6. Ақпаратты жеткізуші:
1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымнан берілген ақпаратты осы Заңға сәйкес пайдалануды талап етуге;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және (немесе) ақпаратты беру және (немесе) алу туралы шартқа сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
7. Ақпаратты жеткізушілер:
1) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарт жасасуға;
2) осы Заңда және ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттарда айқындалған көлемде әрі тәртіппен деректер базасын қалыптастыру үшін деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға ақпарат беруге;
3) деректер базасы субъектісінің талап етуі бойынша деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға берілген ақпаратқа түзетулер енгізуге;
4) деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйымға деректер базасының субъектісі туралы қолдағы мәліметтерге дәл сәйкес келетін ақпаратты беруге;
5) ақпараттық ресурстар мен ақпараттық жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес пайдалануға;
6) өз қаражаты есебінен ақпаратты алу мен өңдеудің тиісті талаптарын қамтамасыз етуге;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 7) тармақшамен толықтырылды
7) осы баптың 4-2-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайларда деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға үш жұмыс күн iшiнде ақпаратты беруге мiндеттi.
2009.11.07. № 185-IV ҚР Заңымен 8-тармақ өзгертілді (жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)
8. Мыналар:
1) уәкілетті орган;
2) көлік құралдары иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыруды жүзеге асыратын сақтандырушылар;
3) деректер базасының субъектілері;
4) сақтандыру және актуарийлік есептеулер саласында консультациялық қызметтер көрсететін консалтингтік және ғылыми-зерттеу ұйымдары;
5) көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндетті орындауын бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органдар;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 6) тармақшамен толықтырылды
6) осы Заңда көзделген жағдайларда дауларды қараған кезде сақтандыру омбудсманы;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 7) тармақшамен толықтырылды
7) Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi 830-бабының 5-тармағында аталған тұлғалар сақтандыру есебiн алушылар болып табылады.
Осы тармақта көрсетілмеген өзге тұлғаларға ақпарат ұсынуға жол берілмейді.
9. Осы баптың 8-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар тек қана өздері туралы сақтандыру есебін алуға құқылы.
Осы баптың 8-тармағының 4) тармақшасында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар жасалған сақтандыру шарттарының саны, сақтандыру сыйлықақыларының көлемі, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерінің сомалары (мүлік пен денсаулық бойынша төлемдер бөлігінде) бойынша жиынтық ақпаратты қамтитын сақтандыру есебін ғана алуға құқылы.
10. Ақпарат алушы сақтандыру есебін алуға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарға ие болуға құқылы.
Осы баптың 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар:
1) ақпарат алушы ретінде тіркелген кезде өздері ұсынған мәліметтердің өзгеруі туралы хабарлауға;
2) алынған ақпаратқа қатысты құпиялылықты сақтауға және оны үшінші тұлғаларға жария етпеуге;
3) алынған ақпаратты тек осы Заңда көзделген мақсаттар үшін пайдалануға;
4) деректер базасы субъектісінің талабы бойынша оны ақпараттың мазмұнымен таныстыруға не оған ақпарат алушының ішкі ережелеріне сәйкес оның көшірмесін беруге;
5) тиісті шартпен айқындалған тәртіппен және мөлшерде деректер базасынан ақпаратты беру жөнінде көрсетілген қызметтің ақысын төлеуге;
6) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де міндеттерді атқаруға міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 10-1-тармақтармен толықтырылды
10-1. Деректер базасының субъектiсi:
1) осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес өзi туралы сақтандыру есебiн алуға;
2) сақтандыру шартын жасасқан кезде осы баптың 8-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген сақтандыру есебiн алушыдан сақтандыру есебiмен таныстыруды не осы алушының деректер базасынан алған сақтандыру есебiнiң көшiрмесiн өзiне берудi талап етуге;
3) ақпаратты жеткiзушi туралы мәлiметтердi ала отырып, сақтандыру есебіндегі ақпаратпен келiспейтiнiн мәлiмдеуге;
4) ақпаратты жеткiзушiге және деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға дұрыс емес ақпаратты түзету туралы талаппен жүгiнуге;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де құқықтарды иеленуге құқылы.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 10-2-тармақтармен толықтырылды
10-2. Уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілері осы баптың 5-тармағының 1) тармақшасында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлердiң, олардың деректер базасын құруға және қорғауға қатысу жөніндегі ақпарат жеткiзушiлер ретіндегі қызметiне қатысты бөлiгiнде орындауы үшiн мiндеттi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 8-2-баппен толықтырылды; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен тақырыб өзгертілді (бұр.ред.қара)
8-2-бап. Деректер базасын қалыптастыру үшін берiлетiн ақпарат және оны табыс ету мерзiмi
1. Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетілген ақпаратты жеткізушілер және осы Заңның 8-1-бабының 8-тармағының 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген сақтандыру есебін алушылар ақпаратты беру жөніндегі өз міндеттемелерін орындау және сақтандыру есептерін алу мақсатында деректер базасын қалыптастыру және жүргізу жөніндегі ұйыммен ақпаратты беру және (немесе) сақтандыру есептерін алу туралы шарттар жасасуға міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Сақтандырушылар осы Заңда және ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартта көзделген тәртiппен, мерзiмдерде және көлемде өздерiмен сақтандыру шартын жасасқан сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары), әрбiр жасалған сақтандыру шарты, сақтандыру сыйлықақыларының көлемi, сақтандыру жағдайлары, сондай-ақ сақтандыру төлемдерiнiң сомалары (мүлiк және денсаулық жөніндегі төлемдер бойынша) туралы ақпарат ұсынады.
Сақтандырушы деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға табыс ететiн сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары) туралы мәлiметтер осы Заңның 10-бабының 5-тармағында көзделген сақтанушының өтiнiшiнде көрсетiлген сақтанушы (сақтандырылушы), көлiк құралы (көлiк құралдары) туралы мәлiметтерге сәйкес келуге тиiс.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Осы баптың 2-тармағында тізіп көрсетілген ақпарат тиісті бағдарламалық қамтамасыз ету біріктірген ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерінде белгiленген мерзiмдерде электрондық түрде беріледі.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен мазмұн 8-3-баппен толықтырылды
8-3-бап. Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шарттың мiндеттi талаптары
Ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартта:
1) тараптардың толық атауы, олардың орналасқан жерi мен банк деректемелерi туралы мәлiметтер;
2) осы Заңға сәйкес келетiн шарттың нысанасы туралы нұсқау;
3) деректер базасын қалыптастыруға арналған ақпараттың түрлерi, көлемi, оны берудiң мерзiмдерi (кезеңдiлiгi), тәртібі;
4) сақтандыру есептеріндегі ақпараттың түрлерi, мерзiмдерi (кезеңдiлiгi), көлемi және сақтандыру есептерiн алу тәртібі;
5) тараптардың осы Заңға сәйкес келетiн құқықтары мен мiндеттерi;
6) деректер базасынан ақпарат беру жөніндегі қызметтерге ақы төлеу тәртібі;
7) шарттың қолданылу мерзiмi, осы Заңда көзделген жағдайларда шартты орындаудан бiржақты бас тартқан кезде оны өзгертудiң, бұзудың негiздерi мен тәртібі, сондай-ақ, шарт бойынша мiндеттемелердi орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны үшiн тұрақсыздық айыппұлының мөлшерi;
8) ақпарат жеткiзушiнiң деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымға жiберiлетiн барлық ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау туралы мiндеттемесi;
9) деректер базасын қалыптастыру және жүргiзу жөніндегі ұйымның барлық алынатын ақпаратқа қатысты құпиялылық режимiн сақтау туралы мiндеттемесi;
10) ақпарат беру және (немесе) сақтандыру есептерiн алу туралы шартты бұзғаны үшiн тараптардың жауапкершiлiгi туралы талаптар болуға тиiс.
Шартты орындаудан бiржақты бас тарту сақтандыру ұйымы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыруды жүзеге асыру құқығына лицензияны ерiктi түрде қайтарған, сондай-ақ одан айрылған жағдайларда ғана мүмкiн болады. Бұл ретте, сақтандыру ұйымы қолданыстағы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарының мерзiмi аяқталғанға дейiн деректер базасына осы бапта көзделген ақпаратты беруге мiндеттi.
Осы Заңның 8-1-бабының 5-тармағында көрсетiлген ақпарат жеткiзушiлермен ақпаратты беру туралы шарт жасасқан кезде ақпараттық жүйелердi қалыптастыру және пайдалану кезiнде қолданылатын деректер базасын және көрсетiлген ақпараттық жүйелердi қорғау құралдарын құру үшiн пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етудi қорғау жөніндегі ұйымдастырушылық, техникалық шаралар мен технологиялық талаптарды бiрлесiп iске асыру мiндеттiлiгi туралы талап мiндеттi түрде енгiзiлуге жатады.
9-бап. Ақпараттық өзара iс-қимыл
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Iшкi iстер органдары көлiк оқиғасына қатысушыларға не олардың өкілдерiне, сондай-ақ сұратуы бойынша сақтандыру ұйымдарына сақтандыру жағдайының, сондай-ақ көлік оқиғасы орнынан жасырынған адам жәбірленушінің өмірі мен денсаулығына зиян келтірген жағдайдың басталу фактiсiн растайтын құжаттардың бiр-бiр данасын, оның iшiнде жол оқиғасының схемасымен қоса Жол жүрiсi ережелерiнiң бұзылуы туралы хаттаманың көшiрмесiн тегiн бередi.
2007.07.05. № 244-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Көлiк оқиғасы және оның салдары туралы ақпараты бар Iшкi iстер органдары, прокуратура органдары, соттар, денсаулық сақтау ұйымдары, өзге де мемлекеттік органдар мен ұйымдар сақтандырушы және Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры өтініш жасаған кезде бұл ақпаратты жазбаша нысанда, мөрмен куәландырып тегін беруге міндетті.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
3. Сақтанушының (сақтандырылушының), жәбiрленушiнің немесе олардың мұрагерлерiнiң көлiк оқиғасының басталғаны туралы хабарлауға мүмкiндiгi болмаған кезде ішкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерi тиiстi сақтандырушыны осы көлiк оқиғасы туралы хабардар етудi жүзеге асырады.
Сақтандырушыға көлiк оқиғасы туралы кез келген басқа тұлғаның хабарлауға құқығы бар, бұл ретте сақтандырушы өтiнiштi қабылдаудан бас тартуға құқылы емес.
3-тарау. Көлік құралдары иелерінің
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты
10-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты және оны жасасу тәртiбі
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру осы Заңға сәйкес сақтанушы мен сақтандырушының арасында жасалатын шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында мүлiктің тауарлық құнының жоғалтылуын, сондай-ақ жәбiрленушiнің тауарларды жеткiзудiң немесе жұмыстарды жүргiзудiң (қызметтер көрсетудiң) мерзiмдерiн, оның келісім-шарттар (шарттар) бойынша өзге де мiндеттемелердi бұзуына байланысты тұрақсыздық айыбын өтеудi қоса алғанда, жәбiрленушінің моральдық зиянын және ала алмаған пайдасын өтеудi есептемегенде, жәбiрленушiнiң өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне зиян келтiру салдарынан туындаған мiндеттемелер бойынша сақтандыру төлемiн жүзеге асыру көзделедi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мiндеттi сақтандырудың осы түрi (сыныбы) бойынша қызметтi жүзеге асыру құқығына арналған лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуға тиiс.
Сақтанушы сақтандырушыны таңдауға ерiктi.
Сақтандырушының сақтанушыға көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасудан бас тартуға құқығы жоқ.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы басталған кезде пайда алушыға осы Заңда белгiленген мөлшерде, тәртiппен және мерзiмде сақтандыру төлемiн жүзеге асыруға міндеттенедi.
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарттары мынадай түрлерге бөлiнедi:
1) стандартты;
2) кешендi.
2006.20.02. № 128-III ( бұр. ред . қара); 2007.07.05. № 244-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 5-тармақ өзгертілді; 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
5. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) сақтандыру полисiн беруi арқылы жазбаша нысанда жасалады.
Сақтандыру полисi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актiсiнiң талаптарына сәйкес берiледi және онда деректер базасынан алынған ақпарат, сондай-ақ бiрегей нөмiр болады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасау үшiн сақтанушының өтiнiшi негiз болып табылады. Өтiнiштiң мазмұнына қойылатын талаптар және өтiнiште көрсетiлген мәлiметтердi растайтын құжаттар көшiрмелерiнiң тiзбесi уәкiлеттi органның нормативтiк құқықтық актілерімен белгiленедi.
6. Сақтандыру полисiнде, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 826-бабында тiзiп көрсетiлген талаптардан басқа, сақтандырушының бiр сақтандыру жағдайы бойынша жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiнiң мөлшерi және шарттың түрi көрсетiлуге тиiс.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру бойынша сақтандыру полисiн ресiмдеу жөніндегі талаптар Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметi туралы заңдарында белгiленедi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 6-1-тармақпен толықтырылды
6-1. Сақтандыру полисiне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берiлмейдi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
7. Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) жазбаша өтiнiшi негiзiнде оған сақтандыру полисiнiң телнұсқасын беруге мiндеттi.
Жоғалған сақтандыру полисi телнұсқа берiлгеннен кейiн жарамсыз деп есептеледi және ол бойынша сақтандыру төлемi жүргiзiлмейдi.
Сақтандыру полисi жоғалған жағдайда оның телнұсқасын ресiмдеу кезiнде iс жүргiзуге жұмсалған сақтандырушының шығынын сақтанушы (сақтандырылушы) тиiстi өтiнiш берiлген күнi Қазақстан Республикасының республикалық бюджет туралы заңына сәйкес белгiленген 0,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде өтейдi.
8. Егер сақтандырушы көлiк құралдары иелерінің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын сақтанушының (сақтандырылушының) немесе жәбiрленушiнiң жағдайын осы Заңда көзделгенмен салыстырғанда нашарлататын талаптармен жасасса, онда сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы сақтанушының (сақтандырылушының) және жәбiрленушiнiң алдында осы Заңда белгiленген талаптар бойынша мiндеттемелер атқарады.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 9-тармақпен толықтырылды
9. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын төлеудi жеке тұлға бiржолғы төлеммен жүргiзедi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 10-тармақпен толықтырылды
10. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын оларды мемлекеттік техникалық тексерiп-қарау өткiзiлетiн жерлерде және iшкi iстер органдары жол полициясының тiркеу бөлiмшелерiнде жасауға тыйым салынады.
11-бап. Стандартты шарт
1. Стандартты шарт бойынша бiр немесе бiрнеше көлiк иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2. Стандартты шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын көлiк құралының әр бiрлiгiне жеке сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы, сақтандырылушылар) және пайдаланылатын көлiк құралы туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Стандартты шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргiзуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) адам көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырушымен) жазбаша нысанда ресiмделген еңбек шарты немесе өзге де шарт негiзiнде жүргiзген;
3) көлiк құралын заңсыз иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершілік сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
12-бап. Кешендi шарт
1. Кешендi шарт бойынша екi және одан да көп көлiк құралы бiрлiгiнiң иесi болып табылатын жеке тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтандырылуы мүмкiн.
2. Кешендi шарт сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) пайдаланылатын барлық көлiк құралдарына сақтандыру полисiн беру жолымен жасалады.
3. Сақтандыру полисiнде сақтанушы (сақтандырылушы) - жеке тұлға және ол пайдаланатын көлiк құралдары туралы мәлiметтер болуға тиiс.
4. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алынып тасталды (бұр.ред.қара)
5. Кешендi шарт бойынша сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi сақтанушының (сақтандырылушының) өзiнiң үшiншi тұлғаларға зиян келтiруi салдарынан не:
1) көлiк құралын оны жүргізуге құқылы адам сақтанушының (сақтандырылушының) қатысуымен жүргiзген;
2) көлiк құралын заңға қайшы иеленген адам, егер келтiрiлген зиян үшiн жауапкершiлiк сақтанушыға (сақтандырылушыға) жүктелсе, көлiк құралын жүргiзген жағдайда туындаса, сақтандырылған деп есептелiнедi.
6. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
13-бап. Көлiк құралдары иелерінің жауапкершiлігiн мiндетті сақтандыру шартының қолданылуы
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты осы Заңға сәйкес жәбiрленушi деп танылған, оның iшiнде зиян келтiруге кiнәлi болып табылған сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралында болған барлық адамдарға қатысты қолданылады, оған мыналар:
1) осы көлiк құралын сақтанушымен (сақтандырылушымен) қызметтiк немесе еңбек мiндеттерiн атқаруға орай, оның iшiнде көлiк құралының иесiмен еңбек немесе өзге де шарт негiзiнде не сақтанушының (сақтандырылушының) ерiк бiлдiруi негiзiнде, мәмiленiң жазбаша нысанын ресiмдемей, оның қатысуымен жүргiзген адам;
2) егер сақтанушы (сақтандырылушы) тасымалдаушы болып табылса, оған Қазақстан Республикасы заң актісінің тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн міндетті сақтандыруды регламенттейтiн талабы қолданылса, жолаушылар;
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
3) егер Қазақстан Республикасының заң актілерімен сақтанушыға (сақтандырылушыға) жұмыс берушi ретiнде қызметкердiң еңбек (қызмет) мiндеттерiн орындауы кезiнде оны жазатайым оқиғалардан сақтандыру міндетi жүктелсе, сақтанушының (сақтандырылушының) қызметкерлерi кiрмейдi.
2. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шарты көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндетті сақтандыру шартында белгiленген күннен бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады.
3. Көлiк құралдары иелерiнің жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты күшіне енгiзілген күннен бастап он екi ай мерзiмге жасалады.
Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлігін мiндеттi сақтандыру шарты жеке немесе заңды тұлғада көлiк құралын иелену құқығының пайда болған кезiнен бастап, бiрақ осы көлiк құралының iшкi iстер органдарының жол полициясы бөлiмшелерiнде мемлекеттік тiркеуден (қайта тiркеуден) өткен кезiнен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрiлмей жасалуға тиiс.
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 4 тармақ жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара) 4 тармақ жаңа редакцияда
4. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын осы баптың 3-тармағында көзделгеннен өзгеше мерзiмге:
1) көлiк құралын маусымдық, бiрақ кемiнде алты ай пайдаланған кезде;
2) сақтандыру төлемдерiне кепiлдiк беру жүйесiнiң мәжбүрлеп таратылатын қатысушысы-сақтандыру ұйымының кредиторларымен (сақтанушыларымен);
3) осы Заңның 5-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайларда, көлiк құралының мемлекеттік тiркелуiнiң алдындағы мерзiмге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге;
4) көлiк құралы Қазақстан Республикасының аумағына уақытша кiрген жағдайда уақытша кiрген бүкiл кезеңге, бiрақ кемiнде күнтiзбелiк бес күнге жасасуға жол берiледi.
5. 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен алып тасталды (ресми жарияланғанынан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi) (бұр.ред.қара)
6. Егер Қазақстан Республикасы жасасқан халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартының қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
14-бап. Көлік құралдары иелері жауапкершілігінің міндетті сақтандыру шартының қолданылуын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігін мiндетті сақтандыру шарты:
1) шарттың қолданылу мерзiмi бiткен;
2) шарт мерзiмiнен бұрын тоқтатылған;
2006.20.02. № 128-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда ( бұр. ред . қара)
3) сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттейтін алғашқы сақтандыру жағдайы басталған жағдайларда тоқтатылған деп есептелінеді.
2. Сақтандыру төлемi жүзеге асырылған кезде сақтандырушы сақтандыру полисiн алып қоюға тиiс. Бұл ретте көлiк құралының (егер ол жойылмаса) иесi өзiнiң таңдауы бойынша мiндеттi сақтандырудың осы түрiн (сыныбын) жүзеге асыруға құқығы бар кез келген сақтандырушымен жаңа кезеңге көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасуға мiндеттi.
2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 15-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
15-бап. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату
1. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген жағдайларда мерзiмiнен бұрын тоқтатылады.
2. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату үшiн сақтанушы (сақтанушы қайтыс болған жағдайда - оның мұрагерi (мұрагерлерi) сақтандырушыға жазбаша өтiнiш бередi.
3. Көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын мерзiмiнен бұрын тоқтату және осы сақтандырушымен жаңадан көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартын жасасу кезiнде сақтанушының мына формула бойынша есептелген сақтандыру сыйлықақысының бөлiгiн қайтарып алуға құқығы бар:
ССБ = СС*n / N, мұнда:
ССБ - сақтандырушы ұстап қалатын сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
СС - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi (теңгемен);
n - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты күшiне енген кезден бастап өтiнiш берiлген күндi қоса алғанда, оны мерзiмiнен бұрын тоқтатқан кезге дейiнгi мерзiм (күнмен);
N - көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шартының жасалған мерзiмi (күнмен).
4. Осы баптың 3-тармағында көзделген талаптар сақталмаған кезде, сақтанушының көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарты мерзiмiнен бұрын тоқтатылған кезде сақтандыру сыйлықақысының бiр бөлiгiн мынадай мөлшерде қайтарып алуға құқығы бар: