2) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар;
3) өндірістік қауіпсіздік декларациясы;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) ғимараттардың, құрылыстардың жай-күйі;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 5) тармақшамен толықтырылды
5) өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын және оларда жұмыстарды жүзеге асыратын ұйымдар жатады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын уәкілетті орган аттестаттаған, өтініш беруші ұйымға тәуелсіз ұйымдар қауіпті өндірістік объект иесінің қаражаты есебінен жүргізеді.
3. Сараптамалық қорытынды өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижесі болып табылады.
14-13-бап. Ұйымдарды өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестаттау
1. Ұйымдар:
1) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында сараптама жүргізу;
4) жарылыс жұмыстары саласында сараптама жүргізу;
5) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
7) авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу;
8) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру құқығына аттестатталуға тиіс.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Осы баптың 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген жұмыстарды өтініш беруші ұйымға тәуелсіз, аттестатталған ұйымдар жүргізуге тиіс.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 2- тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Аттестаттау үшін ұйым өнеркәсіп саласын және жүзеге асырылатын қызметтің түрін көрсете отырып, ұйым жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесімен, ұйымның заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің көшірмесімен, ұйымның өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса өтініш ұсынады.
3. Құжаттарды қарау құжаттарды толық көлемде тапсырған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүзеге асырылады.
4. Уәкілетті орган қарау нәтижесі бойынша аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
5. Аттестаттау немесе аттестаттаудан бас тарту туралы дәлелді шешім ұйымға шешім қабылданған күннен бастап бес күн мерзімде беріледі.
6. Аттестатты беруден мына себептер бойынша:
1) осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылмағанда;
2) ұйым өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сай келмегенде бас тартылуы мүмкін.
Ұйым аталған себептерді жойған кезде аттестаттау туралы өтініш жалпы негіздерде қаралады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-тармақ өзгертілді
7. Аттестаттың қолданылу мерзімі бес жылды құрайды.
Ұйым өзіне берілген аттестатта көзделмеген, осы баптың 1-тармағында аталған қызметті жүзеге асырған жағдайда уәкілетті орган Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық заңнамасында көзделген тәртіппен аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрады.
Аттестаттың қолданылуын тоқтата тұрған себептер жойылмаған жағдайда аттестаттан айыру сот тәртібімен жүзеге асырылады.
Аттестаттың қолданылуы:
1) ұйым аттестаттың қолданылуын тоқтату туралы өтінішті ұсынған;
2) оның қолданылу мерзімі біткен;
3) заңды тұлға таратылған;
4) аттестаттан айрылған жағдайларда тоқтатылады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Уәкілетті орган аттестат алған ұйымдар туралы немесе аттестаттың қолданылуының тоқтатылғаны туралы ақпаратты өзінің интернет-ресурсына орналастырады немесе ол республикалық мерзімді баспа басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.
Уәкілетті орган берілген және өзінің қолданысын тоқтатқан аттестаттардың тізілімін жүргізеді.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
5-тарау. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
15-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
Бақылау
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді
1. Өнеркәсiптiк қауiпсiздiк саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға:
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторы;
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі Бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары;
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары;
облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары;
облыстар мен қалалардың өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары жатады.
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Тексеру «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік инспекторға бірыңғай үлгідегі куәлік, нөмірлі мөртабан, омырауға тағатын белгі және пломбир уәкілетті орган белгілеген тәртіппен беріледі.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-1-бабымен толықтырылды
15-1-бап. Мемлекеттік инспектордың құқықтары
Мемлекеттік инспектордың:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жай-күйіне тексеру жүргізу мақсатында қауіпті өнеркәсіптік объектілерге белгіленген тәртіпті сақтай отырып кіруге;
2) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалуын тексеру үшін қажетті құжаттармен танысуға;
2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзушылықтар анықталған жағдайда бұзушылықтарды жою туралы акт - нұсқама енгізуге, бұзушылықтарға кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген әкімшілік жауаптылыққа тартуға;
4) адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін ақауы бар техникалық құрылғыларды олардың ақауын жойғанға дейінгі кезеңде, өндірісті тоқтата тұруға, тоқтауға байланысты жағдайларды қоспағанда, техникалық ақауы бар құрылғыларды пайдалануға тыйым салуға құқығы бар.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-2-бабымен толықтырылды
15-2-бап. Мемлекеттік инспектордың міндеттері
Мемлекеттік инспектор:
1) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылауды жүзеге асыруға;
2) ұйымдардың Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасын сақтауының жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштерді жинауға, қорытындылауға, жүйелеуге және оларға талдау жүргізуге;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуге міндетті.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-3- бабымен толықтырылды
15-3-бап. Мемлекеттік инспектордың актілері
1. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына байланысты жүргізілген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша мемлекеттік инспекторлар мынадай актілер шығарады:
1) тексеру жүргізу нәтижелері жөніндегі акт;
2) әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттама;
3) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
4) Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасы бұзылған жағдайда кінәлі тұлғаларды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулы.
2. Акт нысандарын уәкілетті орган бекітеді.
3. Мемлекеттік инспекторлардың актілерін жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-4-бабымен толықтырылды; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 15-4-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
15-4-бап. Мемлекеттік инспектордың әлеуметтік қамсыздандырылуы
Мемлекеттік инспекторлардың өмірі мен денсаулығының сақтандырылуы Қазақстан Республикасының сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік инспекторлар отбасы мүшелерінің асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша әлеуметтік қамсыздандырылуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 15-5-бабымен толықтырылды
15-5-бап. Мемлекеттік инспектордың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі жасау
Мемлекеттік инспектордың өз қызметтік міндеттерін орындауы кезінде оған кедергі жасау Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 15-6-баппен толықтырылды
15-6-бап. Жоспарлы тексерулерді өндірістік объектінің тәуекел дәрежесіне қарай жүзеге асыру
1. Тәуекелі жоғары дәрежедегі объектілерге өнеркәсіптік қауіпсіздігі міндетті түрде декларациялануға тиіс объектілер жатады.
Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер жылына бір рет жүзеге асырылады.
2. Тәуекелі орташа дәрежедегі объектілерге технологиялық процесі тоқытылатын және өндіріс персоналының өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент туындауы мүмкін объектілер жатады.
Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер үш жылда бір рет жүзеге асырылады.
3. Тәуекелі болмашы дәрежедегі объектілерге техникалық құрылғылар бүлінетін және қызмет көрсететін персоналдың өмірі мен денсаулығына зиян келтіретін авария, инцидент болуы мүмкін объектілер жатады.
Бұл объектілерді жоспарлы тексерулер бес жылда бір рет жүзеге асырылады.
4. Тәуекелі ең төменгі деңгейге дейін жеткізілген осы санаттағы объектілер қауіптіліктің келесі санатына ауысады.
Тәуекелі төменгі деңгейдегі осы санаттағы объектілер үшін тексерулер көбейе түсетін үрдісі бар тәуекел факторлары бойынша жүзеге асырылады.
16-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өндірістік бақылау
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Өндірістік бақылау қауіпті өндірістік объектілерде қауіпті өндірістік факторлардың өндірістік персоналға, халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсерінің тәуекелін барынша азайту мақсатында жүзеге асырылады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті өндірістік бақылаудың міндеттері қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ету, жолсыздықтардың мән-жайлары мен себептерін анықтау болып табылады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
3. Қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын барлық ұйымдарда өндірістік бақылау туралы ереже әзірленеді.
Ережеде өнеркәсіптік қауіпсіздік нормалары талаптарының іске асырылуын бақылайтын тұлғалардың өкілеттігі қамтылуға тиіс.
Бақылауды жүзеге асыратын тұлғалардың функциялары мен өкілеттігін бекіту ұйым бойынша бұйрықпен ресімделеді.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 17-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
17-бап. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Қазақстан Республикасының
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен қосымшамен толықтырылды; 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен қосымша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Қауіпті өндірістік объектілердегі
өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы»
2002 жылғы 3 сәуірдегі Қазақстан Республикасының
Заңына қосымша»
Объект қауіптілігінің жалпы деңгейін айқындау тәртібі
1. Жазатайым оқиғалардың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
Жк= n / N, мұндағы:
n - қауіпті объектіде бір жыл ішінде болған жазатайым оқиғалардың саны;
N - қауіпті объектіде қызмет көрсететін персоналдың бір жыл ішіндегі орташа тізімдік саны.
2. Жазатайым оқиғалардың ауырлық коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
Ак = n1 / N, мұндағы:
n1 - бір жылда жол берілген барлық жазатайым оқиғалар бойынша зардап шеккендердің еңбекке жарамсыздық күндерінің саны.
3. Өлімге әкеп соққан жарақаттанудың жиілік коэффиценті мына формула бойынша айқындалады:
Өк = n2 / N, мұндағы:
n2 - өлімге әкеп соққан жағдайлардың бір жыл ішіндегі саны (жазатайым оқиғадан кейінгі бір жыл ішінде зардап шеккендердің өлімін есепке алғанда).
4. Кәсіптік ауру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Ак = n3 / N, мұндағы:
n3 - есепті жыл ішінде алғаш рет кәсіптік ауруы анықталған қызметкерлердің саны.
5. Негізгі қорлардың тозу коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Тк = n4 (10хn5), мұндағы:
n4 - жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылар саны.
n5 - жыл қорытындысы бойынша негізгі құралдар ретінде есепте тұрған техникалық құрылғылардың жалпы саны.
6. Негізгі құралдарды ауыстыру коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Нк = 0,1 - n6/(10хn4), мұндағы:
n6 - белгіленген пайдалану мерзімі өткен және есепті жыл ішінде ауыстырылған техникалық құрылғылар саны.
Егер жыл қорытындысы бойынша белгіленген пайдалану мерзімі өткен техникалық құрылғылардың саны нөлге тең болса, Нк нөлге тең болады.
7. Қауіпті өндірістік объектінің авариялылық коэффициенті мына формула бойынша айқындалады:
Ак = n7/10, мұндағы:
n7 - ағымдағы жылда объектіде болған авариялардың саны.
8. Объект қауіптілігінің жалпы деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
Қд = Жк + Ак + Өк + Ак + Тк + Нк + Ак.