17-бап мынадай мазмұндағы 7-2) тармақшамен толықтырылсын:
«7-2) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағалары мөлшерінің сақталуына өз құзыреті шегінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;».
7. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар, № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):
1) 9 және 38-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Лицензиялардың түрлері және қолданысы
Лицензиялар мынадай белгілері бойынша:
1. Субъектілер бойынша:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына берілетін;
2) шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға және халықаралық ұйымдарға берілетін болып бөлінеді.
2. Қызмет көлемі бойынша:
1) бас лицензия - қызметтің жекелеген түрлерімен айналысуға қолданыс мерзімі шектеусіз берілетін;
2) біржолғы лицензия - рұқсат етілген мерзім, көлем, салмақ немесе саны шегінде (заттай не ақшалай алғанда) белгілі бір шаруашылық операциясымен айналысуға, сондай-ақ «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзім шегінде ойын бизнесі саласында қызмет түрлерімен айналысуға және «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген көлем шегінде үлескерлердің ақшаларын тарту есебінен тұрғын үйлердің құрылысын ұйымдастыру жөніндегі қызметпен айналысуға;
3) операциялық лицензия - банк қызметінде жекелеген операциялармен айналысуға, сақтандыру қызметінде сыныптарды (сақтандыру сыныптарын) иеленуге берілетін болып бөлінеді.
3. Тауарлар экспорты мен импорты саласында:
1) бас лицензия - кеден одағына мүше мемлекеттің шешімі негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және лицензияда айқындалған санымен жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия;
2) ерекше лицензия - сыртқы сауда қызметіне қатысушыға жекелеген тауар түрінің экспортына және (немесе) импортына ерекше құқық беретін лицензия;
3) біржолғы лицензия - сыртқы сауда шарты (келісімшарты) негізінде сыртқы сауда қызметіне қатысушыға берілетін және белгілі бір санымен лицензияланатын тауардың экспортына және (немесе) импортына құқық беретін лицензия.»;
«38-бап. Жалпы ережелер
1. Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген, үшінші елдермен саудада Еуразия экономикалық қоғамдастығы шеңберінде Кеден одағына мүше мемлекеттер әкелуге немесе әкетуге тыйым салатын немесе шектеулер қолданатын тауарлардың бірыңғай тізбесі негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі экспорты және (немесе) импорты лицензиялануға жататын тауарлардың тізбесін белгілейді.
Тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялау оларды орындау үшін осы шектеулер енгізілген мақсаттармен салыстырғанда тауарлар экспортына немесе импортына мейлінше шектеушілік немесе бұрмалаушылық әсер етпеуге тиіс.
2. Сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай Тауар номенклатурасына сәйкес сыныпталатын, оған қатысты лицензиялау енгізілген әрбір тауарға лицензия беріледі.
Лицензиар мынадай лицензия түрлерін береді:
біржолғы;
бас;
ерекше.
Лицензиар бас және ерекше лицензиялар беруді Кеден одағы комиссиясының шешімімен көзделген жағдайларда жүзеге асырады.
3. Бас және ерекше лицензиялардың иелері лицензияның орындалу барысы туралы тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың он бесіне дейін уәкілеті органға есеп беруге міндетті.
Біржолғы лицензиялардың иелері лицензияның қолданыс мерзімі өтісімен күнтізбелік он бес күн ішінде уәкілетті органға лицензияның орындалуы туралы анықтама беруге міндетті.
4. Біржолғы лицензияның қолданыс кезеңі оның қолданыла бастаған күнінен бастап бір жылдан аспауға тиіс. Біржолғы лицензияның қолданыс мерзімі сыртқы сауда шартының (келісімшартының) қолданыс мерзімімен немесе лицензия беруге негіз болып табылатын құжаттың қолданыс мерзімімен шектелуі мүмкін.
Сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін лицензияның қолданыс кезеңі квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Егер Кеден одағы комиссиясының шешімінде өзгеше жазылмаса, бас лицензияның қолданыс мерзімі ол қолданыла бастаған күннен бастап бір жылдан аспауға тиіс, ал сан жағынан шектеулер енгізілген тауарлар үшін квота белгіленген күнтізбелік жылда аяқталады.
Ерекше лицензияның қолданыс мерзімі әрбір нақты жағдайда Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленеді.»;
2) 39 және 40-баптар алып тасталсын;
3) 41-бапта:
бірінші бөліктегі «импорттаушы мүшенiң» деген сөздер «импорттаушы елдің» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «, сондай-ақ лицензияны беру мен ресiмдеу тәртібін» деген сөздер алып тасталсын.
8. «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 17, 135-құжат; 2008 ж., № 13-14, 58-құжат; № 20, 87-құжат; № 21, 97-құжат; № 24, 128-құжат; 2009 ж., № 2-3, 21-құжат; № 9-10, 47, 49-құжаттар; № 15-16, 74-құжат; № 17, 78, 82-құжаттар; № 24, 129, 133-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28, 29-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 17-18, 108-құжат):
4-баптың 1-тармағының 38) тармақшасындағы және 13-баптың 17) тармақшасындағы «ауыл шаруашылығы өнiмдерiн және оның тереңдете өңделген өнiмдерiн» деген сөздер «азық-түлік тауарларын» деген сөздермен ауыстырылсын.
9. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 12-баптың 3-тармағының 15) тармақшасындағы «сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.» деген сөздер «сақтауға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
«16) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын сақтауға байланысты бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға қолданылмайды.»;
2) аталған Заңға қосымшада:
1-тармақтың 91) тармақшасындағы «өндіру саласында жүзеге асырылады.» деген сөздер «өндіру саласында;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 92) тармақшамен толықтырылсын:
«92) Қазақстан Республикасының сауда қызметін реттеу туралы заңнамасын сақтауда жүзеге асырылады.».
2-бап. Алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 4) тармақшасының жиырма төртінші, қырық екінші, алпыс үшінші және алпыс төртінші абзацтарын, 7) тармақшасының он бірінші - он бесінші абзацтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 26-ы.
№ 400-IV