4) Ұлттық Банктегi, Қазақстан Республикасының банктеріндегі және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктердегi талап ету бойынша салымдар;
5) ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 233 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6) Қазақстан Республикасының банктерінде және Standard & Poor's агенттiгiнiң «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзiмдi борыштық рейтингi бар немесе басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент емес банктерде бір түнге орналастырылған салымдар;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008 ж. 28 сәуірдегі№ 58 қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
7) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы 2007 жылғы 30 сәуірдегі № 128 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4717 тіркелген) қаулысымен (бұдан әрі - № 128 қаулы) белгіленген деңгейден төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттік бағалы қағаздары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 233 Қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
8) № 128 қаулымен белгіленген рейтинг агенттіктерінің бірімен талап етілетін барынша төмен рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигациялары;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.29.12. № 233 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен 9) тармақша өзгертілді ( бұр. ред. қара)
9) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі 7 күнге дейінгі өтеу мерзімі бар мерзімді депозиттер;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен тармақ 10) тармақшамен толықтырылды
10) Standard&Poor's рейтинг агенттігінің «ВВВ-» төмен емес ұзақ мерзімді борыштық рейтингі бар немесе басқа рейтинг агенттіктерінің бірінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент банктерге және Қазақстан Республикасының резиденті еместерге берілген «овернайт» заемдары.
Осы тармақта көрсетілген бағалы қағаздар, банк оларды кері сатып алу шарттарымен сатқан немесе кепiлге берген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзгеше ауыртпашылық түскен бағалы қағаздарды қоспағанда, жоғары өтімді активтердің есебіне қосылады.
44. Өтімді активтер есебіне Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Активтерді, шартты міндеттемелерді жіктеу және оларға қарсы провизиялар (резервтер) құру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 116 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2006 жылғы 25 желтоқсандағы № 296 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4580 тіркелген) сәйкес арнайы қалыптасқан провизияларды, оффшорлық аймақтар аумағында тiркелген, заңды тұлға немесе оның азаматтары не Экономикалық ынтымақтастық және даму жөніндегі ұйыммен ақпарат алмасу жөнінде міндеттеме қабылдамаған оффшорлық аумақтар тізбесіне енгізілген мемлекеттердің аумағында тіркелген заңды тұлғалар немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерiне немесе аталған оффшорлық аумақтарда тіркелген заңды тұлғаларға қатысты еншілес болып табылатын ұйымдарға қойылатын талаптарды алып тастап, жоғары өтімді активтерді қоса, барлық қаржылық активтер енгізіледі. Заемдар заем шартына сәйкес өтеу кестесі бойынша енгізіледі.
Жоғары өтімді активтерді есептеуге енгізілмейтін осы Нұсқаулықтың 43-тармағының 3), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар міндеттемелердің мөлшерін есептеуге енгізілетін міндеттемелердің қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылады деген шартпен өтімді активтер есебіне кіреді.
Осы бағалы қағаздарды өтімді активтердің есебіне енгізгенде, өтегенге дейін бағалы қағаздар бойынша қалған мерзім ретінде қамтамасыз етуі болып осы бағалы қағаздар табылатын міндеттемелердің өтеуге дейінгі мерзімі алынады.
44-1. Мерзімді міндеттемелердің есебіне есепті жүзеге асырудың мерзімі белгіленген барлық міндеттемелер енгізіледі.
Талап ету бойынша міндеттемелер, сондай-ақ банктерден алынған «овернайт» заемдар және бір түнге банктерден тартылған салымдар мерзімді міндеттемелердің есебіне енгізілмейді.
44-2. Өтімділік коэффициенттерін есептегенде жоғары өтімді активтерді қоса, өтімді активтер мен мерзімді міндеттемелер мөлшеріне есептелген сыйақы, дисконттар, сыйлықтар, әділ құнды оң/теріс түзетудің шоттары енгізіледі.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
45-1. Банкте есептi кезең iшiнде кредиторлар мен салымшылар алдында мерзiмi өткен мiндеттемелер болған не Қазақстан Республикасының төлем және ақшаны аударым жасау туралы заңнамасының нормаларын бұзу фактілері болған жағдайда, орташа айлық негiзде анықталатын өтiмдiлiк коэффициенттерiнiң есептiк мәндерiне қатыссыз өтiмдiлiк нормативтерi орындалмаған деп есептеледi.
46. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5-тарау. Ашық валюталық позиция лимиттерi
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
47. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктiң талап етулерінiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерінiң) шегiнен асып кетуi.
Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулері (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.
Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) енгiзiледi (тазартылған қымбат металдардың құнын).
Мөлшерi бір шетелдiк валютадан артық айырбас бағамының өзгеруiмен анықталатын, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердің жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позицияның мейлiнше төмен лимитiн иеленетiн шетел валютасындағы валюталық позициялар есебiне енгiзiледi.
Әрбір шетелдiк валюта бойынша және әрбір тазартылған қымбат металл бойынша ашық валюталық позиция жеке есептеледi.
Жеке шет мемлекеттердiң (шет мемлекеттер тобының) (тазартылған қымбат металдарға) валюталарының есебi кезiнде бірiншi кезекте олар бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегергендегi активтер шоттарындағы әрбір шетелдiк валюта (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашылған шоттардың сальдосы және банктiң мiндеттемесi бойынша шоттары есептеледi. Соңынан ол бойынша қалыптасқан арнайы провизияларды шегере отырып, шартты талап етулер шоттарында және шартты мiндеттемелер шоттарында ашылған осы шетелдiк валюта бойынша шоттар сальдосы анықталады. Мiндеттемелерден (талап етулерден) шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) талап етулер (мiндеттемелер) шегi асып кеткендiгiн көрсеткен сальдо өзара жиынтықталады, ал алынған қорытынды банктiң шетел валютасындағы (тазартылған қымбат металдардағы) ашық позициясының мөлшерiн және түрiн анықтайды.
Банктiң валюталық нетто-позициясы банктiң барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ұзын позициясының жиынтық сомасы мен барлық шетелдiк валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша қысқа позициясының жиынтық сомасы арасындағы айырма ретiнде есептеледi.
Шетел валютасымен көрсетiлген талап етулер және мiндеттемелер осы талап етулер және мiндеттемелер көрсетiлген (белгiленген) шетел валюталары бөлiгіндегі валюта позициясы есебiне енгiзiледi.
Мәмiленi жасаған күн болып табылмайтын болашақ валюталау күнi бар валюталық операцияларды жүргiзу кезiнде осы сияқты валюталық операциялар осындай мәмiленi жасаған күннен бастап валюталық позиция есебiне енгiзiледi.
48. Осы Нұсқаулық ашық валюталық позицияның мынадай лимиттерiн белгiлейдi:
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 (бұр.ред.қара); 2007.23.02. № 47 (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1) тармақша өзгертілді
1) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен емес тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингiнен төмен емес рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 12,5 процентiнен аспайтын мөлшердегi «Еуро», сондай-ақ тазартылған қымбат металл валютасы бойынша ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
2) StaNdard & Poor's агенттiгiнiң «А» рейтингiнен төмен тәуелсiз рейтингi бар немесе одан басқа рейтинг агенттiктерiнiң бірiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар елдердiң шетелдiк валютасы бойынша және банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 5 процентiнен аспайтын мөлшердегi ашық валюталық позиция (ұзын және қысқа) лимитi;
ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.27.05. № 120 қаулысымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
3) банктiң меншiктi капиталы шегiнiң 25 процентiнен аспайтын мөлшердегi валюталық нетто-позиция лимитi.
49. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 50-тармақ өзгертілді (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
50. Ашық валюталық позицияның лимиттерi кез-келген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша шектен асып кеткен кезде содан кейiнгi үш апта iшiнде тәртiп бұзған банктiң бұзылған валюталары (тазартылған қымбат металдар) бойынша ашық валюталық позицияларының лимиттерi осы Нұсқаулықтың 48-тармағында белгiленген ашық валюталық позиция лимиттерiнiң 5 проценттiк тармаққа кемуiмен айқындалады.
Жекелеген шетел валютасы (тазартылған қымбат металдар) бойынша банк белгiлеген лимиттердiң 0,09 проценттiк шектен асып кетуi ашық валюталық позицияның лимитiнiң бұзылуы болып есептелмейдi.
51. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-тарау. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы
инвестициясының барынша жоғары мөлшерiнiң коэффициентi
және басқа қаржылық емес активтер
52. Банктiң негiзгi құрал-жабдықтардағы инвестициясының мөлшерiнiң және басқа қаржылық емес активтердiң меншiктi капиталға (k6) қатысы 0,5-тен аспауы тиiс.
53. Негiзгi құрал-жабдықтар және басқа қаржылық емес активтерге мыналар жатады:
1) жер, үй және ғимарат;
2) салынып жатқан (орнатылып жатқан) негiзгi құрал-жабдықтар;
3) банк жалға алған үйлер бойынша күрделi шығындар;
4) компьютерлiк жабдықтар;
5) көлiк құрал-жабдықтары;
6) жалға беруге арналған негiзгi құрал-жабдықтар;
7) қаржы лизингiне қабылданған негiзгi құрал-жабдықтар;
8) басқа да негiзгi құрал-жабдықтар;
9) банктiң негiзгi қызмет мақсаты үшiн және сатып алынған және 38 халықаралық қаржылық есеп беру стандартына сәйкес келетiн лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
10) басқа да материалдық қорлар;
11) күрделi салымдар бойынша дебиторлық берешек.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.23.02. № 47 қаулысымен 6-1-тараумен толықтырылды (2007.01.04. бастап қолданысқа енгізілді)
6-1-тарау.Қазақстан Республикасының резидент еместері
алдындағы міндеттемелеріне банктердің капиталдандыруы
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен 53-1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.05.08. № 171 Қаулысымен 53-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
53-1. Қазақстан Республикасы резидент еместері алдындағы міндеттемелерге банктердің капиталдандырылуы к7, к8 және к9 коэффициенттерімен сипатталады.
к7 коэффициенті - Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелердің барынша жоғары лимиті 1 мөлшерінде белгіленеді және Қазақстан Республикасы резидент еместер алдындағы міндеттемелер сомасының банктің меншікті капиталына
қатынасы ретінде есептеледі.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасына мыналар енгізіледі:
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы талап етілгенге дейінгі міндеттемелер, оның ішінде есеп айырысуды жүзеге асыру мерзімі белгіленбеген міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, бастапқы өтеу мерзімі бір жылға дейін қоса алғанда;
Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мерзімдік міндеттемелер, кредитордың міндеттемелерді мерзімнен бұрын өтеуді талап ету шартсыз құқығымен, оның ішінде жеке және заңды тұлғалардың мерзімдік және шартты депозиттерін қоспағандағы банктердің мерзімдік және шартты депозиттері.
Осы коэффициентті есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы міндеттемелер сомасынан мыналар алынып тасталады:
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын,
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеушісін - төлем белгілеудің бірыңғай жіктеушісін қолдану ережесін бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген) (бұдан әрі - № 388 қаулы) сәйкес экономиканың «басқа қаржы ұйымдары - коды 5», «мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар - коды 6», «мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар - коды 7» және «үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес ұйымдар - коды 8» секторларына кіретін шетел компанияларының филиалдары мен өкілдіктері алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Халықаралық Валюта Қорына, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкіне, Халықаралық Қаржы Корпорациясына, Халықаралық Даму Қауымдастығына, Инвестициялар Кепілдігінiң Көпжақты Агенттігіне, Инвестициялық Дауларды Реттеу жөніндегі Халықаралық Орталыққа, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкіне, Азия Даму Банкіне, Ислам Даму Банкіне мүшелігі туралы» 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңына (бұдан әрі - 2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын, халықаралық ұйымдары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкін құру туралы 2006 жылғы 12 қаңтардағы Келісімге сәйкес құрылған Еуразиялық даму банкі (бұдан әрі - Еуразиялық даму банкі) алдындағы қысқа мерзімдік міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары.
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара ) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007 ж. 27 тамыздағы № 224 Қаулысымен 53-2 тармақ өзгертілді (2007 жылғы 1 қазанда қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 53-2-тармақ өзгертілді
53-2. k8 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k8 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдімелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k8 коэффициентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
банк кепілдік беретін және банктің бухгалтерлік балансында есептелетін сомалар бөлігінде банк арнайы мақсаттағы еншілес ұйымдары арқылы шығарған бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері, сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 қаулысымен 53-3 тармақ өзгертілді (бұр .ред. қара ); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 қаулысымен 53-3-тармақ өзгертілді (қолданысқа енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара); 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2009.05.08. № 171 Қаулысымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара) 53-3-тармақ өзгертілді
53-3. k9 коэффициенті банктің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы жиынтық міндеттемелерінің сомасы, k9 номативінің есебіне енгізілетін заемдарды тарту кезінде берілген банктің кепілдіктері мен кепілдемелерінен бөлек, банктің еншілес ұйымдарының, банкпен аффилиирленген заңды тұлғаларының сыртқы заемдарды тарту кезінде, сондай-ақ банктің секьюритилендіру бойынша мәмілелері аясында берілген, кредитордың осы заемдар бойынша борышкер міндеттемелерін мерзімінен бұрын өтеуді талап ету құқығымен банктің қамтамасыз етілмеген кепілдіктері мен кепілдемелері және олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес теңгемен шығарылған борыштық бағалы қағаздарын қоспағанда, айналысқа шығарған борыштық бағалы қағаздары банктің меншікті капиталға қатынасы ретінде есептеледі және осы Нұсқаулықтың 53-5 тармағында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
k9 коэффицентін есептеу мақсатында Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы банктердің жиынтық міндеттемелерінен мыналар алынып тасталады:
банк айналымға шығарған Қазақстан Республикасының резидент еместеріндегі борыштық бағалы қағаздар;
№ 388 қаулыға сәйкес «5 код - басқа қаржылық ұйымдар», «6 код - мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар», «7 код - мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар» және «8 код - үй шаруашылығына қызмет ететiн коммерциялық емес ұйымдар» экономика секторларына кіретін, Қазақстан Республикасының аумағында өзінің қызметін жүзеге асыратын шетел компанияларының өкілдіктері мен филиалдары алдындағы міндеттемелер;
2001 жылғы 6 желтоқсандағы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар ретінде танылған Қазақстан Республикасының резидент еместері , сондай-ақ Еуразиялық даму банкі алдындағы міндеттемелер;
банктің кастодиан шарты негізінде сақтауға қабылдаған қаражатының инвестицияланбаған қалдықтары;
Қазақстан Республикасының резиденті емес - бас банктің алдындағы реттелген борыштық міндеттемелер.
53-4. k8 және k9 коэфиценттерін банктер 2007 жылдың 1-ші сәуірінен бастап сақтауға тиіс.
2007 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша k8 және k9 коэфиценттерінің нақты мәндері Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен асып түскен жағдайда, ол банктерге мынадай тәртіп белгіленеді:
1) 2008 жылғы 1 қаңтарға көлемі мынадай мәндерден барынша жоғарыдан аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
2) 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап 2008 жылғы 31 наурызды қоса алғандағы кезеңде көлемі барынша жоғары мәнінен мынадай мәндер бойынша аспауы тиіс:
осы банктің 2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ұсынған есептері негізінде әрбіріне қатысты жеке алғандағы уәкілетті орган есептеген нақты мәнінен;
осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәнінен;
3) 2008 жылдың 1 сәуіріне өлшем осы Нұсқаулықтың 11-қосымшасында көрсетілген барынша жоғары нормативтік мәннен аспауы тиіс.
Осы тармақпен белгіленген k8 және k9 коэффиценттерін банктер сақтаған жағдайда бұл асып түсу 2008 жылдың 31 наурызына дейін пруденциалдық нормативтерді бұзу деп танылмайды.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.26.02. № 20 Қаулысымен 53-5-тармақпен толықтырылды (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)
Өзгерістерді қара - ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.02.10. № 146 Қаулысы (2009 жылғы 1 шілдеде қолданысқа енгізіледі)
53-5. к8 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 2 аспауы тиіс.
к9 коэффициентінің барынша жоғарғы мәні 4 аспауы тиіс.
7-тарау. Қорытынды ережелер
54. Банктердiң пруденциалдық нормативтердi сақтауына бақылау жасауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
55. ҚР ҚҚА Басқармасының 2006.17.06. № 135 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
56. Банк Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес осы Нұсқаулықтың талаптарын бұзған жағдайда жауап бередi.
ҚР ҚҚА Басқармасының 2005.26.11. № 409 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2006.27.05. № 120 Қаулыcымен (бұр. ред. қара); 2007.23.02. № 47 Қаулыcымен (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр. ред. қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2007.28.05 № 149 (бұр .ред. қара ); 2007.24.10. № 242 (2008 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара); 2008.26.02. № 20 (қолданысқа енетін мерзімін қара)(бұр.ред.қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2008.17.06 № 58 (бұр. ред. қара) ; 2008.29.12. № 233 Қаулысымен (бұр.ред.қара) ; ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.27.02 № 31 қаулысымен ( бұр. ред. қара); ҚР ҚҚА Басқармасының 2009.30.11. № 247 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 1-қосымша өзгертілді
Екiншi деңгейдегi банктер
үшiн пруденциалдық нормативтер
бойынша есеп айырысудың
нормативтiк мәнi мен әдiстемесi
туралы нұсқаулықтың 1-қосымшасы
43 және 44 жолдары 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енедi
Салымдардың кредиттiк тәуекел дәрежесi бойынша