Есепке алуға немесе тіркелуге жататын пилотсыз авиациялық жүйелердің санаттары Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларында немесе Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуе кемелерін тіркеу қағидаларында айқындалады.
Пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану мақсатында иемденетін тұлғалар азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға есепке қою немесе тіркеу туралы өтінішпен жүгінеді.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-тармақпен толықтырылды (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген азаматтық әуе кемелері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының пилотсыз авиациялық жүйелері тізілімінде тіркелген немесе есепте тұрған пилотсыз авиациялық жүйелер туралы мәліметтер мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті органға беріледі.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 46-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
46-бап. Әуе кемесін тiзiлiмнен шығару
1. Әуе кемесі мынадай:
1) әуе кемесi есептен шығарылған немесе пайдаланудан алып тасталған;
2) әуе кемесi шет мемлекетке, шетелдiк жеке немесе заңды тұлғаға сатылған немесе берiлген;
3) азаматтық әуе кемесi Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясы әуе кемелерінің тізілімінде немесе шет мемлекеттердің тізілімінде тіркелген;
4) мемлекеттік әуе кемесі Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген;
2021.02.01. № 399-VI ҚР Заңымен 4-1) тармақшамен толықтырылды; 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4-1) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4-1) мүлікке ауыртпалық салу болған жағдайлардан басқа кезде пайдаланудың күнтізбелік мерзімі әуе кемесі шығарылған күннен бастап қырық жылдан асатын, екі жылдан астам ұшу жарамдылығының жарамды сертификаты болмаған;
5) 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды
5-1) әуе кемесі хабарсыз жоғалып кеткен деп танылған;
6) қайтарылмайтын өкілеттікті атқарған жағдайларда, Қазақстан Республикасы әуе кемелерінің тиісті тізілімінен шығарылады.
Кепілде тұрған әуе кемесін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығару үшін кепіл ұстаушының келісімі болуы міндетті.
2. Әуе кемесi тиiстi тiзiлiмнен шығарылған кезде кеменің тiркелгені туралы куәлiктiң және осы кемеге қатысты жасалған барлық жазбалардың күшi жойылады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 6-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемесінің меншік иесіне әуе кемесінің Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен шығарылғаны туралы куәлік береді.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 47-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 47-баптың тақырыбы өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
47-бап. Әуе кемелерін, пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалануға рұқсат ету және ұшуға жарамдылықта ұстау
1. Мемлекеттік әуе кемесiн мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен пайдалануға рұқсат етіледі.
2014.29.09. № 239-V ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық әуе кемесі ұшуды орындау үшін жарамды болуға тиіс және ұшуға жарамдылықтың қолданыстағы сертификаты болған кезде пайдалануға жіберіледі.
Егер азаматтық әуе кемесі құрастырылған, жасалған, жарақтандырылған, ұшуға жарамдылықта ұсталған және техникалық қызмет көрсету мен жөндеуден өткен болса, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы мен Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес оның ұшу сапасы болса, ұшуды орындау үшін жарамды деп танылады.
Қазақстан Республикасы аумағының үстінен ұшқан кезде шетелдік әуе кемесінің Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттары негізінде шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаты мен шуыл бойынша сертификаты болуға тиіс.
Ұшуға жарамдылық сертификаты Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемелеріне:
1) азаматтық әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына және осындай типтік конструкция үшін мақұлданған пайдалану құжаттамасына сәйкестігі немесе пайдалануға жарамдылық туралы расталған бағалау актісіне сәйкес басқа да осыған ұқсас құжаттар негізінде;
2) Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес;
3) жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес беріледі.
Әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Тиісті санаттар үшін пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларында айқындалған тәртіппен пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Жалпы мақсаттағы авиация мақсатында авиациялық жұмыстар мен ұшуларды орындайтын жеңіл және аса жеңіл әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Бекітілген типтік конструкциясы жоқ әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын сертификаттауды әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарта отырып, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйымдарды тарту тәртібі және мұндай ұйымдардың мамандарына қойылатын біліктілік талаптары жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларында айқындалады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 2-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
2-1. Пилотсыз авиациялық жүйе ұшуды орындау үшін жарамды болуға тиіс және Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес пайдалануға жіберіледі.
3. 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Азаматтық әуе кемелерін Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу кезінде азаматтық әуе кемелерінің шет мемлекет берген ұшуға жарамдылық сертификаттарын тану Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5-тармақ өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
5. Азаматтық әуе кемесін және оның құрамдастарын ұшуға жарамдылықта ұстау Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Жеңіл және аса жеңіл авиацияның коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын әуе кемелерін пайдалануға рұқсат ету жеңіл және аса жеңіл авиация саласындағы сертификаттау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Пилотсыз авиациялық жүйелердің ұшуға жарамдылығын ұстап тұру Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде пилотсыз авиациялық жүйелерді пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
6. Азаматтық әуе кемелерін ұшуға жарамдылықта ұстау үшін жауапкершілік азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға жүктеледі.
Азаматтық әуе кемесін пайдаланушыға:
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1) Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында ұшуды жүргізу қағидаларына сәйкес әуе кемесін ұшу алдында қарап-тексеру (дайындау) орындалмаған;
2) авариялық құтқару жабдығы ақаулы болған;
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым айқындайтын ұшуға жарамдылық сертификатының қолданылу мерзімі өткен;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі бағдарламаға сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу орындалмаған;
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 5), 6), 7), 8) және 9) тармақшалармен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
5) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекіткен жабдықтың ең аз тізбесін және конфигурацияның ауытқулар тізбесін ескере отырып, қауіпсіз пайдалануға әсер ететін ақаулар мен зақымданулар жойылмаған;
6) әуе кемесі авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі талаптар бұзыла отырып пайдалануға жіберілген;
7) бекітілген техникалық қызмет көрсету бағдарламасының және сенімділік бағдарламасының тиімділігін жыл сайынғы бағалау орындалмаған;
8) ұшу қауіпсіздігіне қатысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның хабарламасын қоса алғанда, әуе кемесіне, оның бөлшектері мен құрамдастарына қатысты ұшуға жарамдылық жөніндегі директива мерзімінде орындалмаған;
9) әуе кемесінің массасы мен оны орталықтау жөніндегі деректер әуе кемесінің ағымдағы конфигурациясына сәйкес келмеген жағдайларда ұшуды орындауға тыйым салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 7-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
7. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесінің иесі немесе пайдаланушысы Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымға әуе кемесінің ұшуға жарамдылығының жай-күйі, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізілгендігі туралы ақпаратты, сондай-ақ оны пайдалану жөніндегі деректерді береді.
2018.24.05. № 156-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-тармақ өзгертілді
8. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген барлық әуе кемелері ұшуға жарамдылықта ұсталуға қатысты тексерілуге жатады. Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкессіздігі анықталған кезде ұшуға жарамдылығы сертификатының қолданылуы тоқтатыла тұрады, ал азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы нормаларына сәйкессіздігі жойылғанға дейін әуе кемесін пайдалануға тыйым салады.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылық нормаларына сәйкес болмауы жойылмаған жағдайда, тоқтатыла тұрған күннен бастап алты ай ішінде ұшуға жарамдылық сертификаты қайтарып алынады.
Әуе кемесінің ұшуға жарамдылығын бағалау:
1) әуе кемесінің пайдалану-техникалық құжаттамасын, ұшуға жарамдылықты ұстап тұру жөніндегі есептік деректерді тексеруді;
2) әуе кемесін қарап тексеруді;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
3) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бақылауымен әуе кемесіне ұшу сынақтарын қажет болған кезде жүргізуді қамтиды.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 8-1-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8-1-тармақ өзгертілді
8-1. Арнаулы ұшуды орындауға рұқсат (ұшуға жарамдылықтың арнайы сертификаты), осы Заңның 44-бабында көзделген жағдайлардан басқа, Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген және қолданыстағы ұшуға жарамдылық сертификаты жоқ немесе ұшуға жарамдылық сертификатын беру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, бірақ пайдаланушының және азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бағалауы негізінде төменде белгіленген жағдайларда және мынадай:
1) жаңа әуе кемелері шығарылғаннан кейінгі ұшу сынақтары;
2) пайдалану (жөндеу) құжаттамасына сәйкес техникалық қызмет көрсетуден және (немесе) жөндеуден кейінгі ұшу сынақтары;
3) әуе кемесін жеткізу немесе экспорттау;
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
4) тапсырыс берушінің немесе азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымның бағалауы үшін әуе кемесінің ұшуы;
5) көрмелер мен авиашоу;
6) әуе кемесінің техникалық қызмет көрсетуді, жөндеуді орындау орнына немесе сақтау орнына ұшып баруы;
7) қону үшін тиісті жағдайы немесе тиісті отын мөлшері жоқ аймақтарда су үстімен немесе жер үстімен қауіпсіз ұшу қашықтығының шегінен тыс ұшулар үшін әуе кемесінің сертификатталған ең жоғары ұшып көтерілу массасымен ұшуы;
8) рекордтарға қол жеткізу, авиациялық жарыстарға және соған ұқсас жарыстарға қатысу;
9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұшуға жарамдылық сертификаты немесе соған ұқсас басқа да құжат талап етілмейтін, Қазақстан Республикасының аумағындағы әуе кемелерінің немесе әуе кемелері типтерінің қызметі мақсатында қауіпсіз ұшуды орындай алатын әуе кемесіне беріледі.
Арнаулы ұшуды орындауға арналған рұқсатты беру алдында азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым ұшуды қауіпсіз орындау үшін әуе кемесінің жай-күйіне бағалау жүргізуге және оны пайдалануға қажетті шектеулер белгілеуге міндетті. Арнаулы ұшуды орындау кезінде әуе кемесінің бортында жолаушылар тасымалдауға тыйым салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 9-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 9-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
9. Егер азаматтық әуе кемелерінде радиомен хабарлау аппаратурасы орнатылған болса, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес осындай аппаратураны пайдалануға рұқсат береді.
10. Халықаралық ұшуды орындайтын азаматтық әуе кемелері Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) стандарттарының талаптарына сай келетін жабдықпен жарақтандырылады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
11. Әрбір әуе кемесінде борт журналы жүргізіледі, оған әуе кемесі туралы, әуе кемесін пайдалану процесінде анықталған ақаулар туралы деректер енгізіледі.
Борт журналының нысаны мен мазмұны азаматтық және мемлекеттік авиацияда ұшуды жүргізу қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 12-тармақ өзгертілді
12. Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінен алып тастауға жататын азаматтық әуе кемесін экспорттау үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемесін сертификаттау және оның ұшуға жарамдылық сертификатын беру қағидаларына сәйкес ұшуға жарамдылықтың экспорттық сертификатын береді.
Бұл құжат ұшуды орындау мақсаты үшін жарамды болып табылмайды және экспорттаушы мемлекеттің әуе кемесінің ұшуға жарамдылығы жай-күйінің соңғы тексеруінің оң нәтижелерін растауы болады.
2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 48-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
48-бап. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерін техникалық пайдалану және жөндеу қағидаларына сәйкес авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар жүргізеді. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асырмайтын жеңіл және аса жеңіл азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді осы Заңның 54-бабына сәйкес берілген қолданыстағы куәлігі немесе шет мемлекет берген және осы Заңның 55-бабына сәйкес танылған куәлігі бар авиация персоналы орындайды.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді
2. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету азаматтық әуе кемесі тіркелген мемлекет бекітетін техникалық қызмет көрсету бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады, бұлар, егер кемені тіркеген мемлекет болып табылмаса, пайдаланушының мемлекетімен келісіледі.
Қазақстан Республикасы азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым бекітеді.
Коммерциялық әуе тасымалдарына қатыспайтын жеңіл және аса жеңіл авиацияның әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету бағдарламасын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісу бойынша әуе кемелерін пайдаланушыларды біріктіретін коммерциялық емес ұйым әзірлейді және бекітеді.
3. Азаматтық әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүргізу кезінде оларды шығарушы немесе техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым берген сәйкестендіру құжаттары (формулярлары, паспорттары, этикеткалары, пайдалануға рұқсат берілгені туралы құжаттары, теңтүпнұсқалы телнұсқалары) жоқ агрегаттарды, жиынтықтаушы бұйымдарды және олардың қосалқы бөлшектерін пайдалануға тыйым салынады.
2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді
4. Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттауды авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарына сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым жүзеге асырады.
Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау тәртібі Азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және сертификат беру қағидаларында белгіленеді.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 5-тармақ өзгертілді
5. Шет мемлекеттердің авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйымдар техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жұмыстарына олардың сертификаттарын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым толық немесе ішінара танығаннан кейін жіберіледі. Шетелдік ұйымдардың авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификаттарын танудың тәртібі азаматтық авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымды сертификаттау және оған сертификат беру қағидаларында айқындалады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
6. Коммерциялық әуе тасымалдарын жүзеге асыратын азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қызметтер көрсететін, авиациялық техникаға техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі сертификатталған ұйым әуе кемелеріне техникалық қызмет көрсету кезінде ұшу қауіпсіздігін басқару жөніндегі үлгілік нұсқаулыққа сәйкес, орындалатын жұмыстардың көлемі мен күрделілігіне қарай ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін енгізуге міндетті.
49-бап. Әуе кемелерiне салынатын белгiлемелер
1. Тiркеу кезiнде әуе кемелерiне мемлекеттік және тiркелетін танылым белгiлерi берiледi, олар осы кемелерге салынады.
2022.29.12. № 174-VІІ ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Пилотсыз авиациялық жүйелерді тіркеу кезінде оларға мемлекеттік белгілер және тіркелетін танылым белгілері беріледі, олар пилотсыз әуе кемелеріне азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне мемлекеттік белгілер, тіркелетін танылым белгілері мен қосымша белгілерді салу тәртібіне сәйкес салынады.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Әуе кемелеріне мемлекеттік және тіркелетін айырып-тану белгiлерiнен басқа қосымша белгілер (рәміздер, жазбалар, эмблемалар) салынуы мүмкін.
Қосымша белгiлер әуе кемелеріне мемлекеттік және тiркелетін танылым белгiлерiнiң көзбен көргенде танылуын қиындатпайтындай етiп салынады.
3. Мемлекеттік, тiркелетін танылым белгілері мен қосымша белгiлердi әуе кемелерiне салу тәртібін және көрсетілген белгілердің сипаттамасын азаматтық және эксперименттік әуе кемелеріне қатысты - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, ал мемлекеттік авиацияның әуе кемелерiне қатысты мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
50-бап. Әуе кемесін ұшуға дайындау
1. Әуе кемесiнiң ұшуы алдында әуе кемесiн, авиация персоналын, әуеайлақтарды, тікұшақ айлақтарын дайындау жүргізілуге тиіс.
2. Ұшуға дайындау қағидаларын азаматтық және эксперименттік авиация үшiн - азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган, мемлекеттік авиация үшiн мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган белгiлейдi.
2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 51-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2013.04.07. № 132-V ҚР Заңымен 51-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
51-бап. Әуе кемесiн жалдау
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің мемлекеттік тізілімінде тіркелген әуе кемесiнiң меншiк иесi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары немесе ұйымдары кемені экипажымен қоса немесе экипажсыз Қазақстан Республикасының пайдаланушысына немесе шетелдiк пайдаланушыға жалға беруге құқылы.
Қазақстан Республикасының пайдаланушысы Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шарттарда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса немесе экипажсыз жалға алуға құқылы.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-1. Шет мемлекетте тіркелген әуе кемесін Қазақстан Республикасы пайдаланушысының экипажсыз немесе Қазақстан Республикасының әуе кемесін шетелдік пайдаланушының экипажсыз жалға алуы Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйым мен осы әуе кемесі тіркелген шет мемлекеттің құзыретті органы арасында жасалған келісім болған кезде ғана жүзеге асырылады. Мұндай келісім Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО) тіркелуге тиіс.
2017.10.05. № 64-VI ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды; 2019.19.04. № 249-VІ ҚР Заңымен 1-2-тармақ өзгертілді (2019 ж. 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1-2. Қазақстан Республикасы пайдаланушысының Қазақстан Республикасының азаматтарына немесе заңды тұлғаларына тиесілі әуе кемесін экипажымен қоса жалға алуы шарттың қолданылу мерзіміне жалға алушы пайдаланушысының сертификатына (авиациялық жұмыстарды орындауға арналған куәлікке) енгізбей жүзеге асырылады.