1. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн бұзу мыналар болып табылады:
жазбаша ескертуден кейiн дәлелдi себептерсiз қылмыстық-атқару инспекциясына келмеу;
жазбаша ескертуден кейiн осы Кодексте белгiленген мiндеттердi бұзу;
жұмысқа келмеуi немесе мас күйiнде немесе нашақорлық не уытқұмарлық масаң күйде келу.
2. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн бұзғаны үшiн сотталушыларға түзеу жұмыстарын жазаның басқа түрiмен ауыстыру туралы жазбаша ескерту түріндегі жаза қолданылуы мүмкiн.
3. Осы баптың 1-тармағында аталғандардың кез келгенiн бұзғаны үшiн жазбаша ескерту хабарланған соң түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеудiң тәртібі мен ережелерiн қайталап бұзуға жол берген, сондай-ақ тұратын жерiнен жасырынған, жүрген жерi белгiсiз адам түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы деп танылады.
4. Түзеу жұмыстары түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталғандар жөнiнде қылмыстық-атқару инспекциясы сотқа Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 43-бабының төртiншi бөлiгiне сәйкес түзеу жұмыстарын жазаның басқа түрлерiмен ауыстыру туралы ұсыныс жасайды.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен 8-тарау жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
8-тарау. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны атқарудың
тәртібі мен шарттары
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiледi) 43-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
43-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу орны
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар жазаны оларға қадағалауды қылмыстық-атқару инспекцияларының жүзеге асыруы жағдайында тұратын жері бойынша өтейді.
2. Аудандардың (қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары қылмыстық-атқару инспекцияларына бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбекке орналастырылып, тұрмыстық жайластырылуына жәрдемдесуге міндетті.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 44-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
44-бап. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдарды жазасын өтеу орнына жіберу
1. Бас бостандығынан айырудың өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеу түріндегі жазаға ауыстырылған сотталған адамдар күзетте ұстаудан босатылады және жазасын өтеу орнына мемлекет есебінен өздері барады. Түзеу мекемесінің әкімшілігі сотталған адамға оны есепке қою үшін қылмыстық-атқару инспекциясына бару бағыты мен уақытын көрсете отырып, жазаны өтеу орнына бару туралы нұсқама береді.
2. Сотталған адам жазасын өтеу орнына белгіленген мерзімде бармаған кезде қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотталған адамның орналасқан жері анықталмаса, сотқа іздестіру жариялау туралы ұсыныс енгізеді.
3. 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімін есептеу
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның мерзімі қылмыстық-атқару инспекциясының үкімді орындауға қабылдаған кезінен бастап есептеледі.
2. Сотталған адамның жұмыста немесе тұрғылықты жерінде бір тәуліктен артық өз бетімен болмаған уақыты жаза мерзіміне есептелмейді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
46-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібі
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтейтін адамдар қадағалауда болады және:
қылмыстық-атқару инспекцияларының Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің нормативтік құқықтық актілерімен бекітілген жазаны өтеудің тәртібі мен шарттарынан туындайтын талаптарды орындауға;
қылмыстық-атқару инспекциясының рұқсатынсыз жұмыс, оқу орнын және тұрғылықты жерін ауыстырмауға;
оқудан жәңе жұмыстан бос уақытта тұратын жерінде болуға;
қылмыстық-атқару инспекциясы белгілеген мерзімде тіркелу және тәрбиелік іс-шаралар өткізуге қатысу үшін қылмыстық-атқару инспекциясына келуге;
жұмыс немесе оқу кестесінің өзгеруі туралы қылмыстық-атқару инспекциясын жиырма төрт сағат ішінде хабардар етуге;
жеке басын куәландыратын құжатты өзімен бірге алып жүруге міндетті.
2. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші сотталған адамдарға жазаны өтеу орны бойынша облыс шегінде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқуға рұқсат етіледі. Сотталған адам қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен өзге жерде орналасқан жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқи алады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 47 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
47-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдардың еңбек жағдайлары
1. Бас бостандығын шектеуге сотталған адамдардың еңбегі, осы Кодекспен белгіленген ережелерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі.
2. Сотталған адамды басқа жұмысқа, оның ішінде басқа жерге ауыстыру қылмыстық-атқару инспекциясының келісімімен жүзеге асырылады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 48 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
48-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысы
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдармен тәрбие жұмысын жүргізеді.
2. Сотталған адамдардың тәрбиелік сипатта жүргізілетін іс-шараларға белсенді қатысуы көтермеленеді және түзелу деңгейін анықтаған кезде ескеріледі.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап өзгертілді
49-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын көтермелеу шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазаны өтеудің белгіленген тәртібін адал орындағаны үшін сотталған адамдарға мынаДай көтермелеу шараларын:
алғыс жариялау;
бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бүрын алу;
демалыс және мереке күндерін тұратын жерінің шегінен тыс жерлерде өткізуге рұқсат беру;
демалысын тұратын жерінің шегінен шығып өткізуге рүқсат беру шараларын қолдана алады.
2. Тәрбиелік іс-шараларға белсенді қатысатын және жәбірленушінің денсаулығына, мүлкіне келтірген залалды және мемлекетке келтірген материалдық залалды өтеу жөнінде шаралар қолданатын және сот тағайындаған жазаны толық өтеуді қажет етпейтін сотталған адамдарды сот осы Кодексте көзделген тәртіппен шартты түрде мерзімінен бұрын босата, сондай-ақ жазаның олар өтемеген бөлігін жазаның неғұрлым жұмсақ түрімен ауыстыра алады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 50 - бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
50-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға қолданылатын жазалау шаралары
1. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазаны өтеу тәртібін бүзушы сотталған адамдарға мынадай жазалау шараларын:
сөгіс беру;
демалыс және мереке күндерінде тұратын жерінің шегінен шығуға бір айға дейінгі мерзімге тыйым салу;
бас бостандығын шектеудің бас бостандығынан айырумен ауыстырылуы мүмкін екендігі туралы ескерту шараларын қолдана алады.
2. Қылмыстық-атқару инспекциясы жазасын өтеуден қасақана жалтарушы адамдарға қатысты бас бостандығын шектеуді бас бостандығынан айырумен ауыстыру туралы мәселелерді шешу үшін сотқа материалдарды табыс етеді.
51-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуші адамдарға көтермелеу және жазалау шараларын қолдану тәртібі
1. Көтермелеу және жазалау шаралары жазбаша түрде қолда-нылады.
2. Жазалау шараларын қолдану кезінде құқық бұзушылық жасалған мән-жайлар, сотталған адамның жеке басы мен оның теріс қылық жасағанға дейінгі мінез-құлқы ескеріледі. Тағайындалатын жаза сотталған адам жасаған теріс қылықтың сипаты мен ауырлығына сәйкес болуға тиіс. Жаза теріс қылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер теріс қылыққа байланысты тексеру жүргізілсе - оның аяқталған күнінен бастап, бірақ теріс қылық жасалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей тағайындалады. Жаза жиырма төрт сағат ішінде, ал ерекше жағдайларда - ол тағайындалған күннен бастап бір айдан кешіктірілмей атқарылады.
3. Осы Кодексте көзделген көтермелеу және жазалау шараларын қолдану қүқығын қылмыстық-атқару инспекциясының бастығы немесе оның орнында қалған адам толық көлемде пайдаланады.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 52-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 52-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
52-бап. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны
өтеуден қасақана жалтару және бас бостандығын
шектеу түріндегі жазаны өтеудің тәртібі мен
шарттарын бұзу
1. Кейін жасалған әрбір тәртіп бұзушылық алдыңғысына жаза тағайындалғаннан кейін жасалған жағдайда тұрғылықты жеріне, жұмыс немесе оқу орнына келудің белгіленген кестесін бұзу, өзіне сот жүктеген міндеттерді орындаудан жалтару, сондай-ақ сол үшін әкімшілік жаза қолданылған сотталған адамның қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке, кәмелетке толмағандардың құқықтарына, жеке тұлғаға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар аясына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық жасауы жазаны өтеу тәртібі мен шарттарын бұзушылық болып табылады.
2. Еңбек демалысынан немесе демалыс және мереке күндері демалыс өткізу орнынан дәлелсіз себептермен дер кезінде келмеу, қылмыстық-атқару инспекциясы қызметкерлерінің заңды талаптарын орындаудан бас тарту, сол сияқты оларды қорлау не оларға қатысты күш қолданамын деп қорқыту сондай-ақ тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалу бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеуден қасақана жалтару болып табылады.
3. Тұрғылықты жерінен, жұмыс немесе оқу орындарынан өз бетінше кетіп қалған сотталған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару инспекциясы бастапқы іздестіру іс-шараларын жүргізеді және сотқа іздеу жариялау туралы ұсыным енгізеді.
2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 53 - бап өзгертілді
53-бап. Сотталған адамдарды қадағалау және бас бостандығын шектеутүріндегі жазаны өтеу тәртібін бұзушылықтың алдын алу шаралары
1. Бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеушілерді қадағалауды қылмыстық-атқару инспекциясы жүзеге асырады және сотталған адамдарға олардың тұратын жері мен жұмыс орны бойынша, сондай-ақ жұмыстан бос уақытында байқау мен бақылау жасауды қамтамасыз етеді. Қылмыстық-атқару инспекциясының қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды.
2. Сотталған адамға бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу кезінде оны ішкі істер органдары соттың санкциясымен жазаны өтеуден жалтарудың жолын кесу және материалдарды сотқа беру мақсатында он тәулікке дейінгі мерзімге үстауы мүмкін.
3. Жазаны өтеуден қасақана жалтарушы сотталған адамды ішкі істер органы жалтару себептерін анықтау үшін прокурордың санкциясымен он тәулікке дейінгі мерзімге үстауы мүмкін. Қажет болған жағдайда ішкі істер органы үсталған адамды жазаны өтеу орнына бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар үшін белгіленген тәртіппен жібереді және жазаны өтеуден қасақана жалтарғаны туралы деректер болған жағдайда, қылмыстық-атқару инспекциясы сотталған адамның бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін материалдарды сотталған адамның ұсталған жері бойынша сотқа береді.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңына сәйкес 8-ші бөлімінің жаңа редакциясында 54-ші, 55-ші баптар берілмеген (бұр. ред. қара)
9-тарау. Қосымша жазаларды атқару
ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 53 - бап өзгертілді
56-бап. Арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру туралы сот үкімін атқару
1. Сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан айыру туралы үкiм шығарған сот үкiм заңды күшiне енген соң оның көшiрмесiн сотталушыға атақты, сыныптық шендi, дипломатиялық дәреженi, біліктілік сыныбын берген лауазымды адамға жiбередi.
2. Лауазымды адам белгiленген тәртiппен тиiстi құжаттарға сотталушыны арнаулы, әскери немесе құрметтi атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден біліктілік сыныбынан айыру туралы жазба жасайды, сондай-ақ оны тиiстi атағы, шенi, дәрежесi, сыныбы бар адамдар үшiн көзделген құқықтар мен жеңiлдiктерден айыру жөнiнде шаралар қолданады.
3. Запастағы әскери қызметшi жөніндегі сот үкімінiң көшiрмесi оның әскери есепке алынған орны бойынша жергілікті әскери басқару органына жiберiледi.
4. Лауазымды адам үкiмнiң көшiрмесiн алған күннен бастап бiр айдың iшiнде үкiмдi шығарған сотқа оның орындалғаны туралы хабарлайды.
5. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң 50-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес сотталушыны құрметтi атақтан, әскери, арнаулы немесе өзге де атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан немесе мемлекеттік наградадан айыру туралы шешiм қабылдаған кезде тиiстi мемлекеттік орган осы баптың 2-тармағында көрсетiлген шараларды қабылдайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берiлген құжаттармен бiрге алып қоюды өкілетті орган белгілейтін тәртіппен олар болатын жердегi қылмыстық-атқару инспекциясы жүргiзедi.
ҚР 23.06.00 ж. № 57-II; 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 57-бап өзгертілді
57-бап. Мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару тәртібі
1. Сотталушының мүлкiн тәркiлеу туралы үкiм шығарған сот ол заңды күшiне енген соң атқару парағын, мүлiк тiзiмiнiң көшiрмесiн және үкiмнiң көшiрмесiн атқару үшiн сот атқарушысына жiбередi, бұл туралы уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлайды. Iсте сотталушы мүлкiнiң тiзiмi болмаған жағдайда мүлiк тiзiмi жүргiзiлмегенi туралы анықтама жiберiледi.
2. Мүлiктi тәркiлеу түріндегі жазаны орындауды мүлiктiң тұрған жерi бойынша сот атқарушысы жүргiзедi.
ҚР 21.12.02 ж. № 363-II Заңымен (бұр. ред. қара) ; 2007.21.07. № 308-III ҚР Заңымен 58-бап өзгертілді
58-бап. Тәркiлеуге жататын мүлiк
1. Сотталушының мүлкi, соның iшiнде оның ортақ немесе бiрлескен меншiктегi үлесi, ақшасы мен бағалы қағаздары, сотталушының банктердегi салымдары мен кез келген меншiк нысанындағы активтерге өзге де салымдары сот үкімі бойынша тәркiленуге жатады. Сондай-ақ қылмыстық іс-әрекет объектісі, қылмыс жасау қаруы немесе қүралы, айналымнан алынып қойылған зат болып табылатын мүлік сот үкімі бойынша тәркіленуге жатады.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасағаны үшін сотталған адамның меншігінен басқа, қылмыстық жолмен алынған, не қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сотталған адамның басқа адамдардың меншігіне берген мүлік те заңнамада белгіленген тәртіппен тәркілеуге жатады.
2. Сотталушының сот үкімі бойынша тәркiленуге жатпайтын мүлiктiң Тiзбесiнде аталған мүлкi тәркiленуге жатпайды (қоса тiркеледi).
3. Соттың үкімі бойынша тәркiленуге жататын мүлiктiң кiмге тиесiлi екендiгi туралы даулар азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен шешiледi.
59-бап. Сот атқарушысының мүлiктi тәркiлеу туралы сот үкімін атқару жөніндегі iс-әрекетi
1. Сот атқарушысы атқару парағын алған соң дереу тiзiмде көрсетiлген мүлiктiң бар-жоғын тексередi, тәркiлеуге жататын басқа мүлiктi анықтайды, сөйтiп оны тiзiмге кiргiзедi. Егер мүлiктiң тiзiмi жүргiзiлмеген болса, сот атқарушысы сотталушының тәркiленуге жататын мүлкiн анықтауға шара қолданады, сөйтiп оны тапқан жағдайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сол мүлiктiң тiзiмiн жасайды.
2. Тiзiмде әрбiр заттың толық және дәл атауы, оның айырым белгiлерi, соның iшiнде түсi, мөлшерi, тозу дәрежесi мен жеке сипаттамасы көрсетiледi. Тiзiмделген заттар сүргiленедi, мөрленедi және сақтауға берiледi, бұл туралы тiзiмге белгi соғылады.
3. Сот атқарушысы тәркiленуге жататын және тiзiмге алынған мүлiктi сақтауға қажеттi шаралар қолданады.
4. Мүлiктiң сот атқарушысы жасаған тiзiмiн судья бекiтедi.
5. Сотталушының ортақ және бiрлескен меншiктегi үлесiн сот атқарушысының ұсынуы бойынша сот атқарушысының өзi тұратын сот азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртібімен анықтайды.
23.06.00. № 57-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 2006.22.06 № 147-III ҚР Заңдарымен 60-бап өзгертілді
60-бап. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру
1. Сотталушының тәркiленген мүлкiн уәкiлеттi мемлекеттік органға беру Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған қойылатын барлық талаптар қанағаттандырылғаннан кейiн жүргiзiледi. Тәркiленген мүлiк есебiнен қанағаттандыруға жататын талаптар жөнiнде мемлекет оны сатудан немесе одан әрі пайдаланудан алынған қаражат шегiнде жауап бередi.
2. Тәркiленген мүлiктi уәкiлеттi мемлекеттік органға беру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
ҚР 23.06.00 ж. № 57-II 24.12.01 ж. № 276-II Заңдарымен 61-бап өзгертілді
61-бап. Тәркiленуге жататын мүлiкке байланысты үшiншi тұлғалардың мiндеттерi
1. Өзiнде сот үкімімен тәркiленуге жататын мүлiк бар ұйымдар мен азаматтар бұл туралы сотқа немесе уәкiлеттi мемлекеттік органға хабарлауға мiндеттi.
2. Аталған мүлiктiң жасырылуына, бүлiнуiне немесе ұрлануына кiнәлiлер заңға сәйкес жауапқа тартылады.
62-бап. Үкiмдi атқарудан кейiн анықталған мүлiктi тәркiлеу
Үкiм барлық мүлiктi тәркiлеу бөлiгiнде атқарылып, бiрақ айыптау үкімін атқарудың заңмен белгiленген өтеу мерзiмдерi бiткенге дейiн сотталушының оған үкiм шығарылғанға дейiн немесе үкiм шығарылғаннан кейiн ол тәркiлеуге жататын қаражатқа сатып алған тәркiленбеген мүлкi табылған жағдайларда, үкiм шығарған сот немесе үкiмдi атқару орны бойынша сот, егер мүлiк заң бойынша тәркiленуi мүмкiн болса, сот атқарушысының ұсынуымен табылған мүлiктi тәркiлеудi атқаруға жiберу туралы қаулы шығарады.
3-Бөлім. Қамау түріндегі жазаны атқару
10-тарау. Қамау түріндегі жазаны атқарудың
тәртібі мен ережелері
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 63-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
63-бап. Қамау түріндегі жазаны өтеу орындары
1. Қамауға сотталған адамдар жазаны соттау орны бойынша тергеу изоляторларында өтейдi.
2. Сотталушы жазаның бүкiл мерзiмiн, әдетте, бiр тергеу изоляторында өтейдi.
3. Қамауға сотталушы бiр тергеу изоляторынан екiншiсiне көшiруге ол ауырған жағдайда не оның қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ сотталушының сол тергеу изоляторында одан әрi болуына кедергi жасайтын өзге де ерекше мән-жайлар кезiнде жол берiледi.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 64-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
64-бап. Қамау түрінде жазаны орындаудың тәртібі мен шарттары
1. Қамауға сотталған адамдар құлыпталатын жалпы камераларда қатаң оқшаулау жағдайында ұсталады. Күзетпен ұсталатын адамдардың өзге санаттарынан еркектер, әйелдер, сондай-ақ бұрын бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген және соттылығы бар адамдар оқшау және бөлек орналастырылады. Қылмыстық-атқару жүйесінің қамау түріндегі жазаны орындау және жазасын қамау түрінде өтеп жатқан адамдарды қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметін ұйымдастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі айқындайды. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдардың айдауылсыз жүруіне тыйым салынады.
2. Қамауға алу түрінде сотталған адамдарға:
өздерінің жеке шотында бар қаражатын ай сайын үш айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алуға жұмсауға;
бірінші кезекте қажетті заттар мен маусымдық киім-кешек салынған посылкалар, сәлемдемелер, бандерольдер алуға;
адвокаттармен кездесуге;
ұзақтығы күн сайын кемінде бір жарым сағат сейілдеуге рұқсат етіледі.
Қамауға алуға сотталған адамдарды жалпы білім беретін және кәсіптік оқыту жүзеге асырылмайды.
3. Ерекше жеке мән-жайлар кезінде қамауда ұстауға сотталған адамдарға жұбайымен (зайыбымен), жақын туыстарымен телефон арқылы сөйлесуге рұқсат етілуі мүмкін.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 65-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
65-бап. Қамау түріндегі жазаны өтеуші адамдарды еңбекке тарту
Тергеу изоляторының әкімшілігі сотталған адамдарды қамау түрінде жазасын өтеуге арналған тергеу изоляторының үй-жайларына шаруашылық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды орындауға ұзақтығы аптасына төрт сағаттан аспайтын уақытқа ақы төлемей тартуға құқылы.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 66-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
66-бап. Қамауға алуға сотталған адамдарға қолданылатын көтермелеу және жазалау шаралары мен оларды қолдану тәртібі
1. Сотталған адамдарға жақсы тәртібі үшін алғыс, бұрын қолданылған жазаны мерзімінен бұрын алып тастау, телефон арқылы сөйлесуге рұқсат ету түрінде көтермелеу шаралары қолданылуы мүмкін.
Жоғарыда тізбеленген көтермелеу шараларын қолдану құқығын тергеу изоляторының бастығы немесе оны алмастыратын адам пайдаланады.
2. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарға жазаны өтеу тәртібін бұзғаны үшін сөгіс немесе он тәулікке дейінгі мерзімге карцерге жабу түріндегі жаза қолданылады.
Жаза бұзушылық анықталған күннен бастап он тәуліктен кешіктірілмей, ал егер тексеру жүргізіліп жатқан болса, оның аяқталған күнінен бастап, бірақ бұзушылық жасалған күннен бастап үш айдан кешіктірілмей қолданылады.
Жаза дереу орындалады. Бір тәртіп бұзушылық үшін бірнеше жаза қолдануға тыйым салынады.
Жаза тергеу изоляторы бастығының немесе оны алмастыратын адамның қаулысымен қолданылады, ол сотталған адамға оның қолын қойғызып жарияланады. Сотталған адамдарды карцерге жабу оларды карцерде ұстау мүмкіндігіне жасалған медициналық куәландырудан кейін жүргізіледі.
3. Карцерге жабылған, қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарға тамақ өнімдерін сатып алуға, посылкалар, сәлемдемелер мен бандерольдар алуға тыйым салынады. Олардың ұзақтығы күн сайын кемінде бір сағат сейілдеуге құқығы бар.
Карцерден мерзімінен бұрын босату медициналық қорытындыға сәйкес, сотталған адамның карцерде одан әрі болуын оның денсаулығы көтермейтін жағдайларда тергеу изоляторы бастығының немесе оны алмастыратын адамның қаулысы бойынша жүргізіледі.
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 67-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
67-бап. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету және оларға медициналық қызмет көрсету
1. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдарды материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету жалпы режимдегі түрмелерде жазасын өтеп жатқан адамдар үшін белгіленген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
2. Қамау түріндегі жазаға сотталған адамдар медициналық көмекпен қамтамасыз етіледі. Сотталған адамдарға медициналық көмек көрсету, санитарлық қадағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін Әділет министрлігі және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
4-Бөлім. Бас бостандығынан айыру түріндегі
жазаны атқару
11-тарау. Бас Бостандығынан айыру түріндегі
жазаны атқарудың жалпы ережелері
2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен 68-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
68-бап. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны атқару орындары
1. Бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар жазаны қамалғанға дейiн өздерi тұрған немесе өздерi сотталған облыстың Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерiнде өтейдi. Сотталғандардың денсаулық жағдайы бойынша немесе олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, түзеу мекемесінде қолайлы оперативтік ахуалды ұстап тұру үшiн ерекше жағдайларда, сондай-ақ өздерiнiң келісімi бойынша олар жазаларын өтеу үшiн басқа облыстың тиiстi түзеу мекемесiне жіберіледі.
2. Қамалғанға дейiн тұрған жерi бойынша немесе сотталған орны бойынша тиiстi түрдегi түзеу мекемесi болмаған жағдайда сотталғандар жақын маңайдағы түзеу мекемелерiне жiберiледi.
3. Қылмыстарды өте қауiптi қайталау жағдайында сотталғандар, өмiр бойы бас бостандығынан айыруға сотталғандар, жазаны түрмеде өтеуге сотталғандар, өлiмге кесу түріндегі жазасы кешiрiм жасау тәртібімен бас бостандығынан айыруға ауыстырылған адамдар, сотталған әйелдер, сотталған кәмелетке толмағандар жазаны өтеу үшiн тұратын жерi бойынша тиiстi түзеу мекемелерiне жiберiледi.
4. Бас бостандығынан айыруға сотталған, Қазақстан Республикасының түзеу мекемелерінде жазаларын өтеп жатқан шетелдіктер жазаларын одан әрі өтеу үшін өздері азаматтары (боданы) болып табылатын мемлекеттерге Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда белгіленген тәртіппен жіберілуі мүмкін.
ҚР 05.05.00 ж. № 47-II Заңымен ; 10.03.04 ж. № 529-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.12. № 228-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 69-бап өзгертілді