Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2336 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесі бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 3 маусымдағы № 458 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 21, 265-құжат) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2336 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке
алу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 10-1-бабының 6) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 7 мамырдағы Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін анықтайды.
2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алудың негізгі міндеті барлық меншік нысанындағы тұрғын жайлардың болуы, орналасқан орны, сандық және сапалық құрамы, техникалық жағдайы, абаттандыру деңгейі мен құны және осы көрсеткіштердің өзгерістері туралы ақпарат алу болып табылады.
3. Тұрғын үй қоры - Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын үй. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.
4. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлар кірмейді.
2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу
5. Тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі - ЖМТ МДҚ) деректері негізінде қалыптасатын тұрғын үй қорының статистикалық, тіркелімін, елді-мекендерде әр шаруашылық бойынша есепке алуды және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
6. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу жөніндегі әдістемелік басшылық, сондай-ақ оны жүргізу мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүктеледі.
7. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі осы Ереженің 1-қосымшасында келтірілген.
8. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын әділет органдары ЖМТ МДҚ-дан тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы ақпаратты уәкілетті органға электронды түрде ұсынады.
9. Уәкілетті органға ЖМТ МДҚ-дан берілуге жататын ақпараттар тізбесі осы Ереженің 2-қосымшасында келтірілген.
10. Уәкілетті органға ЖМТ МДҚ-дан ақпараттар беру үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы пайдаланылады. Ақпараттарды беру күн сайын жүзеге асырылады.
11. ЖМТ МДҚ ақпараттық жүйесінің уәкілетті органның ақпараттың жүйесімен ақпараттық өзара іс-әрекет ету тәртібі Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі мен уәкілетті органның бірлескен актісімен анықталады.
12. Әр шаруашылық бойынша есепке алу ауылдық жерл ер де тұратын жеке тұлғаларды, сондай-ақ тұратын жеріне қарамастан жеке үй (қосалқы) шаруашылығы бар жеке тұлғаларды мемлекеттік статистикалық байқау болып табылады.
13. Әр шаруашылық бойынша есепке алу шеңберінде кенттің, ауылдың (селоның), ауылдық (селолық) округтің әкімдері Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) есепке алуды жүргізеді, тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастырады.
14. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері есепті тоқсаннан кейінгі келесі айдың 15-күніне дейін тоқсан сайын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуды жүзеге асырады.
15. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі осы Ереженің 3-қосымшасында келтірілген.
16. Жалпымемлекеттік статистикалық байқау өткізу шеңберінде үй-жай (пәтер) иелерінің кооперативтері, сондай-ақ тұрғын үйге қызмет корсету көрсететін өзге де субъектілер Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарында белгіленетін тәртіппен және мерзімде уәкілетті органның аумақтық органдарына тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) саны және сапалық сипаттамасы туралы ақпараттарды ұсынады.
17. Жалпымемлекеттік статистикалық байқауды өткізу барысында алынған тұрғын үйлер мен тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) саны және сапалық сипаттамасы туралы ақпараттар негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміне өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімде жүргізіледі.
18. Тұрғын үй қорының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес таратылуға жатады.
19. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттардың құпиялылығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес кепілдік беріледі.
Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу ережесіне
1-қосымша
Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар
тізбесі
1. Объектінің мекен-жайы
2. Кадастрлық нөмірі
3. Салынған жылы
4. Қабаттылығы
5. Тұрғын үй түрі
6. Үйдің шығып қалу себебі
7. Пәтерлер саны
8. Тұрғын пәтерлер саны
9. Электроплитаның болуы
10. Газ желісінің болуы
11. Сұйытылған газдың болуы
12. ЖЭО-дан жылытудың болуы
13. Пешпен жылытудың болуы
14. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
15. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
16. Жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
17. Су құбырларының болуы
18. Кәріздердің болуы
19. Ваннаның немесе сусебезгінің болуы
20. Электрдің болуы
21. Пәтерлердің нөмірі
22. Пәтерлердің жай-күйі
23. Қабат
24. Пәтерлер саны
25. Тұрғындар саны
26. Үй шаруашылықтары саны
27. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
28. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы
29. Меншік түрі
30. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы
31. Мәміле күні
32. Салық салу мақсатындағы құны
33. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн
Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу ережесіне
2-қосымша
Мемлекеттік статистика мәселелері бойынша уәкілетті мемлекеттік
органға «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік дерекқорынан
берілуге жататын ақпараттар тізбесі
Тұрғын үй туралы мәліметтер
1. Объектінің мекен-жайы
2. Кадастрлық нөмірі
3. Сыртқы қабырға материалдары
4. Салынған жылы
5. Қабаттылығы
6. Пәтерлер саны
7. Тұрғын пәтерлер саны
8. Электроплитаның болуы
9. Газ желісінің болуы
10. ЖЭО-дан жылытудың болуы
11. Пешпен жылытудың болуы
12. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
13. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
14. Жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
15. Су құбырларының болуы
16. Кәріздердің болуы
17. Ванна немесе сусебезгінің болуы
Тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы мәліметтер
1. Кадастрлық нөмір
2. Пәтер нөмірі
3. Қабат
4. Бөлмелер саны
5. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
6. тұрғын үйдің тұрғын алаңы
7. Меншік нысаны
8. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы
9. Мәміле күні
10. Салық салу мақсатындағы құны
11. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн
Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алу ережесіне
3-қосымша
Әр шаруашылық бойынша тіркеу жазбалары негізінде
тұрғын үй қорының статистикалық
тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі
1. Объектінің мекен-жайы
2. Тұрғын үй түрі:
3. Меншіктүрі:
4. Бөлмелер саны;
5. Тұрғын үйдің сыртқы қабырғасының материалы;
6. Электроплитаның болуы
7. Газ желісінің болуы
8. Сүйытылған газдың болуы
9. ЖЭО-дан жылытудың болуы
10. Пешпен жылытудың болуы
11. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы
12. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы
13. Жеке су жылытқыштан ыстық сумен жабдықтаудың болуы
14. Су құбырларының болуы
15. Кәріздердің болуы
16. Ванна немесе сусебізгінің болуы
17. Электрдің болуы
18. Тұрғын үйдің жалпы алаңы
19. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы