2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 16-1) тармақшамен толықтырылды
16-1) мемлекеттік инспектор қауіпті өндірістік объектіде өз міндеттерін атқарған кезде оны қорғану құралдарымен, қауіпсіздік приборларымен қамтамасыз етуге және өзге де жәрдем көрсетуге;
17) 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
18) өзінің нормативтік мерзімін өтеген техникалық құрылғылардың, материалдардың уақтылы жаңартылуын қамтамасыз етуге;
19) осы Заңмен айқындалған қауіпті өндірістік объектілерді декларациялауға;
20) жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз ететін ұйымдық-техникалық іс-шаралардың белгіленген талаптарына сәйкес қауіпті өндірістік объектінің жұмыскерлер штатының жасақталуын қамтамасыз етуге;
21) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыскерлерді даярлауды, қайта даярлауды, біліктілігін арттыруды және аттестаттауды қамтамасыз етуге;
22) өнеркәсіптік қауіпсіздіктің декларациясына сараптама жүргізуді қамтамасыз етуге;
23) кәсіби авариялық-құтқару қызметтерімен және құрылымдарымен қызмет көрсетуге шарт жасасуға немесе жеке кәсіби авариялық-құтқару қызметтерін және құрамаларын құруға;
24) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
25) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
26) 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 27) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
27) уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қауіпті заттардың тасымалданатыны туралы үш тәулік бұрын хабарлауға;
28) қауіпті өндірістік объектілерді уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде есепке алуды, есептен шығаруды жүзеге асыруға;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 29) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
29) қауіпті өндірістік объектілерді салу, реконструкциялау, жаңғырту, жою жобаларын, сондай-ақ жергілікті жобаларды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісуге;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 30) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
30) қауіпті өндірістік объектілерді пайдалануға беру кезінде мемлекеттік инспектордың қатысуымен қабылдау сынақтарын жүргізуге міндетті.
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 11-1-баппен толықтырылды
11-1-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікті міндетті декларациялау
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Пайдалану кезінде қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі бар қауіпті өндірістік объектілер міндетті түрде декларациялануға жатады.
Қауіпті өндірістік факторлардың халыққа, қоршаған ортаға зиянды әсер ету мүмкіндігі жоба алдындағы шешімдерге өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасын жүргізу арқылы белгіленеді.
Сараптама қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпті өндірістік факторларды, сондай-ақ олар әсер етуі ықтимал аймақтағы адамдардың санын анықтайды.
Уәкілетті орган сараптамалық қорытынды негізінде қауіпті өндірістік объектіні декларациялау туралы шешім шығарады.
2. Өнеркәсіптік қауіпсіздік декларациясы (бұдан әрі - декларация) қауіпті өндірістік объектіні салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, техникалық жарақтандыруға, сақтауға және жоюға арналған жобаның құрамында әзірленеді, қайта қаралады.
3. Декларация мынадай мәліметтерді:
1) қауіпті заттар (оның ішінде өндірілетін) тізбесін және олардың сипаттамаларын;
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
2) қауіпті өндірістік факторларды (әр фактор жеке; басқа факторлармен өзара әрекетте; қоршаған ортамен өзара әрекетте);
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) қауіпті өндірістік факторлардың таралуы туралы технологиялық деректерді;
4) қауіптілік пен тәуекелге талдауды;
5) қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі техникалық шешімдерді;
6) авариялық жағдайлардың туындау жағдайына талдауды;
7) қызметкерлерді авария жағдайында іс-әрекетке дайындауды;
8) авариялардың туындауы мен дамуының ықтимал сценарийлерінің схемасын;
9) аварияны жою жоспарын (хабарлау жүйесі; адамдарды қорғау жөніндегі құралдар мен шаралар; аварияларды, төтенше жағдайларды жоюға арналған резервтік ресурстар; зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша медициналық қамтамасыз ету) қамтуға тиіс.
4. Декларацияны әзірлеуді қауіпті өндірістік объектілерді пайдаланатын ұйым не өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізуге аттестатталған ұйым жүзеге асырады. Декларацияны әзірлеу ережесін уәкілетті орган белгілейді.
5. Декларация ондағы өндірістік қауіпсіздік мәліметтері өзгерген немесе өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары өзгерген кезде өзгерістер пайда болған кезден бастап үш ай ішінде нақтыланады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Декларацияны қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның басшысы бекітеді.
Қауіпті өндірістік объектіні пайдаланатын ұйымның иесі декларациядағы мәліметтердің уақтылы ұсынылуына, оның толықтығы мен дұрыстығына Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
7. Декларация сараптамадан өткізіледі.
Декларацияға өзгерістер енгізілген кезде ол міндетті түрде қайтадан сараптамадан өткізілуге тиіс.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
8. Декларация екі данада қағаз жеткізгіште, сондай-ақ электрондық жеткізгіште жоба құрамында сараптама қорытындысымен бірге немесе жеке құжат түрінде уәкілетті органға тіркеу үшін ұсынылады. Бір данасы және электрондық нұсқасы - уәкілетті органда, екінші данасы қауіпті өндірістік объектіні пайдаланушы ұйымда сақталады.
9. Қауіпті объектіні декларациясыз пайдалануға тыйым салынады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 12-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
12-бап. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша кәсіби даярлау, қайта даярлау, олардың біліктілігін арттыру қауіпті өндірістік объектілердің иелеріне жүктеледі.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру бағдарламалары облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге тиіс.
2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Ұйымдарда тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссиялары құрылады.
Ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының мүшелері Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы Бас мемлекеттік инспекторының немесе оның орынбасарларының төрағалық етуімен уәкілетті органның комиссиясында емтихан тапсырады.
Тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларының құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісім бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектор енгізіледі.
Ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларының мүшелері емтиханды ұйымдардың тұрақты жұмыс істейтін емтихан комиссияларында тапсырады.
Мамандар, инженер-техникалық қызметкерлер мен жұмысшы персонал емтихандарды ұйымдардың бөлімшелерінде құрылатын емтихан комиссияларында тапсырады.
Емтихан комиссияларының жұмысына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспекторы қатысады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Жұмысты қауіпсіз орындау ережелерін оқытудың жыл сайынғы бағдарламасының ұзақтығы қырық сағаттан аз болмауға және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісілуге тиіс.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
5. Қауіпті өндірістік объектілерде жұмыс істейтін барлық адамдар:
1) жұмысшы персонал - жыл сайын;
2) техникалық басшылар, мамандар мен инженер-техникалық қызметкерлер - үш жылда бір рет білімдері тексерілуге жатады.
6. Емтихан қабылдау жөніндегі комиссия білімі тексерілуден өткен адамдардан құралуға тиіс. Комиссияның құрамын қауіпті объектінің иесі айқындайды, ол уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісіледі.
7. Қауіпті өндірістік объектілердің қызметкерлерін оқыту және олардан емтихан қабылдау уәкілетті орган аккредиттеген оқу ұйымында жүргізілуі мүмкін.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Комиссия құрамы кемінде үш адам болуы керек.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
9. Емтихан билеттері облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторымен келісіледі.
10. Білімді тексеру нәтижелері хаттамамен ресімделеді. Білімді тексеру хаттамасы үш жыл бойы сақталады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 11-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
11. Емтихан тапсырған адамдарға емтихан комиссиясының төрағасы қол қойған куәлік беріледі.
Оқу ұйымында емтихандар қабылдау кезінде емтихан комиссиясы төрағасының қолы - ұйымның мөрімен, мемлекеттік инспектордың қолы нөмірлі мөртаңбамен куәландырылады.
12. Куәлік онда көрсетілген мерзім ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
13. Емтиханды қайтадан тапсыра алмаған адамдар жұмысқа жіберілмейді.
14. Мерзімі өткен куәлігі бар адамдар жұмысқа жіберілгеннен кейін бір ай ішінде емтихан тапсыруға тиіс.
15. Оқытуды ұйымдастыру жөніндегі, соның ішінде емтихан комиссиясы мүшелерінің еңбегіне ақы төлеу жөніндегі барлық шығыстар қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 16-тармақпен толықтырылды
16. Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік инспектордың емтихан комиссияларының жұмысына қатысуы үшін ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін емтихан басталғанға дейін күнтізбелік бес күн бұрын емтихан өткізілетін күн мен уақыт туралы хабардар етеді.
Мемлекеттік инспектор келмей қалған жағдайда комиссия емтихан қабылдауды оның қатысуынсыз жүзеге асырады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) тақырбы өзгертілді
4-тарау. Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
13-бап. Аварияларды, инциденттерді жоюға әзірлікті қамтамасыз ету
Қауіпті өндірістік объектілері бар ұйымдар аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-қимылға әзірлікті қамтамасыз ету мақсатында:
1) қауіпті өндірістік объектілердегі аварияларды және олардың салдарларын шектеу және олардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлауға және жүзеге асыруға;
2) қауіпті өндірістік объектілердегі авариялардың алдын алу, аварияларды және олардың салдарларын шектеу және зардаптарын жою жөніндегі профилактикалық жұмыстарға әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтері мен құрылымдарын тартуға;
3) авариялардың, инциденттердің салдарын шектеу және олардың зардаптарын жою үшін материалдық және қаржылық ресурстар резервін ұстауға;
4) қызметкерлерді қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайдағы қорғану әдістері мен іс-қимылдарын үйретуге;
5) қауіпті өндірістік объектілерде авария, инцидент бола қалған жағдайда байқау, хабарлау, байланыс және іс-қимылды қолдау жүйелерін құру мен олардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге міндетті.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 13-1-бабымен толықтырылды
13-1-бап. Аварияларды жою жоспары
Қауіпті өндірістік объектіде аварияларды жою жоспары әзірленеді.
Аварияларды жою жоспарында адамдарды құтқару бойынша іс-шаралар, персонал мен авариялық-құтқару қызметтерінің іс-қимылдары көзделеді.
Аварияларды жою жоспарында:
1) жедел бөлім;
2) аварияларды жоюға қатысатын персонал арасында міндеттерді бөлу, олардың іс-қимылдарының дәйектілігі;
3) авария туындаған жағдайда хабарланатын және оны жоюға қатысатын лауазымды адамдар мен мекемелердің тізімдері болады.
Аварияларды жою жоспарын ұйым басшысы бекітеді және авариялық-құтқару қызметтерімен және құрамаларымен келісіледі.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 13-2-бабымен толықтырылды
13-2-бап. Оқу дабылдары және аварияларға қарсы жаттығулар
Қауіпті өндірістік объектілерде оқу дабылдары мен аварияларға қарсы жаттығулар ұйым басшысы бекіткен және уәкілетті органның аумақтық бөлімшесімен келісілген жоспар бойынша жүргізіледі.
Оқу дабылын ұйым басшысы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және авариялық-құтқару қызметінің өкілдерімен бірлесе отырып жүргізеді.
Оқу дабылының қорытындылары актімен ресімделеді. Актіде жазылған ұсыныстардың орындалуын бақылау ұйым басшысына жүктеледі.
14-бап. 2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 4-1-тараумен толықтырылды
4-1-тарау. Инциденттердің, авариялардың себептерін тексеру және есепке алу
14-1-бап. Қауіпті өндірістік объекті иесінің іс-әрекетi
1. Қауіпті өндірістік объектінің иесі қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын техникалық құрылғылар жұмыс істемей қалған немесе олар зақымданған, технологиялық процесс режимінен ауытқыған (бұдан әрі - инцидент) кезде:
үш тәулік ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесін хабардар етеді;
инцидентті тексеруді жүргізеді;
инциденттерді болғызбау жөніндегі іс-шараларды әзірлейді және жүзеге асырады;
болған инциденттердің есебін жүргізеді.
2. Авария болған кезде:
болған авария туралы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, жергілікті атқарушы органға дереу хабарлайды;
хабарлама алған орган инстанция бойынша жоғары тұрған органдарды болған авария туралы хабардар етеді;
аварияның себептерін тексеру жөніндегі комиссияға аталған комиссияның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы үшін қажетті барлық ақпаратты табыс етеді;
комиссия жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін іс-шараларды жүзеге асырады.
14-2-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі комиссия
1. Қауіптілігі декларациялануға тиіс объектілердегі аварияны уәкілетті орган басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.
2. Қалған аварияларды уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі басшысының бұйрығымен тағайындалатын комиссия тексереді.
3. Уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілі аварияларды тексеру жөніндегі комиссияның төрағасы болып тағайындалады.
4. Комиссияның құрамына қауіпті өндірістік объекті иесінің өкілі кіреді.
14-3-бап. Комиссияның құқықтары
1. Комиссия төрағасы аварияны тексеруге қатысты мәселелер бойынша сараптама тағайындауға құқылы.
2. Сараптама комиссиясы аварияны тексеру жөніндегі комиссия төрағасының өкімімен тағайындалады. Сараптамалық қорытындыны қажет ететін мәселелер жазбаша нысанда қойылады. Сараптама комиссиясының барлық мүшелері қол қойған материалдар аварияны тексеру жөніндегі комиссияға комиссия төрағасы белгілеген мерзімде табыс етіледі.
3. Тексеру барысында аварияны тексеру жөніндегі комиссияның болған оқиғаны көрген адамдардан, лауазымды адамдардан және басқа да адамдардан жазбаша және ауызша түсініктеме алуға құқығы бар.
14-4-бап. Тексерудің міндеттерi
Комиссия тексеру барысында аварияның алдында болған мән-жайларды анықтайды, оның себептерін, техникалық құрылғыларды пайдалану талаптарын, технологиялық процестерді бұзудың сипатын, өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бұзушылықтарды айқындайды, олардың салдарларын жою және мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі іс-шараларды белгілейді, материалдық залалды анықтайды.
14-5-бап. Тексеру материалдары
Аварияны тексеру материалдарына:
1) аварияның себептерін тексеру үшін комиссия тағайындау (құру) туралы бұйрық;
2) аварияның себептерін тексеру актісі, оған:
авария болған жерді қарау хаттамасы, жоспарлар, сызбалар, фото-суреттер;
авария орнының эскизі;
комиссия төрағасының техникалық сараптама тағайындау туралы өкімі және аварияны тексеру жөніндегі комиссия шығарған басқа да өкімдер;
сараптама комиссиясының аварияның себептері туралы қорытындысы, зертханалық және басқа да зерттеулердің, эксперименттердің, талдаулардың нәтижелері қоса беріледі;
3) авариялық-құтқару қызметі қызметкерлерінің (егер олар аварияны жою үшін шақырылған болса) баянхаттары;
4) аварияға қатысы бар адамдарды, сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздіктің нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын сақтауға жауапты лауазымды адамдардан жауап алу хаттамалары мен олардың түсініктемелері;
5) қызмет көрсететін персоналды өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқыту, олардың білімін тексеру, нұсқама алуы туралы анықтамалар;
6) аварияның мән-жайы мен себептерін сипаттайтын басқа да материалдар кіреді.
Тексеру материалдарын техникалық ресімдеу қауіпті өндірістік объектінің иесіне жүктеледі, ол аварияны тексеру аяқталғаннан кейін бес күннен кешіктірмей:
1) декларацияланған объектідегі авария жөніндегі материалды - уәкілетті органға;
2) қалған авариялар жөніндегі материалдарды - уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жібереді.
Комиссияның шешімі бойынша аварияның себептерін тексеру материалдары объект орналасқан жердегі сотқа жіберілуі мүмкін.
14-6-бап. Тексеру қорытындылары
1. Объект иесі аварияның себептерін тексерудің нәтижелері бойынша он күн ішінде бұйрық шығарады.
Бұйрықта аварияның мән-жайы мен себептері туралы комиссияның қорытындылары жариялануға, оның салдарын жою жөніндегі шаралар, сондай-ақ мұндай авариялардың алдын алу жөніндегі және кінәлі адамдарды жауапқа тарту туралы шаралар белгіленуге тиіс.
2. Объект иесі аварияны тексеру нәтижелері бойынша ұсынылған іс-шаралардың орындалу мерзімі туралы жазбаша хабарламаны уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне табыс етеді.
3. Егер авария техникалық құрылғылардың конструкциялық кемшіліктерінен болса, қауіпті объект иесі оны әзірлеушіге рекламация, ал уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне оның көшірмесін жібереді.
14-7-бап. Аварияларды тексеру жөніндегі шығыстар
Аварияны тексеруге байланысты барлық шығыстарды қауіпті өндірістік объектінің иесі көтереді.
2006.29.12. 209-III ҚР Заңымен 4-2-тараумен толықтырылды
4-2-тарау. Қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын
технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды (оның
ішінде шетелдік) дайындауға, сынауға және қолдануға рұқсат беру
14-8-бап. Қайта жасалған техникалық құрылғыларға, материалдарға қабылдау сынақтарын жүргізу
1. Қауіпті өндірістік объектіде қолданылатын қайта құрылған, оның ішінде шетелде өндірілген техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне қабылдау сынақтарына жатады.
Қабылдау сынақтарын уәкілетті орган аттестаттаған ұйымдар жүргізеді.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсатты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік инспекторы береді.
3. Техникалық құрылғылардың, материалдардың тәжірибелік үлгілеріне қабылдау сынақтарын жүргізуге рұқсат алу үшін аттестатталған ұйым уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мынадай құжаттарды:
1) сынақ жүргізу жөніндегі комиссияның тағайындалғаны туралы бұйрықты;
2) сынақ бағдарламасы мен әдістемесін ұсынады.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
4. Тәжірибелік үлгілерге қабылдау сынақтары техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ететін жағдайларда жүргізілуге тиіс.
5. Уәкілетті органмен келісім бойынша қабылдау сынақтары дайындаушыда жүргізілуі мүмкін. Сынақтардың көлемі мен оны жүргізу тәртібін аттестатталған ұйым айқындайды.
6. Шетелде өндірілген техникалық құрылғылар, материалдар үшін үлгілерге қабылдау сынақтарын жеткізуші елде Қазақстан Республикасында аттестатталған ұйымның жүргізуіне жол беріледі. Мұндай сынақтарды жүргізу уәкілетті органмен келісім бойынша жүзеге асырылады.
7. Қабылдау сынақтарының нәтижелері бойынша техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптары мен нормаларына сәйкестігі туралы акт, кемшіліктерінің болуы немесе болмауы, оларды жою жөніндегі ұсынымдар, өнімнің осы түрін Қазақстан Республикасының аумағында қолдану жөнінде ұсыныстар беріледі.
14-9-бап. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат беру
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Техникалық құрылғыларды, материалдарды дайындауға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті дайындаушының сериялық өндіріс кезінде өнімнің қауіпсіздік көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігін растайтын сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.
2. Уәкілетті орган құжаттарды алған күннен бастап отыз күннен аспайтын мерзім ішінде ұсынылған материалдарды қарайды және олар бойынша шешім қабылдайды. Толық емес деректер ұсынылған жағдайда өтініш берушіден қосымша мәліметтер сұратылады. Бұл жағдайда қарау мерзімі олардың келіп түскен уақытынан бастап есептеледі.
Уәкілетті орган қарау нәтижелері бойынша техникалық құрылғыларды, материалдарды Қазақстан Республикасының аумағында дайындауға рұқсат береді.
3. Ұсынылған өтінім өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтініш берушіге негізделген бас тарту беріледі.
14-10-бап. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат беру
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға рұқсат алу үшін өтініш беруші уәкілетті органға технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың қолданылу мақсаты және олардың қолданылу аясы туралы қысқаша ақпараты бар өтінішті технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытындымен қоса ұсынады.
2. Технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келген жағдайда уәкілетті орган оларды қолдануға рұқсат береді.
3. Пайдалану процесінде технологиялардың, техникалық құрылғылардың, материалдардың өнеркәсіптік қауіпсіздіктің талаптарына сәйкес келмейтіндігі анықталған жағдайда оларға берілген рұқсат кері қайтарып алынады.
4. Технологияларды, техникалық құрылғыларды, материалдарды қолдануға берілген, кері қайтарып алынған рұқсаттардың есебін уәкілетті орган жүзеге асырады.
5. Рұқсат Қазақстан Республикасының аумағында барлық құқық субъектілері үшін қолданылады.
2008.26.05. № 34-IV ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
6. Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген және кері қайтарып алынған технологиялар, техникалық құрылғылар, материалдар туралы ақпаратты уәкілетті орган мерзімдік баспасөзде жариялайды немесе уәкілетті органның сайтында орналастырылады.
14-11-бап. Жаңа, оның ішінде шетелде өндірілген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсат беру
1. Жаңа, оның ішінде шетелде өндірілген жарылғыш материалдарды қолдануға рұқсатты уәкілетті орган сынақтар кешенін өткізгеннен кейін береді, ол:
1) жарылғыш материалдардың оларды дайындауға және қолдануға арналған техникалық құжаттамада белгіленген талаптарға, оның ішінде қауіпсіздік жөніндегі ережелер мен нормаларға сәйкес келуіне бақылау сынақтарын;
2) өндірістік жағдайларда алдын ала және қабылдау сынақтарын;
3) өндірістік сынақтарды бақылау сынақтарының нәтижелеріне байланысты бір немесе екі кезеңде жүргізуді қамтиды.
2. Сынақтар жүргізу жөніндегі комиссияның құрамына кәсіпорынның, сараптама ұйымының және уәкілетті органның өкілдері енгізілуге тиіс.
2010.04.05. № 275-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Өтініш беруші рұқсат алу үшін уәкілетті органға тәжірибелік партияны қабылдап алу сынақтарының актісімен және жарылыс жұмыстары саласындағы аттестатталған ұйымның сараптамалық қорытындысымен қоса өтініш ұсынады.
14-12-бап. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жасау
1. Өнеркәсіптік қауіпсіздікке сараптама жасауға:
1) қауіпті өндірістік объектілерді салудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың, техникалық қайта жарақтандырудың, консервациялаудың және жоюдың жобалық құжаттамасы жатады.
Жобалық құжаттамаға өзгерістер енгізілген жағдайда міндетті түрде қайта сараптама жүргізілуге тиіс;