi жекешелендiруге, оның iшiнде жекешелендiрудiң алдын ала сатыларына жатпайтын акционерлік қоғамдардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 56-жолмен толықтырылсын:
«56. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ (Алматы қаласы) 100 %».
4. «Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Ұлттық компаниялардың тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 13-жолмен толықтырылсын:
«13. «Қазғарыш» ұлттық компаниясы» АҚ».
5. «Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПYКЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiнiң қарауындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«Акцияларының мемлекеттік пакетi Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлігінiң Аэроғарыш комитетiне иелiк етуге және пайдалануға берiлген акционерлік қоғам» деген бөлiм мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Қазғарыш» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы», Алматы қаласы».