Күдіктiлердi, айыпталушыларды тегiн тамақтандыру, оның ішінде жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi,
бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерді, кәмелетке толмағандарды қамтамасыз ету нормаларын, сотталғандарды
тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормаларын, сондай-ақ
Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 ж. 2 қыркүйектегі № 889 қаулысы
Осы редакция 2011 жылғы 7 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудың тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қылмыстық-атқару кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса берiліп отырған:
Күдiктiлер мен айыпталушыларды тамақпен тегiн қамтамасыз ету нормалары;
Жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi, бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектердi көтеріңкi тамақтандыру және заттай қамтамасыз ету нормалары;
Кәмелетке толмаған күдiктiлер мен айыпталушыларды көтеріңкi тамақтандыру нормалары;
Сотталғандарды тамақтандыру мен материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету нормалары;
Жазасын өтеуден босатылатын сотталғандарға көмек көрсету ережесi бекiтілсін.
2. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлігі, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетi және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитеті (келісім бойынша) бұған дейін қабылданған нормативтік құқықтық кесімдерді осы қаулыға сәйкес келтірсін.
3. Осы қаулы 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 889 қаулысымен
бекітілген
Күдіктiлер мен айыпталушыларды тамақпен тегiн
қамтамасыз ету нормалары
Р/с № | Азық-түлiк атауы | Бiр адамға тәулiгiне, гр. |
1 | 2 | 3 |
1 Кебексiз қара бидай мен 1-сортты бидай ұны қоспасынан пiсiрілген нан 350 2 1-сортты бидай ұнынан пiсiрiлген ақ нан 400 3 2-сортты бидай ұны 10 4 Әртүрлі жарма 120 5 Макарон өнімдерi 40 6 Ет 200 7 Балық 120 8 Жануарлар майы, қорытылған май, маргарин 20 9 Өсімдік майы 20 10 Сиыр майы 30 11 Сиыр сүті 100 12 Тауық жұмыртқасы, дана (аптасына) 4 13 Қант 80 14 Ас тұзы 20 15 Шай 1,2 16 Лавр жапырағы 0,2 17 Бұрыш 0,3 18 Қыша ұнтағы 0,3 19 Сірке қышқылы 2 20 Томат-пастасы 6 21 Картоп және көкөнiс, барлығы оның ішінде: 900 картоп 600 қырыққабат 130 қызылша 30 сәбіз 50 пияз 50 қияр, қызанақ, тамыр, көк сөк 40 22 Жемiс және жидек шырындары 50 23 Жеміс және жидек экстрактарынан жасалған кисель қоспасы 30 немесе кептірілген жеміс-жидектер 20 24 Поливитаминді препарат, түйіршек 0,6 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 889 қаулысымен
бекітілген
Жүктi әйелдер мен балалы әйелдердi, бiрiншi және екiншi топтағы
мүгедектердi көтерiңкi тамақтандыру және киiм-кешекпен қамтамасыз ету
нормалары
Жүктi әйелдер мен балалы әйелдердiң бiріншi және екiншi топтағы
мүгедектердiң көтерiңкi тамақтандыру нормалары
Р/с № | Азық-түлiк атауы | Бiр адамға тәулiгiне, гр. |
1 | 2 | 3 |
1 Қара бидай наны 200 2 Бидай ұнынан пісірілген нан 250 3 2-сортты бидай ұны 15 4 Картоп крахмалы 5 5 Макарон өнімдері 20 6 Жарма оның ішінде: қарақұмық 15 сұлы геркулесі 15 майда 15 күріш 15 шикі сөк 5 арпа 5 жүгері 5 полтава 5 7 Картоп 400 8 Көкөністер, оның ішінде 400 қызылша 55 жаңа ашытылған қырыққабат 200 пияз 20 көк пияз 15 ақжелкен, аскөк 15 сәбiз 60 қияр, қызанақ 10 көк ұсақ бұршақ 25 9 Жас жемiс-жидектер 100 10 Жемiс-жидек, көкөнiс шырындары 200 11 Кептiрiлген жемiс-жидектер 30 12 Ет, құс 200 13 Балық, балық өнiмдері 100 14 Жұмыртқа (дана) 1 15 Сүзбе 60 16 Iрімшік 15 17 Сүт 500 18 Сары майы 40 19 Өсiмдiк майы 20 20 Қаймақ 25 21 Қант, тосап 100 22 Тұз 10 23 Томат 3 24 Шай 2 25 Кофе, какао 1 26 Шұжық өнiмдері 10 |
Норма бойынша тергеу изоляторларында, уақытша ұстау изоляторлары мен
түзеу мекемелерiнде ұсталатын босануға 4 ай қалған жүктi әйелдерге,
сондай-ақ бала емiзетiн әйелдер және 9 айға дейiнгi баланы емiзетiн
әйелдерге (дәрiгерлердiң қорытындысы бойынша) азық-түлік үлесі берiледi.
Тамақ ұстау орнына қарамастан дәрiгердiң қорытындысы бойынша берiледi.
Осы норма бойынша тамақ алатын күдiктi және айыпталушы әйелдерге күн ара жұмыртқа беруге рұқсат етiледi.
Жүкті әйелдер мен балалы әйелдердi, бiрiншi және екiншi топтағы
мүгедектерді киім-кешекпен қамтамасыз ету нормалары
№ Р/с | Киiм-кешек атауы | 1 адамға тиесiлi заттардың саны | Кию мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
x) - бала емiзетiн әйелдерге берiледi
Ескерту:
Заттай мүлiк босанар алдындағы кезеңде жүктi әйелдерге тiзiм бойынша беріледі.
Бала емiзетiн әйелдерге және балалар үйiне нәрестелердi емiзуге келетiн әйелдерге мүкәммалдық пайдалану үшiн 2 жылға 2 дана халат берiледi.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 889 қаулысымен
бекітілген
Кәмелетке толмаған күдіктiлер мен айыпталушыларды
көтерiңкi тамақтандыру нормалары
Р/с № | Азық-түлiк атауы | Бiр адамға тәулiгiне, гр. |
1 | 2 | 3 |
1 Кебексiз қара бидай мен 1-сортты бидай ұны қоспасынан пiсiрiлген нан 350 2 1-coртты бидай ұнынан пiсiрiлген ақ нан 400 3 2-сортты бидай ұны 10 4 Әртүрлі жарма 120 5 Макарон өнiмдері 40 6 Ет 200 7 Балық 120 8 Жануарлар майы, қорытылған май, маргарин 20 9 Өсiмдiк майы 20 10 Сиыр майы 30 11 Сиыр сүтi 100 12 Тауық жұмыртқасы, дана (аптасына) 4 13 Қант 80 14 Ас тұзы 20 15 Шай 1,2 16 Лавр жапырағы 0,2 17 Бұрыш 0,3 18 Қыша ұнтағы 0,3 19 Сiркe қышқылы 2 20 Томат-паста 6 21 Картоп және көкөнiс, барлығы оның ішінде: 900 кaртоп 600 қырыққабат 130 қызылша 30 сәбіз 50 пияз 50 қияр, қызанақ, тамыр, көк 40 22 Жемiс және жидек шырындары 50 23 Жеміс және жидек экстактарынан жасалған кисель қоспасы 30 немесе кептірілген жеміс-жидектер 20 24 Поливитаминді препарат, түйіршек 0,6 |