4. Техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізуден бас тарту үшін:
1) осы баптың 2-тармағына сәйкес талап етілетін құжаттарды ұсынбау;
2) ұсынылған құжаттардағы мәліметтердің дәйексіздігі;
3) осы баптың 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша өтініш берілген күнге дейін алты ай ішінде техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастау негіз болып табылады.
5. Техникалық байқау орталықтарының тізілімінен алып тастау үшін:
1) дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның техникалық байқау орталықтарының тізілімінен ерікті түрде алып тастау туралы өтініші;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дара кәсіпкер қызметінің тоқтатылуы немесе заңды тұлғаның таратылуы;
3) техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізу кезінде көрінеу дәйексіз ақпарат ұсыну;
4) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса атқару;
5) механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқауды жүзеге асыру саласында әкімшілік құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасау негіз болып табылады.
Техникалық байқау орталығының тізілімінен алып тастау туралы хабарлама көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган тиісті шешім қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде дара кәсіпкерге немесе заңды тұлғаға жіберіледі.»;
6) 19-бап мынадай редакцияда жазылсын:
6) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарының қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатылады. Тоқтата тұру кезеңінде осы абзацтар осы заңның 2 бабының редакциясында қолданылады
«19-бап. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылып жүрген және жол жүрісі қауіпсіздігі жөніндегі атқарушы орталық органда тіркелген механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері міндетті техникалық байқаудан өткізілуге жатады.
Міндетті техникалық байқау механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеруді қамтиды.
2. Міндетті техникалық байқап өткізуді, көлік құралының тіркелген жеріне және көлік құралы иесінің тұрғылықты жеріне қарамастан, көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган техникалық байқау орталықтарының тізіліміне енгізген техникалық байқау орталықтары жүргізеді.
Техникалық байқау орталықтары жария шарт негізінде қызмет көрсетеді.
3. Механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу және жөндеу, оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді қоса атқаруға жол берілмейді.
Техникалық байқау орталығының аумағында механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін жөндеу және оларға техникалық қызметтер көрсету бойынша қызметтер көрсетуге жол берілмейді.
4. Техникалық байқау орталығы:
1) техникалық байқаудың стационарлық және ұтқыр желілерін пайдалана отырып, міндетті техникалық байқау өткізуді жүзеге асырады;
2) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган айқындаған қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқау өткізуді қамтамасыз етеді;
3) қызмет өңірінде міндетті техникалық байқау өткізудің кестесі туралы халықты хабардар етеді.
Қызмет өңірін айқындау тәртібін көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
5. Міндетті техникалық байқауды өткізу екі кезеңді: дайындық және негізгі кезеңдерді қамтиды.
Міндетті техникалық байқау өткізудің дайындық кезеңі барысында көлік құралын сәйкестендіру және оны сәйкестендіру нәтижелерінің тіркеу және өзге де құжаттардағы деректерге сәйкестігіне тексеру жүргізіледі.
Міндетті техникалық байқау өткізудің негізгі кезеңі барысында көлік құралының техникалық жай-күйінің Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтау жөнінде жұмыстар (тексеру) орындалады.
6. Міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі техникалық байқау орталығына мынадай құжаттарды:
1) көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды;
3) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы шартты ұсынады.
Техникалық байқау орталығы ұсынылған құжаттарды механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
7. Механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу нәтижелері бойынша техникалық байқаудың диагностикалық картасы жасалады, оның негізінде қолданылу мерзімі көрсетіле отырып міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлік беріледі.
8. Егер міндетті техникалық байқау өткізудің нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін пайдалануға тыйым салатын ақаулықтар және жағдайлар анықталған болса, міндетті техникалық байқау өткізілмеген деп танылады.
Бұл жағдайда механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне ақаулықтар көрсетіле отырып, механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің диагностикалық картасы беріледі.
9. Механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайлар жойылғаннан кейін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі оны қайтадан міндетті техникалық байқаудан өткізу үшін ұсынады.
Механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін қайтадан байқаудан өткізу бірінші міндетті техникалық байқаудан өткізілген техникалық байқау орталығында не өзге техникалық байқау орталығында жүргізіледі.
Бірінші міндетті техникалық байқау өткізілген орталықта механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін қайтадан техникалық байқаудан өткізу кезінде техникалық байқау белгіленген критерийлерге сай болмаған және диагностикалық картада көрсетілген позициялар ғана бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда төлем қайтадан тексерілетін позицияларды тексеру үшін ғана алынады.
Міндетті техникалық байқауды өткізу кезінде ақаулықтар анықталғаннан кейін механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін міндетті техникалық байқауға қайтадан әкелудің ең ұзақ мерзімі күнтізбелік он күнді құрайды.
10. Механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі механикалық көлік құралын және оның тіркемелерін пайдалануға тыйым салынатын анықталған ақаулықтар мен жағдайларды жою жөніндегі жұмыстар орындалатын жерді және орындаушыны дербес айқындайды.»;
7) мынадай мазмұндағы 19-1, 19-2, 19-3 және 19-4-баптармен толықтырылсын:
«19-1-бап. Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру
1. Халықаралық техникалық байқау сертификатын алу үшін механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесі көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға өтінішпен және мынадай құжаттарды:
1) халықаралық техникалық байқау сертификаты берілгені үшін мемлекеттік баж төленгені туралы түбіртекті;
2) жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген тәртіппен ағымдағы күнтізбелік жыл үшін көлік құралдары салығын төлегенін растайтын немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, жүгінеді.
5-тармағының 7) тармақшасының алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылды
Мемлекеттік техникалық байқаудан өткен кезде өтінішпен бірге көлік құралының мемлекеттік техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің көшірмесі де қоса беріледі.
2. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне құжаттармен қоса берілген өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде халықаралық техникалық байқау сертификатын береді.
3. Көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында санамаланған құжаттар болмаған жағдайда, өтініш берілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне бас тарту себебін көрсете отырып, халықаралық техникалық байқау сертификатын беруден жазбаша нысанда дәлелді бас тартуды жібереді.
4. Халықаралық техникалық байқау сертификаты Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес беріледі.
19-2-бап. Міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібінің сақталуын мемлекеттік бақылау
1. Техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу тәртібін сақтауына мемлекеттік бақылауды тексеру нысанында жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
19-3-бап. Техникалық байқау орталықтарының құқықтары мен міндеттері
1. Техникалық байқау орталықтарының механикалық көлік құралдары және олардың тіркемелері белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті беруден бас тартуға құқығы бар.
2. Техникалық байқау орталықтары:
1) қолданылатын өндірістік үй-жайдың, жабдықтың, материалдық ресурстардың және оларды пайдалану шарттарының белгіленген техникалық талаптарға, сондай-ақ метрологиялық нормалар мен қағидаларға сәйкестігін қамтамасыз етуге;
2) міндетті техникалық байқауды өткізуге біліктілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келетін қызметкерлерді жіберуге;
3) міндетті техникалық байқауды өткізу кезіндегі жұмыстарды орындау процесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауға;
4) көлік құралдары иелерінің өтініші бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кезінде орындалатын жұмыстарға қатысты өзге де мәліметтерді хабарлауға;
5) механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің міндетті техникалық байқау куәліктері бланкілерінің жұмсалуын есепке алуды жүзеге асыруға;
6) байқаудан өткізілген механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтердің электронды түрде есепке алынуын жүзеге асыруға;
7) көлік құралының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігіндегі деректерге сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттардың (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылуы, көлік құралдарын мемлекеттік нөмір белгілерінсіз не көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікте көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін белгілермен техникалық байқауға ұсыну фактілері туралы ішкі істер органдарын хабардар етуге;
8) міндетті техникалық байқаудың нәтижелері бойынша механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне мәліметтер ұсынуға;
9) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органға техникалық байқау орталығының орналасқан жерінің өзгергені туралы күнтізбелік бес күн ішінде хабарлауға;
10) көлік және коммуникация саласындағы уәкілетті органның келісімімен қызмет өңірі шегінде міндетті техникалық байқауды өткізу кестесін жасауға;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де талаптарды сақтауға міндетті.
3. Техникалық байқау орталықтарына:
1) жол жүрісі саласындағы орталық уәкілетті органның келісімінсіз, көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің деректеріне сәйкес келмейтін нөмірлік агрегаттары (қозғалтқыш, шасси, шанақ) ауыстырылған көлік құралдарын міндетті техникалық байқаудан өткізуге, көлік құралдарын мемлекеттік нөмір белгілерінсіз не көлік құралының мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінде көрсетілген белгілерге сәйкес келмейтін белгілермен техникалық байқауға ұсынуға;
2) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесіне міндетті техникалық байқау өткізуден бас тартуға немесе техникалық байқаудың диагностикалық картасын жасамай міндетті техникалық байқаудан өткені туралы куәлікті беруге;
3) міндетті техникалық байқаудан өткізу мерзімінің бұзылуына байланысты міндетті техникалық байқауды өткізу шарттарын өзгертуге;
4) механикалық көлік құралының және оның тіркемелерінің иесінен міндетті техникалық байқауды өткізуге байланысты қосымша сыйақы талап етуге тыйым салынады.
19-4-бап. Механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу
Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тiркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
8) 21-баптың 1-тармағының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«тiркеу құжаттары және мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы құжаты болмаса;»;
9) 22-баптың 1-тармағындағы «автомобиль жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп-ұстауды қамтамасыз ететiн уәкiлеттi мемлекеттік орган» деген сөздер «көлік және коммуникация саласындағы орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
6-тармақ 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді
6. «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» 2003 жылғы 1 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 14, 104-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 4, 25-құжат; 2007 ж., № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 17, 81-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 1-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат):
6-баптың 2-тармағындағы «, оларды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу» деген сөздер алып тасталсын;
10-баптың 10-тармағындағы «мемлекеттік» деген сөз «міндетті» деген сөзбен ауыстырылсын.
2-бап.
1. Осы Заң, 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 3-тармағы 2) тармақшасының екінші абзацын, 3) тармақшасының екінші абзацын, 4) тармақшасының екінші абзацын, 4-тармағы 1) тармақшасының екінші абзацын, 2) тармақшасының үшінші абзацын, 5-тармағы 1) тармақшасының он алтыншы абзацын, 4) тармақшасын, 6-тармағын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2. Тоқтата тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы Заңның 1-бабы 2-тармағының екінші және үшінші абзацтарының қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«49-баптың 1-тармағының 37) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«37) механикалық көлік құралдарының және олардың тіркемелерінің техникалық байқаудан өткені туралы куәліктің және халықаралық техникалық байқау сертификатының берілгені үшін алынатын мемлекеттік баж республикалық бюджетке түсетiн салықтық түсiмдер болып табылады.».
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Тоқтата тұру кезеңінде осы абзацтар мынадай редакцияда қолданылады деп белгілене отырып, осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 6) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарының қолданысы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
«19-бап. Механикалық көлiк құралдарын және олардың тіркемелерін мемлекеттік және міндетті техникалық байқаудан өткізу
1. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланылатын әрі жол жүрiсi қауiпсiздiгi жөніндегі орталық атқарушы органда тiркелген механикалық көлiк құралдары және олардың тiркемелерi мемлекеттік немесе мiндеттi техникалық байқаудан өткiзiлуге жатады.
Мемлекеттік техникалық байқаудан өткізудің тәртібі мен мерзімін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Механикалық көлiк құралдарын және олардың тiркемелерiн мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу:
механикалық көлiк құралдарының және олардың тiркемелерiнiң мемлекеттік техникалық байқаудан өткiзiлгенi туралы куәлiк беру үшiн мемлекеттік баждың төленгенiн растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн;
жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген тәртiппен ағымдағы күнтiзбелiк жыл үшін көлiк құралдары салығын төлегенiн растайтын құжаттар немесе оны төлеуден босату құқығын растайтын құжаттар ұсынылғаннан кейiн жүргiзiледi.».
4. Осы Заңның 1-бабының 5-тармағы 7) тармақшасының алтыншы абзацы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 24-і.
№ 399-IV ҚРЗ