2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілмеген үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарауды кеден органдары:
тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу орындарында, шекаралық аймақта;
тауарларды көтерме немесе бөлшек сатуды жүзеге асыратын, тауарларды кедендік бақылау аймақтары болып табылмайтын орындарда сақтайтын тұлғалардың үй-жайларында немесе аумақтарында осы Кодексте көзделмеген тәртіпті бұза отырып, кеден одағының кедендік аумағына әкелінген және (немесе) онда орналастырылған тауарлардың болуы туралы ақпарат болған кезде, мұндай ақпаратты тексеру үшін осы тұлғаларда;
оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғаларда жүргізілуі мүмкін.
3. Кеден органдары үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеруді осы үй-жайлар мен аумақтардың осы Кодекстің 24, 29, 34, 168, 233 және 304-баптарына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптар мен шарттарға сәйкестігін тексеру мақсатында да жүзеге асыруы мүмкін.
4. Тұрғын үй-жайларға кедендік тексеру жүргізуге жол берілмейді.
5. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру нұсқаманы (нұсқауды) және кеден органы лауазымды тұлғасының қызметтік куәлігін көрсеткен кезде жүргізіледі.
Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеруге нұсқаманың (нұсқаудың) нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
Оларға қатысты көшпелі кедендік тексеру жүргізілетін тұлғалардың үй-жайлары мен аумақтарын кедендік қарауды жүргізу кезінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
6. Аумаққа және үй-жайға кіргізуден бас тартқан жағдайда, кеден органдарының лауазымды тұлғалары аумаққа және үй-жайға екі куәгердің қатысуымен қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кіруге құқылы.
Үй-жайларға қарсылықтың жолын кесу және жабық үй-жайларды ашу арқылы кірудің барлық жағдайлары туралы кеден органдары жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорды хабардар етеді. Кеден органдары лауазымды адамдарының аумақ пен үй-жайларға кіруіне қарсылық көрсеткен адамдар кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауаптылықта болады.
7. Егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының жекелеген объектілерге кіруінің арнайы тәртібі белгіленсе, онда мұндай кіру осы заң актілерінде айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
8. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру жүргізілуі үшін қажетті ең аз уақыт кезеңінде жүргізілуге тиіс және егер кеден одағына мүше мемлекеттердің өзгеше көзделмесе, бір жұмыс күнінен артық жалғасуы мүмкін емес.
9. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру нәтижелері бойынша Кеден одағы комиссиясының шешімімен бекітілген нысан бойынша акті жасалады. Үй-жайлар мен аумақтарды кедендік тексеру актісінің екінші данасы үй-жайлары немесе аумақтары тексерілген тұлғаға табыс етілуге (жіберілуге) жатады.
120-бап. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу
1. Кеден органдары кедендік бақылаудағы тауарлардың және соның ішінде ақпараттық жүйелер мен технологияны пайдалана отырып, олармен жасалатын кедендік операциялардың есебін жүргізеді.
2. Кедендік бақылаудағы тауарларды есепке алу тәртібі және нысаны кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
121-бап. Тауарларды есепке алу жүйесін және есептілікті тексеру
1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын, арнайы оңайлатуларды пайдаланатын, сондай-ақ шетел тауарларын пайдаланатын және (немесе) иеленетін тұлғалар кеден органдарының талабы бойынша кеден органдарына сақталатын, тасымалданатын, сатылатын, қайта өңделетін және (немесе) пайдаланылатын тауарлар туралы, сондай-ақ жасалған кедендік операциялар туралы есептілікті ұсынуға міндетті.
2. Есептілікті ұсыну нысаны және тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
3. Кедендік бақылаудың нысаны ретінде тауарларды есепке алу жүйесін тексеру мынадай жағдайларда:
1) осы Кодекске сәйкес арнайы оңайландыруларды қолданған кезде;
2) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты;
3) осы Кодекске немесе кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес мұндай тауарларды жүргізуді көздейтін кедендік рәсімдерде орналастырылған тауарларға қатысты жүргізіледі.
4. Тауарларды есепке алу жүйесін тексеруді жүргізу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
122-бап. Кедендік тексеру
1. Кеден органдары кедендік тексеруді тұлғалардың кеден одағының кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауын тексеру мақсатында жүргізеді.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттің кеден органы кедендік тексеруді осы кеден одағына қатысу мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған және (немесе) тіркелген, тексерілетін тұлғаларға қатысты жүргізеді.
Тексерілетін тұлғалар деп: декларант;
кедендік өкім;
тасымалдаушы, оның ішінде кедендік тасымалдаушы;
шығарылғаннан кейін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар тұлға немесе оның өкілі;
тауарларды уақытша сақтауды жүзеге асыратын тұлға;
бажсыз сауда дүкендерінің, кеден және өзге де қоймалардың иелері;
уәкілетті экономикалық оператор;
тиісті кеден рәсімдеріне орналастырылған тауарлармен жасалған мәмілелерге тікелей немесе жанама қатысқан өзге де тұлғалар;
оның иелігінде және (немесе) пайдалануында осы Кодекспен көзделген тәртіпті бұза отырып, оның ішінде кедендік шекара арқылы заңсыз өткізілген тауарлардың болуы туралы оған қатысты ақпарат бар тұлға түсіндіріледі.
3. Кедендік тексеру кезінде кеден органдары: тексереді.
1) тауарлардың кедендік рәсімде орналасу фактісін;
2) кедендік декларацияда және тауарларды декларациялау кезінде ұсынылған өзге де құжаттарда мәлімделген, тауарларды шығару туралы шешім қабылдауға әсер еткен мәліметтердің дұрыстығын;
3) шартты шығарылған тауарларды пайдалану және оларға билік ету бойынша шектеулердің сақталуын;
4) кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғаларға кеден одағының кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген талаптарды сақтауын;
5) тұлғалардың, уәкілетті экономикалық оператор мәртебесін беру үшін қажетті шарттарға сәйкестігін;
6) кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген оларға орналастырылған тауарлар кеден одағы тауарларының мәртебесін алмайтын кедендік рәсімдердің шарттарын сақталуын;
7) кеден одағының кеден заңнамасында және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленген өзге де талаптардың сақталуын тексереді.
4. Кедендік тексеру кедендік рәсімдегі тауарларды өткізу кезінде ұсынылған құжаттардағы мәліметтерді және кеден органында бар өзге де мәліметтерді бухгалтерлік есеп және есептілік деректерімен, шоттармен және кеден одағының кеден заңнамасымен және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тәртіппен алынған басқа ақпаратпен салыстырып тексеру арқылы жүргізіледі.
5. Кедендік тексеру жүргізу кезінде осы Кодекстің 110-бабымен белгіленген кедендік бақылаудың өзге де нысандары пайдаланылуы мүмкін.
6. Кедендік тексеруді жүргізу алдында процесінде тексеруге жататын мәселелердің тізбесі анықталатын, қажет болғанда оны жүргізу бағдарламасы әзірленетін дайындық жұмысы болуға тиіс.
7. Кедендік тексеру камералық кедендік тексеру немесе көшпелі кедендік тексеру нысанында жүзеге асырылады.
8. Кедендік тексеруге қатысу үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа да бақылаушы мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары тартылуы мүмкін.
9. Кедендік тексеру барысында әкімшілік құқық бұзушылық немесе қылмыс белгілері анықталған кезде кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шаралар қолданады.
10. Кедендік тексеру жүргізу тәртібі осы Кодекстің 19-тарауымен айқындалады.
11. Кедендік тексеру нәтижелері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес құжатпен ресімделеді.
12. Кедендік тексеру нәтижелері бойынша шешімдер қабылдау тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
17-тарау. Кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі
123-бап. Өзара әкімшілік көмек
1. Осы тараудың мақсаттары үшін өзара әкімшілік көмек деп кеден одағына қатысушы бір мемлекеттің кеден органының кеден одағының кеден заңнамасын сақтауды қамтамасыз ету және кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, олардың жолын кесу, оларды тергеу мақсатында кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің кеден органының тапсырмасы бойынша немесе онымен бірлескен әрекеттері түсіндіріледі.
2. Өзара әкімшілік көмек: қамтиды.
кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының арасындағы ақпарат алмасуды;
кеден органдары қабылдайтын шешімдерді өзара тануды;
кеден одағына мүше мемлекеттер бірінің кеден органының кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің тапсырмасы бойынша осы Кодекспен белгіленген кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуді қамтиды.
Өзара әкімшілік көмек кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес кеден органдарының өзара іс-қимыл жасасуының өзге де түрлерін қамтуы мүмкін.
124-бап. Кеден органдары арасында ақпарат алмасу
Кеден органдары кеден одағының кеден заңнамасының және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде кедендік бақылаумен өткізілетін тауарларға және кеден одағының кедендік аумағына уақытша әкелінетін халықаралық тасымалдың көлік құралдарына қатысты кедендік бақылау, сондай-ақ тауарларды кеден одағының кедендік аумағынан әкетуді растау бөлігінде ақпарат алмасуды жүзеге асырады.
Кеден органдары арасындағы ақпарат алмасу кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарына сәйкес, оның ішінде ақпараттық жүйелер мен ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жүргізіледі.
125-бап. Кеден органдары қабылдаған шешімдерді өзара тану
Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін не одан тысқары жерлерге әкетілетін, кедендік бақылаудағы, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кеден одағының кедендік аумағы бойынша тасымалданатын, уақытша сақталатын тауарларға қатысты кедендік операцияларды жасау кезінде, сондай-ақ кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден одағының қабылдаған шешімдерін кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары өзара таниды және кеден одағының кеден заңнамасымен белгіленген жағдайларда кеден одағының кедендік аумағында оның тең заңды күші болады.
126-бап. Кеден одағына мүше мемлекеттердің бірінің кеден органының тапсырмасы бойынша кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің кеден органының кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуі
Кеден одағының кеден заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу және олардың жолын кесу мақсатында кеден одағына мүше мемлекеттер бірінің кеден органы кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің кеден органына кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізуді тапсыруға құқылы.
Кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын жүргізу туралы тапсырманы жіберу және орындау негіздемелері, нысаны, тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалады.
18-тарау. Тәуекелдерді басқару жүйесі
127-бап. Осы тарауда пайдаланылатын терминдер
Осы тарауда мынадай терминдер және олардың анықтамалары пайдаланылады:
1) тәуекелді талдау - тәуекелдердің пайда болу жағдайларын және шарттарын анықтау, олардың бірдейлендіру және кеден одағының кеден заңнамасын сақтамаудың мүмкін болатын салдарын бағалау үшін кеден органдарында бар ақпаратты жүйелі пайдалану.
Тәуекелдер екіге бөлінеді: анықталған және ықтимал;
2) анықталған тәуекел - кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын бұзушылықтың болғанын куәландыратын факті және кеден органдарының осы факті туралы ақпараты бар.
3) тәуекелдердің индикаторлары - олардан ауытқу немесе оларға сәйкестік бақылау объектісін таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін алдын ала белгіленген параметрлері бар анықталған критерийлер.
4) ықтимал тәуекел - бұл анықталмаған тәуекел, бірақ оның пайда болуы үшін жағдайлар бар;
5) тәуекел профилі - тәуекелдердің саласы, тәуекелдердің индикаторлары туралы мәліметтердің жиынтығы, сондай-ақ тәуекелдердің алдын алу немесе азайту бойынша қажетті шаралар қолдану туралы нұсқаулар;
6) тәуекел саласы - оларға қатысты кедендік бақылаудың жекелеген нысандарын қолдану талап етілетін тәуекелді талдаудың жекелеген топтастырылған объектілері немесе олардың жиынтығы, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруді жоғарылату;
7) тәуекелді бағалау - тәуекелдің пайда болу мүмкіндігін және ол пайда болған жағдайда, кеден одағының кеден заңнамасын бұзушылықтардың салдарын жүйелі анықтау;
8) тәуекел - кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден заңнамасын сақтамау дәрежесі;
9) жасырын тауарлар - жеткілікті мүмкіндік дәрежесімен тәуекел тауарларының орнына декларациялануы мүмкін тауарлар;
10) тәуекел тауарлары - оларға қатысты тәуекелдер анықталған немесе ықтимал тәуекелдер бар, кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарлар;
11) тәуекелдерді басқару - тәуекелдердің алдын алу және оларды азайту жөніндегі шараларды әзірлеу және практикалық іске асыру, олардың қолданылу нәтижелілігін бағалау, сондай-ақ кедендік операциялардың жасалуын бақылау бойынша үздіксіз жаңартуды, кеден органдарында бар ақпаратты талдау және қайта қарауды көздейтін жүйелі жұмыс;
12) тәуекелдің деңгейі - тәуекелдің пайда болу мүмкіндігіне және мүмкін болатын тәуекел салдарына байланысты айқындалады.
128-бап. Тәуекелдерді басқару жүйесінің қолданылу мақсаттары
1. Кеден органдары тәуекелдерді басқару жүйесін тауарларды, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарын, кедендік бақылауға жататын құжаттар мен тұлғаларды, мұндай тауарларға, халықаралық тасымалдаудың көлік құралдарына, құжаттар мен тұлғаларға қолданылатын кедендік бақылау нысандарын және кедендік бақылау дәрежесін айқындау үшін қолданады.
Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану стратегиясы және тактикасы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
2. Тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану мақсаттары:
1) кеден органдарының құзыреті ішінде ұлттық (мемлекеттік) қауіпсіздікті, адам өмірі мен денсаулығын қорғау, қоршаған ортаны күзеу бойынша шараларды қамтамасыз ету;
2) жоғары тәуекел салаларына назар қою және иелікте бар ресурстарды неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
3) кеден одағының кеден заңнамасын және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасын:
тұрақты сипаты бар;
елеулі мөлшерде кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуден жалтарумен байланысты;
кеден одағы тауарларының бәсекелестікке қабілеттілігіне нұқсан келтіретін;
сақталуын қамтамасыз ету кеден органдарына жүктелген бақылаудың басқа түрлерін қамтитын бұзушылықтарды анықтау, болжау және олардың алдын алу;
4) тауарларды кедендік шекара арқылы өткізу кезінде кедендік операцияларды жүргізуді жеделдету болып табылады.
3. Кеден органдары тәуекелдерді азайту бойынша қолданылып жатқан шаралар туралы ақпаратпен, сондай-ақ кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттары белгілеген тәртіппен кедендік бақылау жүргізу нәтижелілігін көтеруге ықпал ететін өзге де ақпаратпен өзара алмасуды жүзеге асырады.
4. Кеден одағының комиссиясы кеден органдары оларға қатысты міндетті түрде оларды барынша төмендету жөнінде шаралар әзірлейтін және қолданатын тәуекелдер саласын айқындай алады.
129-бап. Тәуекелді талдаудың объектілері
Тәуекелді талдаудың объектілеріне жатады:
1) кедендік бақылаудағы немесе ішкі тұтыну үшін кедендік рәсімдегі тауарлар;
2) халықаралық тасымалдаудың көлік құралдары;
3) сатып алу-сату немесе айырбастаудың сыртқы экономикалық шарттарында (келісім-шарттарда), иелену, пайдалану және (немесе) тауарларға билік ету құқығына келісімдерде немесе өзге де құжаттарда құралатын мәліметтер;
4) көліктік (тасымалдық), коммерциялық, кедендік және өзге де құжаттарда құралатын мәліметтер;
5) декларанттардың және кедендік бақылаудағы тауарларға қатысты өкілеттіктерге ие өзге де тұлғалардың қызметі;
6) кедендік бақылау нысанын қолданудың нәтижелері.
130-бап. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі
1. Тәуекелдерді бағалау және басқару бойынша кеден органдарының қызметі мынадай тапсырмаларды орындауда:
1) кеден органдарының тәуекелдерін басқару жүйесінде мәліметтердің ақпараттық базасын құруда көрінеді;
2) өзіне жүйелік анықтауды қосатын тәуекелдерді талдау және бағалау:
тәуекелдерді талдаудың объектілерін;
тәуекелдердің алдын алу және мейлінше азайту бойынша шараларды қабылдаудың қажеттілігін анықтайтын тәуекелді талдаудың объектілері бойынша тәуекелдің индикаторларын;
тәуекел туындаған жағдайда мүмкін болатын зиянды бағалау;
3) тәуекелдерді басқару бойынша тәжірибелік шараларды жасау және жүзеге асыру мыналардың:
тәуекелдер туындауының мүмкін болуы және мүмкіншілік салдары;
тәуекелдердің алдын алу және мейлінше азайту бойынша қолданылатын мүмкін шараларды талдау есебімен.
2. Тәуекелдерді мейлінше азайту бойынша және нақты тауарларға және (немесе) көлік құралдарына кедендік бақылаудың жеке нысандарын қолданудың нәтижелері бойынша қабылданған шаралардың тиімділігі туралы ақпараттарды жинау, өңдеу және талдауды тұрақты негізде кеден органы жүзеге асырады.
3. Ақпараттарды жинау, өңдеу және талдаудың, тәуекелдерге талдау және бағалау жүргізудің, тәуекелдерді басқару бойынша шараларды жасау және жүзеге асырудың тәртібін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасы белгілейді.
4. Белгіленген профильдердің және тәуекел индикаторларының мазмұны кеден органдарының пайдалануы үшін арналған құпиялы ақпарат болып табылады және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасы белгілеген жағдайларды қоспағанда, өзге тұлғалардың жариялауына жатпайды.
19-тарау. Кедендік тексерулерді жүргізу тәртібі
131-бап. Камералдық кедендік тексеру
1. Камералдық кедендік тексеру кедендік декларацияларда, коммерциялық, көліктік (тасымалдық) және өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді, тексерілетін тұлға ұсынған кеден одағына мүше мемлекеттердің бақылаушы органдарының мәліметтерін, сондай-ақ, көрсетілген тұлғалардың қызметтері туралы кеден органдарында бар мәліметтерді зерделеу және талдау жолымен жүзеге асырылады.
2. Камералдық кедендік тексеруді тексерілетін тұлғаға барусыз, сондай-ақ, нұсқаманы (тексеруді белгілеу туралы актіні) ресімдеусіз кеден органының орналасқан жері бойынша кеден органы жүргізеді.
3. Камералдық кедендік тексерулер оларды жүргізу кезеңділігі шектеусіз жүзеге асырылады.
132-бап. Көшпелі кедендік тексеру
1. Көшпелі кедендік тексеруді заңды тұлғаның орналасқан жеріне, жеке кәсіпкердің қызметін жүзеге асыратын жеріне және (немесе) олардың қызметтерін жүзеге асыруының іс жүзінде орналасқан жеріне (бұдан әрі -тексерілетін тұлғаның объектілері) шығу арқылы кеден органы жүзеге асырады.
2. Көшпелі кедендік тексеру жоспарлы немесе жоспардан тыс болуы мүмкін.
Жоспарлы көшпелі кедендік тексеру кеден органдары жасайтын тексеру жоспарларының негізінде жүзеге асырылады.
3. Көшпелі кедендік тексеру нысаны кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында анықталған шешім негізінде (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акті) жүргізіледі.
4. Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулерді белгілеу үшін:
1) кеден органдарының және кеден одағының кедендік заңнамасында және кеден одағына мүше мемлекеттердің басқа да заңнамаларында мүмкін бұзушылықтар туралы дәлелдейтін кеден одағына мүше мемлекеттің бақылаушы органдарының мәліметтер базаларында құралатын ақпараттарды талдау нәтижесінде алынған мәліметтер;
2) кеден одағының кедендік заңнамасындағы және кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларындағы талаптарды мүмкін бұзушылығын дәлелдейтін мәліметтердің бар болуы;
3) тұлғаның, соның ішінде өкілетті экономикалық оператор мәртебесін алуға кеден ісі саласында қызметті жүзеге асырушының өтініші;
4) осы баптың 4-тармағына сәйкес қарсы тексеру жүргізу қажеттілігі;
5) шетелдік ұйымдармен сыртқы экономикалық мәмілелер жасаған тұлғаға тексеру жүргізу туралы шетелдік мемлекеттің құзыретті органының өтініші (сұрау салу);
6) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында қарастырылған өзге де негіздемелер негіз болып табылады.
5. Көшпелі кедендік тексеру кедендік бақылаудың басқа нысандарын қолданудың нәтижелері бойынша, сондай-ақ, камералдық кедендік тексеру нәтижелері бойынша белгіленуі мүмкін.
6. Тексерілетін тұлға ұсынған мәліметтердің дұрыстығын растау қажеттілігі жағдайында кеден органы тауарлармен жасалған мәмілелер (операциялар) бойынша тексерілетін тұлғамен байланысты тұлғаларға қарсы көшпелі кедендік тексеру жүргізілуі мүмкін.
Қарсы көшпелі кедендік тексеру жоспардан тыс болып табылады.
7. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін сол бір тұлғаға қатысты жылына бір реттен жиі емес жүргізіледі.
Уәкілетті экономикалық операторларға қатысты жоспарлы көшпелі кедендік тексерулерді кеден органдары үш жылда бір рет жүргізеді.
Жоспардан тыс көшпелі кедендік тексерулер олардың кезеңділігі бойынша шектеу қойылмастан жүзеге асырылады.
8. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер үшін тексерілетін тұлғаларды іріктеп алу мына алынған ақпараттарды пайдалана отырып жүргізіледі:
1) кеден органдарының ақпараттық ресурстарын пайдалана отырып;
2) алдыңғы тексерулердің, соның ішінде камералдық тексерулердің нәтижелері бойынша;
3) мемлекеттік органдардан;
4) банктік операциялардың жеке түрлерін жүзеге асыратын банктерден және ұйымдардан;
5) кеден одағына мүше мемлекеттердің кедендік және (немесе) басқа да бақылаушы мемлекеттік органдарынан;
6) бұқаралық ақпарат құралдарынан;
7) ресми жолмен өзге көздерден.
9. Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулерді жүргізуді бастар алдында кеден органдары тексерілетін тұлғаға жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді жүргізу туралы хабарламаны тапсырыстық пошталық жөнелту арқылы тапсыру туралы хабарламамен немесе оны алу фактісін растауға мүмкіндік беретін өзге тәсілдер арқылы мұндай хабарламаны жібереді.
Орналасқан жері бойынша тексерілетін тұлғаның болмауына байланысты хатты ұсынбауын дәлелдейтін белгісімен пошталық жөнелтуді қайтару жоспарлы көшпелі кедендік тексеруді күшін жою үшін негіздеме болып табылмайды.
Жоспарлы көшпелі кедендік тексерулер тексерілетін тұлғаның хабарламаны алған кезеңінен бастап немесе адресатқа хатты тапсырмау туралы белгісімен почта жөнелтілімі кеден органына келіп түскен кезеңнен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен бұрын басталуы мүмкін емес.
10. Көшпелі кедендік тексерудің басталған күні тексерілетін тұлғаға кедендік тексеру туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің көшірмесін (нұсқама) тапсырған күн есептеледі.
Кедендік тексеру туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің көшірмесін (нұсқама) тексерілетін тұлғаға кеден органының лауазымды тұлғасы тапсырады, немесе тапсыру туралы хабарламамен тапсырыстық пошталық жөнелту арқылы жіберіледі.
Шешімнің көшірмесін (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) тапсыру кезінде тексерілетін тұлғаның басшысы немесе оның өкілі шешімнің түпнұсқасында (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) танысу туралы, сондай-ақ, шешімнің көшірмесін (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) алған күні және уақыты туралы белгі жасайды.
Шешімнің көшірмесін (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) алудан бас тартқан жағдайда кеден органының лауазымды тұлғасы шешімде (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) ол туралы тиісті жазба жасайды.
Тексерілетін тұлғаның жүргізілетін кедендік тексеру туралы (тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің көшірмесін (нұсқама) алудан бас тартуы,. сондай-ақ, орналасқан жері бойынша тұлғаның болмауына байланысты адресатқа хатты тапсырмауын дәлелдейтін белгімен хабарламаны қайтару көшпелі кедендік тексеруді болдырмау үшін негіздеме болып табылмайды. Бұл жағдайда тексерудің басталар күні шешімде (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) шешімнің көшірмесін (нұсқама, тексеруді белгілеу туралы акт) алудан бас тарту туралы жазба күні, немесе адресатқа хатты тапсырмауы туралы белгімен хабарлама кеден органына келіп түскен күн есептеледі.
Көшпелі кедендік тексеруді жүргізуді бастар алдында тексерілетін тұлғаның объектісінде кеден органының лауазымды тұлғалары тексерілетін тұлғаның басшысына немесе оның өкіліне қызметтік куәліктерін көрсетуге міндетті.
11. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңінде тексерілетін тұлға оның қызметімен байланысты тексерілетін құжаттарға өзгерістер және толықтырулар енгізуге құқылы емес.
12. Көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңі 2 (екі) айдан аспауы керек. Көрсетілген мерзімге тексерілетін тұлғаға құжаттар және мәліметтерді ұсыну туралы талаптарды тапсыру күні және мұндай құжаттар және мәліметтерді алу күні арасындағы уақыт кезеңі қосылмайды.
Тексеру жүзеге асыратын кеден органының шешімі бойынша көшпелі кедендік тексеруді жүргізу кезеңі тағы бір айға ұзартылуы мүмкін.
Зерттеулер немесе сараптамалар жүргізу қажеттілігі кезінде кеден одағына мүше мемлекеттердің немесе шетелдік мемлекеттердің құзырлы органдарына сұраулар жолдау, тексерілетін тұлғаның тексеру жүргізу үшін қажетті құжаттарын қалпына келтіруі, тексеру нәтижелері бойынша қорытындыға әсер ететін тексерілетін кезеңге қатысты қосымша құжаттар ұсыну, кеден органының басшысы (бастығының) немесе оған уәкілетті тұлғаның шешімі бойынша тексеру жүргізу тоқтатылуы мүмкін. Мұндай тоқтата тұрудың мерзімі және тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында белгіленеді.