«Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 8 сәуірдегі № 492 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 31 қазандағы № 1379 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Заңының 18-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 сәуірдегі
№ 492 қаулысымен
бекітілген
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты
түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен
санатқа жатқызу ережесі
1. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты
түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен
санатқа жатқызу туралы өтініштерді беру мен қарау тәртібі
1. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу үшін пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт, оның ішінде 2009 жылғы 1 қаңтарға дейін жасалған, осы Ереженің 2-тарауында анықталған өлшемдерге сәйкес келетін келісім-шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға (бұдан әрі — уәкілетті орган) өтініш білдіреді.
2. Ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылға жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша осындай күнтізбелік жылдың 1 қарашасынан кеш емес мерзімде беріледі. Өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын тұлға, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған, өткен қаржы жылындағы қаржылық есептіліктің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен аудитті міндетті түрде өткізу белгіленген заңды тұлғалар үшін өткен қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі. Егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілсе, онда өткен қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі беріледі;
3) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы кемінде 90 күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы қаржы жылының өткен кезеңіндегі қаржылық есептілігінің түпнұсқасы немесе нотариалды куәландырылған көшірмесі;
4) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға куәландырған өткен күнтізбелік жылы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
5) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға куәландырған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;
6) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға куәландырған, өтініш берілген күннің алдындағы кемінде 90 күн бұрынғы жағдай бойынша ағымдағы күнтізбелік жылы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;
7) алдыңғы салық кезеңіндегі келісім-шарт бойынша салықтық есептілік (корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (бұдан әрі - КТС) және келісім-шарт бойынша үстеме пайдаға салық (бұдан әрі - ҮПС);
8) КТС бойынша аванстық төлемдердің есептемесі (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдерді төлеуші болса) және КТС мөлшерінің ағымдағы есепті жылға жоспарланған есептемесі;
9) КТС бойынша салық міндеттемелерінің есептемесі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның осы кезеңге осы есептемелерді бюджетке егжей-тегжейлі бекітумен ағымдағы салық кезеңіндегі келісім-шарт бойынша таза табыстың, сату рентабельділігінің есептемесі;
10) келісім-шарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есептемелері үшін пайдаланылған минералдық шикізатқа арналған орташа бағаның негіздемесі;
11) қызметкерлердің саны, олардың отбасыларының құрамы, қызметкерлердің орташа жалақысы, басқа да ақшалай және ақшалай емес төлемдердің, қосымша жеңілдіктердің бар-жоғы және мөлшері туралы мәліметтер және кен орнын игерудің әлеуметтік аспектісіне қатысты өзге де мәліметтер;
12) жер қойнауын пайдаланушының пікірі бойынша өтінішке жатқызылатын өзге де құжаттар.
3. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты алдағы күнтізбелік жылы рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы өтініш ағымдағы күнтізбелік жылдың 30 қыркүйегінен ерте емес, бірақ ағымдағы күнтізбелік жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей беріледі, оған осы Ереженің 2-тармағының 1), 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) және 12) тармақшаларында көрсетілген құжаттардан басқа, мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:
1) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын тұлға куәландырған алдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есептемесі;
2) келісім-шарт бойынша КТС бойынша компанияның салық міндеттемелерінің есептемесі, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның осы кезеңге осы есептемелерді бюджетке егжей-тегжейлі бекітумен алдағы күнтүзбелік жылдағы келісім-шарт бойынша таза табыстың, сату рентабельділігінің есептемесі.
Бұл ретте осы Ереженің 2-тармағының 3), 6) тармақшаларында көрсетілген мәліметтер ағымдағы күнтізбелік жылдың өткен 9 айы үшін беріледі.
4. Уәкілетті орган толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер берілген жағдайда өтінішті қараудан бас тартуға немесе оны қарамай қайтаруға құқылы.
Қажет болған жағдайда уәкілетті орган өтініш берушіден өтініште қамтылған мәліметтерді негіздейтін басқа құжаттар мен есептемелерді сұратуға құқылы.
5. Өтініш келіп түскеннен кейін уәкілетті орган 5 жұмыс күнінен кеш емес мерзімде өтініштің көшірмелерін және оған қоса берілетін құжаттарды мына мәселелер бойынша төменде санамаланған мемлекеттік органдарға:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне - жер қойнауын пайдаланушы ұсынған есептемені тексеру және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жеке ставкаларының нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін;
2) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне - тиісті күнтізбелік жыл ішінде рентабельділік деңгейін есептеу үшін өтініш беруші пайдаланатын минералдық шикізатқа болжамды бағаның негізділігі және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жеке ставкаларының нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша;
3) Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне - заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыс бағдарламаларын (жұмыстардың жылдық бағдарламаларын) және/немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша жобалық шешімдер мен міндеттемелерді ескере отырып, минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар көлемінің негізділігі мәселелері және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жеке ставкаларының нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша;
4) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне - пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жеке ставкаларының нақты мөлшері бойынша ұсыныстарды әзірлеу бойынша;
5) өзге де мемлекеттік органдарға - уәкілетті орган қойған мәселелер бойынша қорытындылар дайындау үшін қарауға жібереді.
Тиісті мемлекеттік органдардың қорытындылары уәкілетті органнан өтініштің көшірмесін алған сәттен бастап 30 күннен кеш емес мерзімде уәкілетті органға берілуі тиіс.
6. Осы Ереженің 5-тармағында көрсетілген мемлекеттік органдардың барлық қорытындыларын алған күннен бастап 5 күннен кеш емес мерзімде уәкілетті орган мемлекеттік органдардың қорытындыларын қоса бере отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, кен орындарын (кен орындарының топтарын, кен орнының бір бөлігін), қоюлығы жоғары, сулы, дебиті аз немесе игерілгендер санатына жатқызу бойынша ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - комиссия) қарауына өтінішті енгізеді.
Комиссия 10 күннен кеш емес мерзімде өтініш пен мемлекеттік органдардың қорытындыларын қарауы және мыналар:
жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу немесе жатқызудан бас тарту туралы;
рентабельділігі төмен келісім-шарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салық ставкасының мөлшері туралы (келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсыныстар әзірленген жағдайда) ұсыныс әзірлеуі тиіс.
7. Комиссия жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу туралы ұсыныс әзірлеген жағдайда уәкілетті орган 10 күн ішінде салық жылы ішінде жер қойнауын пайдаланушының қолдануына жататын пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасының мөлшерін белгілей отырып, жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен келісім-шарттардың тізбесіне енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірлейді және белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
8. Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасы күнтізбелік жылға белгіленеді. Егер пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасы көрсетілген жылдың ішінде белгіленген жағдайда осы жылдың міндеттемелері бойынша күнтізбелік жылдың басынан бері есептелген және төленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық осы Ережеге сәйкес белгіленген ставка бойынша қайта есептеледі.
9. Уәкілетті орган жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту туралы шешімді комиссия әзірлеген ұсыныстарды ескере отырып қабылдайды және бас тартудың себептерін көрсете отырып, 10 күн ішінде жер қойнауын пайдаланушының назарына жеткізеді.
10. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
КТС бойынша салық міндеттемелерінің ұсынылған есептемесінің, сондай-ақ тиісті күнтізбелік жылға арналған келісім-шарт бойынша таза табыс, сатудың рентабельділігі есептемесінің салық заңнамасына, оның ішінде осы Ереженің 2-тарауына сәйкес келмеуі;
жер қойнауын пайдаланушының тиісті күнтізбелік жыл ішінде рентабельділік деңгейін есептеу үшін өтініш беруші пайдаланатын минералдық шикізатқа негізсіз болжамды бағаны қолдануы;
заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген жұмыс бағдарламаларымен (жұмыстардың жылдық бағдарламаларымен) және/немесе жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша жобалық шешімдермен және міндеттемелермен минералдық шикізат өндірудің жоспарланған көлемі мен жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялардың көлемінің едәуір (10 %-дан астам) және негізсіз алшақтауы.
2. Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу өлшемдері
11. Жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт, егер келісім-шарт бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі алдағы күнтізбелік жылдың немесе ағымдағы аяқталмаған күнтізбелік жылдың қорытындылары бойынша жер қойнауын пайдаланушының осы тармақта белгіленген тәртіппен өз бетінше жүргізген есебі бойынша 0 %-ға тең немесе одан аз болған жағдайда рентабельділігі төмен санатқа жатқызылады.
Күнтізбелік жылға пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт бойынша жоспарланатын рентабельділік деңгейін есептеу тиісті кезең ішіндегі пайдалы қазбаларға (минералдық шикізатқа) арналған бағаны қоса алғанда, жер қойнауын пайдаланушының болжамды деректері негізінде және құзыретті орган растаған өндіру көлемінің негізінде жүргізіледі.
Келісім-шарт бойынша жоспарланған рентабельділік деңгейі мына формула бойынша айқындалады:
СРк = ТТк/ЖЖТк * 100%,
мұнда:
СРк - келісім-шарт бойынша сату рентабельділігі;
ТТк - осы бапқа және Салық кодексінің 310-бабының шарттарына сәйкес бекітілген жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген келісім-шарт бойынша таза табыс;
ЖЖТк - Салық кодексінің 310-бабының шарттарына сәйкес бекітілген жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген келісім-шарт бойынша жылдық жиынтық табыс.
Салық кезеңі үшін келісім-шарт бойынша таза табыстың мөлшерін жер қойнауын пайдаланушы мына формула бойынша айқындайды:
ТТк = ССТк-КТСк,
мұнда:
КТСк - Салық кодексінің 310-бабының шарттарына сәйкес бекітілген жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген келісім-шарт бойынша корпоративтік табыс салығы;
ССТк - Салық кодексінің 310-бабының шарттарына сәйкес бекітілген жер қойнауын пайдаланушының әдістемесіне сәйкес есептелген, Салық кодексінің 133-бабында көзделген табыстар мен шығыстардың сомасына азайтылған келісім-шарт бойынша салық салынатын табыс.
Салық салынатын табысты анықтау кезінде салық кезеңі ішінде шегерілген сома қосымша салық міндеттемелері есебінен шегерілген соманы не өсіру табиғи монополиялар субъектілерінің реттелетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді көтерумен байланысты шығыстар есебінен шегерілген соманы көбейтуді қоспағанда, алдыңғы салық кезеңі ішінде шегерілген сомадан аспауы тиіс. Аяқталмаған күнтізбелік жылда минералдық шикізатты өндірудің жоспарланған көлемі алдыңғы жыл деңгейінен 10 %-дан астамға ауытқыған жағдайда шегерім сомасы өндірілетін көлемдегі айырмаға түзетілуі тиіс.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты төмендететін ставка өндірілетін минералдық шикізатқа, пайдалы қазбаларға бағаны өсіруге/ төмендетуге байланысты шәкіл бойынша белгіленеді.
Бұл ретте пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ең төменгі ставкасы жоспарлы өндіру көлемін ескере отырып және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жеке ставкасы белгіленетін ағымдағы күнтізбелік жылдың бағасы бойынша 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған редакцияда жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттың талаптарымен белгіленген салық салу базасы және ставкасы бойынша есептелген роялти сомасының абсолюттік мәніне тең сомада пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жер қойнауын пайдаланушының бюджетке төлеуін қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленуі тиіс.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ең төменгі ставкасын есептеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) тиісті күнтізбелік жылға жоспарланатын өндіру көлемін ескере отырып, 2008 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қолданыста болған жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт талаптарына сәйкес (салық салу объектісі, роялти ставкасы, тиісті күнтізбелік жылға салық салу базасы) жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуге жататын роялти сомасы анықталады;
2) 1) тармақшаға сәйкес есептелген роялти сомасы абсолюттік мәнде осы тармаққа сәйкес есептелген келісім-шарттың рентабельділігі 0 %-дан аз болған жағдайда, жер қойнауын пайдаланушы бюджетке төлеуі тиіс пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық сомасын құрайды;
3) рентабельділігі төмен санатқа жатқызылған келісім-шарт бойынша жер қойнауын пайдаланушы үшін белгіленетін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ең төменгі ставкасы Салық кодексінде белгіленген тәртіппен есептелген пайдалы қазбаның тиісті түрі (пайдалы қазбалардың тиісті түрлері) бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша салық салу базасына осы Ереженің 1) тармақшасына сәйкес есептелген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың сомасына қатынасы ретінде белгіленеді.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ең жоғарғы ставкасы Салық кодексінде пайдалы қазбаның тиісті түріне (минералдық шикізат) белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ставкасына сәйкес болуы тиіс.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ставкалары арасындағы өсу (төмендеу) аралығы келісім-шарт рентабельділігінің 0 % деңгейін қамтамасыз етуі тиіс.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасының шәкілі пайдалы қазбаның (минералдық шикізаттың) тиісті түріне бағаның өсуіне байланысты белгіленеді. Бұл ретте ставкалар аралығы (адымы) Салық кодексі бойынша белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкасының және пайдалы қазбаларды өндіру салығының ең төменгі ставкасының 1/5 айырмасын құрауы тиіс.
Пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық ставкаларының ең төменгі және ең жоғарғы мөлшері, сондай-ақ олардың аралығы (адымы) жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісім-шарт үшін жеке белгіленеді.
Жер қойнауын пайдаланушы күнтізбелік жыл ішінде пайдалы қазбаның (минералдық шикізаттың) тиісті түріне шәкілмен белгіленген нақты баға деңгейіне байланысты ставкалардың бірін қолдана отырып, пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты төлеуді жүргізеді.
Салық кодексінің 338-бабында белгіленген тәртіппен айқындалатын, Лондон металдар биржасында тіркелген бағаның ресми белгіленімі бар пайдалы қазбаларға арналған баға салық кезеңі үшін осындай пайдалы қазбалардың орташа биржалық бағасын ескере отырып белгіленеді.
Минералдық шикізаттың өтелген қорларының салық салынатын көлемдерінде бар пайдалы қазбалардың басқа түрлері бойынша баға Салық кодексінің 341-бабында белгіленген тәртіппен анықталады.
Пайдалы қазбалардың бірнеше түрлерін бір мезгілде өндіруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарттар үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың төмендетілген ставкасы өндірілетін немесе сатылатын пайдалы қазбалардың орташа өлшемді бағасының өсуіне (төмендеуіне) қарай шәкіл бойынша белгіленеді.
Бастапқы өңдеуден (байытудан) өткен өндірілген минералдық шикізатты кейіннен өңдеу үшін басқа заңды тұлғаға (жеке меншік құқығына ауысусыз) және (немесе) құрылымдық немесе бір заңды тұлға шеңберінде өзге технологиялық бөлімшеге беруші жер қойнауын пайдаланушы келісім-шарт бойынша рентабельділіктің жоспарланған деңгейін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ставкаларын белгілеу бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен белгіленген формула бойынша анықтайды.
12. Осы Ереженің 11-тармағына сәйкес белгіленген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың ставкасын қолданған салық төлеуші тиісті салық жылының 4-тоқсаннан кейінгі 2-ші айдың 20-күнінен кеш емес мерзімде Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 45-тарауында белгіленген тиісті ставканы қолдана отырып, нақты деректер негізінде рентабельділік көрсеткіштеріне есеп жүргізеді.
Егер келісім-шарт бойынша жүргізілген есептің нәтижелері бойынша осы Ереженің 11-тармағында белгіленген рентабельділік мәндері асып кетсе, салық төлеуші бүкіл салық жылына жалпыға белгіленген ставкалар негізінде пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық міндеттерін қайта есептейді және алынған мәндерді пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бойынша қосымша декларацияда көрсетеді. Осы декларацияда көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық сомасы салық жылының 4-тоқсанының салық міндеттемесі болып табылады және жалпыға белгіленген тәртіппен төлеуге жатады.
Пайдалы қазбалардың кең
таралғандарын қоспағанда,
қатты түрлерінің кен орындарын
игеруді көздейтін жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты
рентабельділігі төмен санатқа
жатқызу ережесіне қосымша
Пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты
түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын
пайдалануға арналған келісім-шартты рентабельділігі төмен
санатқа жатқызу туралы
ӨТІНІШ
1. Жер қойнауын пайдаланушының (заңды тұлғаның) толық атауы не Т.А.Ә. (жеке тұлғаның): _____________________________________.
2. Орналасқан жері (почталық мекен-жайы): ________________________________________________________________________________
3. Салық төлеушінің тіркеу нөмірі __________________________________________________________________________________________
4. Шеңберінде пайдалы қазбаларды өндіру жүзеге асырылатын және пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерінің кен орындарын игеруді көздейтін жер қойнауын пайдалануға арналғанкелісім-шартты рентабельділігі төмен санатқа жатқызу тәртібін қолдану болжанатын жер қойнауын пайдалануға арналған келісім-шарт:
4.1. Келісім-шарттың толық атауы, келісім-шарттың тараптары, келісім-шартты жасасу күні: _______________________________________;
4.2. Құзыретті органда келісім-шартты тіркеу күні және нөмірі:_________________________________________________________________;
4.3. Келісім-шарттың (кен орнының) атауы: ________________________________________________________________________________;
4.4. Келісім-шарт аумағының (кен орнының) орналасқан жері _________________________________________________________________;
4.5. Өндірілетін пайдалы қазбаның түрі ____________________________________________________________________________________.
5. Өтініш беру негіздемесі ________________________________________________________________________________________________.
6. Байланыс жасайтын тұлға (Т.А.Ә, лауазымы, телефоны): ___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________.
Қосымшалар:
___________________
___________________
___________________
Басшының Т.А.Ә., лауазымы ___________________
М.О.
Өтінішті беру күні: 20___ ж. «___»___________