Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу және
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 наурыздағы № 215 Қаулысы
(2009.29.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2011 жылғы 6 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетiн өзгерістер бекітілсiн.
2. «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры» жабық акционерлік қоғамының 2004 - 2006 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 19 наурыздағы № 344 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгізіледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң
2005 жылғы 5 наурыздағы
№ 215 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгізілетін
өзгерістер
1. "Кейбiр акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың қызметiн тиiмдi басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 28 ақпандағы № 290 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 8, 85-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Кейбiр акционерлік қоғамдардың және республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiнде:
peттiк нөмiрi 9-жол алынып тасталсын.
2. "Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамының кейбір мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 27 шiлдедегi № 837 қаулысында:
"Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрі - "МЖЗҚ" ЖАҚ)" деген сөздер "ГНПФ" жинақтаушы зейнетақы қоры" акционерлік қоғамы" деген сөздермен ауыстырылсын;
2, 3-тармақтар алынып тасталсын.
3. ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 29 сәуірдегі № 598 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара)
4. ҚР Үкіметінің 2007.26.07. № 633 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
5. «Ұлттық компаниялардың тiзбесiн бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2004 жылғы 16 ақпандағы № 182 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 8, 101-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық компаниялардың тiзбесiнде:
реттiк нөмiрi 8-жол алынып тасталсын.