15) 4-тараудың тақырыбы «қару» деген сөзден кейiн «және арнаулы құралдар» деген сөздермен толықтырылсын;
16) 18-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Тиiстi лицензия алғаннан кейiн күзет қызметi субъектiлерiнiң өнiм берушi заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметтiк тегiс ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару, сондай-ақ жарақат салатын патрондары бар азаматтық ұңғысыз атыс қаруы мен электрлi қару, арнаулы құралдар сатып алуға құқығы бар. Күзет қызметi субъектiлерi қызметкерлерiнiң пайдалануына арналған қарудың түрлерiн, үлгiлерiн, модельдерi мен санын, сондай-ақ арнаулы құралдар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Күзет қызметi субъектiлерiне қызметтiк ойық ұзын ұңғылы және қысқа ұңғылы қару сатып алуға және пайдалануға тыйым салынады.»;
3-тармақтағы «үш» деген сөз «бес» деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтағы «, күзет бөлiмшесiнiң қызметкерi мен жеке күзетшi» деген сөздер алып тасталсын;
17) 19-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегі «, жеке күзетшiлердiң және күзет бөлiмшелерiнiң күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерi» деген сөздер алып тасталсын;
үшiншi бөлiктегі «, жеке күзетшiнiң, жеке күзет бөлiмшесi қызметкерiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтағы «, жеке күзетшiлер, күзет бөлiмшелерiнiң қызметкерлерi және мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң штаттағы күзетшiлерi» деген сөздер алып тасталсын;
18) 21-баптағы «қайта даярлау» деген сөздер «біліктiлiгiн арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын.
13. «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 18-құжат; 2004 ж., № 2, 10-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; № 17-18, 76-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 3, 20-құжат; № 8, 52-құжат; № 9, 67-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 1, 4-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 8, 41-құжат):
1) 6-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы алып тасталсын;
2) 21-баптың 2-тармағы «уәкiлеттi органға» деген сөздерден кейін «және ішкі істер органдарына» деген сөздермен толықтырылсын.
14. «Әділет органдары туралы» 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 6, 67-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 154-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 10, 52-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 14, 18-құжаттар; № 5-6, 40-құжат; № 9, 67-құжат; № 10, 69-құжат; № 18, 143-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 15-16, 75-құжат; № 18, 84-құжат; № 19, 88-құжат; № 24, 128-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; № 17-18, 111-құжат):
1) 3-баптың 9-1) және 9-2) тармақшалары алып тасталсын;
2) 18-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) азаматтық хал актілерін мемлекеттік тiркеу;»;
3) 19-баптың 1-тармағында:
4) тармақшадағы «, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке куәлiктер мен паспорттар құжаттамалау мен берудi» деген сөздер алып тасталсын;
7) тармақшадағы «, құжаттамалау» деген сөз алып тасталсын;
4) 34-баптың 1-тармағы алып тасталсын.
15. «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2002 ж., № 17, 154-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 7-8, 19-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; № 17, 81-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 30-баптың 1-тармағының тоғызыншы бөлігіндегі «уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту» деген сөздер «бейімдеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) 36-бап мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
«5. Заңды өкiлдерi еріп жүрмеген баланың тұрғын жайынан тыс жерлерде сағат 23-тен таңғы 6-ға дейiн болуына тыйым салынады.».
16. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» 2004 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасының Жаршысы, 2004 ж., № 18, 105-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2007 ж., № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 72-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат; 2010 жылғы 27 қарашада «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 9-бапта:
1-тармақтағы «, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын;
2) 10-бапта:
10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«10) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстайды.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
11) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізеді;»;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3) 11-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«11-бап. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары
1. Кәмелетке толмағандарды бейiмдеу орталықтары (бұдан әрi - Орталық):
1) ата-аналарын немесе басқа да заңды өкiлдерiн анықтау үшiн үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған;
2) уақтылы орналастыру мүмкiндiгi болмаған жағдайда ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ олардың өмiрiне немесе денсаулығына тiкелей қауiп төнген кезде қорғаншылық және қамқоршылық органы ата-анасынан (олардың бiреуiнен) немесе оларды қамқорлыққа алған басқа да адамдардан алып қойған;
3) арнаулы білім беру ұйымдарына жiберілетін кәмелетке толмағандарды қабылдауды және уақытша ұстауды қамтамасыз ететiн, білім беру органдарының қарамағындағы ұйымдар болып табылады.
2. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыруға:
1) осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - соттың қаулысы;
2) осы баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген кәмелетке толмағандарға қатысты - қорғаншылық және қамқоршылық органының қаулысы негiз болып табылады.
3. Түнгi уақытта, демалыс немесе мереке күндерi, сондай-ақ өзге де ерекше жағдайларда кәмелетке толмағандар Орталық әкімшілігі актісінің негiзiнде Орталыққа орналастырылуы мүмкiн, бұл туралы жиырма төрт сағат iшiнде Орталық әкiмшiлiгi прокурорды жазбаша түрде хабардар етедi. Кәмелетке толмағандарға қатысты материалдар оларды одан әрi ұстау не орналастыру туралы мәселенi шешу үшiн Орталыққа орналастырылған кезден бастап үш тәулiктiң iшiнде қорғаншылық және қамқоршылық органына ұсынылады.
4. Кәмелетке толмағандарды Орталыққа орналастыру үшiн қажеттi құжаттарды жинақтауды iшкi iстер органдары немесе қорғаншылық және қамқоршылық органдары қамтамасыз етедi.
5. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмi үш айдан аспауға тиiс.
6. Кәмелетке толмағандардың Орталықта болу мерзiмiне денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган жариялаған карантин кезеңi, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ауруына байланысты стационарлық медициналық мекемеде болу уақыты кірмейдi.
7. Орталыққа алкогольден, есiрткiден немесе уытқұмарлықтан масаң күйіндегі кәмелетке толмағандар, сондай-ақ психикалық аурудың айқын белгiлерi бар кәмелетке толмағандар орналастырылмайды.
8. Кәмелетке толмағандарды Орталықта ұстаудың тәртібі мен шарттары Қазақстан Республикасының уәкiлеттi мемлекеттік органы бекiткен қағидаларда айқындалады.»;
4) 12-бап мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi қадағалаусыз және панасыз қалған кәмелетке толмағандарды, ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандарды заңда белгіленген тәртіппен Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстайды;
9) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 15-баптың 10) тармақшасындағы «хабарлауды ұйымдастырады.» деген сөздер «хабарлауды;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
«11) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруды ұйымдастырады.»;
6) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасындағы «уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту» деген сөздер «бейімдеу» деген сөзбен ауыстырылсын;
7) 22-баптың 2-тармағындағы «уақытша оқшаулау, бейiмдеу және оңалту» деген сөздер «бейімдеу» деген сөзбен ауыстырылсын.
17. «Жеке кәсiпкерлiк туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29-құжат; № 15, 71-құжат; 2010 жылғы 24 қарашада «Егемен Қазақстан» және 2010 жылғы 23 қарашада «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы):
6-баптың 4-тармағының он екiншi абзацындағы «қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.» деген сөздер «қызметін;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:
«күзет қызметiн жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып таныла алмайды.».
18. «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2006 ж., № 24, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 49-құжат; № 15, 71-құжат):
мынадай мазмұндағы 9-1-баппен толықтырылсын:
«9-1-бап. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткiзген кезде азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету қағидаларын сақтау
1. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткізуге арналған объектiлер мен ғимараттар ғимараттарды пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сәйкес келуге тиiс.
2. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiгін қамтамасыз етудi күрделендiретiн, ғимараттарды пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуация жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкін электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде, төтенше жағдайлар жөніндегі органдар енгiзетін ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды өткізуге тыйым салады.
3. Ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар осы мақсаттарға арнайы белгіленбеген орындарда (стадиондар, демалыс аймақтары, саябақтар, гүлзарлар, алаңдар, көшелер) өткiзiлетiн iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын - сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.».
19. «Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 2, 10-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 20, 89-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 9-10, 47-құжат; № 13-14, 62, 63-құжаттар; № 17, 79, 81, 82-құжаттар; № 18, 84, 85-құжаттар; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 4-құжат; № 7, 28-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 111, 112-құжаттар):
27-баптың 10-тармақшасындағы «жеке және» деген сөздер алып тасталсын.
20. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 20, 151-құжат; 2008 ж., № 23, 124-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 46) және 47) тармақшалармен толықтырылсын:
«46) кәмелетке толмағандарды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұстаудың тәртібі мен шарттарын белгілейді;
47) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
2) 6-бапта:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 23), 24) және 25) тармақшалармен толықтырылсын:
«23) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
24) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
25) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
3-тармақ мынадай мазмұндағы 26), 27) және 28) тармақшалармен толықтырылсын:
«26) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
27) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
28) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
4-тармақ мынадай мазмұндағы 20), 21) және 22) тармақшалармен толықтырылсын:
«20) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
21) Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында ұсталатын адамдарға жағдай жасайды;
22) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
21. «Босқындар туралы» 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 23, 116-құжат):
1) 6-бапта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың тәртібін, пана iздеген адам куәлiгiнің үлгiлерiн бекiтедi;»;
12) тармақшадағы «және iшкi iстер» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2), 13-3) және 13-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«13-1) пана iздеген адамдар және босқындар құқықтарының сақталуын қамтамасыз етедi;
13-2) пана iздеген адамдарды және босқындарды тiркеудi жүзеге асырады;
13-3) табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған, шекара бұзушыларды шекарада iздеген, Қазақстан Республикасының аумағына қарулы басып кiрудi немесе шектес мемлекет азаматтарының жаппай өтуiн тойтарған кезде пана iздеген адамдардың және босқындардың шекара аймағында (белдеуiнде) орналасқан жердегi жекелеген учаскелерге немесе объектiлерге жiберiлуiн ұлттық қауiпсiздiк органдарының ұсынуы бойынша шектейдi немесе оған тыйым салады;
13-4) пана iздеген адамдарды және босқындарды соттың заңды күшiне енген шешiмдерiн орындау үшiн мәжбүрлеп шығарып жiберудi жүзеге асырады;»;
2) 7-баптың 2-тармағы алып тасталсын;
3) 8-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы «уәкiлеттi органда есептен және iшкi iстер органдарында тiркеуден шығуға» деген сөздер «уәкiлеттi органда есептен шығуға және тіркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 9-баптың 2-тармағының 3) тармақшасындағы «уәкiлеттi органда есептен және iшкi iстер органдарында тiркеуден шығуға» деген сөздер «уәкiлеттi органда есептен шығуға және тіркелуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) 10-баптың 6-тармағында:
бірінші бөліктегі «және оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге тiркеу үшiн iшкi iстер органдарына жолдама берiледi» деген сөздер «беріледі және оның өтiнiшхаты бойынша шешiм қабылданғанға дейiнгi мерзiмге оны тіркеу жүргізіледі» деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік алып тасталсын;
6) 18-баптың 2-тармағының бірінші бөлігіндегі «iшкi iстер органдары» деген сөздер «уәкілетті орган» деген сөздермен ауыстырылсын.
22. «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» 2010 жылғы 29 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2010 ж., № 8, 40-құжат):
1) 7-бап мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп халықтың көші-қонын реттеу жөніндегі бағдарламалық құжаттарды әзірлейді және іске асырады;»;
2) 14-баптың 2) тармақшасы алып тасталсын.
2-бап.
1. Осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлетiн 1-баптың 12-тармағын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
2. Күзет қызметiнің субъектiлерi осы Заңның 1-бабының 12-тармағы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап үш ай iшiнде өз қызметiн осы Заңға сәйкес келтiруге мiндеттi.
3. Осы Заңның 1-бабы 10-тармағы 3) тармақшасы төртінші абзацының күші қаруды осы Заң қолданысқа енгізілгенге дейін иемденген азаматтарға қолданылмайды.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 372-IV ҚРЗ