Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 тамыздағы № 1252 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінде:
8-тармақтың 2) тармақшасының бесінші абзацындағы «және олардың құны» деген сөздер алынып тасталсын, «Жобаны іске асыру үшін» деген сөздерден кейін «олардың құнын көрсете отырып (жер учаскелері үшін сондай-ақ меншік және жерді пайдалану құқығын көрсету қажет)» деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақтың 5) тармақшасы «және бөлінуге жоспарланған жер учаскелерінің жобаның талаптарына сәйкестігін бағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
28-тармақтың 2) тармақшасының жетінші абзацындағы «және олардың құны» деген сөздер алынып тасталсын, «Жобаны іске асыру үшін» деген сөздерден кейін «олардың құнын көрсете отырып (жер учаскелері үшін сондай-ақ меншік және жерді пайдалану құқығын көрсету қажет)» деген сөздермен толықтырылсын;
30-тармақтың 5) тармақшасы «және бөлінуге жоспарланған жер учаскелерінің жобаның талаптарына сәйкестігін бағалау» деген сөздермен толықтырылсын;
50-тармақтың бірінші абзацындағы «жер учаскесін таңдау актісі» деген сөздер «жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып)» деген сөздермен ауыстырылсын;
59-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Құрылыс қызметін болжайтын жобаларға жерге құқық беру туралы жерге орналастыру жобасы (қажет болған кезде жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар залалдарының, алып қойылатын алқаптардың түріне байланысты ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы өндірісі шығындарының есебін қоса бере отырып) қоса беріледі.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |