Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 31 желтоқсандағы № 2319 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне және «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі бекітілсін.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 8 мамырдағы № 368 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 14, 164-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 наурыздағы № 276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 7-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 15, 144-құжат).
3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 2319 қаулысымен
бекітілген
Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден субсидиялар төлеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Агроөнеркәсіптік кешен мен ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңында, мемлекеттік, салалық (секторалдық), өңірлік бағдарламаларды және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерде көзделген бағыттар бойынша тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде 010 «Мал шаруашылығын дамытуды қолдау» бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және оның шегінде мал шаруашылығын дамытуға және Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау тәртібін айқындайды.
2. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің дамуын жергілікті бюджет қаражатынан мемлекеттік қолдау мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін, сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруды ынталандыруға арналады. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялау республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қолдау нысандарын қозғамайтын бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) жоғары сыныпты асыл тұқымды жануарларды сатып алуға, күтуге және өз төлі есебінен кең ауқымда өсіру үшін мал басын толықтыратын төлді өсіру шығындарын 50 %-ға дейін өтеу;
2) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру жөніндегі қызметтер көрсетушілерге шығындарды 50 %-ға дейін өтеу;
3) сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтың (бұдан әрі - жабдық) және ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылатын арнайы техниканың (бұдан әрі - техника) құнын 50 % -ға дейін, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін пайдаланылатын ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған жабдық пен техниканың құнын өтеу;
4) республикалық бюджеттен субсидияланатын салаларды қоспағанда, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігін және сапасын арттыруға пайдаланылатын құрама азықтың құнын 50 %-ға арзандату;
5) ірі және құнарлы азық өндіру мен дайындауға жұмсалған шығындарды 50 %-ға дейін өтеу;
6) мал шаруашылығы және құс шаруашылығы объектілерін салуға және қайта жаңартуға жұмсалған шығындарды 50 %-ға дейін өтеу.
3. Субсидиялар алуға агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін айқындау үшін облыс әкімдігі құрамында облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі - Басқарма) басшысы мен мамандары, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының асыл тұқымды мал шаруашылығы жөніндегі мемлекеттік инспекторы, облыстық статистика басқармасының маманы, мал шаруашылығы қауымдастығының өкілдері бар Ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады. Басқарма Комиссияның жұмыс органы болып табылады және оның құзыретіне мыналар кіреді:
1) мал шаруашылығын қолдауға бөлінетін субсидиялар көлемін жергілікті атқарушы орган бекіткен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында субсидиялардың бағыттары мен беру шарттарын, құжаттарды қабылдау мерзімін және басқа да қажетті мәліметтерді көрсете отырып, Комиссияның жұмыс тәртібі туралы мәліметтердің жариялануын қамтамасыз етеді;
2) субсидиялар алуға үміткер агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне қойылатын технологиялық параметрлерді әзірлеу, Комиссиямен келісу және Басқарманың бұйрығымен бекіту;
3) осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша субсидиялардың мөлшерін тиісті қаржы жылына арналған облыс бюджетінде көзделген қаражат шегінде Басқарманың бұйрығымен бекіту;
4) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінен осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес субсидиялар алуға арналған өтінімдерді қабылдау, оларды бес жұмыс күні ішінде қарау, Комиссияға ұсыну және оның шешімінің нәтижелері бойынша субсидиялар алушылардың тізімін және оларға тиесілі субсидиялар көлемін Басқарманың бұйрығымен бекіту, сондай-ақ себептерін көрсете отырып, осы тізімге енгізілмеген үміткерлерге субсидиялар алуға анықтама беру.
2. Мал шаруашылығын дамытуды қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу тәртібі
4. Тізімге енгізілген агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субсидиялар алу үшін аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөліміне (бұдан әрі - бөлім) мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес асыл тұқымды малдар, арнайы технологиялық жабдық және арнайы техника сатып алуға сатып алу-сату шартын, жеткізу актісі мен төлем құжаттарының көшірмесін;
2) іс жүзіндегі өндіріс шығындарын растайтын құжаттарды ұсына отырып, осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес жоғары сыныпты асыл тұқымды бір мал басын ұстауға және мал басын толықтыратын төлдің бір басын өсіруге жұмсалатын шығындардың анықтама-есебін;
3) қалған бағыттар бойынша төлем құжаттарының көшірмелері: тауарлардың, қызметтердің, жұмыстардың құнын төлеу актілері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кассалық-кіріс ордерлері, банктік төлем тапсырмалары ұсынылады.
5. Бөлім агроөнеркәсіптік кешен субъектілері субсидиялар алуға ұсынған бастапқы төлем құжаттарын бес жұмыс күні ішінде тексереді және белгіленген квоталар шегінде бекітілген субсидиялар мөлшері негізінде осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес тиесілі субсидиялар туралы жиынтық ведомость жасайды және төлем құжаттарымен бірге Басқармаға ұсынады.
6. Бөлім субсидиялар алу үшін ұсынылатын құжаттардың дұрыстығы үшін жауапты болады.
7. Басқарма бөлімдер ұсынған құжаттар бойынша тиесілі бюджет ақшасының көлемін айқындайды және осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес облыс бойынша субсидияларды төлеу туралы біріктірілген жиынтық ведомосты жасайды.
Агроөнеркәсіптік кешеннің тиісті субъектілерінің ағымдағы шоттарына тиесілі субсидияларды аударуды Басқарма белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарына сәйкес аумақтық қазынашылық бөлімшелеріне 2 данадағы төлем шоттарының тізілімі мен төлем шотын ұсыну жолымен жүзеге асырады.
8. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілері тиісті жылдың 25 желтоқсанына қарай Басқармаға жергілікті бюджеттен алынған қаражаттың мақсатты пайдаланылуы туралы есеп ұсынады.
9. Жергілікті бюджет қаражатының мақсатты, тиімді пайдалануына жергілікті атқарушы орган жауапты болады.
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
1-қосымша
________________ облысының
ведомствоаралық комиссиясына
Субсидиялар алу туралы өтінім
1.__________________________________________________________________________________ негізінде әрекет ететін агроөнеркәсіптік
(құрылтай құжаты)
кешен субъектісі ________________________ бірінші басшы ___________________________________________________________ атынан
(атауы) (Т.А.Ә., лауазымы)
осымен______________________________________________________________________________________________________________
субсидиялаудың бағыты, тауардың (жануарлардың), қызметтердің,
____________________________________________________________________________________________ субсидиялар бөлуді сұрайды.
жұмыстардың атауы және саны)
2. Пайдалану мақсатының қысқаша сипаттамасы____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________________________________________________________________
3. Өтінімге мыналар қоса беріледі:
агроөнеркәсіп кешен субъектісін (заңды тұлғаны) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі (шаруа қожалығы үшін - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді бөлу туралы аудан әкімі шешімінің көшірмесі);
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
статистикалық картаның көшірмесі;
екінші деңгейдегі банктің ағымдағы шотының болуы туралы анықтамасы.
Заңды мекен-жайлары мен банктік деректемелері
_____________________________________
(почталық мекен-жайы)
_____________________________________
(банктік деректемелері)
_____________________________________
(басшының Т.А.Ә., қолы)
М.О.
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
2-қосымша
Асыл тұқымды малдарды, технологиялық жабдық пен техниканы
сатып алу-сату шарты № _____________
(ұсынылатын)
________________ қаласы (елді мекен) | 20 ___ ж.«__» ______ |
Бұдан әрі Сатып алушы деп аталатын агроөнеркәсіптік кешен субъектісі ____________________________________________________ басшы
(толық атауы)
_____________________________________________ атынан ___________________________________________________________________
(лауазымы, Т.А.Ж., толығымен) (құрылтай құжаты)
негізінде әрекет ететін бір тараптан, басшы атынан,____________________________________________________________________________
_____________________________________________________________ __________________________________________________________
(толық аты-жөні) (құрылтай құжаты)
негізінде әрекет ететін Сатушы _______________________________________________________________________________________ екінші
(жеткізушінің толық атауы)
тараптан,_______________________________________________________________________________________________________________
(малдардың түрі және тұқымы, жабдық пен техниканың атауы)
осы Асыл тұқымды малдарды, арнайы технологиялық жабдық пен арнайы техниканы сатып алу-сату туралы шартты (бұдан әрі - Шарт) жасасты.
1. Шарттың мәні
_______________________________________________________________________________________________________________________
(асыл тұқымды малдар, жабдық пен техника - керегін қалдырыңыз)
Сатушы өндіреді және жеткізеді, Сатып алушы құнын төлейді және сатып алады.
2. Саны
Осы Шарт бойынша көзделген Сатушы сататын және Сатып алушы сатып алатын асыл тұқымды малдардың, жабдық пен техниканың саны
_______________________________________________________________________________________________________________ құрайды.
(малдардың түрі, тұқымы, жабдық пен техниканың атауын көрсетіп)
3. Шарттың жалпы құны
1. Осы Шарттың жалпы құны тиесілі субсидияны шегере отырып,
________________________________________________________________________________________________________ теңгені құрайды.
(сандармен және жазумен)
2. Бірлік үшін баға (малдардың тірідей салмағының 1 кг, жабдық пен техниканың бірлігі - керегін қалдырыңыз)
__________________________________________________________________________________________________________________ теңге
(cандармен және жазумен)
3. Сатушыға тиесілі субсидиялардың мөлшері
_______________________________________________________________________________ теңге, оның ішінде асыл тұқымды малдардың,
(сандармен және жазумен)
жабдық пен техниканың бірлігі үшін __________________________________________________________________________________ теңге.
(сандармен және жазумен)
4. Есеп айырысу шарты
Ақы төлеу нысаны:_____________________________________________________________________________________________________
(қолма-қол немесе қолма-қол емес есеп айрысу,
______________________________________________________________________________________________________________________
төлем құжатының №, күні және атауы)
5. Тараптардың міндеттері
1. Сатушы:
1) осы Шарттың 2.1-тармағында көрсетілген санда Сатып алушыға жоғары өнімді малдарды, жабдық пен техниканы беруге;
2) Сатып алушыға малдарға арналған асыл тұқымды және ветеринариялық куәліктерді, жабдық пен техникаға арналған сертификаттарды беруге міндеттенеді.
2. Сатып алушы:
1) асыл тұқымды малдарды өсіру үшін пайдалануға;
2) малдарды мақсатты пайдаланбаған (алып-сатқан, етке арнап сойған) жағдайда тиісті актіге қол қойылған сәттен бастап 5 банктік күн ішінде
_________________________________________________________________________________ теңге мелшерінде субсидияларды жергілікті
(сандармен және жазумен)
бюджетке қайтаруға міндеттенеді.
6. Ерекше шарттар
Осы Шарт 3 данада жасалады және Сатушы мен Сатып алушы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.
7. Тараптардың заңды мекен-жайлары мен деректемелері
«Сатушы» | «Сатып алушы» |
________________________ (почталық мекен-жайы) | ________________________ (почталық мекен-жайы) |
________________________ (банктік деректемелері) | ________________________ (банктік деректемелері) |
________________________ (басшының Т.А.Ә., қолы) | ________________________ (басшының Т.А.Ә., қолы) |
М.О. | М.О. |
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
3-қосымша
Асыл тұқымды малдардың әр басын ұстау және мал басын
толықтыратын төлдің әр басын өсіру жөніндегі шығындардың
анықтама-есебі
Шығындардың баптары | Өлшем бірлігі | Ересек мал | Мал басын толықтыратын төл |
Еңбек шығыны | адам-күн | | |
Еңбек ақысы | теңге | | |
Азық құны | азық бірлігі, ц | | |
теңге | | |
Жанар-жағар май материалдары | теңге | | |
Электр энергиясы | теңге | | |
Көлік қызметтері | теңге | | |
Амортизация | теңге | | |
Өзге де шығындар | теңге | | |
1 басқа жалпы шығын | теңге | | |
Мал басы | | | |
жылдың басында | бас | | |
1 шілдедегі жағдай бойынша | бас | | |
Асыл тұқымды малдардың көрсетілген санының болуын растайды:
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті облыстық аумақтық инспекциясының мемлекеттік инспекторы
_______________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
________________________________ аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің бастығы
________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
4-қосымша
«Бекітемін»
______________________ аудандық
ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы _______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 ____ жылғы _________________
Тиесілі субсидиялар туралы
ЖИЫНТЫҚ ВЕДОМОСТЬ*
___________ облысының ___________ ауданы бойынша
20 ___ жылғы______________ айындағы
Агроөнеркәіптік кешен субъектісінің атауы | Субсидиялауға жататын тауарларды (малдардың) қызметтер мен жұмыстардың саны (көлемі) | Жылдық квота, теңге | Сатып алынған тауарларды (малдардың), орындалған қызметтер мен жұмыстарды іс жүзіндегі көлемі | Субсидиялар мөлшері | Субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге | Жеткізушінің атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
| | | | | | |
Аудан бойынша жиыны | | | | | | |
* Субсидияланатын әр бағытқа жеке жасалады
Мал шаруашылығы бөлімінің маманы (жауапты тұлға) _______________________________
(Т.А.Ә., қолы)
Мал шаруашылығын дамытуды
қолдауға жергілікті бюджеттерден
субсидиялар төлеу ережесіне
5-қосымша
«Бекітемін»
______________________ аудандық
ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы _______________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
20 ____ жылғы _________________
Субсидиялар төлеу туралы
біріктірілген жиынтық ведомость*
______________ облысы бойынша
20___ жылғы __________________
(айы)
Атауы | Субсидиялар мөлшері, теңге | Жыл басынан бері субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге | Жыл басынан бері төленгені теңге | Субсидиялардың тиесілі сомасының қалдығы, теңге | Төленуге жататыны, теңге |
ауданның | агроөнркәсіптік кешен субъектісінің |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
*Субсидияланатын әр бағыт бойынша жеке жасалады
Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы | ____________ __________ (Т.А.Ә.,қолы) |
Бас бухгалтер | ____________ __________ (Т.А Ә.,қолы) |