Осы редакция 2011 жылғы 4 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2009 жылғы 29 қазандағы
№ 1710 қаулысымен бекітілген
«Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету
стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандарты (бұдан әрі - стандарт) өзен кемелерін және оларға құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде мемлекеттік тіркеу жөнінде мемлекеттік қызмет көрсету (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) тәртібін белгілейді.
2. Мемлекеттік қызметін тіркеу нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Ішкі су көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының, «Кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережесін бекіту туралы» (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 49 қаулысының, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мемлекеттік мекемелерін - халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 5 қаңтардағы № 1 қаулысының негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі - тіркеуші орган) осы стандартқа 1-қосымшада көрсетілген мекен-жайлар бойынша, сондай-ақ балама негізде халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - ХҚКО) арқылы осы стандартқа 2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетеді.
5. Мемлекеттік қызмет көрсетуді аяқтау нысаны кеме куәлігін беру болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасында тіркелген жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі уақыт бойынша шектеу мерзімдері:
тіркеуші органға өтініш білдірген кезде;
тіркеуші органның мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының қажетті құжаттары келіп түскен сәттен бастап отыз күнтізбелік күн;
1) қажетті құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 20 минуттан аспайды;
2) кеме куәлігін алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты: 30 минуттан аспайды;
ХҚКО-ға өтініш білдірген кезде:
1) құжаттарды ресімдеу мерзімі тіркеуші органға қажетті құжаттар келіп түскен күннен бастап отыз күнтізбелік күн (құжаттарды қабылдау күні және беру күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алған кезде кезек күтудің ең ұзақ рұқсат етілген уақыты 10 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет ақылы болып табылады.
Өзен кемелерді мемлекеттік тіркеу үшін алынатын алым тіркеуді жүзеге асыру орны бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым ставкалар «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында www.mtk.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылған.
10. Мемлекеттік қызмет:
Тіркеуші органға өтініш білдірген кезде:
демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліспен аптаның бес күнінде көрсетіледі. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі жұмыс кестесі сағат 13-00-ден 14-30-ға дейінгі түскі асқа үзіліспен сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін.
ХҚКО-на өтініш білдірген кезде:
жексенбі және мерекелік күндерді қоспағанда, түскі асқа үзіліссіз аптаның алты күнінде сағат 9.00-ден 20.00-ға дейін белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес ұсынылады. Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын-ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызмет көрсету қажетті құжаттардың тізбесі және оларды толтыру үлгілері, нормативтік құқықтық актілердің деректері (үзінді көшірмелері) бар стендтермен жарақтандырылған, мүмкіндіктері шектелген адамдарға жағдай жасалған, күту мен құжаттарды толтыруға арналған орындары бар тіркеуші орган ғимараттарында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет, сондай-ақ мүмкіндіктері шектелген тұтынушыларға қызмет көрсетуге жағдайлар көзделген тұтынушының тұрғылықты орны бойынша ХҚКО ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күтіп отыратын креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
Жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша талдау жүргізу, жұмысты одан әрі жетілдіру үшін қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында тіркеуші орган мен ХҚКО-да жеке және заңды тұлғаларға арналған Шағымдану және ұсыныстар кітабы жүргізіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілу үшін тұтынушы мынадай құжаттар қоса берілген белгіленген нысандағы кеме тізілімінің сауалнамасын қамтитын кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті ұсынады:
1) кемеге меншік құқығын растайтын құжаттар;
2) «Кеме қатынасы тіркелімі» мемлекеттік мекемесі беретін жүзуге жарамдылық туралы куәлік;
3) «Кеме қатынасы тіркелімі» мемлекеттік мекемесі беретін өлшеу куәлігі («өзен-теңіз» суларында жүзу кемелері үшін);
4) тіркеуші орган беретін сыныптау куәлігі;
5) «Кеме қатынасы тіркелімі» мемлекеттік мекемесі беретін жолаушылар куәлігі (жолаушылар кемесі үшін);
6) өзен кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке алым сомасының төленгендігін растайтын құжат.
Кемелерді мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар:
құжаттар мемлекеттік және орыс тілдерінде жасалған болуы тиіс;
құжаттардың мәтіндері анық жазылған, заңды тұлғалардың атаулары мен деректемелері қысқартусыз жазылуы, оларды растау талап етілетін даналарда қолы мен мөрі болуы тиіс;
мемлекеттік тіркеуге ұсынылған құжаттарда тазаланған не үстінен жазылған, сызылған сөздер және оларда ескерілмеген өзге де қолжазба немесе машинамен жазылған түзетулер, мазмұнын бір мағынада түсіндіруге мүмкіндік бермейтін бүлінген жерлері болуға тиісті емес, құжаттар қарындашпен жазылмауға тиіс;
тіркеуге қажетті барлық құжаттар екі данада беріледі, олардың біреуі-түпнұсқа, ал екіншісі нотариалды куәландырылған көшірмесі болуы тиіс. Түпнұсқа тіркелгеннен кейін құқық иесіне қайтарылуы тиіс.
13. Белгіленген үлгідегі өтініштің және кеме тізілімі сауалнамасының нысанын тіркеуші органның қызметкері береді, сондай-ақ ХҚКО-ға күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады не консультанттарда болады.
14. Осы стандарттың 12-тармағында санамаланған құжаттар осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тіркеуші органның немесе ХҚКО-ның кеңсесіне көрсетіледі.
Тіркеуші орган мемлекеттік қызмет көрсеткен кезде құжаттардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және кіріс құжаттарын есепке алу кітабына тиісті жазу енгізеді. Ұсынылатын құжаттар осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкес келмеген кезде тұтынушыға құжаттарын қабылдаудан бас тартылады. Тұтынушының талабы бойынша оған құжаттарын қабылдаудан бас тартудың дәлелденген жазбаша растамасы беріледі.
ХҚКО арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ХҚКО-ның инспекторы осы стандарттың 12-тармағының талаптарына құжаттардың сәйкестігін тексеруді, журналда тіркеуді және жинақтаушы бөлімнің инспекторына құжаттарды беруді жүзеге асырады.
ХҚКО жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинақтауды, тізілімді жасауды және тіркеуші органға жөнелтуді жүзеге асырады.
Тіркеуші орган ХҚКО-дан құжаттардың пакетін алғаннан кейін олардың осы стандарттың 12-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеруді жүзеге асырады және отыз күнтізбелік күн ішінде өзен кемесін және оған құқықтарды тіркеуді жүргізеді.
Тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) ұсынылған құжаттар тізбесінің Ережеде қойылатын талаптарға сәйкестігін қарау және мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздеменің жоқ екендігін белгілеу;
2) мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін негіздемелер жоқ болған кезде жазбаларды Мемлекеттік кеме тізіліміне енгізу;
3) мемлекеттік тіркеуді растайтын құжаттарды беру.
Орындалған (дайын болған) құжаттар қолхатта көрсетілген беру мерзімі аяқталғанға дейін бір күн бұрын тіркеуші органнан ХҚКО-ға келіп түсуі тиіс.
15. Тіркеуші орган не ХҚКО арқылы құжаттарды қабылдау кезінде
тұтынушыға:
1) сұрау салудың нөмірі және қабылдау күні;
2) сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрі;
3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
4) құжаттар берілетін күн (уақыт) мен орны;
5) құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған тіркеуші органның лауазымдық тұлғасының не ХҚКО инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Кеме куәлігін тіркеуші органның кеңсесі өзен кемесін және оған құқықтарды Мемлекеттік кеме тізілімінде тіркегеннен кейін иесіне беріледі.
ХҚКО-да тұтынушыға дайын болған құжаттарды беруді ХҚКО инспекторы «терезе» арқылы қолхат негізінде онда көрсетілген мерзімде жүзеге асырады.
17. Мемлекеттік қызмет көрсетуден мынадай жағдайларда бас тартылуы мүмкін, егер:
1) мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті тиісті емес тұлға ұсынса;
2) Ережеде көзделген талаптар сақталмаса.
Тіркеуші орган ХҚКО-дан келіп түсетін құжаттардың пакетінде мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін жағдайларды анықтаған кезде, құжаттар пакетін алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде қайтару себептерін жазбаша негіздеп ХҚКО-ға қайтарады.
Құжаттарды ХҚКО-ға қайтарған жағдайда, ХҚКО-ның қызметкері оларды алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде тұтынушыны хабардар етеді және тіркеуші органның бас тарту себебі туралы жазбаша негіздемесін береді.
Егер өтініш беруші құжаттарды алуға мерзімінде келмеген жағдайда ХҚКО 1 ай ішінде олардың сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін оларды тіркеуші органға береді.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Тіркеуші орган мен ХҚКО-ның қызметі адамның конституциялық құқықтарының, қызметтік борышын атқару кезінде заңдылықтың, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің сақталуына негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тіркеуші орган мен ХҚКО жұмысының нәтижелері осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызмет көрсететін тіркеуші органның жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызмет сапасы мен қол жетімділігі көрсеткіштерінің нысаналы мәндерін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті корсету сапасы бойынша наразылық болған жағдайда лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген телефондар мен мекенжайлар бойынша аумақтық органдар кеңселерінің қызметкерлері түсіндіреді.
ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда ХҚКО лауазымды тұлғалардың іс-әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым беру тәртібін осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО-ның қызметкерлері түсіндіреді.
22. Шағым осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша аумақтық орган басшысының атына беріледі. Аумақтық органдар басшыларының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 24-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына жіберіледі. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитеті төрағасының шағымды қарау нәтижесіне қанағаттанбаған жағдайда, шағым одан әрі осы стандарттың 25-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының атына жіберіледі.
ХҚКО арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасына наразылықтар болған жағдайда, шағым сондай-ақ осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша ХҚКО басшысының атына берілуі мүмкін.
Даулы мәселелер азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен шешіледі.
23. Қабылданған шағым жеке (заңды) тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тіркеледі. Шағымды қабылдап алған адамның ұсынылған шағымға жауап алу мерзімі мен орны және шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымдық адамдардың байланыс деректері көрсетілген шағымның екінші нұсқасы не шағымның көшірмесі шағымның қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.
Шағым заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Тұтынушыға шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта не электрондық почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс жасау ақпараты
24. Көрсетілетін мемлекеттік қызметке жауапты тіркеуші органның мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, электрондық почтасының мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz; қабылдау бөлмесінің телефоны (7172) 24-27-08.
ХҚКО-ның мекенжайлары осы стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 47, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz, қабылдау бөлмесінің телефоны: (7172) 24-13-12.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.mtk.gov.kz.
«Өзен кемелерін және оларға құқықтарды
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің
Көліктік бақылау комитеті аумақтық органдарының тізбесі
Р/с № | Бөлімшелердің атауы | Толық заңды мекенжайы | Байланыс телефоны, электрондық почтасының мекенжайы |
1. | Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Солтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Көкшетау қ., Абай к-сі, 87 | 8-(7162) 25-69-93 ktk_akm@mtc.gov.kz |
2. | Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша «Батыс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Ақтөбе қ., 312-ші атқыштар дивизиясы даңғылы, 5А | 8-(7132) 54-29-03 ktk_aktb@mtc.gov.kz |
3. | Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша «Жетісу» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Талдықорған қ., Шевченко к-сі, 131 | 8-(7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz |
4. | Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Атырау қ., Привокзальный 5-шағын ауданы, 17-үй | 8-(7122) 26-16-33 ktk_atr@mtc.gov.kz |
5. | Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша «Сарыарқа» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Қарағанды қ., Гапеева к-сі, 5 | 8-(7212) 77-22-40 ktk_kar@mtc.gov.kz |
6. | Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары бойынша «Ертіс» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Павлодар қ., Бектұров к-сі, 107 | 8-(7182) 32-06-39 ktk_pavl@mtc.gov.kz |
7. | Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары бойынша «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясы | Шымкент қ., Молдағұлова к-сі, нөмірсіз | 8-(7252) 56-08-94 ktk_uko@mtc.gov.kz |
«Өзен кемелерін және оларға құқықтарды
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
2-қосымша
Р/с № | Орталықтардың атауы | Орталықтардың орналасқан мекенжайлары | Телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚКО | Көкшетау, қ. Әуезов көш., 189 «а» үй | 40-10-76 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚКО | Ақтөбе қ., Тургенев көш., 109-үй | 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚКО | Талдықорған қ., Тәуелсіздік көш., 67 «б» үй | 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚКО | Атырау қ., Баймұханов көш., 6-үй | 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының ХҚКО | Өскемен қ., Белинский көш., 37 «а» үй | 51-03-46 |
6 | Жамбыл облысының ХҚКО | Тараз қ., Қойгелді көш., 158 «а» үй | 43-84-18 |
7 | Батыс Қазақстан облысының ХҚКО | Орал қ., Жамбыл көш., 81-үй | 23-68-81 |
8 | Қарағанды облысының ХҚКО | Қарағанды қ., Чкалов көш., 7-үй | 41-63-03 |
9 | Қостанай облысының ХҚКО | Қостанай қ., Таран көш., 114-үй | 54-10-20 |
10 | Қызылорда облысының ХҚКО | Қызылорда қ., Мұратбаев көш., нөмірсіз | 23-08-46 |
11 | Маңғыстау облысының ХҚКО | Ақтау, 15 ш/а, 67 «б» үй | 31-85-16 |
12 | Павлодар облысының ХҚКО | Павлодар қ., Павлов көш., 48-үй | 33-47-55 |
13 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Петропавл қ., Әуезов көш., 157-үй | 33-31-03 |
14 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚКО | Шымкент қ., Мәделі қожа көш., нөмірсіз | 30-06-79 |
15 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚКО | Алматы қ., Бөгенбай батыр көш., 221-үй | 263-82-51 |
16 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚКО | Алматы қ., Ходжанов көш., 9-үй | 248-17-77 |
17 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚКО | Алматы қ., Төле би көш., 155-үй | 378-47-01 |
18 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚКО | Алматы қ., Марков көш., 44-үй | 239-65-52 |
19 | Алматы қаласы Түрксіб ауданының ХҚКО | Алматы қ., Зорге көш., 9-үй | 234-09-35 |
20 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚКО | Астана қ., Жұбанов көш., 2-үй | 37-02-06 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚКО | Астана қ., 70 «а» көш. | 40-65-62 |
22 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚКО | Астана қ., Пушкин көш., 97-үй | 32-42-79 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚКО | Астана қ., 81 көш., 85-үй | 37-74-34 |
«Өзен кемелерін және оларға құқықтарды
Мемлекеттік кеме тізілімінде
мемлекеттік тіркеу» мемлекеттік қызмет
көрсету стандартына
3-қосымша
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының %-ы (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алуды кезекте 40 минуттан артық күтпеген тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
2.2. Құжаттарды лауазымды адам дұрыс ресімдеген жағдайлардың (жүргізілген есептемелер, есеп айырысулар және т.б.) %-ы (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және олардың тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы құжаттарды бастапқыдан дұрыс толтырған және тапсырған жағдайлардың %-ы (үлесі) | | | |
3.3. Ол туралы ақпаратқа Интернет арқылы қол жеткізуге болатын қызметтердің %-ы (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың %-ы (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |