1. Кеден төлемдерін, салықтарды төлеу мерзімін өзгерту кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту нысанында жүргізіледі.
2. Кеден баждарын төлеу негіздемесі, мерзімін өзгерту шарты мен тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалады.
Салықтарды төлеу негіздемесі, мерзімін өзгерту шарты мен тәртібі, бюджетке төленуге жататын, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен айқындалады.
84-бап. Кеден баждарын, салықтарды төлеу тәртібі
1. Кеден баждары, салықтар, кедендік транзиттің кедендік рәсімінде шығарылған тауарларды қоспағанда, немесе оның аумағында тауарларды заңсыз өткізудің фактісі айқындалған, кеден органдарымен тауарларды шығару жүргізілетін, кеден одағына мүше мемлекеттерде төленеді (өндіріліп алынады).
2. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне орналастырылған тауарларға қатысты кеден баждарын, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттер туындаған жағдайда, кеден органдары тауарларды шығарған, кеден одағына мүше мемлекеттерде, егер өзгесі осы тармақтың екінші бөлігімен айқындалмаса, кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес кеден баждары төлеуге жатады.
Кедендік транзиттің рәсіміне орналастырылған тауарлар, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен белгіленген тәртіпте кеден одағына қатысушы басқа мемлекеттің аумағында тұрады деп айқындалса (расталса), кеден баждары, салықтар кеден одағына қатысушы осы мемлекеттерде төленуге жатады.
3. Кеден баждары, салықтарды төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттердің валютасында кеден баждары, салықтар төленеді.
4. Кеден баждарын, салықтарды төлеу нысандары, оларды төлеу (төлеу күні) жөніндегі міндеттерді орындау сәті, кеден баждарын салықтарды төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталады.
5. Кедендік әкелу баждарының төленген (өндіріліп алынған) сомалары, кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шарттарымен айқындалған тәртіпте кеден одағына мүше мемлекеттер арасында есептеуге және белуге жатады.
6. Кедендік әкету баждарын төлеу тәртібі кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен анықталады.
7. Төлеушінің шотында ақшалай қаражаттар (ақшалар) болуы кезінде банк төлеушінің кедендік баждар, салықтар сомаларын аударуға арналған тапсырмасының орындалуын кешіктіруге құқылы емес және оны бір операциялық күннің ішінде орындауға міндетті.
12-тарау. Кедендік баждардың, салықтардың төлеуін қамтамасыз ету
85-бап. Кедендік баждар мен салықтардың төленуін қамтамасыз етудің жалпы шарттары
1. Кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау келесі кездерде қамтамасыз етеді:
1) кедендік транзит тәртібіне сәйкес тауарларды тасымалдау;
2) кедендік баждарды, салықтарды төлеу мерзімдерін өзгерту халықаралық шарттармен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен көзделген;
3) тауарларды кеден аумағынан тыс өңдеу кедендік рәсіміне жатқызу;
4) осы Кодекстің 198-бабына сәйкес тауарларды шығару;
5) осы Кодекспен, халықаралық шарттармен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен көзделген басқа кездерде;
2. Кедендік баждар мен салықтарды төлеу бойынша міндетті орындау келесі кездерде қамтамасыз етілмейді:
егер төленуге қажетті кедендік баждар, салықтар және проценттер сомалары кедендік баждар, салықтар төлеуге жататын кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік декларация тіркелетін күніне, ал кедендік декларация ұсынылмайтын кезде - қамтамасыз етуді ұсынбау туралы шешім қабылдаған күніне қолданып жүрген заңнамаларымен көзделген, валюта курсы бойынша 500 (бес жүз) евроға эквивалентті сомадан аспаса;
осы Кодекспен, халықаралық шарттармен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен көзделген басқа кездерде;
3. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету төлеушімен жүргізіледі, ал кедендік транзит кедендік тәртібіне сәйкес тауарларды тасымалдауда төлеушінің орнына басқа да тұлғамен, егер ол тұлға кедендік баждарды, салықтарды төлеуін қамтамасыз етілетін тауарлармен иелену, қолдану және (немесе) билік ету құқылы болса, егер осы Кодекспен өзгесі көзделмесе;
4. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету тауарлардың шығаруын іске асыратын кедендік органына ұсынылады, осы баптың 5-тармағында, 87-баптың 1-тармағының екінші жартысында және осы Кодекстің 3-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда.
5. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында бас қамтамасыз ету ұсынылуы мүмкін өзге кеден органы айқындалмаған болса, кедендік транзит кедендік тәртібіне сәйкес тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз ету жөнелтуші кеден органына немесе межелі кеден органына ұсынылады.
Кеден органдары кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуін қабылдаған кеден органымен берілген осы қамтамасыз етуді қабылданғанын растайтын құжатты өзара мойындайды. Осы құжатты ұсыну тәртібін, оның нысанын және қолданылу мерзімін кеден одағына мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен анықталады.
6. Кедендік баждардың, салықтардың төленуін қамтамасыз етуді қайтару (есепке жатқызу) кеден органы қамтамасыз етілген міндеттемелерді орындалғанына куәланған кезде, немесе қамтамасыз етілген міндеттеме туындамаған кезде жүзеге асырылады.
86-бап. Кедендік баж, салықтар төлеуді қамтамасыз етудің әдістері
1. Кедендік баж, салықтар төлеу келесі әдістермен қамтамасыз етіледі:
ақша қаражатымен (ақшамен);
банктік кепілдіктермен;
кепілгерлікпен;
мүлік кепілімен.
Кеден одағына мүше мемлекеттің кедендік баж, салықтар төлеудің басқа да әдістері қаралуы мүмкін.
2. Төлеуші осы баптың 1-тармағында көрсетілген кедендік баж, салықтар төлеуді қамтамасыз ету әдістерінен қандай түрін таңдауға құқылы.
3. Кедендік баж, салықтар төлеу бойынша міндеттердің төлеушімен орындалуы, міндеттеменің әрекет ету мерзімінің ішінде қамтамсыз етілуі қажет. Кедендік баж және салықтарды төлеуді қамтамасыз етуге берілетін жарамдылық мерзімі, міндеттеменің орындалуы туралы талапты кеден органымен уақытында жіберілуіне жеткілікті болуы керек.
4. Кедендік баж, салықтар, сонымен қатар қамтамасыз ету сомасы1 кіргізілетін валюта төлеуді қамтамасыз ету әдістерін қолданудың тәртібі, кеден органына қамтамасыз етуді берумен, мемлекет заңнамасымен - кеден одағына қатысушы анықтайды.
87-бап. Кедендік баж, салықтар төлеудің негізгі қамтамасыз етілуі
1. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің шекарасына белгіленген мерзімде бір тұлғамен бірнеше кедендік операция жасалса, кеден одағына мүше мемлекеттің ондай кеден органына (негізгі қамтамасыз ету) операцияларының барлығын жасауға арналған кедендік баж, салықтар төлеу мүмкіндігі беріледі.
Кеден органдары кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің шекарасында, егер негізгі қамтамасыз етумен қамтамасыз етілетін міндеттемелерді бұзу жағдайында бұл кеден органдарының біреуінде қолданылуы мүмкін болса, онда бірнеше кеден органдарында кедендік операцияларды жасау үшін, кедендік баж, салықтар төлеуді негізгі қамтамасыз етуді қолданады.
2. Негізгі қамтамасыз етуді қолдану тәртібі, кеден одағына мүше мемлекет заңнамасымен анықталады.
88-бап. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасын анықтау
1. Кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомасы, осы Кодекстің осы тармағының екінші бөлігінде және 3-тарауында белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органы, кеден одағына мүше мемлекетте кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік артықшылықтарды және жеңілдіктерді есепке алусыз, ішкі пайдалану және экспорт үшін шығару кедендік рәсімі арқылы тауарларды тасымалдау кезінде төлеуге жататын кедендік баждар, салықтардың сомасынан шыға отырып анықталады.
Кедендік тасымалдың кедендік рәсімі арқылы тауарларды тасымалдау кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің сомасы, егер тауар кедендік баждарды, салықтарды төлеу бойынша тарифтік артықшылықтарды және жеңілдіктерді есепке алусыз, ішкі пайдалану немесе экспорт үшін шығару кедендік рәсімі арқылы кеден одағына қатысушы басқа да мемлекеттердің аумақтарына орналастырылса, алайда кеден одағының басқа да мүше мемлекеттерінде кедендік баждар, салықтарды төлеудің сомасынан шыға отырып анықталады. Бұл ретте кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етудің сомасын анықтау үшін, кедендік тасымалдың кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығаруды жүргізетін кеден органын, кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес орнатылатын шетел валютасының курсы қолданылады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік алымдарды, пайыздарды қосу қарастырыла алады.
2. Егер кедендік баждарды, салықтарды төлеуін қамтамасыз ету сомаларын анықтау кезінде төленуге жататын кедендік баждар, салықтар сомасын кеден органына тауарлардың сипаты, олардың атаулары, саны, шығарылған елі және кедендік құны туралы нақты мәліметтерді ұсынбаған жағдайда нақты анықтау мүмкін болмаса, қамтамасыз ету сомалары кедендік баждар, салықтар тауарлардың құны және (немесе) олардың табиғи мағынадағы (саны, салмағы, көлемі немесе өзге де сипаттамалары) физикалық сипаттамасы кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен анықталатын пайдалану тәртібі, мәліметтері бар негізде анықталады.
3. Осы Кодекстің 198 және 199-баптарына сәйкес тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуін қамтамасыз ету сомалары осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерін есепке алып төленуге жататын кедендік баждар, салықтар мөлшеріне ықпал ететін мәліметтерді тексеру барысында қосымша есептелінуі мүмкін кедендік баждар, салықтар сомалары ретінде анықталады.
4. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларында көзделген болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарды ескере отырып, тауарлардың жекелеген түрлері бойынша кедендік баждарды, салықтарды төлеуін қамтамасыз етудің бекітілген сомалары анықталуы мүмкін.
5. Осы Кодекстің 69-бабының 2-тармағына сәйкес тауарларды шығару кезінде кедендік баждарды, салықтарды төлеуін қамтамасыз ету сомасы осы баптың 2-тармағының ережелерін есепке алып қосымша тексеріс нәтижесінде қосымша есептелетін.
13-тарау. Кедендік баждар, салықтар және өзге ақшалай қаражаттардың (ақшалардың) артық төленген немесе артық өндірілген сомалардың қайтарымы (есепке жатқызу)
89-бап. Кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндірілген сомалары
Кедендік баждардың, салықтардың артық төленген немесе артық өндірілген сомалары болып кедендік баждар, салықтар ретінде төленген немесе өндірілген мөлшері осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларына сәйкес төленуге жататын сомалардан асатын, және нақты тауарлар бойынша кедендік баждар, салықтар түрінде және сомаларында бірдейлендірілген ақшалай қаражаттар (ақшалар) сомалары табылады
90 бап. Артық төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомаларын және өзге ақша қаражатын (ақшаны) қайтару (есепке алу)
Артық төленген немесе артық өндіріп алынған кедендік әкету баждарының, салықтардың сомаларын, аванстық төлемдердің сомаларын, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету сомаларын қайтару (есепке алу) кедендік әкету баждарын, салықтарды, аванстық төлем сомаларын төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген не кеден органына кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету ұсынылған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және жағдайларда жүзеге асырылады.
Кедендік әкелу баждарының артық төленген немесе артық өндіріп алынған сомаларын қайтару (есепке алу) кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартында белгіленген ерекшеліктерді ескере отырып, осындай кедендік баждарды төлеу және (немесе) өндіріп алу жүргізілген кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
14-тарау. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу
91-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу туралы жалпы ережелер
1. Егер кеден одағына мүше мемлекеттің халықаралық шартында өзгеше белгіленбесе, кедендік баждар, салықтар белгіленген мерзімде төленбеген немесе толық төленбеген жағдайда кеден органдары кедендік баждарды, салықтарды төлеушінің ақшалай қаражаты (ақшасы) және (немесе) өзге де мүлкі есебінен, оның ішінде артық төленген кедендік баждардың, салықтардың және (немесе) аванстық төлем сомаларының есебінен, сондай-ақ кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету есебінен мәжбүрлеп өндіріп алады.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың өзге де мүмкіндіктері, оның ішінде оларға қатысты кедендік баждар, салықтар төленбеген тауарлардың құны есебінен белгіленуі мүмкін.
2. Кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу мынадай жағдайларда жүргізілмейді:
1) кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу мерзімі еткен кезде кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүргізеді;
2) егер осы Кодекстің 80-бабының 2-тармағына сәйкес кедендік баждарды, салықтарды төлеу жөніндегі міндеттеме аяқталса.
3. Төленбеген кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алу кеден органы кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алуды жүзеге асыратын кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
4. Төлеуші осы Кодексте белгіленген мерзімде кедендік баждарды, салықтарды төлемеген немесе толық төлемеген кезде өсімпұл төленеді. Өсімпұлды есептеу, төлеу, өндіріп алу және қайтару тәртібі кеден органы кедендік баждарды, салықтар мен өсімпұлдарды өндіріп алуды жүзеге асырға кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленеді.
92-бап. Кедендік төлемдердің, өсімдердің, пайыздардың сомасын өндіріп алуға және шығынға жазуға шарасыздықты тану
Өндіріп алу мүмкін емес болған кедендік төлемдердің, өсімдердің, пайыздардың сомасы өндіріп алуға шарасыз деп танылады және кеден органы осы сомаларды жүзеге асырған кеден одағына мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша есептен шығарылады.
93-бап. Кедендік баждарды, салықтарды өндіруді жүзеге асыратын кеден органы
1. Кедендік баждар, салықтар тауарларды шығаруды жүзеге асырған кеден органдарымен, осы баптың 2-тармағымен қарастырылған жағдайлардан басқа кезде, ал кедендік шекарадан заңсыз түрде өткізілген тауарларға қатысты тауарлардың кедендік шекарадан заңсыз түрде өткізілген фактісі анықталған аймақтағы кедендік кеңеске мүше мемлекеттердің кеден органымен өндіріліп алынады.
2. Осы Кодекстің 227-бабының 3-тармағымен белгіленген мезгілде төленбеген кедендік баждар, салықтар, кедендік кеңеске мүше мемлекеттердің кеден органымен, кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз ету есебі бойынша, сол елдің кеден органына осындай қамтамасыз ету берілген, өндіріп алынады.
Кедендік тасымалдаушымен төленуге тиісті, осы Кодекстің 227-бабының 3-тармағында белгіленген мезгілде төленбеген кедендік баждар, салықтар, кедендік кеңеске мүше мемлекеттердің кеден органымен, сол елдің заңнамасы бойынша тұлға кедендік тасымалдаушы болып танылған жағдайда өндіріп алынады.
3. Кедендік кеңеске мүше мемлекетке төленуге жататын кедендік баждар, салықтар, осы баптың 2-тармағына сәйкес өндіріп алынған кедендік баждардың, салықтардың сомасын аудару тәртібі, кедендік кеңеске мүше мемлекеттердің халықаралық шартымен белгіленеді.
3-бөлім. КЕДЕНДІК БАҚЫЛАУ
15-тарау. Кедендік бақылау туралы жалпы ережелер
94-бап. Кедендік бақылауды жүргізу принциптері
1. Кедендік бақылауды жүргізу кезінде кеден органдары іріктеу принципін негізге алады және орындалуын бақылау кеден органдарына жүктелген кедендік кеңестің кеден заңнамасының және кедендік кеңеске мүше мемлекеттердің заңнамасының сақталуын қамтамасыз етуге жеткілікті ғана, кедендік бақылаудың нысандарымен шектеледі.
2. Объектілерді және кедендік бақылаудың нысандарын таңдаған кезде тәуекелді бағалау және басқару жүйесі қолданылады.
3. Кедендік бақылауды жетілдіру мақсатында кеден органдары халықаралық шарттарға сәйкес шетелдік кеден органдарымен ынтымақтасады.
4. Кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында кеден органдары басқа бақылаушы мемлекеттік органдармен, және де сыртқы экономикалық қатынастарға қатысушылармен, кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалармен және қызметтері сыртқы сауданы жүзеге асыруға қатысты тұлғалармен және олардың кәсіби бірлестіктерімен (қауымдастықтармен) өзара іс-қимыл жасайды.
5. Кеден органдары өздерінің құзыретінің шеңберінде, кедендік кеңеске мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес бақылаудың басқа да түрлерін, оның ішінде экспорттық, валюталық және радиациондық бақылауды жүзеге асырады.
6. Осы Кодексте көзделген жағдайлардан басқа кезде, кедендік бақылауды жүргізу кезінде оны жүргізу үшін кеден органдарына қандайда болсын рұқсаттар, ұйғарымдар немесе қаулылар талап етілмейді.
95-бап. Кедендік бақылауды жүргізу
1. Кедендік бақылау, кеден органдарымен кедендік кеңестің кеден заңнамасына және кедендік кеңеске мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Кеден органдарының атынан кедендік бақылауды өздерінің лауазымдық (қызметтік) міндеттеріне сәйкес кедендік бақылауды жүргізуге өкілдік берілген кеден органдарының лауазымды тұлғалары жүргізеді.
2. Кедендік бақылау, кеден органдарының лауазымды тұлғаларымен:
1) кедендік шекара арқылы өткізілетін және (немесе) осы Кодекске сәйкес декларациялануға жататын тауарлар мен көлік құралдарына қатысты;
2) кедендік кеңестің кеден заңнамасына сәйкес ұсынуы көзделінген кедендік декларацияға, тауарлар жөніндегі құжаттар мен мәліметтерге қатысты;
3) кедендік шекара арқылы тауарларды өткізумен, кеден ісі саласында және де жеке кедендік тәртіп шеңберінде жүзеге асырып қызмет көрсететін тұлғалардың қызметіне қатысты;
4) кедендік шекараны кесіп өтетін тұлғаларға қатысты, жүргізіледі.
3. Кедендік бақылау кедендік бақылау аймағында, және де кеден органдарымен белгіленетін тауарлар мен көлік құралдары және олар туралы қағаз түріндегі, оның ішінде электрондық нысан бойынша мәліметтерге ие құжаттар бар басқа жерлерде жүргізіледі.
96-бап. Кедендік бақылаудағы тауарлар
1. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінгенде тауарлар кедендік шекарадан өткен сәттен бастап кедендік бақылауда болады.
Қалыптасқан және кеден одағының кедендік аумағындағы, шетелдік тауарлар статусын иеленген тауарлар осы Кодекске сәйкес олар қалыптасқан сәттен бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептеледі.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарлар кедендік бақылаудағы болып есептеледі:
1) шартты түрде шығарылған, немесе кері импортты қоспағанда, ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсіміне орналастырғанға;
2) шартты шығарылған тауарлар осы Кодекстің 200-бабына сәйкес кеден одағының тауары статусын иеленуіне;
3) тауарларды мемлекет пайдасы үшін бас тарту кедендік рәсіміне орналастыруға немесе осы Кодекске және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасында сәйкес жоюға;
4) осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес кеден одағына мүше мемлекеттердің меншігіне айналдырғанға;
5) кеден одағының кедендік аумағына іс жүзінде әкетуге;
6) шетел тауарларын кеден аумағында қайта өңдеу операциялары нәтижесінде пайда болған қалдықтарды, оларды одан әрі коммерциялық пайдалану үшін жарамсыз етуге;
7) кедендік аумақта қайта өңдеу немесе ішкі тұтыну үшін шығару кедендік рәсімдеріне орналастырылған шетелдік тауарлар бөлігін өндірістік қалдықтар деп танылғанға дейін;
3. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген тауарларды кеден органдары апат немесе еңсерілмейтін күш әрекеті салдарынан, қалыпты жағдайда тасымалдау (көлікпен тасымалдау) және (немесе) пайдалану (іске қосу), сақтау барысында табиғи азаю салдарынан жойылу фактісін (өтеусіз жоғалтылды) мойындағанда немесе халықаралық шарттармен және (немесе) кеден одағына мүше мемлекеттер заңнамасымен белгіленген өзге жағдайлар пайда болғанда кедендік бақылауда деп есептелмейді.
4. Кеден одағының тауарлары оларды кеден одағының кедендік аумағынан әкету кезінде кедендік декларацияны немесе өзге кедендік декларация ретінде пайдаланылатын құжаттарды тіркеген сәттен бастап, кеден одағының кедендік аумағынан әкетуге бағытталған әрекетті жасауға және кедендік шекарадан өткенге дейін кедендік бақылауда болады.
5. Осы баптың 4-тармағында көрсетілген тауарлар кеден одағының кеден одағының кедендік аумағынан іс жүзінде әкетілмеген осы Кодекстің 192-бабына сәйкес кедендік декларация қайта шақыртылған сәттен бастап кедендік бақылаудағы тауарлар болып есептелмейді.
6. Кеден органдары тұлғалардың кері әкелу немесе әкету міндеттемелерін, соның ішінде тауарларды өңдеу нәтижесінде алынған тауарларды, егер осындай тауарлар осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдерге сәйкес міндетті түрде кері әкелуге және (немесе) әкетуге жататын болса, бақылауды жүзеге асырады.
7. Кеден органдары көлік құралдарын тоқтатуға, сонымен қатар кеден органының рұқсатынсыз кеден одағы аумағын тастап кеткен сулар және әуе кемелерін мәжбүрлеп қайтаруға құқылы. Бұл ретте шетелдік кемелерді және басқа мемлекеттердің аумағындағы кемелерді ұстау (қайтару) бойынша әрекеттері кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына және (немесе) халықаралық шарттарға сәйкес жүргізіледі.
Автомобильдік көлік құралдарын тауарлар мен құжаттарған кедендік бақылауды жүзеге асыру мақсатында кедендік бақылау аумағынан тыс жерде тоқтатқан жағдайда оларға кететін мұндай бақылау уақыты 2 (екі) сағаттан аспау тиіс. Мұндай бақылауды жүзеге асырғандығы туралы акті Кеден одағы комиссиясының шешімімен белгіленген нысанда жасалып, бір данасы тасымалдаушыға беріледі.
97-бап. Кедендік бақылау аймағы
1. Кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу орындары, уақытша сақтау қоймасының аумағы, бажсыз сауда дүкені және Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен белгіленген өзге орындар кедендік бақылау аймағы болып табылады.
Тауарларды кедендік қарау және (немесе) кедендік тексеріп қарау, жүктік және өзге операцияларды жүргізу үшін кедендік бақылау аймағының өзге орындары құрылады.
2. Кедендік бақылау аймағы, егер онда кедендік бақылауға жататын тауарлар үнемі болса немесе кедендік бақылау, жүктік және өзге операцияларды жүргізу уақытында уақытша құрылса.
3. Кедендік бақылау аймағын құру және белгілеу тәртібі, сондай-ақ кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамаларымен айқындалады.
98-бап. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ұсыну
1. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға, декларант және өзге де мүдделі тұлғалар кеден органдарына кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді ауызша, жазбаша және (немесе) электронды нысанда ұсынуға міндетті.
2. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар мен мәліметтерді жазбаша және (немесе) электронды нысанда сұрауға, сондай-ақ оларды ұсыну мерзімін белгілеуге құқылы, ол сұратылған құжаттар мен мәліметтерді ұсыну үшін жеткілікті болуы тиіс.
3. Кеден органы кедендік бақылауды жүргізу үшін кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асырушы банктерден және мекемелерден сыртқы экономикалық мәмілені жүзеге асыру бойынша ақша операциялары туралы құжаттар мен мәліметтерді алуға құқылы.
4. Кедендік бақылауды жүргізу мақсатында кеден органы тауарларды шығарғаннан кейін коммерциялық және бухгалтерлік құжаттарды, өзге де ақпаратты, соның ішінде тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге, оларды шығаруға және кеден одағының кедендік аумағында немесе одан тысқары жерлерде пайдалануға жататын ақпаратты электрондық нысанда сұрауға және алуға құқылы.
5. Кедендік бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттар, егер кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен өзге мерзім белгіленбесе, тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған сәттен бастап бес жыл ішінде тұлғалар және кеден органдары сақтауға тиіс.
Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалар кедендік бақылау үшін қажетті құжаттарды кедендік операциялар жүргізілген жылдан кейін 5 (бес) жыл бойы сақтауға тиіс.
99-бап. Тауарларды шығарғаннан кейінгі кедендік бақылау
Кеден органдары тауарларды шығарғаннан кейін тауарлардың кедендік бақылауда болуы аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жыл ішінде кедендік бақылауды жүргізеді.
Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен тауарларды шығарғаннан кейін бес жылдан аспайтын кедендік бақылаудың неғұрлым ұзақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
Кедендік бақылау тауарлар шығарылғаннан кейін осы Кодекстің 16 және (немесе) 19-тарауларында белгіленген нысандарда және тәртіппен жүргізіледі.
100-бап. Кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезіндегі кедендік бақылау
1. Кеден органдары кеден одағының кедендік аумағына әкелінген тауарлардың айналымы кезінде кеден одағының кеден заңнамасының талаптары мен шарттарына сәйкес мұндай тауарлардың шығарылуын растайтын мәліметтерді тексеру мақсатында кедендік бақылау, соның ішінде тауарларда кеден одағының кедендік аумағына әкелу заңдылығын растау үшін пайдаланылатын маркалаудың немесе өзге де бірдейлендіру белгілерінің болуына тексеру жүргізеді.
2. Кеден одағына мүше мемлекеттердің заңнамасымен кеден одағының кедендік шекарасы арқылы заңсыз өткізілген не кеден органдары кеден одағының кедендік аумағында осы тауарларды осы тұлғалар кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға байланысты сатып алған тұлғалардан анықтаған кедендік баждарды, салықтарды төлемеуге немесе тыйымдар мен шектеулерді сақтамауға әкеп соққан кедендік рәсімдердің біріне сәйкес шығарылмаған тауарларға қатысты кедендік декларациялау, өзге де кедендік операцияларды жасау және кедендік баждарды, салықтарды төлеу мүмкіндігі белгіленуі мүмкін.