Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1438 және
1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 15 тамыздағы № 905 қаулысы
Осы редакция 2009 жылғы 20 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) «Мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметiн көрсетуiнiң тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1438 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 47, 440-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметiн көрсетуiнiң тәртібінде:
2-тармақтың 9) тармақшасындағы:
«оқушылардың», «оқушылардан» деген сөздер «білім алушылардың», «білім алушылардан» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Кәсiптiк бастауыш мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметтерiн көрсетуге кәсiптiк бастауыш білімдi мамандарды қайта даярлау жөніндегі қызметтер көрсету де жатады.
2-2. Кәсiптiк жоғары мемлекеттік білім мекемелерiнiң ақылы білім беру қызметтерiн көрсетуге мыналар да жатады:
1) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясы агенттiгiнiң жоғары оқу орындары көрсететiн қызметтердi қоспағанда, кәсiптiк жоғары білімдi мамандарды даярлау жөніндегі қызметтер көрсету;
2) мәдениет және өнер саласындағы жоғары оқу орындары мен колледждер оқытушыларының біліктiлiгiн арттыру жөніндегі қызметтер көрсету.»;
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Ақылы білім беру қызметтерiн көрсету мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберiнде қаржыландырылатын негiзгi білім беру қызметiнiң орнына көрсетiле алмайды.»;
5-тармақтағы:
«оқушыларға», «оқушының» деген сөздер «білім алушыларға», «білім алушының» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi абзацтағы «Мемлекеттік білім беру мекемесi мен ата-ананың немесе оқушының және (немесе) тәрбиеленушiнiң өзге де заңды өкiлдерiнiң арасында» деген сөздер «Ақылы білім беру қызметтерiн көрсету мәселелерi бойынша» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
«Осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетiлген ақылы білім беру қызметтерiн көрсету білім алушыларға бастауыш және жоғары кәсiптiк мемлекеттік білім мекемелерi мен кәмелетке толған азаматтар арасында жасалатын шарт негiзiнде де ұсынылады.»;
6-тармақтағы:
«Оқушының», «оқушыны» деген сөздер «Білім алушының», «білім алушыны» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Бұл ереже кәсiптiк бастауыш және кәсiптiк жоғары мемлекеттік білім мекемелерi ұсынатын осы Тәртiптiң 2-1 және 2-2-тармақтарында көрсетілген қызметтер көрсетуге қолданылмайды.»;
7-тармақ «кассалық кірiс ордерлерiнiң» деген сөздердiң алдынан «тiркеу жады бар бақылау-касса машиналарын мiндеттi түрде қолдана отырып,» деген сөздермен толықтырылсын;
2) «Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегi № 1441 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., № 48, 443-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітiлген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдердi пайдалануының тәртібінде:
2-тармақтағы:
бiрiншi абзацта «(жалпы орта және бастауыш кәсiптiк білім ұйымдарының)» деген сөздер алынып тасталсын;
2) тармақшадағы «oқy-тәжiрибе учаскесіндегі жұмыс үшiн мүкәммал» деген сөздер «мүкәммал, оның iшiнде оқу-тәжiрибе учаскесіндегі жұмыс үшiн» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «оқушыларды», «оқушылардың» деген сөздер «білім алушыларды», «білім алушылардың» деген сөздермен ауыстырылсын;
10) тармақша «мектептi» деген сөзден кейiн «, оқу корпустарын және жатақханаларды» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасындағы «бастауыш кәсiби білім беру мемлекеттік» деген сөздер «кәсiптiк бастауыш және жоғары мемлекеттік білім» деген сөздермен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | И. Тасмағамбетов |