Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы
2002 ж. 17 қаңтардағы № 284-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2010.19.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2009 жылғы 30 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (ресми жарияланғаннан кейiн алты ай өткен соң қолданысқа енгiзiлдi)
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 8 баптар)
2-тарау. Кеме (9 - 15 баптар)
3-тарау. Кемелерді және оларға (16 - 21 баптар)
құқықтарды мемлекеттік тіркеу
4-тарау. Кеме экипажы (22 - 28 баптар)
5-тарау. Кеме капитаны (29 - 31 баптар)
6-тарау. Теңіз порты (32 - 38 баптар)
7-тарау. Теңіз портындағы мемлекеттік (39 - 44 баптар)
бақылау
8-тарау. Теңіз лоцмандары (45 - 49 баптар)
9-тарау. Суға батқан мүлік (50 - 53 баптар)
10-тарау. Жүкті теңіз арқылы (54 - 108 баптар)
тасымалдау шарты
11-тарау. Теңіз арқылы жолаушылар (109 - 123 баптар)
тасымалдау шарты
12-тарау. Кемені экипажымен жалдау (124 - 132 баптар)
(тайм-чартер) шарты
13-тарау. Кемені экипажсыз жалдап алу (133 - 143 баптар)
шарты (бербоут-чартер)
14-тарау. Сүйретіп жүзу шарты (144 - 148 баптар)
15-тарау. Көлік экспедициясының, теңіз (149 - 151 баптар)
агенттігін жүргізудің, теңіз
делдалдығының шарттары
16-тарау. Жалпы авария (152 - 168 баптар)
17-тарау. Кемелер соқтығысқан жағдайда (169 - 170 баптар)
зиянды өтеу
18-тарау. Қауіпті жүктерді тасымалдаудан (171 - 178 баптар)
және теңіздің кемелерден аққан
мұнаймен ластануынан келтірілген
залал үшін жауапкершілік
19-тарау. Кемелерді және басқа да (179 - 194 баптар)
мүлікті құтқару
20-тарау. Теңіз талаптары бойынша (195 - 202 баптар)
жауапкершілік мөлшерін шектеу
21-тарау. Кемеге теңіз кепілі. Кеме (203 - 221 баптар)
немесе жасалып жатқан кеме
ипотекасы
22-тарау. Кемені тұтқындау (222 - 225 баптар)
23-тарау. Теңіздегі наразылық (226 - 230 баптар)
24-тарау. Актілер, кінә қою және талап қою. (231 - 239 баптар)
Талап қою мерзімі
25-тарау. Қолданылатын құқық (240 - 248 баптар)
2005.02.06. № 55-III ҚР (бұр. ред. қара); 2007.15.05. № 253-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен мәтін бойынша сөздер ауыстырылды
Осы Заң сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік басқарудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және халықаралық негiздерiн белгiлейдi және жүк, жолаушылар мен багаж тасымалдауға, теңiз көлiгiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге және қоршаған ортаны қорғауға байланысты қатынастарды реттейдi.
1-тарау. Жалпы ережелер
22.10.04 ж. № 601-II ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді); 2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред .қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 1-бап өзгертілді (бұр. ред .қара)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық жарна - тасымалдаушыға жүк берген кезде жалпы авария жағдайындағы шығыстарды өтеу үшін оның жалпы авариялық шығыстардағы үлесін төлеуді қамтамасыз ету ретінде алушы тасымалдаушыға енгізуге міндетті болатын ақша сомасы;
2) алушы - жүкті теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша жүк алуға уәкілетті тұлға;
3) арнаулы персонал - экипаж мүшесі болып табылмайтын, кеменің мақсатына байланысты бортта үнемі болатын адам (теңіздің тірі ресурстарын аулаумен және өңдеумен айналысатын, ғылыми, инженер-техник қызметкерлер, зертхана қызметкерлері, жұмысшылар және басқалар);
4) бербоут-чартер - жолаушылар, багаж бен жүк тасымалдауға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кемені немесе бірнеше кемені жалдаушының иеленуіне және пайдалануына кемемен жалданушы келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, белгілі бір мерзімге беруге міндеттенетін шарт;
5) дағдылы маршрут - теңіз практикасында жалпы қабылданған кеме жүретін маршрут;
6) демерредж - контрсталиялық уақыт үшін төленетін ақы;
7) диспач - кемені жалдаушыға кемеге жүк тиеуді сталиялық уақыт біткенге дейін аяқтағаны үшін төленетін сыйақы;
8) диспаша - жалпы авария бойынша залалдар мен шығыстарды есептеу және оларды жалпы теңіз кәсіпорнына қатысушы тараптар арасында бөлу;
9) диспашерлер - теңіз құқығы саласында білімі мен тәжірибесі, бар, диспашаны анықтау жөнінде есеп жасайтын тұлғалар;
10) есеп айырысу бірлігі - қарызға алудың арнайы құқығының Халықаралық валюта қоры белгілейтін бірлігі;
11) жалдау ақысы - жүкті тасымалдағаны үшін алынатын ақы, сондай-ақ бербоут-чартер мен тайм-чартер шарттары бойынша берілетін сыйақы;
12) жалпы теңіз кәсіпорны - мүлік (кеме, жалдау ақысы және жүк), жалпы авария бойынша шығындар соның есебінен өтелуге тиіс;
13) жолаушы - тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұратын және билетте немесе оның жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетілген, не тасымалдаушының келісімімен теңіз арқылы тасымалдау шарты бойынша автокөлік құралдарын, жануарларды және өзге де жүкті ілесе алып жүруді жүзеге асыратын тұлға;
14) жолаушылар тасымалдайтын кеме - жолаушылар тасымалдауға арналған және он екіден астам жолаушы тасымалдайтын кеме;
15) жолаушылық куәлік - жолаушылардың кемеге алуға жол берілетін ең көп саны туралы мәліметтер бар кеме құжаты;
16) жөнелтуші - теңіз тасымалы шартына сәйкес жүк жөнелткен және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
17) жүзбелі бұрғылау қондырғысы - теңіз түбіндегі жерасты ресурстарын барлау және (немесе) өндіру жөніндегі бұрғылау жұмыстарын орындауға арналған кеме (жүзбелі құрылыс);
18) жүк таситын кеме - жолаушылар тасымалдамайтын кеме (құрғақ жүк, құйылатын жүк таситын, көліктік рефрижератор, мұзжарғыш сүйреткіш, итермелегіш, құтқарушы, техникалық флот, кабельді, арнаулы мақсаттағы және басқа да жолаушылар тасымалдамайтын кеме);
19) инцидент - нәтижесінде зиян келтірген немесе сондай зиян келтірудің елеулі және тікелей қаупі төнген оқиға немесе шығу жағдайы белгілі дәрежеде ұқсас бірқатар оқиғалар;
20) каботаж - Қазақстан Республикасының теңіз порттары арасындағы қатынаста, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңды құзырындағы тиеу портынан (пунктінен) түсіру портына (пунктіне) дейін тасымалдау мен сүйретіп жүзу;
21) каюталық багаж - жолаушының белгіленген мөлшер мен көлем шегінде өзімен бірге алып жүретін, жинақы буып-түйілген және каютаға немесе жалпы орындардағы сөрелерге еркін орналастырылатын заттары;
22) кеме - сауда мақсатында теңізде жүзуге пайдаланылатын, су ығыстырмайтын кеме мен гидроұшақты қоса алғанда, өздігінен жүретін немесе өздігінен жүрмейтін жүзбелі құрылыс;
23) кемеге теңіздегі кепіл - осы Заң негізінде онда аталған мән-жайлар туған кезде пайда болатын кеме ипотекасы;
24) кеме иесі - кемені меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде иеленетін тұлға;
25) кеме ипотекасы - мемлекеттік тіркелуге жататын теңіз кемесінің, ішкі суда жүзетін кеменің, "өзен-теңізде" жүзетін кеменің, сондай-ақ жасалып жатқан кеменің тиісті тізілімде тіркелген шарт негізінде туындайтын ипотекасы;
26) кемелерді лоцмандық алып өту - лоцман жүзеге асыратын кемелерді алып өту;
27) кемемен жалданушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме беретін тарабы;
28) кемені жалдаушы - кемені жалдау шартының жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау немесе сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге кеме немесе бірнеше кеме берілетін тарабы;
29) кеменің меншік иесі - кемелер мен оларға құқықты мемлекеттік тіркеу ережелеріне сәйкес кеменің меншік иесі ретінде тіркелген тұлға;
30) кеменің сыйымдылығы - порттардағы есеп айырысуға және флоттың есебін жүргізуге қызмет ететін, Қазақстан Республикасының кемелерді өлшеу жөніндегі халықаралық шарттарына сәйкес белгіленетін сыйымдылық;
31) коносамент - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат;
32) контрсталиялық уақыт - кеме сталиялық уақыттан тыс жүк тиеліп тұратын уақыт кезеңі;
33) қауіпті жүк - өзіне тән қасиеттеріне қарай тасымалдау, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу және сақтау кезінде техникалық құралдардың, қондырғылардың, ғимараттар мен құрылыстардың жарылысына, өртенуіне немесе зақымдануына, сондай-ақ адамдардың, жануарлардың мерт болуына, жарақаттануына немесе ауруына, қоршаған ортаға зиян келтіруге себеп болуы мүмкін жүк;
34) лоцман - кемені арқанға байлайтын, зәкірге қоятын және портта кемелердің орнын ауыстыратын жерге қауіпсіз жеткізу саласында белгілі бір білімі мен дағдылары бар маман;
35) лоцмандық қызмет - лоцманның (лоцмандардың) қызметі;
36) мұнай құйылатын кеме - теңіз кемелері үшін тұтану температурасы Цельсия бойынша алпыс градус және одан да төмен, ішкі суларда жүзетін кемелер үшін Цельсия бойынша елу бес градус және одан да төмен, Рейд бойынша бу қысымы атмосфералық қысымнан төмен шикі мұнайды және мұнай өнімдерін құйып тасымалдауға арналған кеме;
37) нақты тасымалдаушы - жолаушыны, багаж бен жүкті немесе оның бір бөлігін тасымалдауды нақты жүзеге асыратын тасымалдаушы;
38) өткізу коносаменті - тасымалдаушы жөнелтушіге беретін және жүктің тасымалдауға қабылданғанын куәландыратын құжат, онда тасымалдың бір бөлігін басқа тасымалдаушының жүзеге асыруға тиіс екендігі көзделеді;
39) порт айдыны - порттың гидротехникалық және басқа да құрылыстарының теңіз жағындағы eң алыс нүктесі арқылы өтетін сызықпен шектелген немесе Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес белгіленетін Қазақстан Республикасының ішкі сулары;
40) портта сүйрету - порт айдынында, соның ішінде кемені немесе өзге де жүзбелі объектіні портқа кіргізу не оны порттан шығару үшін сүйрету және маневрлерді орындау;
41) сауда мақсатында теңізде жүзу - жолаушыларды, багаж бен жүкті кемемен тасымалдау жөніндегі қызмет, сондай-ақ өздеріне жүктелген міндеттерді орындау үшін пайдаланылатын әскери және шекаралық кемелерді қоспағанда, кемелерді өзге де коммерциялық және коммерциялық емес (гидрографиялық, ғылыми, гидротехникалық, құтқарушылық және басқа) мақсаттарда пайдалануға байланысты қызмет;
42) сталиялық уақыт - жалдау ақысына қосымша төлемсіз, кеме жүк тиеуде тұратын уақыт кезеңі;
43) суббербоут-чартер - кемені жалдау шарты, ол бойынша кемені жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасуға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақтандырылмаған және экипажбен жасақталмаған кемені немесе бірнеше кемені келісілген ақы (жалдау ақысын) алып, үшінші тұлғаларға белгілі бір мерзімге иелену және пайдалану үшін беруге міндеттенеді;
44) субтайм-чартер - кемені жалдау шарты, ол бойынша кемені жалдаушы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдауға және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттарына арнап жарақталған және экипажбен жасақталған кемені немесе бірнеше кемені сыйақы алып, үшінші тұлғаларға белгілі бір мерзімге беруге міндеттенеді;
45) сүйреткіш кеме - басқа кемелерді және жүзбелі құрылыстарды сүйрету мен жиекке келтіруге арналған кеме;
46) сыныптау қоғамы - Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы халықаралық шарттарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметі таныған, халықаралық жүзуге шығатын кемелерді техникалық куәландыруды және сыныптауды жүзеге асыратын ұйым;
47) тайм-чартер - кемемен жалданушы келісілген ақыға (жалдау ақысы) кемені жалдаушыға кемені және кеме экипажы мүшелерінің көрсететін қызметтерін жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау және сауда мақсатында теңізде жүзудің өзге де мақсаттары үшін белгілі бір мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін уақытқа кемені жалдау шарты;
48) тасымалдау ережелері - жолаушыларды, багажды, жүкті тасымалдауды жүзеге асыру кезінде теңіз көлігінің қызметін реттейтін, көліктегі уәкілетті орган бекітетін нормативтік құқықтық актілер;
49) тасымалдаушы - кемеге меншік немесе өзге де заңды негіздерде құқығы бар, жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін және тасымал құжаттарында көрсетілген тұлға;
50) теңіздегі қарсылық - кеме жүзіп бара жатқан немесе тұрған кезеңде орын алған оқиға туралы кеме капитанының дәлелдемелерді қамтамасыз ету мақсатында кеме иесіне мүліктік талаптар қоюға негіздеме бола алатын мәлімдемесі;
51) теңізде сүйрету - кемені немесе өзге де жүзбелі объектіні белгілі бір қашықтыққа сүйрету;
52) теңіз жолдары навигациялық жағдайының құралдары - жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маяктар, қалқымалар және басқа да навигациялық жабдықтар;
53) теңіз жүкқұжаты - жүктерді теңіз көлігімен тасымалдау кезінде ресімделетін тасымал құжаты;
54) теңіз порты - Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен берілген жер учаскелерінде орналасқан, кемелерге, жолаушыларға, багажға қызмет көрсетуге және жүктермен жасалатын операцияларды жүзеге асыруға, сондай-ақ теңіз көлігі қызметінің өзге де мақсаттарына арналған құрылыстар кешені;
55) теңіз талабы - кемелерді сауда мақсатында теңізде жүзуді көздеп пайдалануға байланысты мәлімделетін талап (зиянның орнын толтыру, алымдар төлеу және өзгелер);
56) теңіз терминалы - жүктерді тиеуге (түсіруге), оларды сақтауға, теңіз көлігінің түрімен сабақтас көлік құралдарын жөнге келтіруге, сондай-ақ жолаушыларды отырғызуға, түсіруге және оларға өзге де қызмет көрсетуге арналған жағдайларды қамтамасыз ететін техникалық құралдардың, инженерлік құрылыстардың, көтергіш-көліктік және өзге де жабдықтардың жиынтығын қамтитын теңіз портындағы мамандандырылған учаске;
57) теңіз терминалының операторы - теңіз портындағы терминалға меншік немесе өзге де заңды негіздерде құқығы бар және тиеу-түсіру жұмыстары мен өзге де техникалық операцияларды жүзеге асырушы тұлға;
58) уәкілетті орган - сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік саясатты, мемлекеттік бақылау мен қадағалауды іске асыруды, қызметті үйлестіру мен реттеуді өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
59) чартер - теңіз арқылы жолаушыларды, багаж бен жүкті тасымалдау шартының бір түрі, бұл жағдайда жөнелтушіге бүкіл кеме, оның бір бөлігі немесе кеменің белгілі бір жайы беріледі.
2-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдар
1. Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңда көзделгенiнен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың нормалары қолданылады.
3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1. Осы Заң:
1) теңiз кемелерiне - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа да су жолдарымен жүзуi кезiнде;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
2) iшкi суда жүзу кемелерiне, "өзен-теңiзде" жүзетiн кемелерге - олардың Қазақстан Республикасының теңiз жолдарымен, өзендерiмен, көлдерiмен, су қоймаларымен және басқа су жолдарымен теңiз портына кiре отырып, жүктi, жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, құтқару операциялары кезiнде және теңiз кемесiмен соқтығысуы кезiнде қолданылады.
2. Осы Заң Қазақстан Республикасының Әскери-Теңiз Күштерi мен шекара қызметiнiң теңiз бөлiмдерi туын көтерiп жүзушi кемелерге қолданылмайды.
4-бап. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік басқару
1. 2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында Қазақстан Республикасы Үкіметінiң құзыретiне:
1) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлеу;
2) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
3) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
4) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік жолаушылар қатынасына тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
5) Қазақстан Республикасының аумағына багаж бен жүктi әкелуге, одан әкетуге, транзитке тыйым салу туралы шешiмдер қабылдау;
6) теңiз порттарын салу үшiн оларды орналастыру тәртібін белгiлеу;
7) кемелердi, соның iшiнде жасалып жатқандарын және оларға құқықтарды мемлекеттік тiркеу тәртібін, сондай-ақ оларға меншiк құқығын куәландыратын құжаттардың нысанын белгiлеу;
8) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметтi лицензиялау кезiнде біліктiлiк талаптарын бекіту;
9) кемелер экипаждарының мүшелерiн дипломдау тәртібін белгiлеу;
10) кемелермен тасымалдауға арналған қауiптi жүктердiң тiзбесiн бекіту;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
11) нысанды киiм берiлетiн, теңiз көлiгіндегі мемлекеттік бақылау қызметкерлерi лауазымдарының (кәсiптерiнiң) тiзбесiн, нысандар үлгiлерi мен айырым белгілерiн, нысанды киiм киiп жүру тәртібін және қамтамасыз ету нормаларын бекіту;
12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2-тармақ 13) тармақшамен толықтырылды
13) Қазақстан Республикасының теңізшісі паспортының үлгiсiн, оны ресiмдеу, беру, мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін бекіту;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2-тармақ 14) тармақшамен толықтырылды
14) шет мемлекеттiң туын көтеріп жүзетін кемелердiң каботажды жүзеге асыруына рұқсаттар беру тәртібін бекіту;
2005.02.06. № 55-III ҚР Заңымен 2-тармақ 15) тармақшамен толықтырылды ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 15-тармақша өзгертілді (бұр. ред .қара)
15) Қазақстан Республикасының сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы халықаралық шарттары негiзiнде кемелердi техникалық куәландыру мен сыныптауды жүзеге асыратын сыныптау қоғамын тану туралы шешiм қабылдау ;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 16-тармақшамен толықтырылды
16) теңіз кемелерін жіктеу ережелерін бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 17-тармақшамен толықтырылды
17) теңіз кемелерін жабдықтау жөніндегі ережелерді бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 18-тармақшамен толықтырылды
18) теңіз кемелерінің жүк маркасы туралы ережелерді бекіту;
2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 19-тармақшамен толықтырылды
19) сауда мақсатында теңізде жүзу саласында техникалық регламенттерді бекіту жатады.
3. Сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында уәкiлеттi органның құзыретiне:
1) өз құзыретi шегiнде сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға қатысу мен халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн білдiру;
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
2) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласында туындайтын қатынастарды реттейтiн заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердің жобаларын әзiрлеу, сауда мақсатында теңiзде жүзудi дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамасын әзiрлеу;
3) теңiз көлiгiнiң жұмыс iстеу тәртібін белгiлейтiн заң актілері мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi жеке және заңды тұлғалардың сақтауын бақылауды қамтамасыз ету;
4) сауда мақсатында теңiзде жүзу саласындағы қызметтiң жекелеген түрлерiн Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес лицензиялау;