Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға,
экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге
рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 18 маусымдағы № 508 Қаулысы
(2008.13.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2010 жылғы 18 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 16-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 18 маусымдағы
№ 508 қаулысымен
бекітілген
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру
ережесі
1. Осы Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға, экспорттауға, озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленді және озон қабатын бұзатын заттарды импорттауға және экспорттауға, сондай-ақ озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат беру тәртібін белгілейді.
2. 1985 жылғы Озон қабатын қорғау туралы Вена конвенциясының және 1987 жылғы Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының тараптары болып табылатын мемлекеттерден және мемлекеттерге озон қабатын бұзатын заттарды Қазақстан Республикасына әкелу және Қазақстан Республикасынан әкету, оларды Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік тасымалдауды қоспағанда, осы Ережеге сәйкес берілетін рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады.
3. Жеке және заңды тұлғалар озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды әкелуге және экспорттауға рұқсат алу үшін осы Ережеге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі - уәкілетті орган) мына құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінім;
2) озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды жеткізуге арналған келісім-шарттың, шарттың көшірмесі;
3) комиссия шартының немесе тапсырманың көшірмесі (тапсырыс беруші ретінде делдал әрекет ететін жағдайда);
4) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, заңды тұлға жарғысының немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
5) статистикалық карточканың және салық төлеуші куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
6) сәйкестікті растау жөніндегі орган берген сәйкестік сертификаты не шетелдік ұйым берген және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында танылған сәйкестік сертификаты;
7) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі.
4. Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат алу үшін жеке және заңды тұлғалар уәкілетті органға мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рұқсат алуға арналған өтінім;
2) мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің, заңды тұлға жарғысының немесе заңды тұлға құрмай жұмыс істейтін дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
3) статистикалық карточканың және салық төлеуші куәлігінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;
4) озон қабатын бұзатын заттарды қайта өңдеу және алу жөніндегі жабдықтың техникалық паспорты;
5) өндірістік-техникалық базаның бар екендігін және меншік немесе жалға алу құқығында пайдаланылатынын растайтын құжаттар:
құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді сақтауға арналған қоймалар, үй-жайлар және сыйымдылық;
жабдықтарды пайдалануды, оларға техникалық қызмет көрсетуді, озон қабатын бұзатын заттарды есепке алуды және тасымалдауды қамтамасыз ететін қызметтер;
6) міндетті экологиялық сақтандыру жөніндегі сақтандыру полисінің нотариалдық куәландырылған көшірмесі;
7) өтінім берушінің штатында тиісті жоғары білімі және мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілі немесе тиісті арнайы орта білімі және мамандығы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі бар, кемінде екі инженерлік-техникалық қызметкер - жауапты орындаушылардың бар екендігін растайтын құжаттар;
8) озон бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі қызметкерлердің кәсіптік даярлығын растайтын құжаттар.
5. Өтінім мен құжаттар тігіліп, басшының қолымен және өтінім беруші ұйымның мөрімен куәландырылуы тиіс (заңды тұлғалар үшін).
6. Құрамында озон қабатын бұзатын заттары бар өнімдерді жеке
тұлғаның жеке мүлкі немесе тұрмыстық аспаптары бар контейнерлерде немесе осындай коммерциялық емес жағдайларда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтетін жағдайда озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар заттарды импорттауға және экспорттауға рұқсат алу талап етілмейді.
7. Рұқсатты осы Ережеге 5 және 6-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша уәкілетті орган береді.
ҚР Үкіметінің 2008.13.05. № 454 қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
8. Рұқсатты уәкілетті орган тиісті құжаттармен бірге өтінім берілген күннен бастап он күннен кешіктірмей, ал шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
9. Өтінім материалдары осы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім берушіге жазбаша түрде рұқсат беруден бас тартудың себептері туралы дәлелді жауап жіберіледі.
10. Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері бар
заттарды әкелуге және әкетуге рұқсат бір мәміле бойынша экспорттық немесе импорттық операцияны жүзеге асыру үшін рұқсат берілген күннен бастап бір күнтізбелік жылдан аспайтын мерзімге беріледі.
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет көрсетуге рұқсат бір жыл мерзімге беріледі.
Рұқсат иеліктен шығарылмайтын және біреуге берілмейтін болып табылады.
11. Рұқсаттар беруге арналған өтінімдерді қарау үшін ұсынылатын мәліметтердің дұрыстығы үшін өтінім берушілер жауапты болады.
12. Рұқсат алған өтінім берушілер:
1) сатып алушы ұйымдардың және қолданатын болжамды облыстардың атаулары мен мекен-жайларын көрсете отырып, әкелінген және сатылған озон қабатын бұзатын заттар санының есебін жүргізеді, сондай-ақ әкетілген озон қабатын бұзатын заттар санының есебін жүргізеді;
2) жыл сайын жылдың екінші тоқсанынан кешіктірмей уәкілетті органға іс жүзінде әкелінген озон қабатын бұзатын заттардың саны және қолданатын облыстар бойынша олардың сатылған саны туралы, сондай-ақ осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша іс жүзінде әкетілген озон қабатын бұзатын заттардың саны туралы мәліметтер ұсынады.
13. Уәкілетті орган берілген рұқсаттардың есебін жүргізеді. Кез келген пайдаланылмаған рұқсаттың түпнұсқасы мен көшірмелері уәкілетті органға қайтаруға жатады.
14. Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты өзгерген жағдайда, бірігу, біріктіру, бөліну немесе қайта құру нысанында заңды тұлға қайта ұйымдастырылған, атауы өзгерген кезде ол отыз күнтізбелік күн ішінде көрсетілген мәліметтерді растайтын тиісті құжаттарды қоса бере отырып, рұқсатты қайта ресімдеу туралы өтініш беруге міндетті.
15. Уәкілетті орган мына негіздер бойынша рұқсатты қайтарып алуға құқылы:
1) өтінім берушінің қызметтің осы түріне Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қойылатын талаптарды орындамауы;
2) рұқсат алған және есеп берген кезде өтінім берушінің қасақана жалған немесе дұрыс емес ақпаратты беруі;
3) рұқсаттың шарттарын бұзу.
16. Озон қабатын бұзатын заттардың немесе рұқсатта көзделген құрамында озон қабатын бұзатын заттар өнімдерінің бүкіл көлемін әкелген жағдайда рұқсаттың түпнұсқасы бар кеден органы он күн мерзімде уәкілетті органға бірінші басшының мөрімен және қолымен куәландырылған оның орындалғаны туралы тиісті белгісі бар рұқсаттың көшірмесін жібереді.
Ережеге
1-қосымша
Импорты және экспорты рұқсат негізінде жүзеге
асырылатын озон қабатын бұзатын заттар
тізбесі (С тізімі)
Р/с № | Тобы | Зат | Атауы | ТН ВЭД кодтары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1-топ |
1. | CHFCL2 | (ГХФУ-21) | Фтордихлорметан | 2903491000 |
2. | CHF2CL | (ГХФУ-22) | Дифторхлорметан | 2903491000 |
3. | CH2FCL | (ГХФУ-31) | Фторхлорметан | 2903491000 |
4. | C2HFCL4 | (ГХФУ-121) | Фтортетрахлорэтан | 2903491000 |
5. | C2HF2CL3 | (ГХФУ-122) | Дифтортрихлорэтан | 2903491000 |
6. | C2HF3CL2 | (ГХФУ-123а) | Трифтордихлорэтан | 2903491000 |
7. | CHCL2CF3 | (ГХФУ-123) | Трифтордихлорэтан | 2903491000 |
8. | C2HF4CL | (ГХФУ-124а) | Тетрафторхлорэтан | 2903491000 |
9. | CHFCLCF3 | (ГХФУ-124) | Тетрафторхлорэтан | 2903491000 |
10. | C2H2FCL3 | (ГХФУ-131) | Фтортрихлорэтан | 2903491000 |
11. | C2H2F2 CL2 | (ГХФУ-132) | Дифтордихлорэтан | 2903491000 |
12. | C2H2F3CL | (ГХФУ-133) | Трифторхлорэтан | 2903491000 |
13. | C2H3FCL2 | (ГХФУ-141) | 1-фтор-2,2-дих- лорэтан | 2903491000 |
14. | CH3CFCL2 | (ГХФУ-141b) | 1,1,1-фтордихлорэтан | 2903491000 |
15. | C2H3F2CL | (ГХФУ-142) | Дифторхлорэтан | 2903491000 |
16. | CH3CF2CL | (ГХФУ-142b) | Дифторхлорэтан | 2903491000 |
17. | C2H4FCL | (ГХФУ-151) | Фторхлорэтан | 2903491000 |
18. | C3HFCL6 | (ГХФУ-221) | Фторсекстахлор- пропан | 2903491000 |
19. | C3HF2CL5 | (ГХФУ-222) | Дифторпентахлор- пропан | 2903491000 |
20. | C3HF3C14 | (ГХФУ-223) | Трифтортетрахлор- пропан | 2903491000 |
21. | C3HF4CL3 | (ГХФУ-224) | Тетрафтортрихлор- пропан | 2903491000 |
22. | C3HF5CL2 | (ГХФУ-225) | Пентафтордихлор- пропан | 2903491000 |
23. | CF3CF2CH CL2 | (ГХФУ-225са) | Пентафтордихлор- пропан | 2903491000 |
24. | CF2CLCF2 CHCLF | (ГХФУ-225tb) | Пентафтордихлор- пропан | 2903491000 |
25. | C3HF6CL | (ГХФУ-226) | Гексафторхлор- пропан | 2903491000 |
26. | C3H2FCL5 | (ГХФУ-231) | Фторпентахлор- пропан | 2903491000 |
27. | C3H2F3C L4 | (ГХФУ-232) | Дифтортетрахлор- пропан | 2903491000 |
28. | C3H2F3C L3 | (ГХФУ-233) | Трифтортрихлор- пропан | 2903491000 |
29. | C3H2F4C L2 | (ГХФУ-234) | Тетрафтордихлор- пропан | 2903491000 |
30. | C3H2F6CL | (ГХФУ-235) | Пентафторхлор- пропан | 2903491000 |
31. | C3H3FCL4 | (ГХФУ-241) | Фтортетрахлор- пропан | 2903491000 |
32. | C3H3F2C L3 | (ГХФУ-242) | Дифтортрихлор- пропан | 2903491000 |
33. | C3H3F3C L2 | (ГХФУ-243) | Трифтордихлор- пропан | 2903491000 |
34. | C3H3F4CL | (ГХФУ-244) | Тетрафторхлор- пропан | 2903491000 |
35. | C3H4FCL3 | (ГХФУ-251) | Фтортрихлор- пропан | 2903491000 |
36. | C3H4F2C L2 | (ГХФУ-252) | Дифтордихлор- пропан | 2903491000 |
37. | C3H4F3CL | (ГХФУ-253) | Трифторхлор- пропан | 2903491000 |
38. | C3H5FCL2 | (ГХФУ-262) | Фтордихлорпропан | 2903491000 |
39. | C3H5F2CL | (ГХФУ-262) | Дифторхлорпропан | 2903491000 |
40. | C3H6FCL | (ГХФУ-271) | Фторхлорпропан | 2903491000 |
2-топ |
41. | CHFBr2 | (ГБФУ-21В2) | Фтордибромметан | 2903499000 |
42. | CHF2Br | (ГБФУ-22В1) | Дифторбромметан | 2903499000 |
43. | CH2FBr | (ГБФУ-31В1) | Фторбромметан | 2903499000 |
44. | C2HFBr4 | (ГБФУ-121В4) | Фтортетрабромэтан | 2903499000 |
45. | C2HF2Br3 | (ГБФУ-123В3) | Дифтортрибромэтан | 2903499000 |
46. | C2HF3Br2 | (ГБФУ-123В2) | Трифтордибромэтан | 2903499000 |
47. | C2HF4Br | (ГБФУ-124В1) | Тетрафторбромэтан | 2903499000 |
48. | C2H2FBr3 | (ГБФУ-131В3) | Фтортрибромэтан | 2903499000 |
49. | C2H2FBr2 | (ГБФУ-132В2) | Дифтордибромэтан | 2903499000 |
50. | C2H2F3Br | (ГБФУ-133В1) | Трифторбромэтан | 2903499000 |
51. | C2H3FBr2 | (ГБФУ-141В2) | Фтордибромэтан | 2903499000 |
52. | C2H3F2Br | (ГБФУ-142В1) | Дифторбромэтан | 2903499000 |
53. | C2H4FBr | (ГБФУ-151В1) | Фторбромэтан | 2903499000 |
54. | C3HFBr6 | (ГБФУ-221В6) | Фторгексабром- пропан | 2903499000 |
55. | C3HF2Br5 | (ГБФУ-222В5) | Дифторпентабром- пропан | 2903499000 |
56. | C3HF3Br4 | (ГБФУ-223В4) | Трифтортетрабром- пропан | 2903499000 |
57. | C3HF4Br3 | (ГБФУ-224В3) | Тетрафтортрибром- пропан | 2903499000 |
58. | C3HF5Br2 | (ГБФУ-225В2) | Пентафтордибром- пропан | 2903499000 |
59. | C3HF6Br | (ГБФУ-226В1) | Гексафторбром- пропан | 2903499000 |
60. | C3H2FBr5 | (ГБФУ-231В5) | Фторпентабром- пропан | 2903499000 |
61. | C3H2F2B r4 | (ГБФУ-232В4) | Дифтортетрабром- пропан | 2903499000 |
62. | C3H2F3Br3 | (ГБФУ-233В3) | Трифтортрибром- пропан | 2903499000 |
63. | C3H2F4Br2 | (ГБФУ-234В2) | Тетрафтордибром- пропан | 2903499000 |
64. | C3H2F5Br | (ГБФУ-235В1) | Пентафторбром- пропан | 2903499000 |
65. | C3H3FBr4 | (ГБФУ-241В4) | Фтортетрабром- пропан | 2903499000 |
66. | C3H3F2Br3 | (ГБФУ-242В3) | Дифтортрибром- пропан | 2903499000 |
67. | C3H3F3Br2 | (ГБФУ-243В2) | Трифтордибром- пропан | 2903499000 |
68. | C3H3F4Br | (ГБФУ-244В1) | Тетрафторбром- пропан | 2903499000 |
69. | C3H4FBr3 | (ГБФУ-251В3) | Фтортрибромпропан | 2903499000 |
70. | C3H4F2Br2 | (ГБФУ-252В2) | Дифтордибром- пропан | 2903499000 |
71. | C3H4F3Br | (ГБФУ-253В1) | Трифторбромпропан | 2903499000 |
72. | C3H5FBr2 | (ГБФУ-261В2) | Фтордибромпропан | 2903499000 |
73. | C3H5F2Br | (ГБФУ-262В1) | Дифторбромпропан | 2903499000 |
74. | C3H6FBr | (ГБФУ-271В1) | Фторбромпропан | 2903499000 |
Ережеге
2-қосымша
С тізімінде санамаланған озон қабатын бұзатын заттар
пайдаланылуы мүмкін өнімдер тізбесі
Р/с № | Өнімдер | ТН ВЭД кодтары |
1. | Жеңіл және жүк автомобильдер- індегі кондиционерлер (олардың автомобильдермен бірге жасалғанына немесе бірге жасалмағанына қарамастан) | 8415200000 |
2. | Тоңазытқыштар, мұздатқыштар және өзге де электрлік немесе басқа түрдегі тоңазытқыш немесе мұздатқыш жабдықтар; жылу сорғылары | 8418-ден |
3. | Мұздатқыш камералар | 841830, 841840, 841850, 841861, 841869-дан |
4. | Ауа құрғатқыштар | 8479 89 1000, 8479 89 9800 |
5. | Сумен салқындатқыш құрылғылар | 8419-дан |
6. | Мұздыгенераторлар | 8418-ден |
7. | Кондиционерлер мен жылу сорғылары | 8415, 841861, 841869-дан |
8. | Құрамында озон кабатын бұзатын заттар бар аэрозольді өнімдер | 3208, 3209, 321000, 321290, 330300, 3304300000, 3305, 3306, 3307 (3307410000 басқа), 3808, 380910, 381400, 3402, 3403, 3405- тен |
9. | Көшпелі отсөндіргіштер | 842410-нан |
10. | Оқшаулағыш қалқандар, панельдер және құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар кебіктендіру- ші ретінде саңырау құраушылар пайдаланылатын құбырлар жабындысы | 3925, 3926- дан |
11. | Фторполимерлер (құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар саңылау құраушылармен кебіктен- ген полистиролдар мен полиуретандар) | 390950, 3903110000 |
Ережеге
3-қосымша
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері
бар заттарды Қазақстан Республикасына әкелуге
(Қазақстан Республикасынан әкетуге)
рұқсат беруге арналған
ӨТІНІМ
____________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның заңды мекен-жайы немесе жеке тұлғаның тұратын мекен-жайы)
байланыс телефондары, факс
Қазақстан Республикасына
импорттау
Қазақстан Республикасынан керек емесін сызыңыз
Экспорттау ниеті туралы мәлімдейді
1. __________________________________________________________________
(озон қабатын бұзатын заттардың (ОБЗ), өнімнің, химиялық формуласының атауы және саны)
__________________________________________________________________
(келісім-шартқа сәйкес экспортталатын және импортталатын ОБЗ/өнім партияларын беру тәртібі, саны көрсетілсін)
_____________________________________________________ жалпы сомасына
200__ жылғы «___ «_____ № ____ келісім-шарт(тар), (шарт, инвойс) бойынша
СЭҚ ТН бойынша коды ______________________________________________
шығарушы ел, фирма _______________________________________________
Оған (одан) ______________________________________________________
импорт (экспорт) жүзеге асырылатын ел ____________________________
Шекарадағы жоспарланып отырған өткізу пункті _____________________
__________________________________________________________________
Осымен әкелінетін/әкетілетін заттар (керек емесін сызыңыз) осы өтінімде сипатталған заттарға сәйкес болатынын куәландырамыз.
Өтінім беруші мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
2. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кәсіпорынның
басшысы _____________ _________________
(жеке қолы) М.О. (Т.А.Ә.)
Өтінім тіркелген күн
200 ____ жылғы «____ « ___________
Ережеге
4-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып
жұмыстар жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын
заттар бар жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға,
оларға қызмет көрсетуге рұқсат беруге арналған
ӨТІНІМ
____________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
(өтінім беруші ұйымның мекен-жайы немесе жеке тұлғаның тұратын мекен-жайы)
байланыс телефондары,
факс _____________________________________________________________
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу, монтаждау, оларға қызмет көрсету туралы мәлімдейді________
Техникалық қызмет көрсетуге тартылған мамандардың саны:____________
Озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс жүргізу бойынша кәсіптік
даярлықтан өткен мамандардың саны: _______________________________
Қызмет
Компанияға тән қызметтің түрін көрсетіңіз:
- Тоңазытқыш жабдықты шығару
- Тоңазытқыш жабдықты жинақтау/орнату
- Сату
- Тоңазытқыш жабдықты жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету
- Басқалар
Өтінім берушілер мәліметтердің дұрыстығы үшін толық жауапты болады.
2. Өтінімге мына құжаттар қоса беріледі:
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Кәсіпорынның
басшысы ________________ __________________
(жеке қолы) М.О. (Т.А.Ә.)
Өтінім тіркелген күн
200 ___ жылғы « ___» __________
Ережеге
5-қосымша
200 _ жылғы «__»____
№ ________
Озон қабатын бұзатын және құрамында солардың өнімдері
заттарды Қазақстан Республикасына әкелуге (Қазақстан
Республикасынан әкетуге) арналған
РҰҚСАТ
Осы рұқсат мына мекен-жайда ______________________________ орналасқан (тұратын) ___________________________________________
(ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т. А. Ә.)
__________________________________________________________________
саны _____________________________________________________________
(ОБЗ/өнімнің саны, кг/дана)
__________________________________________________________________
(ОБЗ атауы/өнімнің маркасы)
Қазақстан Республикасына әкелуге (Қазақстан Республикасынан әкетуге) берілді.
200 ___ жылғы «__» _________ №___ келісім-шарт(тар) (шарт, инвойс) бойынша
Шығарушы ел,
фирма: ___________________________________________________________
Одан экспорт(импорт) жүзеге
асырылатын ел ____________________________________________________
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі: ___________________________ бастап
__________________ қоса алғанда.
Өтінім беруші:
сатып алушы фирмалар мен қолдану болжанатын облыстардың атаулары мен мекен-жайларын көрсете отырып, әкелінген (әкетілген) және сатылған ОҚБЗ және құрамында олар бар өнімдер санының есебін жүргізуге;
жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға іс жүзінде әкелінген (әкетілген) ОБЗ және құрамында олар бар өнімдер туралы және қолданатын облыстар бойынша олардың сатылған саны туралы мәліметтер беруге міндетті.
Лауазымы, Т.А.Ә., қолы М.О.
Ережеге
6-қосымша
200 _ жылғы «__»____
№ ________
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар
жүргізуге, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар
жабдықтарды жөндеуге, монтаждауға, оларға қызмет
көрсетуге арналған
РҰҚСАТ
Осы рұқсат мына мекен-жайда ________________________________ орналасқан (тұратын) _____________________________________________
(ұйымның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
__________________________________________________________________
мына жұмыстарға берілді:
Озон қабатын бұзатын заттарды пайдалана отырып жұмыстар жүргізу, құрамында озон қабатын бұзатын заттар бар жабдықтарды жөндеу монтаждау, оған қызмет көрсету.
Осы рұқсаттың қолданылу мерзімі: ______________________ бастап
_____________________ қоса алғанда
Өтінім беруші:
сатушы фирмалар және сатып алушылар мен қолданатын облыстардың атаулары мен мекен-жайларын көрсете отырып, озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың есебін жүргізуге;
озон қабатын бұзатын заттарды тұтынудың белгіленген көлемін сақтауға;
жыл сайын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу жөнінде есеп беруге міндетті.
Лауазымы, Т.А.Ә., қолы М.О.
Ережеге
7-қосымша
Озон қабатын бұзатын заттармен жұмыс істеу жөніндегі
есептілік нысаны
P/с № | Рұқ- сат №, күні | Са- тып алу | Сату | Сату- шы | Сатып алын- ғанды пай- дала- ну/ Қайта өңдел- генді құю | Алу | Жаб- дық және опе- рация типі | Т.А. Ә., тех- ника, сер- тифи- кат нөмірі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |