Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 571 Қаулысы
(2008.31.12. берілген өзгерістерімен)
Осы редакция 2011 жылғы 25 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 133-2, 133-3, 183-1, 195-1, 195-2-жолдармен толықтырылсын:
«133-2 Кемелерге арналған бұрамалар, олардың 8485 10 100 0-ден
қоладан жасалған қалақтары*
133-3 Кемелерге арналған басқа да бұрамалар 8485 10 900 0-ден
және олардың қалақтары*
183-1 Фитингті платформалар, контрейлерлік 8606 99 000 0-ден
платформалар*
195-1 Терминалдар мен порттарда контейнерлерді
жылдамдықпен ауыстыруға арналған
тіркеме-платформалары бар арнайы 8709 11 900 0-ден
тартқыш тракторлар, электрлі*
195-2 Терминалдар мен порттарда контейнерлерді
жылдамдықпен ауыстыруға арналған
тіркеме-платформалары бар арнайы
тартқыш тракторлар, өзге де* 8709 19 900 0-ден»;
2) «Кедендік баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелінетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 668 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 276-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелінетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетін тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
«22. Қазақстан Республикасына/Қазақстан Республикасынан әкелінетін/әкетілетін, жолтабаны 1435 және 1520 мм темір жолдарда жолаушылар вагондарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін қолданылатын арбашықтар.»;
3) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1313 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред. қара)
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа нгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |