Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 10 қыркүйекте енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 24 маусымдағы № 832 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 қарашадағы
№ 1803 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қарашадағы № 1274 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 43, 434-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 70-жолдың «Жауапты орындаушылар» деген бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
2. «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 30 қыркүйектегі № 969 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 36, 502-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттарының бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 10-бөлімде:
реттік нөмірі 3-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША» - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі».
3. «Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 624 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 24, 249-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Астана қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«II кезең 2009 - 2010 жылдар» деген бөлімде:
«Инвестициялық саясат» деген кіші бөлімде:
«2. Сумен қамтамасыз ету және су тарту» деген тарауда:
реттік нөмірлері 96, 97, 98, 99, 100, 101-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«6. Мәдениет және спорт» деген тарауда:
реттік нөмірі 123-жолдың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«7. Тұрғын үй құрылысы және тұрғын үй нарығы» деген тарауда:
реттік нөмірлері 124, 125-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын;
«8. Қаланы абаттандыру» деген тарауда:
реттік нөмірлері 126, 127, 128, 130-жолдардың 4-бағанындағы «Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі» деген сөздермен ауыстырылсын.
4. «Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 14 ақпандағы № 111-1 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 4, 51-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2007 - 2024 жылдарға арналған орнықты дамуға көшу тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«5. Орнықты экономикалық прогресс» деген бөлімде:
«5.1. Ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру» деген кіші бөлімде:
реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» аббревиатурамен ауыстырылсын;
«5.2. Орнықты және серпінді технологияларды енгізу» деген кіші бөлімінде:
реттік нөмірі 5.1.11-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «КІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».
5. «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 — 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 19 наурыздағы № 209 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында дене шынықтыру және спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2007 - 2009 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
реттік нөмірі 2.1-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».
6. «Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 346 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«3.5 Микроқаржыландыру: сектордың міндеттері және оны Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің бір бөлігі ретінде дамыту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 3.5.2-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
7. «Қазақстан Республикасының 2007 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 19 ақпандағы № 162 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2008 — 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасында:
«Қазақстан Республикасының 2008 - 2010 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірі 153-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».
8. «Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 — 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 34, 361-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«1. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің қолжетімділігі мен тартымдылығын қамтамасыз ету үшін оның мазмұнын, материалдық-техникалық базасын, инфрақұрылымын жаңғырту» деген бөлімде:
реттік нөмірі 18-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе «АБА - Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».
9. «2009 — 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 қазандағы № 916 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген 2009 - 2011 жылдарға арналған «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«5. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету» деген бөлімде:
реттік нөмірі 38-жолдың 4-бағаны «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
«6. Шағын және орта бизнесті дамытудағы ынтымақтастық» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 40, 41, 42, 43, 44-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
«9. Оң сипаттағы еуропалық тәжірибені пайдалана отырып, қазақстандық институционалдық-құқықтық базаны жетілдіру» деген бөлімде:
реттік нөмірі 80-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе «ҚҚА — Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША — Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».
10. «Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 27 қарашадағы № 1100 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009 - 2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарында:
«1. Тұжырымдама міндеттерін іске асыру жөніндегі нормативтік құқықтық базаны жетілдіру» деген бөлімде:
реттік нөмірі 4-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура алынып тасталсын;
«3. Кәсіпкерлік қызметті реттеудің баламалы нысандарын енгізу» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 9, 10-жолдың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ЭБЖМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпедегі «ИСМ - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі» деген сөздер алынып тасталсын.
11. «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 2 желтоқсандағы № 1126 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 45, 514-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген «2009 - 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасында:
«2009 — 2011 жылдарға арналған «Нұрлы көш» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары» деген 8-бөлімде:
реттік нөмірлері 15, 18 және 19-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
ескертпе «ДСМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».
12. «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 80 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясын іске асыру жөніндегі 2009 - 2012 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
«1. Елдің перспективалық және тиімді аумақтық ұйымдастырылуын қалыптастыру» деген бөлімде:
реттік нөмірлері 5, 6, 10, 11-жолдардың 4-бағанындағы «ИСМ» деген аббревиатура «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
реттік нөмірлері 7, 8, 9-жолдардың 4-бағаны «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
«3. Аумақтық дамуды институционалдық қамтамасыз ету» деген бөлімде:
реттік нөмірі 25-жолдың 4-бағаны «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
«4. Аумақтық дамуды инфрақұрылымдық қамтамасыз ету» деген бөлімде:
реттік нөмірі 32-жолдың 4-бағаны «ҚІжТКША» деген аббревиатурамен толықтырылсын;
ескертпе мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«ҚІжТКША - Қазақстан Республикасы Құрылыс істері және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық агенттігі».