Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi осы Ережеде белгiленген тәртiппен басқа ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердiң пайдаланылмаған жоспарлы тағайындауларды азайту есебiнен инкассолық өкiм шығарылған мемлекеттік мекеменiң жоспарлы тағайындауларды арттыру рәсiмдерiн жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 246-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
246. Инкассолық өкімді алған және мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлімшесі, егер заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, алынған инкассолық өкімдерді алуға және ағымдағы қаржы жылы сақтауға міндетті.
Егер мерзімі өткеннен кейін ұсынылған инкассолық өкім мемлекеттік мекемеде жоспарлы тағайындаулар болмауына байланысты орындалмаған болса, онда аумақтық қазынашылық бөлімшесі ақшаны өндіріп алушыларға инкассолық өкімді орындамастан қайтаруға міндетті.
Бұл норма салық қызметi органдары мен кеден органдарының салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді мәжбүрлеп өндіріп алуға, зейнетақы жинақ қорларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімінде төленбеген міндетті зейнетақы жарналарын, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, міндетті зейнетақы жарналарын төлемегені немесе уақытында төлемегені үшін есептелген айыппұлдар мен өсімақыларды өндіріп алу туралы инкассолық өкiмдерiне қолданылмайды.
247. Ағымдағы қаржы жылының міндеттемелер алы төлімдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау және төлемге берілген шоттарды рәсімдеу үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгiзiлгеннен кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы мемлекеттік мекемелердiң қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша операцияларды қайта жасарды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеме бойынша операцияларды қайта жасауға инкассолық өкiмдi қайтарып алған жағдайда жүргізіледі.
Операцияларды қайта жүргізу аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң мемлекеттік мекемелердi ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша пайдаланылмаған қалдықтары есебінен мемлекеттік мекемелердiң құжаттарын қабылдауды және орындауды қайта жүргізуді көздейді.
248. Мемлекеттік мекеме ақылы қызметтер ҚБШ-сына қойылған инкассолық өкiмнiң аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тiркелген күнiнен бастап үш жұмыс күнi iшiнде:
ақылы қызметтер ҚБШ-сында пайдаланылмаған жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және ақша болған кезде төлеуге берiлетiн шотты бередi;
ақылы қызметтер ҚБШ-сында жоспарлы тағайындаулар қалдықтары және/немесе ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi олар бойынша операцияларды тоқтата тұруды жүзеге асыратын шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтарын көрсете отырып, хатты ұсынады.
249. Бюджеттік бағдарлама әкімшілері осы Ережеде белгіленген тәртіппен инкассолық өкім қойылған мемлекеттік мекемелердiң жоспарларына мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстары жоспары өзгерістер енгізу рәсімдерін жүзеге асырады.
250. Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарларына инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi сомаға өзгерістер енгізілгеннен кейін аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы шығыстардың БСК-сiн және тауарлар (жұмыс, қызмет) кодтары бойынша операцияларды қайта жасауды жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекемелердiң тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатудан түскен ақша түсімдері мен шығыстарының ағымдағы қаржы жылының жоспарына өзгерістер енгізілгеннен кейін келесі жұмыс күнінен кешіктірмей мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне төлеуге берілетін шотты ұсынады.
251. Мемлекеттік мекеме демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында қойылған инкассолық өкiм аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнде тіркелген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде:
демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында ақша қалдығы болған кезде төлеуге берілетін шот ұсынады;
демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ-сында инкассолық өкiмдi орындау үшiн жеткiлiктi ақша болмаған не жеткiлiксiз болған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi инкассолық өкiмдi Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде белгіленген тәртіппен және кезектілікпен орындайды;
252. Ақылы қызметтер ҚБШ не демеушiлiк, қайырымдылық көмек ҚБШ бойынша операцияларды қайта жасау инкассолық өкiм орындалғаннан не инкассолық өкiм керi қайтарылғаннан кейiн жүзеге асырылады.
253. Инкассолық өкiмді орындаған кезде инкассолық өкiмдерді есепке алу журналында оның орындалғаны туралы белгі соғылады.
Инкассолық өкiм толық орындалғаннан кейiн аумақтық қазынашылық бөлiмшесi атқарушы құжаттың түпнұсқасын төлеуге берілетін шоттың көшірмесін қоса бере отырып, екі жұмыс күні ішінде атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға ілеспе хатпен қайтарады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 254-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
254. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне анықтау және алдын ала тергеу органдарының қаулылары, белгілі бір ақша сомасына тыйым салуды қолдану туралы прокурор санкциялаған атқару өндірісі органдарының қаулылары түскен кезде қазынашылықтың жауапты орындаушысы:
1) мемлекеттік мекеменің кодына:
мемлекеттік мекеменің қызметін ұстау жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) бойынша, мыналар:
жалақы және басқа да ақша, оның ішінде штаттан тыс қызметкерлер бойынша жалақы төлемдерi;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы;
салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер;
жәрдемақы, алимент;
мiндеттi зейнетақы жарналары;
әлеуметтiк аударымдар;
банк қызметтеріне ақы төлеу бойынша төлемдер мен ақша аударымдары жүзеге асырылатын БСК-сін қоспаған жағдайда;
2) ақылы қызмет ҚБШ-ына немесе демеушілік, қайырымдылық көмек ҚБШ-ына атқарушы құжаттың сомасына инкассолық өкім қойылған жағдайда;
Тыйым салу қолданған кезде талап - арыздарды қамтамасыз етуге тыйым салу қолданылатын ақшаның сомасы талап - арыздың сомасы мен сот шешімдерін, үкімдерін, анықтамалары мен қаулыларын орындаумен байланысты мемлекеттік баж және шығыстардың мөлшерінен аспауға тиіс. Атқару өндірісі органдары тұтқындау жазасын қолданған кезде атқарушы құжаттың орындалуын қамтамасыз етуге ақшаның сомасы мен тұтқындау жазасы қолданылған мүліктің құны өндіріп алушыға берілетін соманы өтеу үшін қажетті, сондай-ақ атқарушы құжатты орындау процесінде борышкерге қолданылған айыппұлдар және атқарушы құжатты орындау бойынша шығыстардың сомасынан аспауға тиіс.
255. Аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне салық қызметi (кеден) органдарының мемлекеттік мекеменің коды бойынша, ақылы қызметтер мен демеушiлiк, қайырымдылық көмек шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы бірінші басшының қолы қойылған, (кеден) органдарының мөрімен расталған, прокурор санкциялаған өкімдері келіп түскен кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушысы барлық шығыс операцияларын тоқтатады.
Салық қызметi (кеден) органдарының өкiмдерi бойынша өндіріп алу Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздемелер бойынша ғана қаралуы мүмкін.
Салық органы тиым салуды қолдану немесе шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімді кері қайтару және (немесе) бас тартуды салық төлеуші (салық агенті) салықтық берешек мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдар бойынша берешек сомаларын өтегеннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 256-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
256. Аумақтық қазынашылық органына инкассолық өкім ұсынылғанға дейін мемлекеттік мекеменің атқарушы құжатты өздігінен орындауы олар белгілеген мерзімдерде төлеуге берілген шоттың негізінде 155 «Атқарушы құжаттарды, сот актілерін орындау» ерекшелігі бойынша жүзеге асырылады.
32-тарау. Трансферттердi төмен тұрған бюджеттерге аудару тәртібі
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 257-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
257. Қазақстан Республикасының Үкіметі және облыстың жергiлiктi атқарушы органы резервінің қаражаты есебiнен трансферттердi қоса алғанда, дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша негізділігін растайтын құжаттар болған кезде дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне төленеді, төмен тұрған бюджеттерге трансферттердi белгіленген тәттіппен бекітілген төлемдер бойынша тиiстi бюджеттік бағдарламаны (кіші бағдарламаны) қаржыландырудың жеке жоспары бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) жүзеге асыруға қабылданған нормативтік құқықтық актілері негiзiнде және трансферттердiң жалпы сомасын төмен тұрған бюджеттердiң арасында бөлудi бекiтетiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi төмен тұрған бюджеттердiң кiрiсiне аударады.
Бюджеттік субвенциялар жоғары тұрған бюджеттерден төмен тұрғандарға республикалық бюджет туралы заңмен және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімімен бекітілген сомалар шегінде беріледі. Аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттің түсімдерін және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде айдың бірінші он күндігі ішінде жүзеге аырылады.
Трансферттерді аударуды жоғары тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган жоғары тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi төлем мақсатын көрсету үшiн 02 «Мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нiң түсiмдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттердi және нысаналы трансферттердi әрбiр аудару бойынша төлеуге берiлетiн шоттар көшiрмесiн тиiстi төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның қаперне жеткiзе отырып, төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүргiзедi.
Жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісім жасасқаннан кейінгі он күннің ішінде, сондай-ақ оларға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейінгі он күннің ішінде олардың көшірмелерін бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға олар бюджеттік мониторинг жүргізген кезде пайдалану мақсатында жібереді.
258. Нысаналы трансферттерді аудару осы Ереженiң 257-тармағының бірінші абзацында көзделген нормаларды сақтай отырып, жоғары тұрған бюджет бағдарламасы әкімшісі төлеуге берілетін шотты ұсыну негізінде жүргізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі нысаналы трансферттерді аумақтық қазынашылық бөлімшесіне аударуға төлеуге берілетін шотты беру негізділігі мен заңдылығын қамтамасыз етеді.
Жоғары тұрған бюджеттен берiлетiн трансферттердiң есебiнен iске асырылатын жергiлiктi бюджеттік бағдарламалар бойынша төмен тұрған бюджет бағдарламалары әкiмшiлерiнiң шығыстары шығыстардың экономикалық сыныптамасының пайдаланылатын ерекшелiгiне байланысты осы Ережеде белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
259. Нысаналы ағымдағы трансферттер және дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялық жоба бойынша республикалық бюджеттi және жергiлiктi бюджеттердi атқару туралы есептер деректерiнде алшақтықтар болған жағдайда, бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi орган заңнамада белгiленген тәртiппен тиiстi бақылау объектiсіндегі есеп деректерiнiң растылығын тексеру үшiн iшкi бақылау жөніндегі уәкiлеттi органға материалдарды бередi.
260. Жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемін қолдану кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрғанға беруге байланысты шығыстарды арттыруға және (немесе) түсімдерді азайтуға әкеп соқтыратын заңнамалық актілерді қабылдаудан туындайтын жоғары тұрған бюджеттердің залалын өтеген жағдайда, төмен тұрған бюджеттен нысаналы ағымдағы трансферттерді аударуды белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсі жүзеге асырады.
Трансферттердi аударуды төмен тұрған бюджетті атқару жөніндегі уәкілеты органы төмен тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi төлем мақсатын көрсету үшiн 01 «Мемлекеттік басқарудың төмен тұрған органдарынан түсетiн трансферттер» сыныбының 4-санатының ҚР ББС-нiң түсiмдер кодтарын қолдана және дамуға арналған нысаналы ағымдағы трансферттердi және нысаналы трансферттердi әрбiр аудару бойынша төлеуге берiлетiн шоттар көшiрмесiн тиiстi төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкiлеттi органның қаперіне жеткiзе отырып, төлеуге берiлетiн шот негiзiнде жүргiзедi.
261. Мақсатқа сай пайдаланылмаған нысаналы трансферттер сомасы осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мемлекеттік қаржылық бақылау актісіне қол қойылғаннан кейін міндетті түрде қайтаруға жатады.
Төмен тұрған бюджеттің жоғары тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердiң мақсатқа сай пайдаланылмаған сомаларын бюджетті түзету жолымен тиісті нысаналы трансферттер бойынша ағымдағы қаржы жылының нысаналы трансферттері бойынша да, өткен жылдың нысаналы трансферттері бойынша да жоспарлы тағайындалымын азайту есебінен өтеу жүргізіледі. Егер тиісті жергілікті бюджеттерде өткен жылдар үшін нысаналы трансферттер көзделмесе, онда тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерді нақтылаған кезде жергілікті атқарушы органдар жоғарыда тұрған бюджеттен алынған нысаналы трансферттердің мақсатқа сай пайдаланылмаған сомасын өтеу үшін қаражат көздейді.
Бұл сомалар жоғары тұрған бюджет үшiн нысаналы трансферттердi өтеу сомалары, ал төмен тұрған бюджет үшiн - нысаналы трансферттердi өтеу жөніндегі шығыстардың сомалары болып табылады.
Қаражат аударуды төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берiлетiн шот және мемлекеттік қаржы бақылау органының ұсынымы негізінде жүргізеді. Бұл ретте төмен тұрған бюджеттi атқару жөніндегі уәкілетті орган мақсатқа сай пайдаланылмаған қаражатты әрбiр қайтару бойынша төлеуге берiлетiн шоттың көшiрмесiн және мақсатқа сай пайдаланбауға жол берiлген шығыстардың бюджеттік сыныптамасының кодтарын қамтитын негiздеме хаттың көшiрмесiн үш күндiк мерзiмде жоғары тұрған бюджетке жеткізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.09.11. № 1789 Қаулысымен 262-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
262. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен және облыстың жергілікті атқарушы органдары резервінен бөлінген нысаналы трансферттерді қоспағанда қаржы жылы iшiнде пайдаланылмаған (жете пайдаланылмаған) республикалық бюджеттен және облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердiң сомалары келесі қаржы жылында оларды мақсатқа сай сақтай отырып пайдаланылылуы (жете пайдаланылуы) мүмкін.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша пайдалануға рұқсат берген қаржы жылы iшiнде пайдалануға (жете пайдалануға) нысаналы трансферттердiң сомалары оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке дамуға арналған нысаналы трасферттерді пайдаланған кезде пайда болған және жоғары тұрған бюджеттен дамуға арналған нысаналы трансферттредің есебінен жергілікті инвестициялық жобаларды іске асыруды жүргізетін бюджеттік бағдарламалардың нәтижелері көрсеткіштерін жақсартуға тиісті жергілікті атқарушы органдарға бағытталған үнем сомасын қоспағанда, тиісті бюджетті түзету және тиісті бюджеттік бағдарлама бойынша жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кешіктірмей қайтаруға жатады.
Жоғары тұрған бюджеттiң бөлiнетiн бюджеттік бағдарламасы әкiмшiсiнiң кассалық шығыстарын қалпына келтiру жөніндегі төмен тұрған бюджеттің шығыстары нысаналы трансферттердi қайтару жөніндегі шығыстары болып табылады, олар бюджеттi түзету негiзiнде қаржыландырудың жиынтық жоспарларына енгiзiлген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылады.
Қаражатты қалпына келтiру мен аударуды бөлiнген қаражатты пайдаланбау (жете пайдаланбау) себептерiн қамтитын негiздеме хатты қоса бере отырып және нысаналы трансферттердi әрбiр қайтару жөнiнде төлеуге берiлетiн шоттың көшiрмесiн және негiздеме хаттың көшiрмесiн жоғары тұрған бюджетке дейiн жеткiзе отырып, ҚР ББС бюджет шығыстары функционалдық сыныптамасының тиісті бюджеттік бағдарламасы бойынша төлеуге берiлетiн шот негiзiнде төмен тұрған бюджеттiң бюджеттік бағдарлама әкiмшiсi жүргiзедi.
Ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттен алынған, жоғары тұрған бюджетті нақтылау (түзету) немесе секвестрлеу кезінде азайтылған (шығарып тасталған) нысаналы трансферттер сомасын қайтару үшін төмен тұрған бюджеттер белгіленген тәртіппен тиісті бюджетті нақтылауды (түзетуді) жүзеге асырады. Төмен тұрған бюджеттер жоғары тұрған бюджет әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджетке түсетін түсімдер сыныптамасының тиісті кодынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына немесе мәслихаттың жергілікті бюджет туралы шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулылары қабылданған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке азайтуға немесе алып тастауға жататын нысаналы трансферттер сомасын қайтаруды қамтамасыз етеді.
263. Бөлiнген бюджеттік бағдарламалар қаражаты есебінен алынған, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерi жете пайдаланбаған бюджет қаражаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті резервінен қаражат бөлу туралы қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның белгiленген тәртiппен әзiрленген және қабылданған қаулысының негiзiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның тиісті резервін қалпына келтіру жолымен резервке кейіннен Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, сондай-ақ міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына кейіннен өзгерістер енгiзе отырып қайта бағытталады.
Бұл ретте, бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсiнiң жазбаша өтiнiшi (еркiн нысанда) негiзiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бөлiнетiн бюджеттік бағдарламалар есебiнен iс-шаралар өткізуге байланысты шығыстарға тақауын қояды.
264. Төмен тұрған бюджеттер ағымдағы қаржы жылы жоғары тұрған бюджеттiң бөлiнетiн бюджеттік бағдарламасынан алынған қаражатты жете пайдаланбаған кезде жоғары тұрған бюджеттің бөлінетін бюджеттік бағдарламаның әкімшісі белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті резервтен қаржы бөлу туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулыларын әзірлейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қабылданған қаулысының негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюжет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер енгізу жолымен тиісті жергілікті бюджетті түзетуді жүзеге асырады. Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган жергілікті бюжет туралы мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысының негізінде осы Ереженің 5-тарауында белгіленген тәртіппен төлемдер бойынша түсімдердің және қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізеді.
Төмен тұрған бюджеттің бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы жоғары тұрған бюджеттің бөлінетін бюджеттік бағдарламасы әкімшісінің кассалық шығыстарын қалпына келтіру жолымен бюджет түсімдері сыныптамасының тиісті кодынан жоғары тұрған бюджеттің бөлінетін бюджеттік бағдарламасынан алынған пайдаланылмаған қаражатты қайтаруды жүзеге асырады.
33-тарау. Нысаналы трансферттер бойынша
нәтижелер туралы келісімді әзірлеу тәртібі
265. Тәртіп Бюджет кодексіне сәйкес Нысаналы трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді (бұдан әрі - Келісім) әзірлеуге бірыңғай амалды қамтамасыз ету үшін әзірленді.
266. Келісім:
шешіміне нысаналы трансферттер бөлінетін мақсат пен міндеттерді;
нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілуге тиіс тура және түпкілікті нәтижелер, сондай-ақ, сапа және тиімділігінің көрсеткіштері (нәтиженің көрсеткіштері);
қол жеткізілген тура және түпкілікті нәтижелері туралы төменгі бюджеттің есебін жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне ұсыну туралы міндеттемелерді қамтитын құжат болып табылады.
267. Келісім осы Ереженің 93-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржы жылының 20 қаңтарынан кешіктірмей:
жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісі мен облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің.
Республикалық бюджеттен облыстық бюджеттерге берілген нысаналы трансферттерді одан әрі бөлген жағдайда, аудандар бюджеттері арасында (облыстық маңызы бар қалалар) облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы мен аудан әкімі (облыстық маңызы бар қала) арасында жасалады.
268. Келісім әрбір нысаналы трансферттер бойынша жеке жасалады:
Дамытуға арналған нысаналы трансферттер бойынша бірнеше инвестициялық жобалар болған жағдайда - 2, 3 және 4 қосымшаларды инвестициялық жобалар бойынша толтырылады.
Бірнеше нысаналы трансферттер бойынша бір Келісімді жасауға рұқсат беріледі.
269. Келісімді жасаған кезде негізгі жәйттер:
1) Ағымдағы нысаналы трансферттер бойынша немесе дамуға арналған нысаналы трансферттер бойынша Келісім жасасу кезінде 3.2.- тармақта (аудару мерзімі) және 3.3. - тармақта (растайтын құжаттардың тізбесі) нысаналы трансферттің түрін ескерген жөн
2) Келісімге 1-қосымшаны толтыру бойынша:
Осы қосымшада тура және түпкілікті көрсеткіштері, сондай -ақ тиімділік және сапа көрсеткіштері келтіріледі, мұнда
тура нәтиже - орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер және көзделген бюджеттік қаражат шегінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сандық сипаттамасы, оларға жету осы функцияны, өкілеттікті немесе көрсетілетін қызметті жүзеге асыратын ұйымның қызметіне толық байланысты болады;
түпкілікті нәтиже - халықтың тұрмыс деңгейі мен сапасының, әлеуметтік саласының, экономиканың, қоғамдық қауіпсіздіктің және белгілі бір мемлекеттік орган қызметінің, басқа да мемлекеттік органдар қызметінің тікелей нәтижелері қол жеткізуге себепші болған мемлекеттік басқарудың басқа да салаларының (салалары) мақсатқа сай жай-күйі (жай-күйдің өзгеруі).
сапа көрсеткіштері - көрсетілетін мемлекеттік қызметтің оны алушылар күткендей және мемлекеттік қызмет стандартына сәйкестік дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
тиімділік көрсеткіштері - бекітілген бюджет қаражатының көлемін пайдалана отырып ең үздік тікелей нәтижеге қол жеткізуді немесе бюджет қаражатының ең аз көлемін пайдалана отырып тікелей нәтижеге қол жеткізуді көрсететін көрсеткіштер.
3) Келісімге 2-қосымшаны толтыру бойынша:
Осы қосымшада нысаналы трансферттердің ай бойынша бөлінуі келтірілген, осы ретте ай бойынша бөлу жоғарыда тұрған бюджеттің төлемдері бойынша түсімдердің жоспары мен қаржыландырудың жеке жоспарына, төменде тұрған бюджеттік төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына сәйкес болуы тиіс.
4) Келісімнің 3-қосымшасын толтыру бойынша:
Нәтиже көрсеткіштерінің жетістіктері туралы аралық есепте тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері, сапа және тиімділік көрсеткіштері, нәтиже көрсеткіштерінің осы кезеңіне жоспарланған қол жетпеу себептері көрсетілген белгілі бір уақыт кезеңі үшін нысаналы трансферттер сомасының игерілгені туралы деректер келтірілген.
5) Келісімнің 4-қосымшасын толтыру бойынша:
Нәтиже көрсеткіштерінің жетістіктері туралы қорытынды есепте тікелей және түпкілікті нәтижелердің іс жүзіндегі жетістіктері туралы, сапа мен тиімділік көрсеткіштері, осы кезең үшін жоспарланған нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жетпеуді себебі көрсете отырып, ағымдағы қаржылық жыл үшін нысаналы трансферттердің сомасын игеру туралы деректер келтірілген.
6) Келісімде заңнамаға қайшы келмейтін нысаналы трансферттін түрі мен бағытына байланысты басқа да өзіне тән жағдайлар (міндеттер, құқықтар, жауапкершілік, Келісімге өзгерістер енгізудің жағдайлары) да көзделуі мүмкін.