айырбасталатын бағалы қағаздар (айырбасталатын облигациялар және артықшылықты акциялар);
осы тармақтың үшiншi және төртiншi абзацтарында көрсетiлген базистiк активi бағалы қағаздар болып табылатын туынды қаржы құралдары немесе аталған бағалы қағаздардың индексi.
25-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
25. Айрықша тәуекел және жалпы тәуекел есебi Қазақстан Республикасының сауда-саттықты ұйымдастырушысының немесе халықаралық қор биржалары танып отырған сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйесiнде сатылатын акциялар индексiмен немесе акциялардың рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде анықталады.
Акциялардың рыноктық құнының немесе акциялар индексiнiң өзгеруiне байланысты қаржы құралының ашық (ұзын немесе қысқа) позициясымен есептесу кезiнде базистiк активi белгiлi бiр акциялар немесе акцияларға арналған белгiлi бiр индекстер болып табылатын қаржы құралдары базистiк активтердiң рыноктық құнына қайта саналады, оның iшiнде:
базистiк активi акциялар болып табылатын фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттар аталған фьючерстiк және форвардтық келісім-шарттардың рыноктық құны бойынша көрсетiледi;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын фьючерстiк келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны бойынша қайта саналады;
базистiк активi акциялар индексi болып табылатын своптық келісім-шарттар индекс құрамына кiретiн акциялардың рыноктық құны сомасына қайта саналған позицияны бiлдiретiнiн ескере отырып, базистiк активтердiң аталған позициясына сәйкес рыноктық құн бойынша қайта саналған ұзын және қысқа позициялар комбинациясы ретiнде қаралады;
базистiк активi акциялар немесе акциялар индексi болып табылатын опциондық келісім-шарттар есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнi үшiн олардың рыноктық құны мөлшеріндегі акциялардың жалпы тәуекелi есебiмен енгiзiледi.
Белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция белгiлi акциялар немесе белгiлi акциялар индексiнiң рыноктық құнының өзгеруiне байланысты қаржы құралдары сомасының арасындағы айырманы, оның iшiнде белгiлi акцияларды сатуды немесе акциялардың белгiлi бiр индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыруды талап етiп отырған және белгiлi бiр акцияларға немесе акциялардың белгiлi бiр индекстерiне рыноктық бағаның өзгеруiне байланысты қаржы құралдарының сомасын, оның iшiнде белгiлi бiр акцияларды сатуға немесе акциялардың белгiлi бiр индексi бойынша төлемдердi жүзеге асыру жөнiнде өзiне мiндеттеме алуды бiлдiредi.
26-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен 26-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда
26. Акциялардың нарықтық құны немесе акциялар индексi өзгеруіне байланысты қаржы құралдарының нарықтық тәуекелi бар айрықша тәуекелi 0,12-ге тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) айрықша тәуекел коэффициентi бойынша сараланған аталған қаржы құралдары бойынша ашық (ұзын және қысқа) позициялар сомасын білдіреді.
27-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен 27-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 27-тармақ жаңа редакцияда
27. Жалпы тәуекел белгiлi бiр акциялар немесе акциялардың белгiлi бiр индексiнiң нарықтық құны өзгеруіне байланысты нарықтық тәуекелi бар қаржы құралдары бойынша ұзын позициясы мен қысқа позициясы арасындағы айырмасы 0,12-ге тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) жалпы тәуекел коэффициентің жасайтынын бiлдiредi.
28-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 28-тармақ өзгертілді
28. Шетелдiк валюталарының айырбастау бағамы (қымбат металдардың нарықтық құны) өзгеруiне байланысты активтердiң, шартты және ықтимал талаптар мен мiндеттемелер бойынша тәуекел есебi мына сомалардың бiрi мейлiнше мәндi болатын 0,12-гe тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10-ға тең коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициентi пайдаланылады) валюталық тәуекел коэффициентiн жасайтынын бiлдiредi:
әрбір шетел валютасы бойынша ашық қысқа позициялар (абсолюттік мәнде) және қымбат металдар бойынша ашық (ұзақ/қысқа) позициялар (абсолюттік мәнде);
әрбір шетел валютасы бойынша ашық ұзақ позициялар (абсолюттік мәнде) және қымбат металдар бойынша ашық (ұзақ/қысқа) позициялар (абсолюттік мәнде).
Әрбiр шетелдiк валюта бойынша ашық валюталық позиция осы Нұсқаулықтың 47-тармағына сәйкес есептеледi.
29-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
29. Әрбiр шетелдiк валюта (қымбат металл) бойынша ашық (ұзын немесе қысқа) позиция есебiне активтердiң, шартты және мүмкiн талап етулер мен шетел валютасы (қымбат металл) бойынша көрсетiлген немесе белгiленген мiндеттемелер енгiзiледi, оның iшiнде:
шетел валютасымен есептелген сыйақыны қосқандағы шетел валютасымен (қымбат металл) көрсетiлген (белгiленген) активтер мен мiндеттемелердiң рыноктық (әдiл) құны арасындағы айырма;
форвард немесе фьючерс және опцион операциялары бойынша алынған және төленген шетел валютасының (қымбат металл) мөлшерлерi арасындағы айырма;
шетел валютасымен көрсетiлiп (белгiленiп) алынған және берiлген кепiлдiктер арасындағы айырма.
Аталған айырмалардың оң мәндерi шетел валютасы (қымбат металл) бойынша ашық ұзын позицияларды, ашық терiс мәндер - шетел валютасы (қымбат металл) бойынша қысқа позицияларды көрсетедi.
Шетел валютасын немесе қымбат металдарды сатуға арналған форвард операциялары есептi кезеңнiң соңғы жұмыс күнiнде пайда болған базалық активтiң рыноктық бағасына форвард операцияларының базалық активiнiң көлемiн жасау үшiн есептелген айырбасталатын мөлшердегi ашық валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
30-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа ендi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
30. Шетелдік валюталардың айырбас бағамының (қымбат металдардың рыноктық құны) өзгеруіне байланысты, активтер, шартты және ықтимал талаптар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілетті органмен белгіленген талаптар мен тәртіпке сәйкес ашық валюта позициялары бойынша қалыптастырылған провизияларды шегеріп, ашық валюта позициясының есебіне енгізіледі.
31-тармақ 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.28.01. № 18 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.27.02 № 31 қаулысымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.30.04. № 58 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 31-тармақ өзгертілді
31. Операциялық тәуекел соңғы өткен үш жыл iшіндегі жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерiн құрайтын 0,12-гe тең (банктiк холдинг не бас банк қатысушысы болып табылатын банк үшін, орналастырылған акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі банк үшін 0,10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 0,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) операциялық тәуекел коэффициентiн 8,3-ке тең (банктiк холдинг қатысушысы болып табылатын банк немесе тізбесі мен барынша төмен талап етілетін рейтингі № 55 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірінің белгілі рейтингі бар бас банк немесе акцияларын «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-2-бабында көзделген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі не ұлттық басқарушы холдинг сатып алған банк үшін 10 коэффициентi пайдаланылады, жеке тұлға - ірі қатысушысы жоқ банк үшін 7,14-ке тең коэффициент пайдаланылады) көрсету коэффициентi бойынша жасайтын болып есептеледi.
Соңғы өткен үш жыл iшіндегі жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерi әр жылғы банктiң таза кiрiс алған жылдар саны бойынша соңғы үш жылдағы жылдық жалпы кiрiс сомасына қатыстылығы бойынша есептеледi.
Жаңадан құрылған банктер үшiн операциялық тәуекел қаржы жылының аяқталуы бойынша есептеледi және жылдық жалпы кiрiстiң орташа мөлшерi өткен жылдар санын негiзге ала отырып есептеледi.
Жылдық жалпы кiрiс былайша анықталады:
салық салынғанға дейiнгi жылдық таза кiрiс сомасы, провизияларды (резервтердi) қалыптастыруға арналған қаржыны бөлудiң жылдық мөлшерi және жұмсалған төтенше шығыстар мөлшерi;
банктiң төтенше кiрiстерiн алып тастау.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 ж. 28 сәуірдегі № 58 қаулысымен 2- 1-тараумен толықтырылды
2-1-тарау. Секьюритилендіру барысында меншікті капитал жеткіліктілігі коэффициентін есептеудің ерекшелігі
31-1. Оригинатор банк (бұдан әрі - оригинатор) Базель II: Капиталды және капитал стандарттарын өлшеудің халықаралық конвергенциясы: жаңа тәсілдер (2006 ж. маусым), шектеулі тәсіліне сәйкес меншікті капиталды есептеуге секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланады, егер секьюритилендіру мәмілесін жүзеге асыру нәтижесінде елеулі кредиттік тәуекел үшінші тарапқа берілсе, бұл ретте секьюритилендірілген активтер кредиттік тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген (бұдан әрі - секьюритилендірудің шектеулі тәсілі) оригинатор активтерінің есебінен алынып тасталуы мүмкін.
Секьюритилендіру мәмілелерінде қатысатын және оригинатор болып табылмайтын банктер осы мәміледе олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын кредиттік тәуекелдер дәрежесі бойынша мөлшерленгенді есептеу барысында осы Нұсқаулыққа сәйкес секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданады.
31-2. Банктер меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдану үшін оригинатор уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Нұсқаулықтың 12-қосымшасына сәйкес сауалнама;
2) секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолданудың мақсатқа лайықтылығын айқындауға жауапты, банктің Басқармасы құрамынан тұлғаларды айқындайтын құжат;
3) шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын шетелдік арнайы қаржы компанияларымен секьюритилендірудің трансшекаралық мәмілелері үшін бағалы қағаздар шығарылымы (не облигациялық бағдарлама) проспектісінің көшірмесі не
«Секьюритилендіру туралы» 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын секьюритилендіру мәмілелері үшін облигациялық бағдарламаны (не облигациялық бағдарлама шегіндегі облигациялар шығарылымы) мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
4) осы Нұсқаулықтың 13-қосымшасына сәйкес секьюритилендіруді ескере отырып және секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті туралы мәліметтер.
31-3. Егер қандай да бір ұсынылатын құжаттар шет тілінде әзірленсе, онда оның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасы ұсынылады.
31-4. Ұсынылған құжаттарды уәкілетті орган оларды алған күннен бастап он бес күнтізбелік күн ішінде қарайды.
31-5. осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағымен көзделген құжаттарды қарағаннан кейін уәкілетті орган меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін банктердің қолдануына растау беру не бас тарту туралы шешімді қабылдайды және жазбаша нысанда бұл туралы оригинаторға хабарлайды.
Банктердің меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін қолдануға растау мынадай жағдайда берілмейді:
1) осы Нұсқаулықтың 31-2-тармағына сәйкес құжаттардың толық пакетін ұсынбаса;
2) осы Нұсқаулықтың 31-7, 31-9-тармақтарының талаптарына сәйкес келмесе.
31-6. Оригинатор тәуекелді берудің қажеттілігін айқындау мақсатында мыналарды жүзеге асырады:
1) секьюритилендіруді ескерместен меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді;
2) секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффицентін есептеуді.
31-7. Тәуекелді беру маңызды болып табылады, егер:
1) секьюритилендіруді ескере отырып меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіруі ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен артық болса;
2) банк конглемератының мүшелері болып табылмайтын, оригинатор тиесілі үшінші тарап, секьюритилендірілген активтермен қамтамасыз етілген транштың 10 процентінен кем емесін ұстап қалады.
Меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициенті үтірден кейін үш белгісі бар санмен көрсетіледі.
31-8. Егер секьюритилендіруді ескере отырып, меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәні секьюритилендіру ескерілмеген меншікті капитал К2 жеткiлiктiлiк коэффициентінің мәнінен аз болса, тәуекел берілмейді. Бұл жағдайда, оригинатор меншікті капиталды есептеу барысында секьюритилендірудің шектеулі тәсілін пайдаланбайды және секьюритилендіруді ескерместен тиісінше тәуекелдердің мөлшерленген шамасын есептейді. Бұл ретте оригинатор меншікті капиталдан олардың ұстанатын секьюритилендіру позицияларын шегермейді және/немесе меншікті капиталдың жеткіліктілігі коэффициентін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелі дәрежесі бойынша осындай позицияларды мөлшерлемейді.
31-9. Оригинатор мынадай талаптарды орындау барысындағы активтердің кредиттік тәуекелдерінің дәрежесі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритилендірілген активтерді алып тастайды:
1) секьюритилендірілген активтермен байланысты елеулі кредиттік тәуекел үшінші тараптармен ауыстырылған болатын;
2) секьюритилендіру мәмілесі бойынша құжаттар мәміленің экономикалық мәнін көрсетеді;
3) арнайы қаржы компаниясы секьюритирлендірілген активтер бойынша төлемдерді борышқорлардың төлемеуімен байланысты барлық тәуекелдерді көтереді, оның ішінде және оригинатордың (төлем қабілеттсіздігі) банкроттығы жағдайында;
4) осы Нұсқаулықпен көзделген жағдайларды қоспағанда, оригинатор мыналарды орындауға тиіс емес:
арнайы қаржы компаниясындағы дауыс беру құқығы бар акцияларды не жарғылық капиталға қатысудың тура немесе жанама үлесін иеленуге;
арнайы қаржы компаниясындағы директорлар кеңесі немесе басқарма мүшелерінің басым көпшілігін тағайындауға немесе сайлауға;
шартпен немесе өзге тәсілмен арнайы қаржы компаниясының шешімдерін айқындауға;
секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттар немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, арнайы қаржы компаниясынан секьюритилендірілген активтерді сатып алу бойынша өзіне қандай да бір міндеттемелерді қабылдауға;
секьюритилендіру мәмілесіне қатысты тиісінше шарттарда немесе құжаттарда көзделгендерден басқа, секьюритилендірілген активтерге қатысты қандай да бір тәуекелдерді ұстап қалу бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдауға;
арнайы қаржы компаниясының секьюритилендірілген активтерді бергеннен кейін секьюритирлендірумен және арнайы қаржы компаниясы қызметімен байланысты шығыстарды көтеруге;
арнайы қаржы компаниясына қандай да бір нысанда жанама қолдау көрсетуге. Сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғаларға жанама қолдау көрсетуге жол берілмейді.
Оригинатор, сондай-ақ оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар арнайы қаржы компаниясына ақшалай түрдегі талаптар (бұдан әрі-кредиттік қамтамасыз ету) бойынша көмекті не осындай қолдау ұсыну секьюритилендіру мәмілесіне қатысты сәйкесінше шарттармен немесе құжаттармен көзделмеген жағдайларда, өзге қолдауды көрсеткенде жанама қолдау туындайды.
Оригинатор немесе оригинатормен айрықша қатынастармен байланысты тұлғалар секьюритилендірудің кейінгі мәмілелерін жасау барысында арнайы қаржы компаниясына жанама қолдау көрсету фактілері анықталған жағдайда, оригинатор секьюритилендірілген активтер бойынша капиталға қойылатын талаптарды төмендету мүмкіндігінен айырылады;
5) арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар
оригинатордың төлем міндеттемелерін білдірмейді;
6) тәуекелдер берілетін тарап секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру үшін құрылған арнайы қаржы компаниясы болып табылады;
7) егер, секьюритирлендіру мәмілесінде кері сатып алу опционы көзделсе, онда мынадай барлық талаптар орындалады:
кері сатып алу опционы оригинатордың қарауымен ғана іске асырылады;
кері сатып алу опционы секьюритирлендірілген активтер бойынша өтелмеген негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері не шығарылған бағалы қағазар бойынша негізгі міндеттемелердің жалпы мөлшері 10 процент мәніне жеткен және олардың бастапқы мөлшерінен төмен болған жағдайда ғана іске асырылуы мүмкін;
кері сатып алу опционы секьюритирлендіру позициясының кредиттік сапасын жақсарту мақсатында құрылымдалмауы мүмкін;
8) оригинатор секьюритилендірілген активтерді сатып алуы не оларды жиынтығымен мынадай талаптарды сақтағанда басқа активтерге ауыстыруы мүмкін:
секьюритилендірілген активтерді олардың әділ нарықтық құнынан аспайтын құн бойынша сатып алынады;
сатып алынатын секьюритилендірілген активтердің міндеттемелері жоқ, олар бойынша тиісінше міндетті тараптың дефолты орын алды, әділ нарықтық құн бойынша сатып алынатын активтерді қоспағанда;
ауыстырылатын секьюритилендірілген активтерде тиісінше (ұқсас) классификациялық санат болуы тиіс.
Оригинатор секьюритирлендірілген активтерге қызмет көрсету бойынша қызметтер көрсетуі, сондай-ақ секьюритирлендірілген активтерге қатысты өтімділік құралдарын ұсынуы мүмкін, бұл құралдар осы Нұсқаулықтың 31-15-тармағында белгіленген талаптарды қанағаттандырған жағдайда.
31-10. Оригинатор тәуекелді беру қажеттілігі жағдайында банк конгломератының меншікті капиталының жеткіліктілігі коэффиценттерін есептеу барысында активтердің кредиттік тәуекелдері деңгейі бойынша мөлшерленген есептеулерден секьюритирленген активтерді алып тастайды.
31-11. Меншікті капиталдан банк ұстанатын және Standard&Poor's агенттігінің «ВВ-» төмен борыштық рейтингі немесе басқа рейтингттік агенттіктерінің бірінің осындай деңгейдегі рейтингі не Standard & Poor's ұлттық шәкілі бойынша «kzBB» төмен рейтингтік бағасы немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің ұлттық шәкілі бойынша осындай деңгейдегі рейтингі бар не тиісінше рейтингттік бағасы жоқ секьюритирлендіру позициялары шегерілуге жатады, осы Нұсқаулықтың 31-13-тармағында санамаланған талаптарға сәйкес келетін позицияларды қоспағанда.
Шегерім бірінші деңгейдегі капиталдан елу процент және екінші
деңгейдегі капиталдан елу процент мөлшерінде бөлінуі тиіс. Шегерілетін
позициялар олар бойынша құрылған арнаулы резервтер (провизиялар) бойынша құрылған сомаға кемиді.
31-12.Секьюритилендіру позициялары - бұл секьюритилендіру мәмілесіндегі тәуекелдер және ол секьюритилендіру мәмілесімен
байланысты банкте туындайтын баланстық және баланстан тыс активтерді, шартты және ықтимал міндеттемелерді білдіреді. Секьюритилендіру позицияларына позицияның кредиттік сапасы негізінде тәуекелдің (тәуекелдің салмақтық коэффициенті) тиісінше деңгейі берілуі тиіс, ол осы Нұсқаулыққа сәйкес кредиттік рейтинг негізінде анықталуы мүмкін. Мұндай позицияларға оригинатордың арнайы қаржы компаниясына ұсынатын заемдары жатады; арнайы қаржы компаниясына қатысты оригинатордың шартты және мүмкін талаптары мен міндеттемелері; банктің арнайы қаржы компаниясының бағалы қағаздарын сатып алуы; ұсынылатын кредиттік қамтамасыз ету (credit enhancements); өтімділік құралдары; проценттік немесе валюталық своптар; кредиттік деривативтер; резервтік шоттар (ақшамен қамтамасыз ету шоты) үшін қаражаттарды ұсыну және басқалар. Секьюритилендіру позициясына аталған компанияның банктік шоттарын ашу сияқты банктің арнайы қаржы компаниясына банктік қызмет көрсетулерді ұсынуына байланысты туындайтын, арнайы қаржы компаниясына қатысты банктің активтері, шартты және мүмкін міндеттемелері енгізілмейді. Бұл ретте:
1) секьюритилендіру мәмілесінде түрлі транш бойынша тәуекелдердің болғанда, әрбір транш бойынша тәуекел секьюритилендірудің жеке позициясы сияқты мөлшерленеді;
2) секьюритилендіру позициялары бойынша кредиттік қамтамасыз етуді ұсынатын тұлғалар секьюритилендіру позицияларын ұстап қалатын тараптар ретінде қарастырылады;
3) сыйақы ставкаларын және валюта бағамдарын өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары бойынша позициялармен байланысты тәуекелдер секьюритилендіру мәмілесіндегі жекелеген позициялар сияқты мөлшерленеді;
4) баланста ұсталынатын секьюритилендіру мәмілесіндегі позиция тәуекелінің шамасы өзінің баланстық құнына тең;
5) секьюритилендіру мәмілесіндегі баланстан тыс позиция тәуекелінің шамасы конверсиялық факторға көбейтілген өзінің номиналдық құны 100 процентке тең, егер өзгесі осы Нұсқаулықпен белгіленбесе.
31-13. Кредиттік рейтингі жоқ секьюритилендіру позициясы тәуекелінің орташа алынған шамасын есептеу үшін банк осындай позицияға түсінілетін рейтингті қолдануы мүмкін.
Болжанатын рейтинг мынадай тәртіппен қолданылады:
1) кредиттік рейтингі бар секьюритилендіру позициясының ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланылады, ол рейтингі жоқ, секьюритилендіру позициясының реттелу деңгейі бойынша тең болып табылады, немесе
2) егер, рейтингі бар позициялардың ешқайсысы, рейтингі жоқ позициямен реттелу деңгейіне тең келмесе, секьюритилендіру позициясының (осындай бар болса) реттелу деңгейі бойынша ең жоғары ағымдағы кредиттік рейтингі пайдаланады, ол рейтингі жоқ осындай позицияға реттелу деңгейі бойынша кемдеу болып табылады.
Болжанатын рейтингті пайдалану барысында кредиттік рейтингі бар секьюритилендірудің барлық позициясы ескеріледі.
31-14. Егер, секьюритилендіру барысында арнайы қаржы компаниясымен шығарылған бағалы қағаздар (бұдан әрі-өтімділік құралдары) бойынша инвесторларға секьюритилендірілген активтер және төлем мерзімдері бойынша қаражаттарды алу мерзімдері арасындағы ықтимал сәйкессіздіктерді жабу үшін банк қаржыландыруды ұсыну мақсатында арнайы қаржы компаниясымен шарттық қатынастарға түсетін болса, онда бір жылға дейін қоса алғанда бастапқы өтеу мерзімімен өтімділік құралдарының мөлшерінің 20 процентіне тең конверсиялық фактор немесе егер құралдың бір жылдан астам бастапқы өтеу мерзімі болса, 50 процентке тең конверсиялық фактор пайдаланылады.
31-15. Өтімділік құралдары - секьюритилендірілген активтердің өтімділігін көтеруге мүмкіндік беретін шаралар. Өтімділік құралдары мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:
1) өтімділік құралының шарттары оны пайдалануы мүмкін жағдайларда міндеттемелерді нақты айқындауы және шектеуі тиіс. Өтімділік құралы аясында қаражаттарды алу мүмкіндігі секьюритилендірілген активтерді иеліктен алу нәтижесінде толығымен өтелуі толығымен мүмкін сомамен шектелуі тиіс және кез келген қосымша кредиттік қамтамасыз ету, ол бойынша төлемдер өтімділік құралы бойынша төлемдерге қатынасы бойынша реттелген.
2) құралды пайдалану сәтінде келтіріліп қойған шығындарды өтеу арқылы кредиттік сапаны қамтамасыз ету үшін өтімділік құралы пайдаланылмауы мүмкін, құралды пайдалану сәтінде дефолт болып өткен тәуекелдерге қатысты өтімділікті ұсыну арқылы немесе олардың әділ құнынан жоғары баға бойынша активтерді сатып алу арқылы;
3) өтімділік құралы секьюритилендіруді тұрақты немесе тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін пайдаланылмауы мүмкін;
4) өтімділік құралын пайдалану барысында алынған қаражаттарды өтеу, сыйақы ставкасын және валюта бағамдарын, сыйақыларды, комиссияларды және секьюритилендіру мәмілесін орындауды қамтамасыз етуді ұсынған тұлғаларға тиесілі басқа ұқсас төлемдерді өзгерту тәуекелдерін хеджирлеу мақсатында жасалған туынды қаржы құралдары негізінде туындайтын талаптарды қоспағанда, инвесторларға қойылатын талаптарға қатынасы бойынша реттелмеуі тиіс. Қаражаттарды өтеу өзгермеуі немесе мерзімі ұзартылмауы мүмкін;
5) өтімділік құралы қосымша кредиттік қамтамасыз ету пайдаланылғаннан кейін пайдаланыла алмайды, ол осындай құралға қатынасы бойынша реттелген болып табылады;
6) өтімділік құралында дефолт болған тәуекелдердің шамасына
құралдарды пайдалану барысында алынуы мүмкін қаражаттар сомасын автоматты түрде кеміту туралы шарт немесе секьюритилендірілген тәуекелдердің жиынтығы рейтингі бар құралдардан тұрған жағдайда, егер жиынтықтың орташа сапасы инвестициялық деңгейден төмен түсірілсе, құралды пайдалануды тоқтату туралы шарт болуы тиіс.
31-16. Секьюритилендірілген активтерге қызмет көрсететін және өтімділік құралын беретін банк барлық төмендегі жағдайларды сақтаған жағдайда 0 процентке тең конверсиялық факторды пайдаланады:
1) қаражаттарды беру туралы келісімге сәйкес банктің қаражатты толық өтеуге сөзсіз құқығы бар;
2) банктің талап ету құқығы секьюритирленген активтерден алынған қаражаттарға қатысты қойылатын барлық талаптарға қатынасы бойынша реттелген деңгейі бойынша аса жоғары болып табылады;