3. Ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен аттестатталуға тиіс.
4. Жеке және заңды тұлғалар өзінің кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері бойынша ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізеді және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен табыс етеді.
3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 14-бап өзгертілді
14-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау
1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау - уәкілетті органның лауазымды адамдарының ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын жеке және заңды тұлғалардың сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған іс-әрекеттерінің жиынтығы.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1-2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын орындау жөніндегі қызметін бақылауды;
2) бюджеттік бағдарламалар бойынша сатып алынған ветеринариялық препараттарды, олардың республикалық қорын қоса алғанда, бөлуді және оларды сақтауға, тасымалдау (жеткізу) мен пайдалануға бақылау жасауды;
3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық аурулары қоздырушыларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру мен бақылауды;
4) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізуді және оларды табыс етуді;
5) ветеринариялық іс-шараларды ұйымдастыру мен олардың орындалуын бақылауды;
6) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветеринариялық-санитариялық жағдайды бақылауды; жануарлар ауруларының пайда болуы мен таралуы және жануарлардың азықтан улануы себептері мен жағдайларын ашып, анықтауды;
6-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің жүргізілуін бақылауды;
6-2) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшілерінің қызметін бақылауды;
7) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауды көздейді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкілетті орган белгілеген біліктілік талаптарына сай келетін мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 3-1- тармақпен толықтырылды
3-1. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау туралы ережені уәкілетті орган әзірлеп, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 14-1- баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 14-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 14-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
14-1-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібі
1. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау:
1) ішкі сауда объектілерінде;
2) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда;
3) қызметтің мынадай кіші түрлерін:
ветеринариялық емдеу-профилактикалауды;
ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру мен өткізуді;
ветеринариялық мақсаттарға арналған дәрілік заттарды, биологиялық препараттарды, ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттарды өткізуді;
ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын тұлғаларда;;
4) мемлекеттік монополияға жатқызылған қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарда;
5) шекаралық және кедендік пункттерде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің орнын ауыстыру кезінде;
6) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
7) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
8) тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруты өтетін мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
9) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
10) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына;
11) ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерінде жүзеге асырылады.
2. Осы баптың 1-тармағының 1) - 10) тармақшаларында көрсетілген объектілерде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды тиісті аумақтардың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары ілеспе ветеринариялық құжаттарды қарауды қоса алғанда, тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырады.
2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды
2-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының кеден органдарына іссапарға жіберілген мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар жүзеге асырады.
3. Ішкі сауда объектілерінде, жануарларды өсіру, дайындау (сою), сақтау, пайдалану, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдарда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты шекаралық және кедендік пункттерде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын жүктердің орнын ауыстыру кезінде ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының жануарлардың жұқпалы ауруларының белең алуын болғызбау, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының аумағын жануарлардың аса қауіпті және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау жөніндегі талаптарының сақталуы нысанасында ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау күн сайын өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы нормаларының сақталуын тексеру нәтижелері бойынша тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, тиісті мемлекеттік органдардың объектілерін ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеру актісін жасайды.
Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауға жататын объектілерді мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандарының нәтижелері бойынша ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда, тиісті мемлекеттік органдардың объектілеріне ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінің ветеринариялық-санитариялық инспекторларын қоспағанда, тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор, Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын анықталған бұзушылыққа қарай нұсқама жасайды, жеке кәсіпкерлік субъектісін әкімшілік жауаптылыққа тартпастан, оған бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынған өнімдер мен шикізаттарды алып қою туралы қаулы шығарады.
5. Ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылықтар анықталған жағдайда мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор тексеру нәтижелері бойынша өз құзыреті шегінде айқындалған бұзушылықтардың сипатына қарай әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы нұсқама жасайды, әкімшілік жаза қолдану туралы қаулы шығарады.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Тексеру актісі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жасалады.
Тексеру актісі үш (ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулыларының талаптарын бұзушылық анықталған жағдайда - төрт) данада жасалады және оған тексеру жүргізген тиісті аумақтың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы қол қояды.
Актінің бірінші данасын тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектор құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы мемлекеттік органға және оның аумақтық органдарына тапсырады, екінші данасы тексерілетін адамға қолын қойғызып, беріледі, үшінші данасы тексеруші мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторда қалады, ал төртіншісі сотқа талап-арыз беру үшін тиісті аумақтың ветеринариялық-санитариялық инспекторына беріледі. Тексерілетін адам актіні қабылдаудан бас тартқан жағдайда актінің тиісті данасы поштамен жіберіледі.
7. Ветеринария саласындағы мемлекеттік бақылау актісі нөмірленген, тігілген және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың ветеринариялық бөлімшелерінің мөрімен бекітілген болуға тиіс арнайы тексеру актілерін тіркеу журналында тіркеледі.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 15-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері
Мыналар мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады:
1) жануарлар, жануарлардың жыныс және дене жасушалары;
2) жануарлар ауруларының қоздырушылары;
3) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізат, ветеринариялық препараттар, жемшөп пен жемшөптік қоспалар, патологиялық материал немесе олардан диагностика және ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін алынатын сынамалар, сондай-ақ судың, ауаның, топырақтың, өсімдіктердің сынамалары;
4) жануарларға профилактика жасау, оларды емдеу, дауалау және бірдейлендіру, жануарлар ауруларының диагностикасы, ветеринариялық-санитариялық сараптама үшін пайдаланылатын ветеринариялық және зоогигиеналық мақсаттағы бұйымдар мен атрибуттар;
5) жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдары, ыдыстың барлық түрлері, буып-түю материалдары;
6) ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің қызметі;
7) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, дайындайтын, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын, сондай-ақ ветеринария саласындағы ғылыми қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың аумақтары, өндірістік үй-жайлары мен қызметі;
8) мал айдалатын жолдар, маршруттар, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтары, оларды бірдейлендірудің рәсімдері мен нысандары;
9) ветеринариялық есеппен есептілік жөніндегі құжаттама, ветеринариялық куәлік, ветеринариялық анықтама, ветеринариялық-санитариялық қорытынды, сараптама актісі, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өндіру, дайындау (сою), сақтау және өңдеу жөніндегі нормативтік-техникалық құжаттама мен ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құжаттамалар;
10) ішкі сауда объектілері.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 16-бап өзгертілді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мен олардың орынбасарларының құзыреті
1. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарларының құзыретіне:
1) Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ шекарада және көлікте мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
2) тиісті аумақтағы эпизоотия жағдайын бағалауды ескере отырып, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің экспортына, импортына және транзитіне рұқсаттар беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы мен оның орынбасарын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) шекара және кеден пункттерінде (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру кіреді.
2. Облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін қоса алғанда, облыс аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторын, сондай-ақ ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету кіреді.
3. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
2) республикалық маңызы бар қала, астана аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру мақсатында орындалуға міндетті актілерді басып шығару;
3) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
4) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру;
5) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
6) қызметтен шеттету үшін негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару кіреді.
4. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының және оның орынбасарының құзыретіне:
1) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
2) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерге Қазақстан Республикасының ішінде және экспортқа қолданылып жүрген ветеринариялық сертификат беру;
3) қызметтен шеттетуге негіз болған себептер анықталғанға дейінгі мерзімге ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағындағы мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларды қызметінен шеттету туралы шешім шығару;
4) ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен табыс ету;
5) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру кіреді.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың құқықтары
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың:
1) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары нормаларының орындалуын тексеру, сондай-ақ ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалардың қызметі туралы ақпарат алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кедергісіз (қызмет куәлігін көрсетіп) кіруіне;
2) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне диагностика немесе ветеринариялық-санитариялық сараптама жасау үшін, зерттеу жүргізу мерзімі туралы мүдделі тараптарға хабарлай отырып, олардың сынамаларын іріктеп алуды жүргізуге;
3) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау жүргізуге;
4) ветеринариялық құжаттар беруге;
5) осы заңда берілген өкілеттіктер шегінде актілер шығаруға;
6) ветеринариялық-санитариялық қолайлы аумақтарда, сондай-ақ қолайсыз пункттерде жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен оларды алып қоюға және жоюға, оларды залалсыздандыруды (зарарсыздандыруды)немесе өңдеуді ұйымдастыру ісіне қатысуға, сондай-ақ аталған фактілер туралы денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға хабарлауға;
7) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда сотқа талап қоюға құқығы бар.
2. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) жеке және заңды тұлғалар жоғары тұрған мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына және (немесе) сотқа шағым жасай алады.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
18-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері
1. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша ықпал етудің құқықтық шараларын қолдану мақсатында, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарын бұзушылықтың анықталуына байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар мынадай актілер:
1) нұсқамалар:
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары талаптарының бұзылуын жою туралы нұсқама;
мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық сараптама мен диагностика жүргізу туралы нұсқама;
жануарлар ауруларының пайда болуын, таралуын болғызбау және оларды жою үшін жануарларға профилактикалық немесе мәжбүрлі түрде вакцина егу, індет ошақтарындағы мал шаруашылығы қора-жайларында және олардың аумақтарында, қолайсыз пункттерде, көлікте дезинфекция, дезинсекция және дератизация жүргізу туралы нұсқама;
жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, жануарлардың аса қауіпті және басқа да жұқпалы ауруларының пайда болу немесе таралу қатері төнген жағдайларда жеке және заңды тұлғалардың шаруашылық қызметіне үш күннен аспайтын мерзімге, аталған мерзімде сотқа міндетті түрде талап-арыз бере отырып, сот шешімінсіз тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы нұсқама шығарады. Бұл орайда қызметке тыйым салу немесе оны тоқтата тұру туралы акт сот шешімі шыққанға дейін қолданылады;
ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының ветеринариялық нормативтерді бірнеше рет бұзған мамандарын қайта аттестаттау туралы нұсқама;
жануарлардың және адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөптік қоспаларды залалсыздандыру (зарарсыздандыру), өңдеу туралы нұсқама;
ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу туралы нұсқама;
жануарға арналған ветеринариялық паспорт беру ережелерін бұзушылық туралы нұсқама;
жануарларды санитариялық тазалау, санитариялық сою туралы нұсқама;
2) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары бұзылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жаза қолдану туралы немесе әкімшілік жауапқа тарту туралы қаулы;
3) жануарлар мен адамның денсаулығына ерекше қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қою туралы қаулы шығарады.
2. Нұсқамалардың нысандарын, оларды жасау мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.
3. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың актілері жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті.
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлардың тәуелсіздігі
Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар өз қызметінде тәуелсіз болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады.
20-бап. Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау
2009.24.07. № 190-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өтетін, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер міндетті мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жатады.
2. Уәкілетті орган белгілейтін ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер сақтала отырып, Қазақстан Республикасының аумағына індет тарамаған басқа мемлекеттерден орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелінуіне, сондай-ақ транзитіне жол беріледі.
3. Орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, әкетілуі және транзиті тиісті аумақтардың індеттілік жағдайын бағалауға сәйкес жүзеге асырылады.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасының аумағына басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру үшін уәкілетті орган шекара және кеден пункттерінде (автомобиль өткізу пункттерін қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау бекеттерін ұйымдастырады.
5. Жануарлардың аса қауіпті ауруларының шығуы тіркелген шектес мемлекеттердің шекаралық аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына келетін көлік құралдары Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген кезең мен тәртіп бойынша міндетті түрде дезинфекциялануға тиіс.
ҚР 2009.24.07. № 190-IV Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар қызметтік міндеттерін атқару кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп жүреді.
Ветеринариялық бақылау бекеттеріндегі мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторларларды нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.