6) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
7) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергiлiктi атқарушы органдары:
1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, қоғамдық тәртiп пен қоғамдық қауiпсiздiктi сақтауды қамтамасыз етудi ұйымдастырады;
2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында әкiмшiлiк учаске халқының пiкiрiн ескере отырып, учаскелiк полиция инспекторларын тағайындау үшiн iшкi iстер органдарымен бiрлесiп, жергiлiктi қоғамдастықтың жиналысын (жиынын) ұйымдастырады;
3) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деңгейінде спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық iс-шаралар өткiзiлетiн жерлерде шыны ыдыстағы өнiмдердi сатуға шектеу қояды;
4) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
5) 10-баптың 1-тармағында:
мынадай мазмұндағы 25-1), 25-2), 25-3) және 25-4) тармақшалармен толықтырылсын:
«25-1) Қазақстан Республикасындағы көші-қон процестерін талдауға және оған болжам жасауға;
25-2) халықтың көші-қоны мәселелері және босқындар мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіруге;
25-3) келген оралмандарды тіркеуді, есепке алуды жүзеге асыруға;
25-4) оралман мәртебесін беруден және оралмандардың көшіп келу квотасына енгізуден бас тарту туралы шағымдарды қарауға;»;
30-6) және 30-7) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«30-6) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстауға міндетті.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
30-7) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;»;
30-8) тармақшадағы «арнаулы медициналық мекемелерге не iшкi iстер органдарының кезекшi бөлiмдерiне жеткізуге және оларда айыққанға дейiн ұстауға» деген сөздер «медициналық ұйымдарға жеткізуге» деген сөздермен ауыстырылсын;
41) тармақшадағы «ұсынуға міндетті.» деген сөздер «ұсынуға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 42) тармақшамен толықтырылсын:
«42) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыруға міндетті.»;
6) 11-баптың 1-тармағында:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
8) он сегіз жасқа толмаған және қылмыс жасаған адамдарды, егер оларды оқшаулау қажет болса, арнаулы мекемелерде ұстауға құқығы бар.
Қылмыстық жауаптылық туындайтын жасқа толмаған және қылмыс жасаған, сондай-ақ ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына жіберілетін кәмелетке толмағандар сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін ата-аналарына, оларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттер заңмен жүктелген қорғаншыларына, қамқоршыларына және өзге де адамдарға беріледі;
мынадай мазмұндағы 8-1) және 35-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) кәмелетке толмағандарды ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарына, сондай-ақ ішкі істер органдары қызметінің барысында ұсталған, үш жастан он сегiз жасқа дейiнгi және ата-аналарының немесе оларды алмастырушы адамдардың қамқорлығынсыз қалған қадағалаусыз балалар мен жасөспiрiмдердi кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарына жеткізуге;»;
«35-1) оралман мәртебесін беру тәртібін, оралманның және оның отбасы мүшелерінің уақытша орналастыру орталықтарында, сондай-ақ оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталықтарында болуының тәртібі мен уақытын айқындауға;»;
38) тармақшадағы «көтермелеуге құқығы бар.» деген сөздер «көтермелеуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 40) тармақшамен толықтырылсын:
«40) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқығы бар.»;
39) тармақша алып тасталсын.
9. «Халықтың көші-қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 24, 341-құжат; 2001 ж., № 8, 50-құжат; № 21-22, 285-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 6, 76-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 3, 23-құжат; № 15, 106-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 23, 117-құжат):
1) 23-баптағы «iшкi iстер органдарынан» деген сөздер «уәкілетті органнан» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 24-баптың 6) тармақшасындағы «iшкi iстер органдары мен» деген сөздер алып тасталсын;
3) 29-2-баптың 1) тармақшасында:
бірінші абзац «халықты» деген сөздің алдынан «еңбек және» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
«оралмандардың көшіп келу квотасына енгізілген оралмандарға және олардың отбасыларының мүшелеріне біржолғы жәрдемақылар мен өтемақылар төлеуді;»;
4) 29-4-баптың 2) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган:»;
5) 34-бапта:
10) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 12) тармақшамен толықтырылсын:
«12) Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.».
10. «Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы» 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 24, 448-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; 2004 ж., № 23, 140, 142-құжаттар; 2006 ж., № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 19, 150-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 8, 41-құжат):
1) 6-баптың бiрiншi бөлiгіндегі «жеке күзетшiлердiң, дара кәсiпкерлердiң күзет бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң,» деген сөздер алып тасталсын;
2) 14-бапта:
тақырыбындағы «, жеке күзетшiлердiң, күзет бөлiмшелерiн құрған дара кәсiпкерлердiң» деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы «, жеке күзетшiлердiң, күзет бөлiмшелерiн құрған дара кәсiпкерлердiң» деген сөздер алып тасталсын;
3-тармақтағы «Күзет бөлiмшесiн құрған дара кәсiпкер, ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) басшысы» деген сөздер «Ұйымның (ерекше жарғылық мiндеттерi бар заңды тұлғаның) басшысы» деген сөздермен ауыстырылсын;
3) 15-бапта:
1-тармақта:
үшiншi бөлiктегi «электрлi қару» деген сөздер алып тасталсын;
жетінші бөліктегі «бес» деген сөздер «екі» деген сөздермен ауыстырылсын;
сегiзiншi бөлiк «ұңғысыз» деген сөзден кейiн «, электрлi» деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақта:
бiрiншi бөлік «(садақтар мен арбалеттердi),» деген сөздерден кейiн «электрлi қаруды,» деген сөздермен толықтырылсын;
екiншi бөлікте:
«(садақтар мен арбалеттердi)» деген сөздерден кейiн «, электрлi қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi сөйлеммен толықтырылсын:
«Рұқсат бес жыл мерзiмге берiледi және ұзартылады.»;
3-тармақтағы «көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруға, маскүнемдiкке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты» деген сөздер «денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органдар белгiлеген» деген сөздермен ауыстырылсын;
4-тармақ «(садақтар мен арбалеттердi)» деген сөздерден кейiн «, электрлi қаруды» деген сөздермен толықтырылсын;
6-тармақтағы «көру қабiлетiнiң бұзылуына, психикалық ауруларға, маскүнемдiкке, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты» деген сөздер алып тасталсын;
4) 16-баптың 2-тармағында:
1) тармақшадағы «2-азатжолында» деген сөздер «3-абзацында» деген сөздермен ауыстырылсын;
5) тармақшадағы «өткізуге міндетті.» деген сөздер «өткізуге;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде қаруды iшкi iстер органдарының есебiнен шығаруға және он күн мерзiмде жаңа тұрғылықты жерi бойынша оны тиiстi есепке қоюға, ал бiр ауданның не аудандарға бөлiнбейтiн қаланың шегiнде тұрғылықты жерiн ауыстырған кезде бес күн мерзiмде бұл туралы аумақтық iшкi iстер органдарын хабардар етуге міндетті.»;
5) 19-баптың 5) тармақшасының екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қару ұстауға кедергi жоқ екені туралы медициналық қорытындыны тапсырмаса;»;
6) 23-баптың 2-тармағындағы «, сондай-ақ азаматтық және қызметтiк қарумен және оның патрондарымен сауда жасауға лицензиясы бар заңды тұлғаларға азаматтық және қызметтiк қару мен оның патрондарын сатуға» деген сөздер алып тасталсын.
11. «Дене шынықтыру және спорт туралы» 1999 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 24, 1065-құжат; 2003 ж., № 15, 129-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 13, 86-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2009 ж., № 15-16, 77-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 111-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат):
15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен бұқаралық спорт шараларын өткізу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын сақтау, азаматтардың денсаулығын қорғау
1. Дене шынықтыру және спорт қызметкерлерi дене шынықтыру мен спорт сабақтарын өткізу кезiнде дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкiлеттi орган әзiрлеп, бекiтетiн қауiпсiздiк нормалары мен қағидаларының сақталуын қамтамасыз етедi.
2. Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттары ұйымдарының әкiмшiлiгi сабақтар мен жарыстар өткiзiлетiн орындарды қауiпсiздiк техникасының қағидаларына, санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге сәйкес техникамен тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етедi және азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Дене шынықтыру мен спорт сабақтарын, спорт жарыстары мен спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізуге арналған объектiлер мен ғимараттар санитариялық қағидалар мен гигиеналық нормативтерге, сондай-ақ спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидаларына сай болуға тиiс.
4. Дене шынықтыру мен спорт қызметкерлерi дене шынықтырумен және спортпен айналысатын азаматтардың денсаулығына келтiрiлген зиян үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
5. Азаматтар мен қатысушылардың қауiпсiздiк жағдайын қамтамасыз етудi күрделендiретiн спорт ғимараттарын пайдалану және өрт қауiпсiздiгi қағидалары талаптарының бұзылуы анықталған жағдайда, оның iшiнде мiнбенiң тiреуiш конструкцияларының ескiруi, мiнбе астындағы үй-жайларда жанар-жағармай заттары мен материалдарының болуы, авариялық жарықтандыру мен эвакуациялау жолдарының болмауы, өртке қарсы қорғану құралдарының болмауы немесе ақаулары, сондай-ақ өрттiң туындауына әкеп соғуы мүмкiн электр жабдығын монтаждау және пайдалану қағидаларын бұзу бөлiгiнде төтенше жағдайлар жөніндегі органдар енгiзетiн ұсыным бойынша өз бетiнше не iшкi iстер органдарының бастамасы бойынша жергiлiктi атқарушы органдар қауiпсiздiк жағдайларының анықталған бұзушылықтары жойылғанға дейiн спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткізуге тыйым салады.
6. Спорттық-бұқаралық iс-шараларды ұйымдастырушылар iс-шараны өткiзгенге дейiн он күннен кешiктiрмей көрермендердiң болжамды саны туралы, бiр күн бұрын - сатылған билеттердiң, берiлген рұқсаттардың, оның iшiнде автокөлiкке берiлген рұқсаттардың саны, сондай-ақ iшкi iстер, төтенше жағдайлар және денсаулық сақтау органдарының арнаулы техникасына арналған тұрақ орындары туралы жергiлiктi атқарушы органдарды хабардар етуге мiндеттi.».
1-баптың 12-тармағы осы Заң қолданысқа енгiзiлген күннен бастап бiр жыл өткен соң қолданысқа енгiзiлді
12. «Күзет қызметi туралы» 2000 жылғы 19 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2000 ж., № 14-15, 281-құжат; 2002 ж., № 4, 34-құжат; № 17, 155-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 8, 52-құжат; 2008 ж., № 12, 51-құжат; 2009 ж., № 18, 84-құжат; № 24, 122-құжат):
1) 1-бапта:
1-тармақтағы «Жеке (дара кәсiпкерлер) және заңды» деген сөздер «Заңды» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Заңның күшi жеке күзет ұйымдарына және егер iшкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының заңдарында, Президентi мен Үкіметінiң актілерінде өзгеше көзделмесе, iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiне қолданылады.»;
2) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын:
«1-1-бап. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілер
1. Аса маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілер; стратегиялық маңызы бар және жарғылық капиталында акцияларының бақылау пакетін (қатысу үлестерін) мемлекет тікелей немесе жанама түрде иеленетін заңды тұлғаларға тиесілі экономика салаларының объектілері мемлекеттік күзетілуге жатады.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді күзетуді Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, ішкі істер органдарының мамандандырылған күзет бөлімшелері, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілерді айқындау тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің тізбелерін Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі өздерінің өкілеттіктеріне сәйкес бекітеді.
3. Мемлекеттік күзетілуге жататын объектілердің бірінші басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын талаптарға сәйкес олардың инженерлік-техникалық нығайтылуын қамтамасыз етуге міндетті.
4. Күзет қызметiн көрсету саласында бәсекелестiк ортаны қалыптастыру мақсатында осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген тізбеге енгізілмеген объектілерді күзетуді жеке күзет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке және заңды тұлғалармен жасалған шарттардың негiзінде жүзеге асыра алады.»;
3) 5-бапта:
1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі «Азаматтарға (жеке кәсiпкерлерге) және» деген сөздер алып тасталсын;
2-тармақта:
«Жеке күзетшiнi,», «дара кәсiпкерлер мен заңды тұлғалардың күзет бөлiмшесiнде, мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшесiнде» деген сөздер алып тасталсын;
«қайта даярлау» деген сөздер «біліктiлiгiн арттыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Күзет қызметінің субъектілері мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманың талаптарын сақтай отырып, тәжірибе алмасу, өз мамандарының біліктілігін арттыру, қазіргі заманғы техникалық құралдар мен технологияларды енгізу және пайдалану мақсатында күзет қызметі саласындағы шетелдік компанияларды тартуға құқылы.»;
4-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
4) 6-баптың 5-тармағы «Күзет қызметiн жүзеге асыратын субъектілер қызметкерлерінің» деген сөздерден кейiн «, оның iшiнде олардың қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге қатысуы кезiнде» деген сөздермен толықтырылсын;
5) 7-баптың 3), 4) және 5) тармақшалары алып тасталсын;
6) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Iшкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерiнiң күзет қызметiн жүзеге асыру ерекшелiктерi
Ішкi iстер органдарының мамандандырылған күзет бөлiмшелерi осы Заңның 1-1-бабының 1-тармағында көрсетілген объектілерді ғана күзетуді жүзеге асырады.»;
7) 10-бапта:
1-тармақтағы «Жеке күзет ұйымының» деген сөздер «Тиiстi лицензиясы болған жағдайда күзет дабылы құралдарын монтаждау, баптау және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ күзет тәсiлдерi және құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғау бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау жөніндегі жұмыстарды қоспағанда, жеке күзет ұйымының» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы «Күзетшiнi арнайы даярлаудың» деген сөздер «Күзет ұйымдарының басшылары мен күзетшiлердi арнайы даярлаудың және біліктiлiгiн арттырудың» деген сөздермен ауыстырылсын;
6-тармақтың 2) тармақшасында:
«қасақана» деген сөз алып тасталсын;
«соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.» деген сөздер «соттылығы бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3), 4), 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:
«3) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң Ерекше бөлiгіндегі баптың тиiстi бөлiгiнде көзделген бас бостандығынан айыру түріндегі жазаның төменгi шегіндегі мерзiм өткенге дейiн ақталмайтын негiздер бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
4) жеке меншiкке, мемлекеттік билiк институттарына, белгiленген басқару тәртібіне, қоғамдық тәртiпке және адамгершiлiкке қол сұғатын қасақана әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн бұрын, күзет ұйымының басшысы немесе күзетшiсі болып жұмысқа қабылданғанға дейiн бiр жыл iшiнде әкiмшiлiк жауапкершiлiкке тартылған;
5) мемлекеттік, әскери қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және әдiлет органдарынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған;
6) жеке күзет ұйымының күзетшісі лауазымынан жағымсыз себептермен босатылғанына үш жыл болмаған адамдарды қабылдауға болмайды.»;
8) 11, 12 және 13-баптар алып тасталсын;
9) мынадай мазмұндағы 13-1-баппен толықтырылсын:
«13-1-бап. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлердiң құқықтары мен мiндеттерi
1. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
1) қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөніндегі iс-шараларды жүзеге асыруда, оның iшiнде ойын-сауық мәдени-бұқаралық және спорттық-бұқаралық iс-шараларды өткізу кезiнде iшкi iстер органдарына жәрдемдесуге;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге;
3) құқық бұзушылықтың жолын кесу және құқық бұзушыларды ұстау мақсатында, егер аталған мақсаттарға өзгеше әдiстермен қол жеткізу мүмкiн болмаса, дене күшiн және басқа да құралдарды қолдануға құқылы. Бұл ретте осы үшiн қажеттi шараларды шектен асыруға жол берiлмеуге тиiс;
4) заңдарда көзделген жағдайларда қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған адамдарды ұстауға және құқық қорғау органдарына жеткізуге құқылы. Қажет болғанда, ұсталған адамда қару, сондай-ақ өзге де қауiптi және (немесе) айналымына тыйым салынған заттар бар деп ұйғаруға негiздер болса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсталған адамның киімiн қарауға және құқық қорғау органдарына немесе өзге де мемлекеттік билiк органына беру үшiн аталған заттарды алып қоюға;
5) құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, жол-көлiк оқиғаларынан, дүлей зiлзаладан және өзге де төтенше жағдайлардан зардап шеккен жеке тұлғаларға медициналық және өзге де көмек көрсетуде жәрдемдесуге;
6) жеке тұлғалардан қоғамдық тәртiптi сақтауды талап етуге құқылы.
2. Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер:
1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға;
2) өздеріне белгілі болған дайындалып жатқан не жасалған қылмыс фактілері туралы iшкi iстер органдарына дереу хабарлауға;
3) заңнамада көрсетiлген жағдайларда жеке тұлғалардың талап етуi бойынша өзінің күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін растайтын куәлiгiн көрсетуге;
4) құқық бұзушылық профилактикасы субъектiлерiне жәрдемдесуге;
5) қылмыс немесе әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн ұсталған жеке тұлғаларға мәжбүрлеу шараларын оларға қолданудың негiздерiн түсiндiруге мiндеттi.»;
10) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«14-бап. Күзет қызметтерiн көрсету түрлерi
Лицензиялануға тиiстi күзет қызметiн күзет қызметiнiң субъектiлерi мынадай қызметтер көрсету:
1) жеке адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғау;
2) заңды және жеке тұлғалардың мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету;
3) күзету тәсiлдерi мен құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан заңды қорғану бойынша кеңестер беру және ұсынымдар дайындау нысанында жүзеге асырады.
Жеке күзет ұйымында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер ерiктi түрде қоғамдық тәртiптi сақтауға тартылады.»;
11) 15-бапта:
2-тармақ алып тасталсын;
3-тармақтағы «және мемлекеттік органдардың ведомстволық күзет бөлiмшелерiнiң» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Жеке күзет ұйымдарында күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлер күзет қызметiн өздерiнiң күзет қызметi субъектiсiнің күзетшісі екенін бiлдiретiн арнаулы киім киіп жүзеге асырады.»;
12) 16-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы алып тасталсын;
13) 17-бап алып тасталсын;
14) 17-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«17-1-бап. Күзет қызметiн жүзеге асырумен байланысты шектеулер
1. Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары мен азаматтарының күзет қызметiмен айналысатын бiрнеше ұйымның бiр мезгiлде құрылтайшысы, қатысушысы және (немесе) меншiк иесi болуға құқығы жоқ.
2. Жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң санын өз мiндеттерiн орындауға қажеттi адам саны нормативiнен асыруға болмайды. Адам саны нормативiн Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi.
Адам санын нормативтен асыру лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады. Уәкiлеттi орган (лицензиар) жеке күзет ұйымы қызметкерлерiнiң саны лицензияның қолданылуы тоқтатыла тұрған күннен бастап күнтiзбелiк қырық күн iшiнде адам саны нормативiнің талаптарына сәйкес келтiрiлмеген жағдайда лицензиатты лицензиясынан айыру туралы арызбен сотқа жүгiнедi.
3. Жеке күзет ұйымы күзеттен басқа өзге де қызметтi жүзеге асыратын ұйымның еншiлес кәсiпорны бола алмайды. Жеке күзет ұйымының құрылтайшысы (қатысушысы) үшiн қызметтiң осы түрi негiзгi болуға тиiс.
Мыналар:
1) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн ұйымдардың құрылтайшылары не лауазымды адамдары;
2) осы баптың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген адамдардың жақын туысы (ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері), некеде тұрған адамы, сондай-ақ жекжаты (жұбайының (зайыбының) ата-аналары, балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, бiр әке, бір шешеден туған және әкесі немесе шешесі бөлек аға-iнiлері мен апа-қарындастары (сiңлiлері), атасы, әжесі, немерелері) болып келетін жеке тұлғалар;
3) қылмыс жасағаны үшiн соттылығы бар азаматтар, сондай-ақ құрылтайшылардың (қатысушылардың) құрамында көрсетiлген адамдар бар заңды тұлғалар;
4) құрылатын ұйым өздеріне қатысты күзет қызметтерiн көрсететiн заңды тұлғалар және солармен аффилиирленген заңды тұлғалар;
5) қоғамдық бiрлестiктер жеке күзет ұйымының құрылтайшылары (қатысушылары) бола алмайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде және екінші бөлігінің 1) және 4) тармақшаларында белгіленген тыйым салулар күзет ұйымдарын құру құқығы Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен берілетін ұлттық компаниялардың жеке күзет ұйымдарын құру жағдайларына қолданылмайды.
4. Жеке күзет ұйымдарының басшыларына және олардың күзетшi қызметiн атқаратын қызметкерлерiне:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың айрықша құзыретiне жатқызылған процессуалдық және өзге қызметтi жүзеге асыруға;
2) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерiн иемденуге;
3) құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң заңды қызметiне кедергi келтiруге;
4) адам мен азаматтың ар-намысын және абыройын түсiретiн не құқықтары мен бостандықтарын заңсыз шектейтiн әрекеттер жасауға тыйым салынады.»;