Қазақстан Республикасының
Заңы
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерi бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Осы Заңды іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесін қараңыз
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексiне (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат):
1) 26-бапта:
бiрiншi абзацтағы «Еңбек шартын» деген сөздер «1. Еңбек шартын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:
«2. Адамға мемлекеттік қызметін тоқтатқаннан кейін бір жыл бойы коммерциялық ұйымға жұмысқа орналасуға, егер мемлекеттік функцияларды орындау кезеңінде аталған адам өзінің лауазымдық өкілеттіктеріне орай осы коммерциялық ұйымның қызметін тексеру нысанында бақылауды тікелей жүзеге асырған болса не осы коммерциялық ұйымның қызметі өзінің құзыретіне сәйкес аталған адаммен байланысты болса, жол берілмейді.»;
2) 61-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
«3-1) осы Кодекстiң 26-бабының 2-тармағында аталған адаммен еңбек шарты жасалған;».
2. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1998 ж., № 15, 209-құжат; 1999 ж., № 21, 774-құжат; 2000 ж., № 5, 116-құжат; 2001 ж., № 13-14, 172-құжат; № 17-18, 241-құжат; 2002 ж., № 17, 155-құжат; 2003 ж., № 18, 142-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; 2007 ж., № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 19, 88-құжат; № 24, 122, 126-құжаттар):
1) 5-бап мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:
«5-1) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі;»;
2) 8-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бап. Мемлекеттік функцияларды орындауға үмiткер адамдарға және мемлекеттік ұйымдарда, мемлекеттiң қатысу үлесi бар ұйымдарда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап»;
1-тармақтағы «не осындай мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген органдар мен ұйымдарда мемлекеттік лауазым атқаруға» деген сөздер «, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға не мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi кемiнде отыз бес пайызды құрайтын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi (кемiнде отыз бес пайызы) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына, ұлттық компанияларға берiлген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншiлес ұйымдарында басқару функцияларын орындауға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелi жоғары мемлекеттік лауазымға орналасуға үмiткер адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң өздерiне қатысты қолданылу мүмкiндiгi туралы өздеріне мiндеттеме алады.
Мұндай лауазымдардың тiзбесiн, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексеруді жүзеге асыру тетiгiн Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
3) 10-баптың 1-тармағындағы «2) және 4) тармақшаларында» деген сөздер «2) тармақшасында» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 11-баптың 1-тармағындағы «(осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда)» деген сөздер алып тасталсын;
5) 12-баптың 2-тармағында:
бiрiншi бөлiгiнде:
«1-тармағында» деген сөздер «1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 14) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
«қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға» деген сөздер «ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда - заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.»;
6) 13-баптың 3-тармағында:
бiрiншi бөлiктегі «қызметiн төмендетуге, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік мiндеттердi атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгiленген тәртiппен өзге де тәртiптiк жаза қолдануға» деген сөздер «қызметiнен босатуға немесе мемлекеттік функцияларды орындауын тоқтатуға» деген сөздермен ауыстырылсын;
екiншi бөлiк алып тасталсын;
7) 19-баптағы «жоюы мүмкiн» деген сөздер «жояды» деген сөзбен ауыстырылсын.
3. «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шiлдедегi Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1999 ж., № 21, 773-құжат; 2001 ж., № 13-14, 170-құжат; 2003 ж., № 4, 24-құжат; № 18, 142-құжат; 2005 ж., № 14, 61-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; № 17, 140-құжат; № 19, 147-құжат; 2009 ж., № 24, 122, 126-құжаттар):
1) 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«1-бап. Негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) біліктiлiк талаптары - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке орналасуға үмiткер азаматтарға кәсiптік даярлығының деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк лауазымға сәйкес келуiн айқындау мақсатында қойылатын талаптар;
2) лауазымды адам - тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша билік өкiлiнiң функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды орындайтын адам;
3) лауазымдық өкілеттік - мемлекеттік қызметшілер өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың алдында тұрған мақсаттар мен міндеттерге жауап беретін нақты мемлекеттік лауазыммен көзделген құқықтар мен міндеттер;
4) мемлекеттік әкiмшiлiк қызмет санаты - мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының лауазымдық өкiлеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн сыныптамалық сипаттамасы;
5) мемлекеттік әкiмшiлiк қызметшi - мемлекеттік саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттік органда лауазымдық өкiлеттiктерді тұрақты кәсiптік негiзде жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшi;
6) мемлекеттік қызмет - мемлекеттік билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөніндегі мемлекеттік қызметшiлердiң мемлекеттік органдардағы қызметi;
7) мемлекеттік қызметшi - мемлекеттік органда заңнамада белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетiн лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
8) мемлекеттік лауазым - нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген лауазымдық өкiлеттiктер мен лауазымдық мiндеттер аясы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бiрлiгi;
9) мемлекеттік саяси қызметшi - тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауапты болатын мемлекеттік қызметшi;
10) мүдделер қақтығысы - мемлекеттік қызметшiнiң жеке басының мүдделiлiгi мен оның өз лауазымдық өкiлеттiктерiн тиiсiнше атқаруының немесе жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттiң заңды мүдделерiнiң арасында осы заңды мүдделерге зиян келтiре алатын қайшылық туындайтын жағдай;
11) ротация - мемлекеттік саяси қызметшiлердi мемлекеттік органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң арасында лауазымдық ауыстыру.»;
2) 7-баптың 2-тармағының 2-1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-1) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментін (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты аппаратын) басқаратын мемлекеттік саяси қызметші, оның орынбасарлары;»;
3) 9-бапта:
1-тармақтың 12) тармақшасы алып тасталсын;
2-тармақта:
«үлгi», «тиiстi мемлекеттік органның басшылары бекiтетiн» деген сөздер алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Қызметтік нұсқаулықтарды мемлекеттік органның басшысы бекiтедi, ол осы өкiлеттiктердi жауапты хатшыға, мемлекеттік органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларына беруге құқылы.»;
4) 10-бапта:
2-тармақта:
бiрiншi бөлiктегi «осы адамдарға» деген сөздер «осы адамға» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшiншi және төртiншi сөйлемдермен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметшi мүлiктi сенiмгерлiк басқару шартының нотариат куәландырған көшiрмесiн нотариат куәландырған күнiнен бастап он күн мерзiмде жұмыс орны бойынша кадр қызметiне бередi. Мемлекеттік қызметшiлердiң мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.»;
4-тармақтың 7) тармақшасындағы «соттылығы бар адамдарды қабылдауға болмайды.» деген сөздер «соттылығы бар;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
8) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау нысанасына арнайы тексеруден өтпеген адамдарды қабылдауға болмайды.»;
5-тармақ алып тасталсын;
5) 12-бапта:
2-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік қызметшіге әкімшілік жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бір жыл ішінде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тәртібімен мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi.»;
3-тармақ «қоспағанда,» деген сөзден кейiн «өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған» деген сөздермен толықтырылсын;
6) 14-баптың 8-тармағындағы «Мемлекеттік органның басшысы» деген сөздер «Тағайындауға құқығы бар адам» деген сөздермен ауыстырылсын;
7) 17-баптың 2-тармағы «орган басшысының» деген сөздерден кейiн «не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
8) мынадай мазмұндағы 18-2-баппен толықтырылсын:
«18-2 бап. Мүдделер қақтығысы
1. Егер мүдделер қақтығысы бар болса, мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыруына тыйым салынады.
2. Мемлекеттік қызметшi мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдауға тиiс.
3. Туындаған мүдделер қақтығысы туралы немесе оның туындау мүмкiндiгi туралы өзiне белгiлi болған сәтте мемлекеттік қызметшi өзiнiң тiкелей басшысына немесе мемлекеттік органның басшылығына бұл туралы жазбаша түрде хабарлауға мiндеттi.
Тiкелей басшысы немесе мемлекеттік органның басшылығы мемлекеттік қызметшiнiң өтiнiшi бойынша немесе басқа көздерден ақпарат алған кезде, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша уақтылы шаралар қабылдауға, оның iшiнде:
1) оған байланысты мүдделер қақтығысы туындаған немесе туындауы мүмкiн мәселе бойынша мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқаруды басқа адамға тапсыруға;
2) мемлекеттік қызметшiнiң лауазымдық мiндеттерiн өзгертуге;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттік қызметшiнiң келісімi бойынша оны басқа лауазымға ауыстыруға тиiс.
4. Мемлекеттік қызметшi, оның тiкелей басшысы және мемлекеттік органның басшылығы өздерiне белгiлi болған мүдделер қақтығысы жағдайларын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшiн тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.»;
9) 22-баптың 4-тармағы «мемлекеттік орган басшысының» деген сөздерден кейiн «не жауапты хатшының немесе Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын өзге де лауазымды адамның» деген сөздермен толықтырылсын;
10) 27-бапта:
1-тармақта:
1-1) тармақшадағы «бір жылға» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 7-4), 7-5) және 9-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«7-4) мемлекеттік қызметке кiру кезiнде мемлекеттік қызметке қабылдаудан бас тарту үшiн негiз болуы мүмкiн көрiнеу жалған құжаттар мен мәлiметтердi беруі;
7-5) мемлекеттік лауазымға тағайындалу кезiнде осы Заңда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;»;
«9-1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң терiс нәтижелерi;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5), 7), 7-1), 7-2), 7-3), 7-4) тармақшаларына сәйкес жұмыстан босатылған адамдар терiс себептермен босатылған болып танылады.»;
11) 28-бапта:
1-тармақта:
«сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны,» деген сөздер «терiс себептермен жұмыстан босатуға әкеп соғатын тәртiптiк терiс қылық жасаған адамдарды өз еркiмен жұмыстан босатқаны, мүдделер қақтығысын болғызбау және оны реттеу бойынша шаралар қабылдамағаны,» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
«4-1) қызметiн төмендету;»;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін тәртіптік жазаның мынадай түрлері:
1) қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
2) лауазымын төмендету;
3) атқаратын қызметінен босату қолданылады.
Қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түріндегі тәртіптік жаза лауазымын төмендету түрінде тәртіптік жаза қолдану мүмкін болмаған кезде қолданылады.
Лауазымын төмендету түріндегі тәртіптік жаза төмен тұрған бос мемлекеттік лауазым болған және мемлекеттік қызметші осы лауазымға белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде қолданылады.
Атқаратын қызметінен босату түріндегі тәртіптік жаза сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнамада көзделген негіздер бойынша қолданылады.»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) нақ сол терiс қылық үшiн қайтадан қолдануға болмайды;»;
12) 28-1-бапта:
2-тармақтағы «үш айдан кешiктiрiлмей» деген сөздерден кейiн «, бiрақ терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктірiлмей» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
«3. Мемлекеттік қызметшiнiң еңбекке уақытша қабiлетсiздiгiне, мемлекеттік немесе қоғамдық мiндеттердi орындау үшiн жұмыстан босатылуына, демалыста, iссапарда болуына байланысты жұмыста болмаған уақытында бiр жылдық және үш айлық тәртiптiк жаза қолдану мерзiмi еңбек заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрады.»;
13) 29-баптың 1-тармағы мынадай редкцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қызметші өзін тәртіптік жауаптылыққа тартуға байланысты барлық материалдармен міндетті түрде таныстырылуға тиіс, оған қызметтік тексеру рәсіміне жеке өзінің қатысу құқығы беріледі.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. НАЗАРБАЕВ
Астана, Ақорда, 2010 жылғы желтоқсанның 29-ы.
№ 371-IV ҚРЗ