Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 Қаулысы
(2009.27.08. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 15 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 12-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Бюджеттік инвестициялық жобаларды (бағдарламаларды) қарау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 245 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 135-құжат);
2) «Басым бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбелерін қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 18 наурыздағы № 247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 12, 137-құжат).
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 17 сәуірдегі
№ 545 қаулысымен
бекітілген
Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды
мониторингілеу және бағалау ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 153-бабының 8-тармағына, 154-бабының 12-тармағына, 157-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және мыналарды:
бюджеттік инвестициялық, оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу тәртібін;
бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін;
техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін;
сметалық құнын ұлғайту болжанатын бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу тәртібін;
бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды мониторингілеу және бағалау тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі - бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелеріне қол жеткізуге жауапты мемлекеттік орган;
2) инвестициялық ұсыныс - тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, оның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін, бюджеттік инвестициялық жобаны одан әрі дайындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері әзірлейтін бюджеттік инвестициялық жобаның тұжырымдамасы;
3) бюджеттік инвестициялық жоба - жаңа объектілерді құруға (салуға) не қолданыстағыларын қайта жаңғартуға бағытталған, белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын және аяқталған сипаты бар іс-шаралар жиынтығы;
4) жобаның ақпараттық парағы - бюджеттік инвестициялық жоба бойынша негізгі ақпаратты қамтитын, оны іске асыру орындылығын ашып көрсететін құжат;
5) салалық сараптама - инвестициялық ұсынысты және/немесе бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін саланы дамыту басымдықтарына сәйкестігі, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың оңтайлы нұсқасын таңдау мәніне бағалау;
6) бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі - маркетингтік, техникалық-технологиялық және әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулер нәтижелерін, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін, ықтимал қатерлер мен оларды азайту жөніндегі іс-шараларды ескере отырып, неғұрлым тиімді ұйымдастырушылық, техникалық және экономикалық шешімдерді таңдауды дәйектейтін институционалдық шешімдерді қамтитын құжат;
7) бюджеттік инвестициялық жобаны әзірлеуге техникалық тапсырма - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесіне қойылатын талаптарды, оның ықтимал әзірлеушісіне қойылатын біліктілік талаптарын айқындайтын, сондай-ақ бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жөніндегі жұмыстардың мерзімдері мен көлемін регламенттейтін құжат;
8) экономикалық бағалау - инвестициялық ұсынысты бюджеттік инвестициялық жобаның орындылығы мен іске асырылымдығын айқындау мәніне бағалау;
9) бюджеттік инвестициялық жобаны экономикалық сараптау - бюджеттік инвестициялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін бекіту шеңберінде жүргізілетін жобаны экономикалық талдауды кешенді бағалау;
10) сметалық құн - құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде сметалық нормативтерге сәйкес анықталатын объектіні (кешенді) салу құны;
11) бюджеттік инвестициялық жобалардың мониторингі - жаңа объектілерді құру (салу), жұмыс істеп тұрғандарын қайта жаңарту және оларды кейіннен пайдалану барысы туралы ақпаратты жинау және талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
12) бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды бағалау - жоба мақсатына қол жеткізу дәрежесін және нақты алынған нәтижелердің жоспарланғандарға сәйкестігін айқындау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
13) инвестициялық кезең - бюджет қаражатын бөлу сәтінен бастап пайдалануға беру сәтіне дейінгі бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыру кезеңі;
14) инвестициялаудан кейінгі кезең - бюджеттік инвестициялық жобаны пайдалануға беру сәтінен бастап іске асыру кезеңі.
2. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық
ұсыныстарды қарау тәртібі
1. Бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық
ұсыныстарды әзірлеу, ұсыну және іріктеу тәртібі
3. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеу, қарау және іріктеу үдерісі мынадай негізгі кезеңдерді қамтитын іс-шаралар кешенін білдіреді:
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстар беруі және оларды экономикалық бағалауды жүргізу;
2) техникалық-экономикалық негіздемелерін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу және сараптау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық жобалардың (бұдан әрі - Жоба) тізбесін қалыптастыру және бекіту.
4. Инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу кезеңінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
5. Инвестициялық ұсыныстар мынадай құжаттарды қамтуы тиіс:
1) Жобаның ақпараттық парағы;
2) түсіндірме жазба;
3) Жобаның ТЭН-ін әзірлеудің және оған сараптама жүргізудің құнын негіздейтін ақпарат;
4) Жобаның ТЭН-ін әзірлеуге және оған сараптама жүргізуге техникалық тапсырма;
5) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасы.
6. Жобаның ақпараттық парағы Жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы, оның ішінде саладағы (аядағы) проблемаларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратты, оның негізгі көрсеткіштерін қоса алғанда, Жоба бойынша жалпы ақпаратты қамтиды.
7. Ақпараттық парақ осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1252 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Жобаға түсіндірме жазба мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) Жобамен шешілетін проблеманың сипаты мен тарихы;
2) Жоба тұжырымдамасының қысқаша мазмұны, оның ішінде:
Жобаны іске асыру болжанатын қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайлар;
өнімге/қызметтерге қазіргі және болжамды (Жобаның тіршілік циклі кезеңіне) сұраныстың немесе осы өңірдегі бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктің көрсеткіштері;
инженерлік-көліктік инфрақұрылымның (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым) болуы;
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер және Жобаның орналасқан жерін және әсер ету саласын сипаттайтын көрсеткіштер, оның ішінде Жобаны іске асыру үшін олардың құнын көрсете отырып (жер учаскелері үшін сондай-ақ меншік және жерді пайдалану құқығын көрсету қажет) қажетті ресурстардың (шикізаттың) болуы;
3) Жобаны таңдау негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған балама нұсқалар;
4) Жоба іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқалары;
5) Жобаны басқарудың институционалдық схемасының сипаты (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, пайда мен шығындарды бөлу, теңгерім ұстаушылар, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде Жобаны басқару схемасы);
6) Жоба бойынша болжамды қатерлер және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар.
9. Жобаның ТЭН-ін әзірлеу және оған сараптама жүргізу құнын негіздеу үшін мыналар ұсынылады:
1) құрамдауыштар және оларды әзірлеу мерзімдері бөлінісінде Жобаның ТЭН-ін әзірлеу және оған сараптама жүргізу құнының есептеме-негіздемесі;
2) Жобаның ТЭН-ін ықтимал әзірлеушілер туралы ақпарат;
3) құнын және тиісті сараптаманы жүргізетін ұйымды көрсете отырып, қажетті сараптамалардың тізбесі.
10. Жобаның ТЭН-ін әзірлеуге техникалық тапсырма мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейтін Жобаның ТЭН-ін әзірлеуге және сараптауға қойылатын талаптар негізінде жасалады.
Сондай-ақ техникалық тапсырма жобасында мыналар көрсетіледі:
Жобаның ТЭН-ін ықтимал әзірлеушіге қойылатын біліктілік талаптары;
қолдану саласы және әзірлеушінің міндеттерін шектеу;
Жобаның ТЭН-ін әзірлеудің және оған сараптама жүргізудің болжамды мерзімдері;
Жобаның ең жоғары құны.
Жобаның ТЭН-і бойынша Жобаның құны техникалық тапсырмада көрсетілген Жоба құнынан аспауы тиіс.
Жобаның ТЭН-ін жобалауға арналған мемлекеттік сатып алу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырма негізінде жүргізіледі.
Республикалық жобалар, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жергілікті жобалар бойынша техникалық тапсырма салалық орталық мемлекеттік органмен және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.
Салалық орталық мемлекеттік органның және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның келісімінсіз бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің техникалық тапсырмаға өзгерістер енгізуіне жол берілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1252 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы мыналарды қамтуы тиіс:
1) оның одан әрі дамуына әсер ететін саланың ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау;
2) Жобаны іске асыру болжанатын қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау;
3) өнімге/қызметке қазіргі және болжамды (Жобаның тіршілік циклі кезеңіне) сұраныстың немесе осы өңірдегі бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктің көрсеткіштерін бағалау;
4) инженерлік-көліктік инфрақұрылымның (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым) болуын бағалау;
5) негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер мен Жобаның орналасқан жерін және әсер ету саласын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалауды, оның ішінде Жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстардың (шикізаттың) болуын және олардың құнын бағалау және бөлінуге жоспарланған жер учаскелерінің жобаның талаптарына сәйкестігін бағалау;
6) Жобаны таңдаудың негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған балама нұсқаларды бағалау;
7) Жоба іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын бағалауды;
8) Жобаны басқарудың институционалдық схемасын бағалау (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, пайда мен шығындарды бөлу, теңгерім ұстаушылар, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде Жобаны басқару схемасы);
9) Жоба бойынша болжамды қатерлерді және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды бағалау;
10) Жоба бойынша есептемелердің негізділігін бағалау.
12. Егер Жобаны республикалық бюджеттің, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланатын жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттік орган жүргізеді.
13. Егер Жобаны жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық жергілікті атқарушы орган жүргізеді.
14. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саланың мемлекеттік органының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
15. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мәлімдеген жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес бірыңғай тізбе жасайды.
Жобаның ерекшелігіне байланысты тізбе басқа көрсеткіштермен толықтырылуы мүмкін.
Келтірілген көрсеткіштерді салыстырмалы талдау негізінде жобалардың басымдығы айқындалады.
Жобалардың басымдығы тізбеде мәлімделген жобаларға қатысты Жобаның маңыздылық дәрежесі мен салаға әсерін көрсететін сандық мәнде айқындалады.
16. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Жобалар бойынша ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігі үшін жауапты болады.
17. Жобалардың ТЭН-ін әзірлеу және оларға сараптама жүргізу жоспарланатын жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері осы Ереженің 5 және 15-тармақтарында көрсетілген құжаттар қоса берілген инвестициялық ұсыныстар тізбесін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
18. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын инвестициялық ұсыныстарды қараудың және іріктеудің тиісті әдістемелері бойынша, оның ішінде шығындар мен пайданы талдау негізінде (бұл әдістемені қолдану мүмкін болғанда) қарайды және мынадай өлшемдерді ескере отырып, әрбір инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалаумен бірге қорытынды дайындайды:
1) қажетті құжаттаманың болуы;
2) бюджеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестігі;
3) Жобаны басқарудың институционалдық схемасының пысықталуы (іске асыру барысында да, инвестициялаудан кейінгі кезеңде де барлық жобаға қатысушылар туралы ақпарат, олардың өзара іс-қимылы);
4) тікелей нәтиженің (белгілі бір көлемде өнім шығару, қызметтер көрсету) және соңғы нәтиженің (оларды алушылар үшін өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтердің әсері) өлшенетін (сандық) көрсеткіштердің болуы;
5) қатерлерді бағалау тұрғысынан Жобаны іске асыру мүмкіндігін;
6) Жобаның ТЭН-ін әзірлеу және оған сараптама жүргізу құны
есептемелерінің негізділігі;
7) осы Ереженің 15-тармағына сәйкес айқындалған Жобаны(-ларды) іске асыру басымдығы.
19. Инвестициялық ұсыныстарды қарау және іріктеу әдістемесін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
20. Олардың болуы инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалауды жүргізу үшін қажет құжаттар болмаған жағдайда инвестициялық ұсыныс түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган оларды тиісті бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қайтарады.
21. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган тиісті жылдың 15 сәуірінен кешіктірмей инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытындыны тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.
22. Тиісті бюджет комиссиясының қарауына шығарылатын инвестициялық ұсыныстар бойынша қорытынды мынадай негізгі мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) Жобаның(-лардың) атауы;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі мәлімдеген Жобаның(-лардың) ең жоғары құны;
3) бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қаржыландыруына ұсынылатын Жобаның(-лардың) ТЭН-ін әзірлеу және оған сараптама жүргізу құны;
4) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның қаржыландыруына ұсынылатын Жобаның(-лардың) ТЭН-ін әзірлеу және оған сараптама жүргізу құны;
5) Жобаның(-лардың) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарына сәйкестігі;
6) Жобаның(-лардың) ТЭН-ін әзірлеуге және оған сараптама жүргізуге техникалық тапсырманы бағалау;
7) нәтиже көрсеткіштерін бағалау.
23. Тиісті бюджет комиссиялары іріктеп алған, инвестициялық ұсыныстарда қамтылған жобалар бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган ТЭН-ін әзірлеу және оған сараптама жүргізу мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның тиісті бөлінетін бюджеттік бағдарламасының есебінен жүзеге асырылатын жобалардың тізбесін қалыптастырады.
2. Техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеуді талап етпейтін
бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық
ұсыныстарды әзірлеу, ұсыну және іріктеу тәртібі
24. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды әзірлеуді мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу кезеңінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жүзеге асырады.
25. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін әрбір Жоба бойынша инвестициялық ұсыныс мынадай құжаттардан тұрады:
1) Жобаның ақпараттық парағы;
2) түсіндірме жазба;
3) Жобаның ТЭН-ін әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - ЖСҚ) әзірлеу (байланыстыру) және оған сараптама жүргізу бойынша есептемелер мен негіздемелер;
4) жобалауға тапсырма;
5) инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасы.
26. Ақпараттық парақ жоба мақсаттарының Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарында белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы, оның ішінде саладағы (аядағы) проблемаларды шешудің ықтимал жолдары туралы ақпаратты, оның негізгі қаржылық өлшемдерін қоса алғанда, Жоба бойынша жалпы ақпаратты қамтиды.
27. Ақпараттық парақ осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылады.
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1252 Қаулысымен 28-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
28. Жобаға түсіндірме жазба мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
1) Жобамен шешілетін проблеманың сипаты және тарихы;
2) Жоба тұжырымдамасының қысқаша мазмұны, оның ішінде:
Жобаны іске асыру болжанатын қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайлар;
өнімге/қызметтерге қазіргі және болжамды (Жобаның тіршілік циклі кезеңіне) сұраныстың немесе осы өңірдегі бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктің көрсеткіштері;
жобаның қуаты;
жобаның өткізу қабілеті (уақыт бірлігінде көрсетілуі мүмкін қызметтердің ең жоғары көлемі);
инженерлік-көліктік инфрақұрылымның (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым) болуы;
негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер және Жобаның орналасқан жері мен әсер ету саласын сипаттайтын көрсеткіштер, оның ішінде Жобаны іске асыру үшін олардың құнын көрсете отырып (жер учаскелері үшін сондай-ақ меншік және жерді пайдалану құқығын көрсету қажет) қажетті ресурстардың (шикізаттың) болуы;
3) Жобаны таңдаудың негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған балама нұсқалар;
4) Жоба іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқалары;
5) Жобаны басқарудың институционалдық схемасының сипаты (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, пайда мен шығындарды бөлу, теңгерім ұстаушылар, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде Жобаны басқару схемасы);
6) жоба бойынша болжамды қатерлер және оларды азайту жөніндегі іс-шаралар.
29. Жобаның ТЭН-ін әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша ЖСҚ байланыстыру (әзірлеу) бойынша негіздеуші есептемелер тиісті негіздеуші құжаттама қоса берілген есептемелерді қамтуға тиіс.
ҚР Үкіметінің 2009.27.08. № 1252 Қаулысымен 30-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
30. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасының қорытындысы мыналарды қамтуы тиіс:
1) оның одан әрі дамуына әсер ететін саланың ағымдағы жай-күйінің проблемаларын бағалау;
2) Жобаны іске асыру көзделетін қазіргі саяси, әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және басқа да жағдайларды бағалау;
3) өнімге/қызметтерге қазіргі және болжамды (Жобаның тіршілік циклі кезеңіне) сұраныстың немесе осы өңірдегі бәсекелестікті ескере отырып, әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктің көрсеткіштерін бағалау;
4) инженерлік-көліктік инфрақұрылымның (теміржол магистральдары, автомобиль жолдары, құбыржолдар, электр, жылу желілері, су құбырлары, газ құбырлары және басқа инфрақұрылым) болуын бағалау;
5) негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерді және Жобаның орналасқан жері мен әсер ету саласын сипаттайтын көрсеткіштерді бағалау, оның ішінде Жобаны іске асыру үшін қажетті ресурстардың (шикізаттың) болуы және олардың құнын бағалау және бөлінуге жоспарланған жер учаскелерінің жобаның талаптарына сәйкестігін бағалау;
6) Жобаны таңдаудың негіздемесімен бірге проблеманы шешу нұсқасын таңдау кезінде оны шешудің оңтайлы жолы ретінде қаралған балама нұсқаларды бағалау;
7) Жоба іске асырылған және іске асырылмаған жағдайдағы экономика саласындағы (аясындағы) ахуалдың ықтимал нұсқаларын бағалау;
8) Жобаны басқарудың институционалдық схемасын бағалау (негізгі қатысушылар, олардың өзара іс-қимылының схемасы, пайда мен шығындарды бөлу, теңгерім ұстаушылар, инвестициялық және инвестициялаудан кейінгі кезеңдерде Жобаны басқару схемасы);
9) жоба бойынша болжамды қатерлерді және оларды азайту жөніндегі іс-шараларды бағалау;
10) Жоба бойынша есептемелердің негізделуін бағалау.
31. Егер Жобаны республикалық жобалардың, сондай-ақ республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландыру жоспарланып отырған жергілікті жобалардың қаражаты есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын салалық орталық мемлекеттік орган жүргізеді.
32. Егер Жобаны жергілікті бюджет қаражатының есебінен іске асыру ұсынылған жағдайда, инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасын жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын салалық атқарушы орган жүргізеді.
33. Инвестициялық ұсыныстың салалық сараптамасына тиісті саланың мемлекеттік органының бірінші басшысы не оны алмастыратын тұлға қол қояды.
34. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мәлімдеген ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстар бойынша осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес бірыңғай тізбе қалыптастырылады.
Жобаның ерекшелігіне байланысты тізбе басқа көрсеткіштермен толықтырылуы мүмкін.
Келтірілген көрсеткіштерді салыстырмалы талдау негізінде жобалардың басымдығы айқындалады.
Жобалардың басымдығы тізбеде мәлімделетін жобаларға қатысты Жобаның маңыздылығы дәрежесі мен салаға әсерін көрсететін сандық мәнде айқындалады.
35. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері жобалар бойынша ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негізділігіне жауапты болады.
36. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ЖСҚ байланыстыру (әзірлеу) және сараптама жүргізу жоспарланатын жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде осы Ереженің 25 және 34-тармақтарында көрсетілген құжаттармен бірге ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстардың тізбесін қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
37. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган инвестициялық ұсыныстарды қарау мен іріктеудің тиісті әдістемелері бойынша, оның ішінде шығындар мен пайданы талдау негізінде (бұл әдістемені қолдану мүмкін болған жағдайда) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарайды және мынадай өлшемдерді ескере отырып, әрбір инвестициялық ұсынысты экономикалық бағалаумен бірге қорытынды дайындайды:
1) қажетті құжаттаманың болуы;
2) бюджеттік инвестициялардың басымдықтарына сәйкестігі;
3) Жобаны басқарудың институционалдық схемасының пысықталуы (іске асыру барысында да, инвестициялаудан кейінгі кезеңде де барлық жобаға қатысушылар, олардың өзара іс-қимылы туралы ақпарат);
4) тікелей нәтиженің (белгілі бір көлемде өнім шығару, қызметтер көрсету) және түпкілікті нәтиженің (оларды алушылар үшін өндірілген өнімнің, көрсетілген қызметтердің әсері) өлшенетін (сандық) көрсеткіштердің болуы;
5) қатерлерді бағалау тұрғысынан Жобаны іске асыру мүмкіндігі;
6) осы Ереженің 34-тармағына сәйкес айқындалған Жобаны(-ларды) іске асыру басымдығы.
38. ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарау және іріктеу әдістемесін, сондай-ақ олар бойынша қорытындыға қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.