Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1438 және
1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы № 905 қаулысы
(2009.20.07. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2011 жылғы 19 ақпанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) ҚР Үкіметінің 2009.20.07. № 1102 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
2) «Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібінде:
2-тармақтағы:
бiрiншi абзацта «(жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білім ұйымдарының)» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы «oқy-тәжiрибе учаскесiндегi жұмыс үшiн мүкәммал» деген сөздер «мүкәммал, оның iшiнде оқу-тәжiрибе учаскесiндегi жұмыс үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «оқушыларды», «оқушылардың» деген сөздер «білім алушыларды», «білім алушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша «мектептi» деген сөзден кейiн «, оқу корпустарын және жатақханаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «бастауыш кәсiби білім беру мемлекеттік» деген сөздер «кәсiптiк бастауыш және жоғары мемлекеттік білім» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |