53. Бағалау міндеттемелерін қамтамасыз ету үшін қажетті кейбір немесе барлық шығындарды күтілетін басқа тарап өтейді деп өтеу үйым міндеттемені өтей алатыны күмәнсіз болған жағдайда ғана, сонда ғана өтеу мойындалады. Өтеу жеке актив ретінде ескерілуге тиіс. Өтеу ретінде танылған сома резервтің сомасынан аспауға тиіс.
54. Пайда мен шығын туралы есепте резервтерге жататын шығыс өтеуге қатысты танылған соманы шегеріп тастағанды білдіреді.
55. Жекелеген жағдайларда ұйым резервтерін қамтамасыз етуге қажетті (мысалы, сақтандыру шарты, жеткізушінің шығындарды өтеу немесе кепілдіктер туралы жазғандары) шығындардың барлығын немесе бір бөлігін басқа тарап жабады. Басқа тарап ұйым төлеген соманы қайтарады не осы соманы тікелей төлейді.
56. Көптеген жағдайларда ұйым қаралып отырған барлық сомалар үшін жауапты болады, яғни ұйым қандай да бір себептермен үшінші тарап төлемеген жағдайда, соманың барлығын төлеуі тиіс. Осындай жағдайда резервтер міндеттеменің толық сомасында мойындалады және күтіліп отырған өтеу бойынша жеке актив танылады; әрі мұндай актив, егер ұйым міндеттемені жапқанда өтеу алынатын болса, актив сөзсіз танылады.
57. Кейбір жағдайларда ұйым, үшінші тарап төлей алмайтын болса, қаралып отырған шығындар бойынша жауап бермейді. Мұндай жағдайларда ұйым осындай шығындар бойынша міндеттемелер алмайды және олар резервтерге кірмейді.
58. 29-тармақта көрсетілгендей, ортақ жауапкершілік атқаратын ұйым бойынша міндеттеме шартты міндеттеме болып табылады, бұл жағдайда міндеттемені басқа тарап өтейді.
59. Бағалау міндеттемелері әрбір есептік күні қайта қаралуы және ағымдағы ең дұрыс есептік бағалауда көрсету үшін түзетілуі тиіс. Егер экономикалық пайдасы бар ресурстарды шығаруды қажет ететін міндеттемелерді реттеу үшін мүмкіндік болмаса, онда бағалау міндеттемелері қайтарылады.
60. Дисконттауды пайдалану кезінде уақыт факторын көрсету мақсатында әрбір кезеңде бағалау міндеттемелерінің қаржылық жағдай туралы есептік құны көбейеді. Бұл көбею пайыздық шығыс ретінде танылады.
61. Резервтер бастапқыда мойындалғандар үшін осы шығындар бойынша ғана пайдаланылады.
62. Резервтерге қарсы бастапқыда жасалғандарға қатысты шығындар ғана есептеледі. Бастапқыда басқа мақсаттарда жасалған резервтерге қарсы шығындарды есептеу екі түрлі оқиғаның әсерін жасыратын болады.
Тану және бағалау ережелерін қолдану |
Болашақ операциялық шығындар
63. Резервтер операциялық қызметтен болған болашақ шығындар үшін мойындалмауға тиіс.
64. Болашақ операциялық шығындар 10-тармақтағы міндеттемелер және 14-тармақтағы резервтер үшін белгіленген мойындаудың жалпы талаптары бойынша анықтамаға жауап бермейді.
65. Болашақ операциялық шығындарды күту белгілі бір активтер қызметінің құнсыздануының көрсеткіші болып табылады. Ұйым 36 Активтердің құнсыздануы ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес құнсыздануға осындай активтерге тексеру жүргізеді.
Міндет жүктелген шарттар
66. Ұйымда міндет жүктелген шарт болған жағдайда, осы шарт бойынша ағымдағы міндеттеме танылады және резерв ретінде өлшенеді.
67. Көптеген шарттар (мысалы, сатып алуға арналған әдеттегі тапсырмалар) басқа тарапқа өтемақы төлемей-ақ жойылуы мүмкін және тиісінше бұл жерде міндеттеме болмайды. Басқа шарттар әрбір келісетін тараптар үшін құқықтар мен міндеттерді белгілейді. Оқиға осындай шартты міндет жүктелген шарт жасағанда, ол осы Стандартты қолдану аясына тап болады және танылатын міндеттемесі болады. Міндет жүктелген болып табылмайтын орындалу үстіндегі шарттар осы Стандартты қолдану аясына кірмейді.
68. Осы Стандарт шамасы олар бойынша алынатын экономикалық пайдадан асып түсетін, орындауы болмай қоймайтын шығындарды қажет ететін шарт ретінде міндет жүктелген шартты айқындайды. Шарт бойынша болмай қоймайтын шығындар шарттан шығудың ең төменгі құнын көрсетеді, ол, өз кезегінде, шартты орындауға кеткен шығындардың және өтемақы немесе оны орындамағаны үшін айыппұл төлеуге кететін шығындардың ең төменгі мөлшерін білдіреді.
69. Міндет жүктелген шарт бойынша жеке резервті жасамас бұрын, ұйым осы шартқа жататын активтердің құнсыздануы бойынша кез келген шығынды таниды (36 Активтердің құнсыздануы ХҚЕС-ын (IAS) қараңыз).
Қайта құрылымдау
70. Төменде қайта құрылымдау анықтамасына кіретін оқиғалар мысалы берілген:
(a) қызмет түрін сату немесе тоқтату;
(b) елде немесе аймақта шаруашылық бөлімшелерін жабу немесе шаруашылық қызметін бір елден екінші елге немесе аймаққа ауыстыру;
(c) менеджмент құрылымындағы өзгерістер, мысалы, менеджменттің қандай да бір деңгейін жою; және
(d) ұйым қызметінің сипатына және бағытына елеулі әсер ететін түбірлі қайта ұйымдастыру.
71. Қайта құрылымдауға шығындар бойынша резервтер 14-тармақта белгіленген резервтер үшін мойындаудың жалпы талаптарын сақтаған кезде ғана танылады. 72-83-тармақтар мойындаудың жалпы талаптары сияқты қайта құрылымдауға қолданылады.
72. Қайта құрылымдау бойынша шығындарға бағалау міндеттемелері бағалау міндеттемелерін мойындаудың жалпы талаптарын сақтаған жағдайда ғана танылады. Бұл контексте қайта құрылымдау бойынша міндеттеме ұйым:
(a) қайта құрылымдаудың жан-жақты ресми жоспары болғанда туындайды,
олар:
(i) қызметті немесе оның бір бөлігін;
(ii) негізгі орналасқан жерін;
(iii) орналасқан жерін, функциясын және оларды жалдаудың тоқтатылуына байланысты өтемақы берілетін қызметкерлердің шамамен алынған санын;
(іv) келтірілетін шығындарды; және
(v) жоспарды орындау мерзімдерін айқындайды; және
(b) осы жоспарды орындауды бастай отырып немесе мүдделі тұлғаларға жоспардың тетіктері мен ерекшеліктерін жариялай отырып, қайта құрылымдауды жүргізетінін мүдделі тұлғаларға негізделген күтулермен түсіндіреді.
73. Ұйымның қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыра бастауына, мысалы, жабдықтарды бөлшектеуді бастау не активтерді сату немесе қайта құрылымдау жоспарының негізгі сипатын ашық жариялау куә болуы мүмкін. Қайта құрылымдаудың жан-жақты жоспарын ашық жариялау тәжірибеден туындайтын міндеттемелерге себеп болады - ұйымның қайта құрылымдауды жүзеге асыратыны туралы тапсырыс берушілер, жеткізушілер және қызметкерлер (немесе олардың өкілдері) сияқты басқа тараптарда шын мәнінде күту тудыру үшін жеткілікті деректермен (яғни, жоспардың негізгі сипаттары белгіленеді) жасалған жағдайда ғана қайта құрылымдауды жүргізуге болады.
74. Қайта құрылымдау жоспары оны тараптарға жариялаған кезде тәжірибеден туындайтын міндеттемелердің себебі болып табылуы үшін қайта құрылымдау жоспарына елеулі өзгерістер енгізудің күмәнді болуы оны орындаудың тез басталуы және оны аяқтаудың осындай мерзімі онда жоспарлануға тиіс. Қайта құрылымдау басталар алдында едәуір кідіріс болса немесе қайта құрылымдау негізсіз ұзақ уақытқа созылса, жоспар басқа тараптар жағынан негізделген күтулер тудыратыны күмәнді болады, бұл уақытша шектеу ұйым үшін жоспарын өзгерту мүмкіндігін жасайтындықтан, ұйымға қазіргі уақытта қайта құрылымдауды жүргізуді міндеттейді.
75. Есептік күнге дейін қабылданған қайта құрылымдау туралы басқарушының немесе директорлар кеңесінің шешімі есептік күнге дейін ұйым:
(a) қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыруды бастамаған; немесе
(b) осы мәселе барынша нақты түрде әсер ететін тараптарға қайта құрылымдау жоспарының негізгі сипатын жариялайды, бұл сол тараптарда ұйымның қайта құрылымдауды жүргізуі туралы негізделген күтулерін туғызған жағдайларды қоспағанда, есептік күніне тәжірибеден туындайтын міндеттеме алмайды.
Егер ұйым қайта құрылымдау жоспарын жүзеге асыруды бастаса немесе ол оның негізгі сипаттары туралы тек есептік күннен кейін жарияласа, онда 10 Есепті күннен кейінгі оқигалар ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес қайта құрылымдау ол туралы ақпаратты ашу дұрыс бағалау мен шешімдер қабылдауда қаржылық есептілікті пайдаланушылардың қабілетіне әсер ететін жағдайда ақпаратты ашу қажет болады.
76. Тәжірибеден туындайтын міндеттеме басшылықтың шешімімен ғана жасалмайды, ол осындай шешіммен басқа бұрынғы оқиғалар жиынтығынан пайда болуы мүмкін. Мысалы, қызметкерлердің өкілдерімен жұмыстан шыққан кезде төленетін жәрдемақылар бойынша немесе сатып алушылармен операцияларды сату туралы келіссөздер директорлар кеңесінің мақұлдауымен жүргізіледі және аяқталады. Осындай бекітулер басқа тараптардан алынған немесе жеткізілген жағдайда, 72-тармақтың талаптарын сақтағанда, ұйымның қайта құрылымдау бойынша тәжірибеден туындайтын міндеттемесі болады.
77. Кейбір елдерде басшылықтың (мысалы, қызметкерлердің) мүддесінен бөлек басқа тараптардың мүддесін қолдайтын өкілдері бар басқармаға түпкілікті өкілеттік тиесілі болады не шешімді қабылдар алдында басқарма осындай өкілдердің жазбаша хабарларын талап етеді. Басқарманың шешім қабылдауы ақпаратты осындай өкілдерге жеткізу болғандықтан, бұл қайта құрылымдау бойынша тәжірибеден туындайтын міндеттемеге алып келуі мүмкін.
78. Қызметті сату міндеттемесі ұйым сатуды жүргізуге міндетті болмағанға дейін, яғни міндетті күші бар сату туралы келісім пайда болғанға дейін туындамайды.
79. Ұйым қандай да бір қызметін сату туралы шешім қабылдаған және осы шешім туралы ашық жариялаған жағдайдың өзінде, ол сатып алушы анықталғанға дейін және міндетті күші бар сату туралы келісім жасалғанға дейін сату процесін жүргізе алмайды. Міндетті күші бар сату туралы келісім жасалғанға дейін ұйым өзінің пікірін өзгертуі мүмкін және ол ұйымға тиімді сатып алушы таба алмаса, ол нақты түрде басқаша іс-әрекет жасай алады. Қызметті сату қайта құрылымдаудың бір бөлігі ретінде қаралатын болса, осы қызметтің активтері 36 Активтердіц құнсыздануы ХҚЕС-ына (IAS) сәйкес құнсыздану заты ретінде қарастырылады. Сату қайта құрылымдаудың бір бөлігін ғана білдірген жағдайда, енгізілген міндеттеме міндетті күші бар сату туралы келісім жасалғанға дейін қайта құрылымдаудың басқа бөліктері бойынша пайда болады.
80. Қайта құрылымдау бойынша резервтердің құрамына қайта құрылымдауға байланысты пайда болатын тікелей шығындар, яғни бір мезгілде:
(a) міндетті түрде қайта құрылымдаумен байланысты; және
(b) ұйымның ағымдағы қызметімен байланысты емес шығындар ғана кіреді.
81. Қайта құрылымдау бойынша резервке мынадай міндеттемелер:
(a) жұмыс істеуді жалғастырып отырған қызметкерлерді қайта даярлауға немесе орнын ауыстыруға кеткен шығындар;
(b) маркетингке шығындар; және
(c) жаңа жүйелерге және тарату желілеріне инвестициялар кірмейді.
Болашақта істі жүргізуге жататын осындай шығындар есептік күнге қайта құрылымдау бойынша міндеттемелер болып табылмайды. Осындай шығындар қайта құрылымдаудан бөлек келтірілген болса, онда олар танылады.
82. Қайта құрылымдау күніне дейін бірегейлендірілген болашақ операциялық шығындар, 10 тармақтағы берілген анықтамаға сәйкес міндет жүктелген шарттарға жататындарды қоспағанда, резервке енбейді.
83. 51 тармақтың талаптарына сәйкес активтердің күтілетін шығаруларынан түсетін пайда қайта құрылымдау бойынша бағалау міндеттемелерін өлшеген кезде, тіпті активтерді сату қайта құрылымдаудың бір бөлігі ретінде қаралғанда да ескерілмейді.
84. Ұйым резервтің әрбір тобы үшін:
(a) кезеңнің басына және соңына қаржылық жағдай туралы есептік құнды;
(b) қолданылып жүрген резервті көбейтуді қоса алғанда, кезең үшін құрылған қосымша бағалау міндеттемелерін;
(c) кезең ішінде пайдаланылған сомаларды (яғни, резервке қарсы шеккен немесе есептелген);
(d) жыл ішінде қайтарылған пайдаланылмаған сомаларды; және
(e) уақыт ағымының нәтижесінде пайда болған кезең ішіндегі дисконтталған соманың көбеюін және дисконттау мөлшерлемесінің кез келген өзгерістерге әсерін ашып көрсетуге тиіс.
Салыстырма ақпаратты ашу міндетті емес.
85. Ұйым резервтің әрбір тобы үшін:
(a) міндеттеме сипаттамасының қысқаша сипатын және осы міндеттеме нәтижесінде туындаған экономикалық пайданы шығарудың күтілген уақытын;
(b) осындай шығарудың сомасына немесе уақытына қатысты белгісіздіктің пайда болу фактісін ашып көрсетуі тиіс. Балама ақпарат ұсыну қажеттілігі болғанда, ұйым 48-тармақта көрсетілген болашақ оқиғаларға қатысты жасалған негізгі кемшіліктерді ашып көрсетуі керек; және
(c) осы күтілетін өтеу үшін танылған кез келген актив сомасын көрсете отырып, кез келген күтілетін өтеулер сомасын ашып көрсетеді.
86. Өтеуге арналған ресурстарды шығару мүмкіндігі оқшау болып табылатын жағдайлардан басқа, есептік күні шартты міндеттемелердің әрбір класы үшін ұйым шартты міндеттеменің сипаттамасының қысқаша сипатын ашуы тиіс,
мұнда:
(a) 36-52-тармақтарға сәйкес алынған қаржы әсерінің бағалау мәнін;
(b) шығару сомасына немесе уақытына жататын белгісіздіктің пайда болу фактісін; және
(c) кез келген өтеу мүмкіндігін ашып көрсеткен дұрыс.
87. Қандай резервтер мен шартты міндеттемелердің топқа бірігуі мүмкін екендігін айқындау кезінде олар туралы бірыңғай бекіту 85(а) және (b), және 86(а) және (b) тармақтарының талаптарын орындау үшін баптардың сипаттары ұқсас болып табыла ма, соны қарастыру қажет. Сонымен, әртүрлі өнімге берілетін кепілдікке жататын сомаларды резервтер бірыңғай топ ретінде қарастырған дұрыс болады; екінші жағынан, жай кепілдіктерге жататын сомалар тобын және сот қарауының мәні болып табылатын сомалар тобын бір топқа біріктіру дұрыс болмайды.
88. Резервтер және шартты міндеттеме бірдей жағдайлардан пайда болғанда, ұйым резервтердін және шартты міндеттемелердің арасындағы байланысты көрсету үшін 84-86 -тармақтарда талап етілген ақпаратты ашуы тиіс.
89. Экономикалық пайданың түсуі ықтимал болып табылғанда, ұйым есептік күнгі шартты активтер сипаттамасының қысқаша сипатын және 36-52 -тармақтардағы резервтер үшін белгіленген принциптерге сәйкес өлшенетін қаржы әсерінің есебін ашып көрсетуге тиіс.
90. Шартты активтер туралы ақпаратты ашу кірісті алу үшін шатастыратын нұсқаулар болмауы тиіс.
91. 86 және 89-тармақтарда талап етілетін ақпарат мақсатқа сай болмауы себепті ашылмайды, бұл факт көрсетілуі тиіс.
92. Өте сирек жағдайларда 84-89-тармақтарда талап етілген кейбір немесе барлық ақпаратты ашу резервтер, шартты міндеттемелер немесе шартты активтерге қатысты басқа тараптармен дау-дамайда ұйымның жағдайына едәуір зиян келтіруі мүмкін деп есептеледі. Мұндай жағдайда ұйым ақпаратты алуға тиіс емес, бірақ ақпараттың неліктен ашылмау фактілерімен және себептерімен бірге дау-дамайдың жалпы сипатын ашуға тиіс.
93. Осы Стандартты қабылдаудан болатын нәтиже оның күшіне енетін күніне (немесе бұрын) Стандарт бірінші рет қолданылатын кезең үшін бөлінген пайданың бастапқы сальдосына түзету ретінде есептілікте ұсынылады. Ұйымнан ең алғашқы есептік кезеңдерінен бөлінбеген пайданың бастапқы сальдосын түзету және салыстырма ақпаратты қайта есептеу қажет етілмейді, бірақ мақұлданады. Егер салыстырма ақпарат қайта есептелмесе, онда ол ашылуы тиіс.
94. [Жойылған]
95. Осы Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарты 1999 жылғы 1 шілдеден басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерді қамтитын жылдық қаржы есептілігі үшін күшіне енеді. Мерзімінен бұрын қолдану құпталады. Егер ұйым осы Стандартты 1999 жылғы 1 шілдеден басталатын немесе осы күннен кейінгі кезеңдерге қатысты қолданатын болса, онда ол осы фактіні ашуы тиіс.
96. [Жойылған]
97. [Жойылған]
98. 2013 жылдың қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС (IFRS) 2-ші тармағына түзетулер енгізіп, 97 тармағын жойды. Ұйым сол түзетулерді 2013 жылдың 10 қараша айында түзету енгізілген 9 ХҚЕС-қа (IFRS) қатысты қолдануы тиіс.
99. 2013 жылдың желтоқсан айында шыққан 2010-2012 кезеңдегі ХҚЕС-тың (IFRS) Жылдық Жетілдірулер 3 ХҚЕС-тың (IFRS) түзетулерінен шыққан жалғаспалы түзету ретінде 5 тармағына түзету енгізді. Ұйым сол түзетулерді 3 ХҚЕС-ты (IFRS) қолданатын бизнес құрылымдарына қатысты қолдануы тиіс.
[1] Осы Стандартта «ықтимал» термині «болмайды емес, болуы өте мүмкін» деген мағынада түсіндіріледі, ал басқа Халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттарында қолдану міндетті емес.