4. Университет ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдануға (коммерцияландыруға) қатысуға құқылы.
Университеттің және оның салалық ғылыми орталықтарының ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін практикада қолдану (коммерцияландыру) нәтижесінде алынған табыстары тек қана оларды дамытуға жұмсалады.
12-бап. Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың шетелдік жұмыс күшін тарту ерекшеліктері
1. Университет, Зияткерлік мектептер, олардың ұйымдары, сондай-ақ Қор шетелдік қызмектерлерді басшы және жоғары білімді мамандар лауазымдарына тартуды шетелдік жұмыс күшін тартуға берілетін рұқсатты алмай-ақ жүзеге асырады.
2. Университетте немесе оның медициналық ұйымдарында медициналық қызметпен айналысу құқығын беретін немесе кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыруға шақырылған мамандардың шетелде алған біліктілік санатын куәландыратын құжат Қазақстан Республикасының аумағында санат берілмей-ақ қолданылатын маман сертификатына теңестіріледі.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 12-1-баппен толықтырылды
12-1-бап. Университет пен Зияткерлік мектептерде білім беру процесін грантпен және стипендиямен қамтамасыз ету
2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. Университетте оқыту «Назарбаев Университеті» білім беру гранты, өзге де гранттар мен стипендиялар негізінде, сондай-ақ ақылы негізде жүзеге асырылады.
«Назарбаев Университеті» білім беру гранты Университетке оқуға қабылданған Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес шетелдіктерге берілуі мүмкін.
2. «Назарбаев Университеті» білім беру гранты қаражатының есебінен Университетте оқуға құқығы бар шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау квотасын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде жыл сайын айқындайды. Университет қабылдау квотасының мөлшері жөніндегі ұсынысты білім беру саласындағы уәкілетті органға енгізеді.
3. Университет білім алушыларға «Назарбаев Университеті» білім беру грантын беруді Университеттің жарғысына және ішкі құжаттарына сәйкес дербес жүргізеді.
4. Университет «Назарбаев Университеті» білім беру грантының қаражатын басқаруды беру, айыру немесе білім алушылар арасында қайта бөлу арқылы оның нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, дербес жүзеге асырады.
5. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнын қалыптастыру кезінде Университеттің оқу процесін ұйымдастырумен байланысты шығыстар ескеріледі. «Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың бағыттарын Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.
«Назарбаев Университеті» білім беру грантының құнында ескерілетін шығыстардың нормалары Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес бекітіледі. «Назарбаев Университеті» стипендиясын тағайындау және төлеу тәртібі Университеттің ішкі құжаттарына сәйкес айқындалады.
«Назарбаев Университеті» білім беру грантының мөлшерін білім беру саласындағы уәкілетті орган Университеттің өтінімі негізінде қарайды және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2023.19.04. № 223-VІІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2023.04.07. № 15-VІІІ ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 16 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2025.10.02. № 163-VIII ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2025 ж. 22 ақпаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
6. Зияткерлік мектептерде дарынды балалардың оқуына ақы төлеу оларға конкурстық негізде Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын беру арқылы жүзеге асырылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Президентінің «Өркен» білім беру грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін, сондай-ақ оның құнын айқындау әдістемесін бекітеді.
7. Университет және Зияткерлік мектептер өз қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен білім алушыларға өзге де білім беру гранттарын, стипендиялар мен төлемдерді тағайындауға құқылы. Өзге де білім беру гранттарының, стипендиялар мен төлемдердің мөлшерін және оларды беру тәртібін Университет және Зияткерлік мектептер дербес айқындайды.
2015.21.07. № 337-V ҚР Заңымен 12-2-баппен толықтырылды
12-2-бап. Инновациялық кластер
1. Инновациялық кластер инфрақұрылымының элементтері:
1) Университет;
2) Университеттің мектептері мен ғылыми орталықтары;
3) ғылым жөніндегі орталық офис;
4) коммерцияландыру офисі;
5) тәжірибелік-эксперименттік цех;
6) келісімшарттық зерттеулер орталығы;
7) бизнес-инкубатор;
8) ғылыми парк;
9) технологиялық парк болып табылады.
2. Инновациялық кластерге қатысушыларға мынадай санаттардың бірі беріледі:
1) инноватор;
2) инновациялық компания;
3) жоғары технологиялық компания;
4) зерттеу орталығы.
3. «Инноватор» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші жеке тұлға болып табылады;
2) өтінім беруші ғылыми, ғылыми-техникалық қызметті және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асырады және коммерцияландыру офисінің, тәжірибелік-эксперименттік цехтың базасындағы ғылыми зерттеулердің, ғылыми, ғылыми-техникалық қызметтің және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың алынған нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
4. «Инновациялық компания» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;
2) өтінім беруші бизнес-инкубатордың, технологиялық парктің, ғылыми парктің, келісімшарттық зерттеулер орталығының базасындағы ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың нәтижелерін коммерцияландыру процесіне қатысушы болып табылады;
3) өтінім берушінің қызметі технологиялар трансфертіне, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижесі болып табылатын жаңа немесе жетілдірілген өндірістерді, технологияларды, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасауға және (немесе) ілгерілетуге бағытталады.
5. «Жоғары технологиялық компания» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші заңды тұлға болып табылады;
2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және оның қызметі Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, жоғары технологиялық өнім өндіру жөніндегі қызмет түрлерінің тізбесіне кіретін өнімді өндіруге бағытталады.
6. «Зерттеу орталығы» санаты мынадай шарттарға сай келетін өтінім берушіге беріледі:
1) өтінім беруші заңды тұлға немесе заңды тұлғаның, оның ішінде шетелдік заңды тұлғаның филиалы, өкілдігі болып табылады;
2) өтінім беруші ғылыми паркке қатысушы болып табылады және ғылыми-зерттеу қызметін және тәжірибелік-конструкторлық қызметті жүзеге асырады.
7. Инновациялық кластерге қатысушыны іріктеу, оған мәртебе беру және одан айыру қағидаларын, сондай-ақ инновациялық кластер қызметінің тәртібін Университеттің қамқоршылық кеңесі бекітеді.
8. Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын тәртіппен қолдау шараларын ұсынады.
Университет және оның ұйымдары инновациялық кластерге қатысушыларға ұсынатын қолдау шараларына:
1) инновациялық кластерге қатысушылардың жобаларын қоса қаржыландыруды, лизингтік қаржыландыруды және гранттық қаржыландыруды қоса алғанда, қаржыландыру;
2) инновациялық кластерге қатысушылардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
3) инновациялық кластерге қатысушыларды білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету;
4) инновациялық кластерге қатысушыларға ғылыми жобаларға тапсырыстар орналастыру;
5) инновациялық кластерге қатысушыларды қажетті үй-жайлармен қамтамасыз ету;
6) инновациялық кластерге қатысушыларға Университеттің және оның ұйымдарының зертханалық жабдығына, сондай-ақ Университеттің кітапхана қорларына рұқсат беру;
7) Университеттің қамқоршылық кеңесі айқындайтын өзге де қолдау шаралары жатады.
13-бап. Қорытынды ережелер
1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. Осы Заң қолданысқа енгізілген кезден бастап алты ай ішінде құрылтайшы Университетті және Зияткерлік мектептерді, оның ішінде жарғылық капиталына мемлекет қатысатын тиісті заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру арқылы құру туралы шешім қабылдайды.
3. Жоғары қамқоршылық кеңес Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың жарғыларын қабылдағанға дейін аталған ұйымдар олардың құрылтайшылары бекіткен жарғылар негізінде жұмыс істейді.
2025.15.03. № 172-VIII ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды (2025 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
4. 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін нысаналы салым түрінде алынған бюджет қаражаты қамқоршылық кеңестің шешімімен дербес білім беру ұйымының жылдық бюджетін бекіту арқылы қайта бөлінуі жəне (немесе) кейінгі қаржы жылдарына ауыстырылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2011 жылғы қаңтардың 19-ы.
№ 394-IV ҚРЗ