Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 шілдедегі № 571 Қаулысы
Осы редакция 2008 жылғы 31 желтоқсандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:
1) «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 133-2, 133-3, 183-1, 195-1, 195-2-жолдармен толықтырылсын:
«133-2 Кемелерге арналған бұрамалар, олардың 8485 10 100 0-ден
қоладан жасалған қалақтары*
133-3 Кемелерге арналған басқа да бұрамалар 8485 10 900 0-ден
және олардың қалақтары*
183-1 Фитингті платформалар, контрейлерлік 8606 99 000 0-ден
платформалар*
195-1 Терминалдар мен порттарда контейнерлерді
жылдамдықпен ауыстыруға арналған
тіркеме-платформалары бар арнайы 8709 11 900 0-ден
тартқыш тракторлар, электрлі*
195-2 Терминалдар мен порттарда контейнерлерді
жылдамдықпен ауыстыруға арналған
тіркеме-платформалары бар арнайы
тартқыш тракторлар, өзге де* 8709 19 900 0-ден»;
2) «Кедендік баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелінетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетін тауарлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 шілдедегі № 668 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 28, 276-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Кедендік баждар мен салықтар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкелінетін және кедендік баждар төлеуден толық босатыла отырып, уақытша әкетілетін тауарлардың тізбесі мынадай мазмұндағы 22-тармақпен толықтырылсын:
«22. Қазақстан Республикасына/Қазақстан Республикасынан әкелінетін/әкетілетін, жолтабаны 1435 және 1520 мм темір жолдарда жолаушылар вагондарын пайдалануды қамтамасыз ету үшін қолданылатын арбашықтар.»;
3) «Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 сәуірдегі № 475 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 19, 245-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы лизингі шарттары бойынша қаржы лизингіне беру мақсатында лизинг беруші әкелген, импорты қосылған құн салығынан босатылатын мүлік тізбесі мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 42-7, 42-8, 42-9-жолдармен толықтырылсын:
«42-7 Электр энергиясының сыртқы көзінен 8601 10 000 0
қоректенетін темір жол локомотивтері
немесе электр энергиясының сыртқы
көзінен қоректенетін аккумуляторлық
темір жол локомотивтері
42-8 Дизель-электрлік локомотивтер -
магистральдық тепловоздар; маневрлік 8602 10 000 0
тепловоздар
42-9 Өздігінен жүрмейтін темір жол немесе
трамвай жолаушылар вагондары;
өздігінен жүрмейтін багаж, почта
таситын және өзге де арнайы темір
жол немесе трамвай вагондары
(8604 тауар позициясына енгізілгендерден
басқа)* - темір жол жолаушылар вагондары,
мейрамхана вагондар, электр станция
вагондары, багаж вагондары 8605 00 000 0».
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа нгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |