34-тарау. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден
бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі
270. Бюджеттік субсидиялар тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда және жергiлiктi атқарушы органның немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттар шешiмiнде, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңын немесе тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы мәслихат шешiмiн iске асыру туралы қаулысымен анықталған сомалар шеңберiнде берiледi.
271. Бюджеттік субсидиялар төлеу үшiн оларды алушылар бюджеттік бағдарлама әкiмшiсiне олардың бюджеттен өтеудi талап ететiн шығындарды жүзеге асырғанын растайтын құжаттар ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi оларды қарағаннан кейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмдерiнде көзделген тәртiппен және нысанда бюджеттік субсидия беру жүзеге асырылған әр бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидиялардың жүзеге асырылуы тиіс бюджеттік бағдарлама бойынша бюджеттік субсидияларды төлеуге арналған қорытындыны және төлеуге берiлетiн шоттарды қалыптастырады.
272. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi тиесiлi бюджеттік субсидияларды олардың тiкелей алушыларына аудару үшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне осы Ереженiң 75-қосымшасына сәйкес нысан бойынша төлеуге берiлетiн шоттардың тiзiлiмiн және төлеуге берiлетiн шоттарды екi данада ұсынады. Бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi бюджеттік субсидияларды төлеудiң негiздiлiгiн, бюджеттік субсидия алушыларға тиесiлi соманы есептеудiң дұрыстығын, бюджеттік субсидияларды аудару yшiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттарды толтырудың растығын және толықтығын қамтамасыз етедi.
35-тарау. Шетел валютасын айырбастау және аудару тәртібі
273. Мемлекеттік мекемелер Қазақстан Республикасының резиденттері еместердің пайдасына шетел валютасында төлемдер мен ақша аударуды жүргiзу үшiн шетел валютасын айырбастау және аудару жөніндегі операцияларды жүзеге асырылады.
274. Валюта түрлерi бойынша ҚР ҰБ белгiлеген лимиттен асып түспейтiн сомаға валюта түрлерi бойынша шетел валютасын сатып алу жөніндегі операция алдын ала мәлiмет ұсынбастан жүзеге асырылады.
275.Валюта түрлері бойынша ҚР ҰБ белгілеген шетел валютасының лимитінен артатын сомаға валюта түрлері бойынша шетел валюталарын қайта айырбастау аумақтық бөлімшелеріне мемлекетік мекеме қайта айырбастау күніне дейінгі келесі мерзімде:
валюта түрі мен сомасын көрсете отырып, шетел валютасын сатып алу қажеттілігі туралы хатты ұсынғаннан кейін;
АҚШ доллары, еуро, ағылшын фунт стерлингi, швейцария франкiсi, ресей рублi - үш күн ішінде;
жапония иенасы - бес күн ішінде жүзеге асырылады.
276. Аумақтық бөлiмшесi сол күні бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға электрондық түрде хат жібереді, ол, өз кезегiнде, оларды Ұлттық Банкке дейiн жеткізеді.
277. Мемлекеттік мекеме шетел валютасында төлемдер мен ақша аударымын жүзеге асыру үшiн мемлекеттік мекеме осы Ереженің 94-қосымшасына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi ұсынады. Шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi мемлекеттік мекеме жасайды және екi данада сағат 10-00-ге дейін бередi.
278. Төлеуге берiлетiн шотта және/немесе шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмде қателер мен түзетулер болған, оларда қандай да бiр талап қажетті деректемелер болмаған, қойылған қойылған қолдардың және/немесе мөр бедерiнің, қойылған қолдар және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес келмеген, төлеуге берiлетiн шот сомасының шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм сомасына сәйкес келмеген кезде, төлеуге берiлетiн шот және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм қайтару себептерi көрсетiлiп орындамастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
279. Бағамдық айырмашылыққа байланысты қажеттi төлем сомасы тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiле сомасынан асып түскен жағдайда, аумақтық бөлiмшесi қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шотты және шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмдi бекiтпейдi, ол туралы мемлекеттік мекемені хабардар етеді.
280. Мемлекеттік мекеме сол күнi аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бағамдық айырма сомасына: мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм және төлеуге берiлетiн шот бередi.
281. Шығыстардың бюджеттік сыныптамасының тиiстi коды бойынша мiндеттемелер жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландырудың жеке жоспары бойынша қабылданбаған міндетемелер сомасы болған жағдайда аумақтық қазынашылық бөлiмшесi бағамдық айырма сомасына мiндеттемелердi тiркеуге арналған өтiнiм деректерiн ҚБАЖ-ға енгізудi және хабарлама қалыптастыруды жүзеге асырады.
282. Бағамдық айырма сомасына төлемдер бойынша берiлген бюджеттік бағдарламаларды (кiшi бағдарламаларды) қаржыландыру жоспарының пайдаланылмаған қалдықтары болмаған жағдайда - бұрын қазынашылық жүйеге енгiзiлген төлеуге берiлетiн шот пен шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiм қабылданбайды және төлеуге берiлетiн шотпен, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiммен және бағамдық айырма сомасына арналған мiндеттемелермен бiрге орындамай мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
283. ҚР ҰБ-дан электрондық түрдегi төлем құжаттары мен шетел валютасындағы кореспонденттік шоттары бойынша үзiндi алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы тиiстi шоттарына шетел валютасының түрлерi бойынша оны есептеу жүргiзедi.
284. Аумақтық бөлiмшесi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы тиiстi шоттарына шетел валютасын оның түрлерi бойынша бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетт орган есептеген күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндiлерді қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге береді, сондай-ақ аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысының белгiсi соғылған бар және мемлекеттік мекеме ақша аударуға өтiнiшті ұсынуы үшiн шетел валютасындағы шоттарға ақша есептелген күнiн көрсетiп, шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасы қайтарылады. Шетел валютасын айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы қазынашылықтың аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
285. Ақшаны мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы ақшаны аударуды жүзеге асыру үшін аумақтық бөлімшесіне шетел валютасын алушыны енгізуге арналған өтiнiш осы Ереженің 60-қосымшасына сәйкес нысан бойынша екi данада үсынады.
286. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасында ақшаны аударуға арналған өтiнiштi тексергеннен кейiн деректерді ҚБАЖ-ға енгiзедi.
287.Шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiште түзетулер болған, төлем мақсаты, қойылатын қолдар және/немесе мөр асқан құжатқа қойылатын қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерiне қандай да қажетті деректемелер болмаған немесе сәйкес келмеген жағдайда шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiш қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
288. Ұлттық Банктен шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттарын алғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган үзiндiнi алған күнi мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттарынан шетел валютасындағы ақшаны есептен шығару жөнiнде операция жүргiзедi.
289. Мемлекеттік мекеменiң шетел валютасындағы шоттары бойынша үзiндiнi қалыптастырғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы оларды мемлекеттік мекемеге береді және жауапты орындаушының белгiсi соғылып шетел валютасындағы шоттан ақшаны есептен шығарған күнi көрсетiлген шетел валютасындағы ақшаны аударуға арналған өтiнiштiң бiр данасын қайтарады. Шетел валютасындағы ақшаны аударуға өтiнiштiң екiншi данасы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
290. Айырбасталған шетел валютасын мемлекеттік мекеме шетел валютасындағы шотқа есептелген күннен бастап он күнтiзбелiк күн iшiнде мақсатқа сай пайдалануы тиiс. Шетел валютасын пайдаланбаған не жете пайдаланбаған жағдайда осы мерзiм аяқталғаннан соң келесi жұмыс күнiнен кешiктiрмей аумақтық қазынашылық бөлiмшесi шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм беру қажеттiлiгi туралы мемлекеттік мекемеге жазбаша хабар бередi.
291. Мемлекеттік мекеме берген шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм негiзiнде шетел валютасы айырбасталған мемлекеттік мекеменiң шығыстардың БСК-ға кейiннен оның сомасын теңгеде қалпына келтiре отырып, шетел валютасын қайта айырбастау жөніндегі операция жүзеге асырылады.
36-тарау. Шетел валютасын қайта айырбастау тәртібі
292. Шетел валютасын қайта айырбастау осы Ереженің 95-қосымшағсына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің қайта айырбастауға өтінім негізінде жүзеге асырылады.
293. Шетел валютасын қайта айырбастауға берілген өтінімді мемлекеттік мекеме аумақтық бөлімшесіне екі данада сағат 10-00-ге дейін ұсынады.
294. Тиісті бюджетке және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына есептеуге арналған валюта түрлері бойынша шетел валютасын қайта айырбастауды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган электрондық түрде төлем құжаттары қоса берілген шетел валютасындағы шоттар бойынша Ұлттық Банктен үзінді алған күннен бастап үш күн ішінде жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 295-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
295. Шетел валютасындағы төлем мақсатын анықтауға мүмкіндік бермейтін Ұлттық Банктен электрондық түрде түскен төлем құжаттарында деректемелерді толық немесе дұрыс көрсетпеген жағдайда бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның жауапты орындаушысы бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган тиісті аумақтық қазынашылық бөлімшесінің шетел валютасындағы төлемдер сомасын «Шетел валютасындағы анықталғанға дейінгі сома» 0900НП ерекшелік кодына есепке алады.
Шетел валютасында түсімдердің аумақтық тиесілігін анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты орындаушысы шетел валютасындағы түсімдер сомасын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына есепке алады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 296-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
296. Аумақтық қазынашылық бөлімше және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган шетел валютасында түскен сома аударылған, электрондық төлем құжаттарында деректемелердің толық немесе дұрыс көрсетілмеуі нәтижесінде төлемнің мақсатын анықтауға болмайтын 0900НП «Анықтауға дейінгі шетел валютасындағы сомалар» ерекшелік кодына келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде салық қызметі органын және/немесе мемлекеттік мекемені (шетел валютасындағы түсімдерді алушылардың төлем құжаттарында - мемлекеттік мекеме көрсетілген жағдайда) шетел валютасындағы түсімдер туралы хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 297-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
297. Салық органы төлемдердің деректемелерін анықтау бойынша жұмысты жүргізеді және хабарламаны алғаннан кейін жеті күн ішінде төлемнің мақсаты және деректемелері туралы мәліметтерді қазынашылық бөлімшесіне және/немесе бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға береді. Салық қызметі органы деректемелердің уақтылы ұсынылуын және растығын қамтамасыз етеді.
298. Мемлекеттік мекеме төлем деректемелерiн анықтау жөнiнде жұмыс жүргiзедi және хабар берiлген күннен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде төлем мақсаты және деректемелер туралы мәлiметтерді аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесi берiлген деректер негiзiнде шетел валютасындағы түсiмдер сомасын аумақтық бөлiмшесiнiң 0900НП «Шетел валютасында анықтағанға дейiнгi сома» ерекшелiгi кодынан есептен шығару мемлекеттік мекеменің шотына шетелдік валютасында түсімдер сомасын есептеу жөніндегі операцияны жүргізу үшін бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органға электрондық түрде хат жiбередi.
299. Мемлекеттік мекеме деректемелерді ұсынудың уақтылығын және олардың растығын қамтамасыз етеді.
300. Аумақтық бөлiмшесi шетел валютасындағы түсiмдер сомасын қайта айырбастауды мемлекеттік мекеменiң қайта айырбастауға арналған өтiнiмi негізінде жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмдi шетел валютасындағы шоттар бойынша үзiндi алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне бередi.
301. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесi тексеруден кейiн шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм деректерін ҚБАЖ-ға енгізудi жүзеге асырады.
302. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмде қате болған немесе түзету болған, қандай да бiр талап етiлетiн деректемелер болмаған, шетел валютасындағы шотта қажет сома (валюта түрлерi бойынша), қайта айырбастау күніне бағам жеткiлiксiз не жоқ болған, қойылатын қолдар және/немесе мөр бедерi қойылған қолдар мен мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатқа сәйкес келмеген жағдайда, шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiм қайтару себептерi көрсетiлiп орындалмастан мемлекеттік мекемеге қайтарылады.
303. ҚР ҰБ-дан шетел валютасындағы корреспондентік шоттары бойынша үзiндi және электрондық түрдегi төлем құжаттары алынғаннан кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мемлекеттік мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығаруды жүргiзедi.
304. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мемлекеттік мекемелердiң шетел валютасындағы шоттарынан ақшаны есептен шығарған күнi шетел валютасындағы шоттары жөніндегі үзiндiнi мемлекеттік мекеменiң аумақтық қазынашылық бөлімшесі қалыптастырады және мемлекеттік мекемеге береді береді, сондай-ақ жауапты орындаушының белгiсi соғылған шетел валютасындағы шоттардан ақшаны есептеп шығару күнін көрсете отырып мемлекеттік мекеменiң шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң бiр данасын қайтарады. Шетел валютасын қайта айырбастауға арналған өтiнiмнiң екiншi данасы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлiмшесiнде қалады.
7-бөлiм. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
37-тарау. Бюджет ақшасын басқару тәртібі
305. Бюджет ақшасын басқаруды бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
306. Төлемдi уақтылы және толық жүргiзудi қамтамасыз ету үшiн бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджет ақшасын тиiмдi басқару үшін қолма-қол ақша көлемiн болжамдау мақсатында бюджетке түсетiн түсiмдер көлемiн және жоспарлы кезеңге арналған шығыстардың күтiліп отырған атқарыуын анықтау жөніндегі үдерiсi болып табылатын қолма-қол ақша тасқының болжамын (бұдан әрi - болжам) жасайды.
307. Болжам Бюджет кодексiне сәйкес мынадай деректер:
тиiстi қаржы жылына арналған бекітілген, нақтыланған (түзетілген) бюджет;
түсімдердің және төлімдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспары;
тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшасының бақылау шотындағы қаражат қалдықтары;
ағымдағы жылдың өткен айларының түсiмдер серпiнiн (төлеу мерзiмдерiн) және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіндегі түсiмдерге салыстырмалы талдау жүргiзудi есепке ала отырып, тиiстi бюджеттерге түсетiн ақша түсімдерінің күтiлетiн көлемi;
төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес бюджеттік бағдарламаны жүзеге асыру және өткен қаржы жылының ұқсас кезеңіне және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына сәйкес бюджетік бағдарламалар бойынша қабылданған міндеттемелерді ескере отырып, бюджеттік бағдарламаны жүзеге асырудың салыстырып талдауды жүргізу негiзiнде жасалады.
308. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган мүдделi мемлекеттік органдармен бiрлесiп:
бюджетке түсетiн ақшаның күтiлетiн көлемiн ай сайын нақтылайды;
ағымдағы айдың аяғында келесi айда жүргiзiлетiн төлемдер көлемiн нақтылайды.
309. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган:
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақша қозғалысының мониторингiн жүргізедi;
бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында ақшаның ағымдағы қалдықтарын бақылауды және басқаруды жүзеге асырады;
уақытша бос бюджет ақшасының сомасын анықтайды.
310. Бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган болжамның, тиісті бюджеттің қолма-қол ақшасын бақылау шотындағы ақша қалдығының негiзiнде алдағы айға күтiлетiн бюджеттің атқарылуына ай сайын талдау жүргiзедi және болжамды кезеңнiң соңына қолма-қол ақшаны бақылау шотындағы күтiлетiн ақша қалдығын анықтайды.
311. Жүргiзiлген талдау нәтижелерi бойынша кезең соңына тиiстi бюджеттiң қолма-қол ақшаны бақылау шотында оң да, терiс те сальдо болжамдала алады.
312. Қолма-қол ақшаның бақылау шотында терiс сальдо болжамы немесе бiр ай iшiнде қолма-қол ақшаның ағымдағы тапшылығы пайда болған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган қосымша қарыз алуды жүргiзу немесе мемлекеттік бағалы қағаздардың жоспарлы шығарылымын көшiру қажеттiлiгiне бастамашылық етедi.
313. Жүргiзiлген төлемдердiң болжамдық көлемi республикалық және жергiлiктi бюджеттерге түсетiн түсiмдер болжамдау көлемi мен тиiстi бюджеттiң шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерiсiн ұйымдастыру мүмкiн болмаған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженiң 2-бөлiмiнiң 5-тарауында белгiленген тәртiппен қаржыландырудың жиынтық жоспарында бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдi жүзеге асырудың ай сайынғы кестесiне өзгерiс енгiзедi.
38-тарау. Уақытша бос бюджет ақшасын
орналастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 314-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
314. Бюджеттерді атқару жөніндегі уәкілетті органдар ҚР ҰБ-дағы салымдарға (депозиттерге) (бұдан әрі - ҚР ҰБ-дағы салымдар) орналастыру үшін уақытша бос бюджет ақшасының көлемін анықтайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 315-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
315. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастыру оларды ұтымды пайдалану және тиісті бюджетке кіріс түсіру мақсатында жүзеге асырылады.
316. Орналастыру және қайтару бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен ҚР ҰБ арасында жасалған салым операцияларын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылатын Стандарт шарттары туралы Бас келісім негiзiнде жүзеге асырылады.
317. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру үшiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган мен жергiлiктi бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган арасында уақытша бос бюджет ақшасын аударуға арналған Бас келісім (бұдан әрi - Келісім) жасалады.
Келісім нысанын, оған қосымшаларды бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган белгілейдi.
318. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ салымдарына орналастыру (аудару) жөніндегі әрбiр операция мәмiле паспортымен ресiмделедi, ол салымды орналастыру жөніндегі барлық деректердi: орналастыру сомасының мерзiмiн, орналастыруды бастау және аяқтау күнiн, сыйақы ставкасын, сыйақы сомасын, қайтарылатын салым және есептелген сыйақы сомасын, салымды мерзiмiнен бұрын талап ету кезiнде қолданылатын сыйақы ставкасын қамтуы тиiс. Сыйақы ставкасын ҚР ҰБ белгiлейдi.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 319-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
319. Уақытша бос бюджет ақшасын ҚР ҰБ-ға аудару үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган мәміле паспортының негізінде осы Ережеге 110-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындыны және төлем құжаттарына қол қою құқығы бар уәкілетті тұлғалар қол қойған банк заңнамасына сәйкес ресімделген төлем құжатын дайындайды.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 320-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
320. ҚР ҰБ-ның салымдарына орналастырылған уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 111-қосымшаға сәйкес.
321. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi орган Келісім талаптарына сәйкес және мәмiле паспортында көрсетiлген мерзiмде бюджеттi атқару бойынша орталық уәкiлеттi органың шотына уақытша бос бюджет ақшасын аударуды жүргiзедi. Бюджеттi атқару жөніндегі жергiлiктi уәкiлеттi органнан шотқа ақша түскеннен кейiн бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган келесi күннен кешiктiрмей ақшаны ҚР ҰБ салымдарына орналастырады.
322. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi орган Келісімінде талапта көзделген мерзiмде Келісімде көрсетiлген деректерге салым сомасын аударуды жүргiзедi, ал ҚР ҰБ ақшасының нақты тұрғаны үшiн есептелген сыйақыны (мүдденi) толық көлемде тиiстi жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне аударады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 323-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
323. ҚР ҰБ-ның салымдарына түскен және орналастырылған жергілікті бюджеттердің уақытша бос бюджет ақшасы бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Ережеге 112-қосымшаға сәйкес нысан бойынша талдамалы есеп жүргізеді.
39-тарау. Мiндеттемелердi қабылдау мен тiркеу және төлемдер жүргiзу рәсiмдерi, құпиялық белгiсi соғылған бюджеттiң атқарылуы жөніндегі операцияларды есепке алуды жүзеге асыру
324. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың мiндеттемелерiн қабылдау мен тiркеу және төлемдердi жүзеге асыру тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
Бұл ретте, шарт нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмiлелер бойынша аванстық (алдын ала) төлемге осы Ереженiң 156-161-тармақтарында белгiленген тәртiппен және мөлшерде жол берiледi.
325. Өздерiне қаржыландырудың ерекше тәртібі белгiленген мемлекеттік органдардың ақпарат ұсынуы және бюджеттi атқару жөніндегі операцияларды есепке алуы мен есеп беруi тиiстi мемлекеттік органдар бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органмен бiрлесе отырып анықтайтын тәртiпке сәйкес жүргiзiледi.
8-бөлiм. Мемлекеттік мекемелер өздерiнiң билiгiнде қалатын
тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден алатын ақшаны, демеушiлiк және қайырымдылық
көмектен түсетiн түсiмдердi, жеке немесе заңды тұлға оны қайтарып алу шартымен мемлекеттік
мекемеге беретiн ақшаны пайдалану
40-тарау. Жалпы ережелер
326. Демеушiлiк, қайырымдылық көмектен түсетiн түсiмдер, Қазақстан Республикасы заңнамалық актілеріне сәйкес оларды мемлекеттік мекемеге жеке және (немесе) заңды тұлғалар қайтарып алу немесе белгілі бір жағдайлар туған, кезде тиісті бюджетке немесе үшінші тұлғаларға аудару шартымен берген ақша ұлттық та және шетел валютасында да түсуі мүмкін.
327. Мемлекеттік мекеменің кассаға қабылданған қолма-қол ақшасы оларды қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнiнен кешiктiрмей ақылы қызмет, демеушiлiк, қайырымдылық көмек, ақшаны уақытша орналастыру ҚБШ-ларына есептелуi тиiс.
Мемлекеттік мекеме мемлекеттік мекемеге түскен қолма-қол ақшаны тиiстi шотқа уақтылы және толық тапсыруды қамтамасыз етедi.
41-тарау. Мемлекеттік мекемелердің өздерінің билігінде қалатын тауарларды
(жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақша
328. Ақылы қызмет ҚБШ-сы бойынша операцияларды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысымен бекітілген тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету тәртібі негізінде, Мемлекеттік мекемелердiң өздерінің билігінде қалатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) тiзбесiнiң сыныптаушы негізінде мемлекеттік мекемелер жүзеге асырады.
329. Мемлекеттік мекеменiң есебiнен ұсталатын, өздері сатудан түсетін ақша өздерінің билігінде қалатын мемлекеттік мекемелердiң тауарлары (жұмыстары, қызметтерi) тiзбесiнiң сыныптаушысы (бұдан әрi - Сыныптаушы) бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның бұйрығымен бекітіледi және шығыстардың функционалдық сыныптамасының, тауарлар (жұмыстар, қызметтер) түрлерiнiң кодтарын, пайда болу көздерi мен Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес рұқсат етiлген түсiмдердi пайдалану бағыттарын қамтиды.
330. Ақылы қызметтер бойынша есепке алу ББС -шы және мемлекеттік мекемелер кодтарына сәйкес жүзеге асырылады.
331. Ақылы қызметтер шоты бойынша операциялар жүргізу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне мемлекеттік мекеме өздерінің билігінде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақшаның түсiмi мен жұмсалу жоспарын, қойылған қол және мөр бедерiнiң үлгiлерi бар құжатты үсынады.
42-тарау. Мемлекеттік мекеменің өз билiгiнде қалатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) өткізуден түсетiн ақшаның түсiмдері мен шығыстарының жоспарларын қалыптастыру және бекіту