Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология»
республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 13 маусымдағы № 543 Қаулысы
Осы редакция 2010 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны таратылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы
Yкіметінің
2006 жылғы 13 маусымдағы
№ 543 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 маусымдағы № 790 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1996 ж., № 29, 256-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
"Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" деген бөлімде:
реттік нөмірі 9-24-жол алынып тасталсын.
2. «Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектілерге қатысты мемлекеттік меншік түрлері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 қарашадағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1998 ж., № 41, 371-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік республикалық меншікте қалатын ұйымдардың, сондай-ақ тұрғын емес қор объектілерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 127-жол алынып тасталсын.
3. «Республикада медициналық білім беруді одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 28 қыркүйектегі № 1469 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 8, 450-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары медициналық білім беру ұйымдарының клиникалық базасы болып табылатын ауруханалардың, емханалар мен дәрігерлік амбулаториялардың тізбесінде:
«С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің клиникалық базалары» деген бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Стоматология» республикалық ғылыми-клиникалық орталығы» деген жол алынып тасталсын.
4. «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 41, 529-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
"Мемлекеттік кәсіпорындар" деген 1-бөлімде:
реттік нөмірі 23-жол алынып тасталсын.