5) жұмылдыру жарияланған кезде жұмылдыру жоспарларына сәйкес өндiрiстi соғыс жағдайы режимiне көшiру жөнiнде шаралар жүргiзедi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
6) жергілікті әскери басқару органдарының жұмысына жәрдем көрсетедi, өздерiмен еңбек қатынастарында тұрған және шақырылуға тиiстi азаматтардың есебiн алуды ұйымдастырады, оларға мерзiмiнде хабар берудi және жиналу орындарына немесе әскер бөлiмдерiне азаматтарды жеткізудi, техника берудi қамтамасыз етедi, жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында олардың құнын кейіннен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен өтеу арқылы жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, коммуникацияларды, көлiктi және басқа да материалдық құралдарды қорғаныс мұқтаждарына бередi;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
7) басшыларды, мамандарды, әскери мiндеттi азаматтар арасынан біліктi жұмысшылар мен қызметшiлердi жұмылдыру, соғыс уақыты кезеңi мен соғыс уақытына арнап бекітіп қою жөніндегі жұмыстарды атқарады;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) жұмылдыру дайындығы жөніндегі мiндеттердi орындау үшiн арнаулы құрамалардың қызметін ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Оларды ұстау жөніндегі шығындар тиiстi органдар мен ұйымдар арқылы мемлекеттік бюджеттен толықтырылады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 9) тармақшамен толықтырылды
9) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі уәкілетті органға, орталық атқарушы органдардың жұмылдыру органдарына мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат беруге міндетті.
2. Ұйымдардан жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арналған мемлекеттік қорғаныс мүдделерi көзделген мемлекеттік тапсырмаларды орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.
11-бап. Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтары мен мiндеттерi
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында шақырылған азаматтар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы әскери қызметшісінің құқықтарын пайдаланады.
2. Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттiң жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету мақсатында:
1) тұрғылықты жерi бойынша әскери есепте тұруға;
2) өзiнiң әскери қызметке қатыстылығын анықтау үшiн шақыру бойынша жергілікті әскери басқару органдарына келуге;
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында қорғаныс мұқтаждарына жер учаскелерiн, үйлердi, ғимараттарды, көлiк құралдарын және өздерiнiң меншiгіндегі басқа да мүлiктi олардың құнын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен кейiн мемлекет тең мөлшерде өтейтiндей етiп беруге мiндеттi.
3. Жергілікті әскери басқару органдарының жұмылдыру ұйғарымдамасын немесе шақыру қағазын алған Қазақстан Республикасының азаматтары оларда айтылған талаптарды орындауға мiндеттi.
4. Қазақстан Республикасының азаматтары жұмылдыру, соғыс жағдайы бойынша және соғыс уақытында мемлекеттiң қорғанысы мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстарды орындауға тартылады, сондай-ақ белгiленген тәртiппен арнаулы құрамаларға қосылады.
5. Әскери есепте тұрған азаматтарға жұмылдыру жарияланған кезден бастап тұрғылықты жерiнен жергілікті әскери басқару органы басшысының рұқсатынсыз кетiп қалуға тыйым салынады.
4 тарау. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру, оны қаржыландыру тәртібі
12-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі
1. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарын, экономикасы мен аумағын жұмылдыру дайындығын ұйымдастыру мен оның тәртібі осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, басқа да әскерлерi мен әскер құрамаларының жұмылдыру дайындығы мен оларды жұмылдыруды ұйымдастыру және оның тәртібі осы Заңмен және басқа да нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
13-бап. Жұмылдыру органдары
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Бейбіт уақытта жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттік органдар мен ұйымдарда жұмылдыру дайындығы жөніндегі шаралардың өткізілуін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау жұмылдыру органдарына (бөлімшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жүктеледі. Жұмылдыру органдарының (бөлімшелерінің немесе жекелеген қызметкерлердің) құрылымы, штат саны, өкілеттігі осы тапсырыстардың (тапсырмалардың) сипаты мен ауқымы тұрғысынан айқындалады.
Жұмылдыру органдары (бөлімшелер немесе жекелеген қызметкерлер) мемлекеттік органдардың және ұйымдардың тікелей бірінші басшысына бағынады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды
1-1. Жұмылдыру тапсырыстары (тапсырмалары) бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың бірінші басшылары жұмылдыру органдарына (бөлімшелерге немесе жекелеген қызметкерлерге) жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру бойынша өздеріне жүктелген міндеттерді орындауы үшін қажетті жағдайлар жасайды.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдардың жұмылдыру органдары туралы үлгi ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.
14-бап. Әскери-көлiктiк мiндет
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
1. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңi мен соғыс уақытына арнап Қарулы Күштердi, басқа да әскерлер мен әскер құрамаларын көлiк құралдарымен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының аумағында әскери-көлiктiк мiндет белгiленедi.
2. Әскери-көлiктiк мiндет Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарына, көлiк құралдары бар ұйымдар мен азаматтарға, сондай-ақ көлiк құралдарының жұмысын қамтамасыз ететiн өзге де ұйымдарға қолданылады.
3. Әскери-көлiктiк мiндеттiң орындалу тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi.
15-бап. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
1. Жұмылдыру дайындығын, жұмылдыру органдары мен жұмылдыруды қаржыландыру бюджет қаражаты мен ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
3. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
4. Ұйымдардың өз бастамасы бойынша олардың тұрақты жұмыс iстеуi мен жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында жүргiзiлетiн жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыстар ұйымдардың қаражаты есебiнен қаржыландырылуға тиiс.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 16-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
16-бап. Жұмылдыру резервi
Жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету, экономиканың жұмылдыру мұқтаждарын қанағаттандыру үшін жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында ғана пайдаланылады.
5 тарау. Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытында
арнап бекітіп қою және шақыру
17-бап. Азаматтарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арнап мемлекеттік өкiмет органдарына, орталық және жергiлiктi атқарушы органдар мен ұйымдарға бекітіп қоюдың құқықтық негiзi
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-тармақ өзгертілді
1. Қазақстан Республикасының запаста тұрған азаматтарын бекітіп қою жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арнап мемлекеттік өкiмет органдарының, орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының, ұйымдардың кiдiрiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзiледi.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
2. Азаматтарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арнап мемлекеттік өкiмет органдарына, орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарына, ұйымдарға бекітіп қою осы Заңға және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес жүргiзiледi.
18-бап. Азаматтарды жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арнап бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі
1. Азаматтарды бекітіп қоюдың ұйымдастырылуы мен тәртібі осы Заңмен және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтетiн Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңі мен соғыс уақытына арнап бекітіп қою жөніндегі нұсқаумен белгiленедi.
2. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтарды бекітіп қою жөніндегі жұмысқа басшылықты Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Жұмыс күшiн бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссия жүзеге асырады.
3. Азаматтарды бекітіп қою шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі және Қазақстан Республикасының Жұмыс күшiн бекітіп қою жөніндегі республикалық комиссиясы бекiтетiн қызметтер мен мамандықтар тiзбесi белгiлейдi.
2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.07.07 № 183-III (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 4-тармақ өзгертілді
4. Мемлекеттік өкiмет органдарына, орталық және облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдарға бекітілiп қойылған Қазақстан Республикасының азаматтары кейiнге қалдырылған мерзiм iшiнде жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңіндегі және соғыс уақытындағы шақырудан босатылады.
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 19-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
19-бап. Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру
Жұмылдыру бойынша, соғыс жағдайы кезінде және соғыс уақытында азаматтарды әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентi iшiнара немесе жаппай жұмылдыруды жариялау туралы жарлығына сәйкес жүргiзiледi.
6 тарау. Қорытынды ережелер
2006.07.07 № 183-III ҚР Заңымен 20-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
20-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастық
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа Қазақстан Республикасы мемлекеттердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты жасалған шарттар шеңберiнде, жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жөніндегі өзара мүдделi шараларға әзiрлеп және iске асыра отырып, өзара тиiмдi әскери және экономикалық байланыстарды сақтай отырып қатысады.
21-бап. Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыруды ұйымдастыру және өткізу режимi
Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы ақпаратты қорғау жөніндегі шараларды ұйымдастыру мен жұмысты жүргiзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
22-бап. Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiк
Заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы заңдарын бұзған жағдайда олар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Қазақстан Республикасының
Президентi | Н.Ә. Назарбаев |