Бұл ретте, рентабельдiлiктi есептеу үшiн заңды тұлғаның басқа жеке және (немесе) заңды тұлғадан өңдеу үшiн алынған және (немесе) сатып алынған минералды шикiзатты қайта өңдеудi қоса алғанда, минералды шикiзатты (пайдалы қазбаны) өндiруге және қайта өңдеуге тiкелей байланысты кiрiстерi мен шығындары қызметтiң өзге түрлерi бойынша кiрiстер мен шығындар ескерiлместен, бөлек салықтық есепке алудың деректерi негiзiнде есептеледi.
Жер қойнауын пайдалануға келісімшарттарды рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ кен орындарын (кен орындары тобын, кен орындарының бір бөлігін), пайдалы қазбаларды өндiруге салық ставкаларын белгiлеу тәртібін қоса алғанда, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе бұрын қазылған санатқа жатқызу тәртібін және осындай келісімшарттардың, кен орындарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»
19-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 557-бабы 3-тармағы 8) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
20-бап. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі)» 657-бабының 2) тармақшасының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрып, тоқтатыла тұру кезеңінде осы тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:
«2) салық есептілігін электронды түрде табыс ету үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсыну;».
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 20-1-баппен толықтырылды (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді)
20-1-бап. Тоқтата тұру кезеңiнде аталған тармақша мынадай редакцияда қолданылады деп белгiлене отырып, «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 12-бабының 1-тармағы 28) тармақшасының қолданылуы 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн тоқтатыла тұрсын:
«28) өзара байланысты тарап - өзара байланыстылығы Қазақстан Республикасының трансферттiк баға белгiлеу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын жеке немесе заңды тұлға.
2009 жылғы 1 қаңтардан кейiн туындайтын, ұлттық басқарушы холдингтiң iрi акционер ретiнде банктiң жарғылық капиталына қатысуы және (немесе) ұлттық басқарушы холдингтiң лауазымды тұлғаларының осындай банктi басқару органына қатысуы олардың өзара байланыстылығының бiрден-бiр негiзi болып табылатын тұлғалар өзара байланысты тараптар деп танылмайды;
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 21-бап өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
21-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде мыналар белгілене отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 280-бабының 4-тармағы 1) тармақшасы 1-13 жолдарының қолданылуы - 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін, 14-18 жолдарының қолданылуы - 2011 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын:
1) 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:
Р/с № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
өндірілетін тауарларға | импортталатын тауарларға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 2207-ден | 80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа) | 450 теңге/литр | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 0,1 теңге/литр | 0,1 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа) | 550 теңге/литр 100% спирт | 750 теңге/литр 100% спирт |
4. | 2207-ден | 80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған спирттің кез келген конпентрациядағы басқа да түрлері | 45 теңге/литр | 60 теңге/литр |
5. | 2208-ден | 80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын басқа да спирт ішімдіктері | 55 теңге/литр 100% спирт | 75 теңге/литр 100% спирт |
6. | 2208 | Алкоголь өнімдері (коньяктардан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) | 250 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
7. | 2208 | Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) | 165 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
8. | 2208 | Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди | 100 теңге/литр 100% спирт | |
9. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шараптар | 20 теңге/литр | 75 теңге/литр |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа) | 100 теңге/литр | 170 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спиртін және алкоголь өнімін өндіру үшін сатылатын шарап материалы | 0 теңге/литр | 75 теңге/литр |
12. | 220300 | Сыра | 10 теңге/литр | 60 теңге/литр |
13. | 2203 00-ден | Құрамындағы этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын сыра | 0 теңге/литр | 0 теңге/литр |
14. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 600 теңге/1000 дана | 750 теңге/1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 350 теңге/1000 дана | 570 теңге/1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллдер | 1040 теңге/1000 дана | 1220 теңге/1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигарлар | 85 теңге/дана | 95 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін және шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі | 1000 теңге/килограмм | 1220 теңге/килограмм |
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) 2010 жылдың 1 қаңтарынан 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:
Р/с № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
өндірілетін тауарларға | импортталатын тауарларға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 2207-ден | 80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирт түрлері (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа) | 500 теңге/литр | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 0,1 теңге/литр | 0,1 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, сондай-ақ белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа) | 600 теңге/литр 100% спирт | 750 теңге/литр 100% спирт |
4. | 2207-ден | 80 процент немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын денатуратталған кез келген концентрациядағы этил спирті және спирттің басқа да түрлері | 50 теңге/литр | 60 теңге/литр |
5. | 2208-ден | 80 проценттен аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті; алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 60 теңге/литр 100% спирт | 75 теңге/литр 100% спирт |
6. | 2208 | Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) | 250 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
7. | 2208 | Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден | 230 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
8. | 2208 | Коньяк, бренди, отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған | 130 теңге/литр 100% спирт | |
9. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шараптар | 20 теңге/литр | 75 теңге/литр |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқасы) | 100 теңге/литр | 170 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы | 0 теңге/литр | 75 теңге/литр |
12. | 2203 00 | Сыра | 13 теңге/литр | 60 теңге/литр |
13. | 2203 00-ден | Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 проценттен аспайтын | 0 теңге/литр | 0 теңге/литр |
14. | 2402-ден | Филтрлі сигареттер | 800 теңге/1000 дана | 950 теңге/1000 дана |
15. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 500 теңге/1000 дана | 570 теңге/1000 дана |
16. | 2402-ден | Сигариллдер | 1140 теңге/1000 дана | 1220 теңге/1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигарлар | 85 теңге/дана | 95 теңге/дана |
18. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін және шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі | 1000 теңге/килограмм | 1220 теңге/килограмм |
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді)
2-1) 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап 2011 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:
Р/с № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
Қазақстан Республика-сында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекет-терден импорттала-тын тауарларға | Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импорттала-тын тауарларға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 2207-ден | 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын спирттен басқа), этил спирті және кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге де спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа) | 500 теңге/литр | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Ішкі нарықта тұтынылатын денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, ішкі нарықта тұтыну үшін боялған) | 0,1 теңге/литр | 0,1 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 600 теңге/литр 100% спирт | 750 теңге/литр 100% спирт |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 50 теңге/литр | 60 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын, 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 60 теңге/литр 100% спирт | 75 теңге/литр 100% спирт |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім | 250 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
7. | 2208 | Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) | 250 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
8. | 2208 | Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) | 230 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
9. | 2208 | Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди | 130 теңге/литр 100 % спирт | - |
10. | 2204, 2205, 2206 00 | Шараптар | 20 теңге/литр | 75 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа) | 100 теңге/литр | 170 теңге/литр |
12. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы | 0 теңге/литр | 75 теңге/литр |
13. | 2203 00 | Сыра | 13 теңге/литр | 60 теңге/литр |
14. | 2202 90 100 1 | Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр | 0 теңге/литр |
15. | 2402-ден | Фильтрлі сигареттер | 800 теңге/ 1000 дана | 950 теңге/ 1000 дана |
16. | 2402-ден | Фильтрсіз сигареттер, папиростар | 500 теңге/ 1000 дана | 570 теңге/ 1000 дана |
17. | 2402-ден | Сигариллдер | 1140 теңге/ 1000 дана | 1220 теңге/ 1000 дана |
118. | 2402-ден | Сигаралар | 85 теңге/дана | 95 теңге/дана |
19. | 2403-тен | Құрамында никотин бар фармацевтикалық өнімдерді қоспағанда, трубкамен шегетін, шегетін, шайнайтын, соратын, иіскейтін темекі, кальян және өзге де тұтыну ыдысына салынған және түпкі тұтынуға арналған темекі | 1000 теңге/ килограмм | 1220 теңге/ килограмм |
2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) 2011 жылдың 1 қаңтарынан 2012 жылдың 1 қаңтарына дейін акциздердің мынадай ставкалары қолданылады:
Р/с № | ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН коды | Акцизделетін тауарлардың түрлері | Акциздер ставкалары (өлшем бірлігіне теңгемен) |
Қазақстан Республика-сында өндірілетін тауарларға және кеден одағына мүше мемлекеттер-ден импорттала-тын тауарларға | Кеден одағына мүше болып табылмайтын мемлекеттер-ден импорттала-тын тауарларға |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | 2207-ден | 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа), этил спирті мен кез келген концентрациядағы денатуратталған өзге спирттер (ішкі нарықта тұтынылатын денатураттал-ған отындық этил спиртінен (этанолдан) (түссіз емес, боялған) басқа) | 550 теңге/литр | 600 теңге/литр |
2. | 2207-ден | Ішкі нарықта тұтыну үшін денатуратталған отындық этил спирті (этанол) (түссіз емес, боялған) | 1 теңге/литр | 1 теңге/литр |
3. | 2208-ден | 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер (алкоголь өнімдерін, емдік және фармацевтикалық препараттарды өндіру үшін сатылатын, белгіленген квоталар шегінде мемлекеттік медициналық мекемелерге босатылатын денатуратталмаған этил спиртінен басқа) | 650 теңге/литр 100% спирт | 750 теңге/литр 100% спирт |
4. | 2207-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыз немесе одан жоғары көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті | 55 теңге/литр | 60 теңге/литр |
5. | 2208-ден | Алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын 80 пайыздан аз көлемдегі спирт концентрациясы бар денатуратталмаған этил спирті, спирт тұнбалары және өзге де спиртті ішімдіктер | 65 теңге/ литр 100% спирт | 75 теңге/литр 100% спирт |
6. | 3003, 3004-тен | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік заттар ретінде тіркелген құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім | 400 теңге/ литр 100% спирт | 650 теңге/литр 100% спирт |
7. | 2208 | Алкоголь өнімдері (коньяктан, брендиден, шараптардан, шарап материалы мен сырадан басқа) | 400 теңге/литр 100% спирт | 650 теңге/литр 100% спирт |
8. | 2208 | Коньяк, бренди (отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяктан, брендиден басқа) | 325 теңге/литр 100% спирт | 800 теңге/литр 100% спирт |
9. | 2208 | Отандық өндірістегі коньяк спиртінен жасалған коньяк, бренди | 160 теңге/литр 100% спирт | - |
10. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Шараптар | 20 теңге/литр | 75 теңге/литр |
11. | 2204, 2205, 2206 00 | Шарап материалы (этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатыннан басқа) | 100 теңге/литр | 170 теңге/литр |
12. | 2204, 2205, 2206 00-ден | Этил спиртін және алкоголь өнімдерін өндіру үшін сатылатын шарап материалы | 0 теңге/литр | 75 теңге/литр |
13. | 2203 00 | Сыра | 25 теңге/литр | 50 теңге/литр |
14. | 2202 90 1001-ден | Құрамында этил спиртінің көлемі 0,5 пайыздан аспайтын сыра | 0 теңге/литр | 0 теңге/литр |
4) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5) 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
Ескерту. Тауар номенклатурасы ЕурАзЭҚ СЭҚ ТН кодымен және (немесе) тауардың атауымен айқындалады.
2009.16.11. № 200-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (2009 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлді) (бұр.ред.қара); 2009.30.12. № 234-IV ҚР Заңымен 22-бап өзгертілді (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
22-бап. Тоқтатыла тұру кезеңінде корпоративтік табыс салығы бойынша салық есептілігін белгілеу ерекшеліктерін осы бапқа сәйкес айқындай отырып, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы кодексі (Салық кодексі) 65-бабының қолданылуы 2012 жылғы 1 қаңтарға дейін тоқтатыла тұрсын.
1. Уәкілетті орган салық төлеушілердің мына санаттарының әрқайсысы үшін жеке-жеке осы декларацияға қосымшаларымен бірге корпоративтік табыс салығы бойынша:
1) сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары;
2) коммерциялық емес ұйымдар;
3) әлеуметтік саладағы қызметті жүзеге асыратын ұйымдар;
4) ережелерiнде салық режимiнiң тұрақтылығы тiкелей көзделетiн өнiмдi бөлу туралы келісім (келісімшарт) немесе Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
4-1) мынадай:
кең таралған пайдалы қазбалар, жерасты сулары, емдiк балшық бойынша жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүзеге асыратындарды;
осы тармақтың 4) тармақшасында көрсетiлгендердi қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар;
5) осы тармақтың 1) - 4) тармақшаларында көрсетілмеген, декларация толтыру және тапсыру жөніндегі міндет белгіленген өзге де корпоративтік табыс салығын төлеушілер үшін декларацияның нысандарын бекітеді.
2. Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация жылдық жиынтық табысқа енгізілген кірістерді, шегерімге жатқызылған шығыстарды, олардың түзетулерін, салық салынатын табысты (шығынды), салық салынатын табыс азайтылатын кірістер мен шығыстарды, ауыстырылатын шығындарды, салық кезеңіне есептелген салық сомасын және салық кезеңіне есептелген салықтың сомасын азайтатын салық сомаларын корпоративтік табыс салығын төлеушілердің декларациялауына арналған.
Корпоративтік табыс салығы жөніндегі декларацияға қосымшалар салықтық бақылау мақсаттары үшін салық қызметі органдары пайдаланатын салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпаратты егжей-тегжейлі көрсетуге арналған.
Корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалардың нысандары мынадай ақпаратты:
1) құн өсімінен түсетін кірістер (залалдар) жөніндегі;
2) күмәнді міндеттемелер, күмәнді талаптар бойынша міндеттемелер мен талаптарды есептен шығару бойынша, оның ішінде кредиторлар мен дебиторлар бөлігінде, түсетін кірістер мен шығыстар жөніндегі;
3) сыйақылар бойынша кірістер мен шығыстар жөніндегі. Сыйақылар бойынша шығыстар жөніндегі осы қосымшаның нысаны сыйақы алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
4) өткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын тұлғалар үшін өнім берушілер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
5) свопты қоспағанда, туынды қаржы құралдары жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны контрагенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
6) резидент еместің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары жөніндегі;
7) инвестициялық салықтық преференциялар жөніндегі;
8) салық салынатын табысты азайтатын кірістер мен шығыстар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз берілген мүлікті, демеушілік көмекті алушылар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
9) амортизациялық аударымдар, жөндеуге арналған шығыстар және тіркелген активтер бойынша басқа да шегерімдер жөніндегі;
10) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерде тіркелген немесе орналасқан компаниялар алған пайда сомалары немесе пайда сомасының бір бөлігі жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есепке жатқызу сомасы жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлігінде белгіленуі мүмкін;
11) алынған стандартты салық жеңілдіктері бойынша салық міндеттемелерін есептеу жөніндегі;
12) халықаралық шарттарға сәйкес салық салудан босатылуға жататын кірістер жөніндегі;
13) кірістер мен шығыстар туралы есепті корпоративтік табыс салығы бойынша декларациямен салыстыра тексеруді;
14) своптар жөніндегі кірістер (залалдар) бойынша. Осы қосымшаның нысаны келісімшарт жасаушы агенттер бөлігінде белгіленуі мүмкін;
15) салық салу объектілері және (немесе) салық салумен, салық міндеттемесімен байланысты объектілер туралы мүлікті сенімгерлік басқарудың құрылтайшылары және (немесе) сенімгерлік басқарудан туындаған өзге де жағдайларда пайда алушылардың бөлігінде;
16) Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде орналасқан резиденттің тұрақты мекемелерінің шегерімдеріне жатқызылатын резиденттің басқару және жалпы әкімшілік шығыстары бойынша;
17) «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексiнiң (Салық кодексiнiң) 58-бабына және (немесе) 448-бабының 4-тармағына сәйкес бөлек есепке алуды жүргiзу көзделген қызмет түрлерi бойынша корпоративтiк табыс салығын есептеу бойынша салық салу объектiлерi және (немесе) салық салумен байланысты объектiлер туралы ақпаратты қамтуы мүмкiн.
3. Салық төлеушілердің жекелеген санаттары бойынша осы баптың 2-тармағында көрсетілген ақпаратқа қосымша корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшалар нысандары мынадай ақпаратты:
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар немесе өнімді бөлу туралы келісімшарттар бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшін:
Кен орындарын өндірудің зардаптарын жою қорына аударымдар жөніндегі;
таза табысты бөлу және әрбір құрылтайшының, қатысушының қатысу үлесін сақтай отырып, резидент заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайтуға жіберілген таза табыс жөніндегі;
салық салу объектілері және (немесе) салық салумен байланысты объектілер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың әрқайсысы бойынша жеке-жеке корпоративтік табыс салығын есептеу жөніндегі;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 308-бабында көзделген салық салу объектілерін және (немесе) салық салумен байланысты объектілерді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша салық сомасын есептеу ерекшеліктері жөніндегі;
табиғи ресурстарды геологиялық зерттеу, барлау және дайындау жұмыстары бойынша шығыстар және жер қойнауын пайдаланушылардың басқа да шығыстары жөніндегі;
2) банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін лицензия негізінде жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ осындай операцияларды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өкілеттіктері шегінде лицензиясыз жүзеге асыратын тұлғалар үшін:
тауарларды өткізу, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету түрлері бөлінісінде тауарларды сатудан, жүмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден түсетін табыстар жөніндегі;
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 106-бабына сәйкес жасалған провизиялардың (резервтердің) көлемін азайтудан түсетін табыстар және шегерімге құқығы бар тұлғалар үшін провизиялар (резервтер) жасау бойынша шығыстары жөніндегі;
жеке тұлғалардың депозиттеріне кепілдік беру жарналары жөніндегі;
3) коммерциялық емес ұйымдар үшін:
өтеусіз алынған (берілген) мүліктер бойынша кірістері мен шығыстары жөніндегі, кіру жарналары жөніндегі, мүшелік жарналар жөніндегі. Осы қосымшаның нысаны өтеусіз мүлік берген және алған немесе кіру жарналарын, мүшелік жарналарды енгізген және алған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
коммерциялық емес ұйымды ұстауға арналған шығыстар жөніндегі;
іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге арналған шығыстар жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
4. Сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдары, өзара сақтандыру қоғамдары үшін корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияға қосымшаның нысандары мынадай:
1) ақтандыру, қайта сақтандыру қызметінен түсетін кірістер жөніндегі;
2) өзге де қызметтен түсетін кірістер жөніндегі;
3)туынды қаржы құралдары бар кірістер (залалдар) жөніндегі;
4) шетел көздерінен алынған кірістер жөніндегі, оның ішінде салық салу жеңілдігі бар елдерден алынған кірістер жөніндегі, сондай-ақ төленген шетел салығы мен оны есептеу сомасы жөніндегі. Бұл қосымша олардан осындай кірістер алынған тұлғалар бөлінісінде белгіленуі мүмкін;
5) резиденттер болып табылмайтын тұлғаларға төленетін, Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістер жөніндегі ақпаратты қамтуы мүмкін.
5. Уәкілетті орган корпоративтік табыс салығының сомалары есеп айырысудың мынадай нысандарын бекітеді:
1) декларация тапсыруға дейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;
2) декларация тапсырғаннан кейінгі кезеңге төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасынан есеп айырысуы;
3) төлем көзінен, резиденттің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;
4) төлем көзінен, резидент еместің табысынан ұсталатын корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы;
5)корпоративтік табыс салығы сомасынан есеп айырысуы.
6.Осы баптың 5-тармағының 1), 2) тармақшаларында көрсетілген есеп айырысу ағымдағы салық кезеңіне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомаларын есептеу үшін арналған және оларды осы Кодексте өздеріне корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдердің сомаларын есептеу және төлеу жөнінде міндеттеме белгіленген салық төлеушілер тапсырады.