Осы редакция 2010 жылғы 7 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2121 қаулысымен
бекітілген
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде ақпарат беру (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) - кепіл туралы мәліметтер үзінді берілген күннің алдындағы жұмыс күнінің аяғында берілген сілтемені қамтып және тіркеуші органның лауазымды тұлғасының қолы қойылып, тіркеуші органның мөрімен куәландырылуға тиіс міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді түрінде ақпарат беру рәсімі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: ішінара автоматтандырылған.
3. Мемлекеттік қызмет «Жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабы негізінде жүзеге асырылады.
4. Мемлекеттік қызметті «Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары және оның филиалдары (бұдан әрі - уәкілетті орган) Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі - Орталық) арқылы көрсетеді, олардың мекен-жайлары осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес көрсетілген.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нысаны жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен үзінді алу болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі - тұтынушылар) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері тұтынушылар қажетті құжаттарды тапсырған (тіркелген, талон алған сәттен бастап), мемлекеттік қызмет алуға өтініш берген сәттен бастап:
1) міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызмет жазбаша өтініш келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күнінің ішінде ұсынылады (құжаттарды қабылдаған және берген күндер мемлекеттік қызмет ұсыну мерзіміне кірмейді);
2) құжаттарды тапсырған кезде кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды;
3) құжаттарды алу кезіндегі кезек күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты 30 минуттан аспайды.
8. Жылжымалы мүлік кепілі бойынша ақпараттық қызмет үшін ақы - қолданыстағы алым төлеу күніне бір айлық есептік көрсеткіштің 50 пайызын құрайды.
Олардың іс жүргізуіндегі істер бойынша прокуратура, сот, анықтау және тергеу органдарының, сондай-ақ жылжымалы мүлік кепілін тіркеуді бақылауды жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде кепілдің тізіліміне көшірмені тегін алу құқығы берілген басқа да тұлғалардың сұрау салуы бойынша кепілдің тізілімінен үзінді ақы алынбастан беріледі.
9. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында: www.minjust.kz, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес Орталықтардың үй-жайларында стендтерде орнатылады.
10. Уәкілетті органда мереке және демалыс күндерін қоспағанда, оның жұмысын қамтамасыз ететін, түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет мереке және демалыс күндерін қоспағанда, үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін ұсынылады, филиалдар мен өкілдіктер үшін түскі асқа бір сағаттық үзіліспен сағат 9.00-ден 19.00-ге дейінгі жұмыс кестесі белгіленеді.
Қабылдау «электронды» кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
11. Уәкілетті органның үй-жайларында бөлек кіретін есік, күту залы, анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
Мемлекеттік қызмет Орталықтың ғимаратында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту үшін креслолар, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан. Мүмкіндіктері шектеулі тұтынушыларға қызмет көрсету үшін жағдайлар көзделген.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін тұтынушы мыналарды ұсынады:
1) жеке және заңды тұлғаның жазбаша өтінішін;
2) жеке басын куәландыратын құжатты;
3) заңнамада белгіленген жағдайларда өкілдің өкілеттіктерін куәландыратын құжатты;
4) ақпараттық қызмет үшін төлем төлегендігі туралы құжатты.
13. Бланкілер күту залындағы арнайы тағанда орналастырылады, не Орталықтың консультанттарында болады.
14. Құжаттарды қабылдау «терезенің» арналуы және атқаратын функциясы туралы ақпарат ілінген, сондай-ақ Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты және лауазымы көрсетілген «терезе» арқылы жүзеге асырылады.
Орталықтың инспекторы осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттардың толықтығын тексеруді, құжаттардың есеп журналында тіркелуін және құжаттарды жинақтаушы бөлімнің инспекторына табыс етілуін жүзеге асырады.
Орталықтың жинақтаушы бөлімінің инспекторы құжаттарды жинауды, тізілімді жасауды және уәкілетті органға жіберуді жүзеге асырады.
Орталық қоса берілген құжаттармен бірге өтініштердің уәкілетті органға жеткізілуін және кері алынуын осы өтініштерді қабылдаған күні кемінде 2 рет жүзеге асырады.
Уәкілетті орган Орталықтан құжаттар пакетін алғаннан кейін:
- міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу тізілімінен көшірмелер әзірлеуді;
- орындалған құжаттар тізілімін қалыптастыруды және тұтынушыға беру үшін Орталыққа жіберуді жүзеге асырады.
Орындалған құжаттар уәкілетті органнан қолхатта көрсетілген беру мерзімі өткенге дейін бір күн бұрын Орталыққа түсуі тиіс.
15. Тұтынушыға:
сұрау салудың нөмірін және қабылдау күнін;
сұралып отырған мемлекеттік қызметтің түрін;
қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;
құжаттарды беру күнін, уақытын және орнын;
құжаттарды ресімдеуге арналған өтінішті қабылдаған Орталық инспекторының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілуімен, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.
16. Уәкілетті органда дайын құжаттарды тұтынушыға беруді онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде құжаттарды беруді жүзеге асыратын қызметкер «терезе» арқылы күн сайын жүзеге асырады.
Орталықта дайын құжаттарды тұтынушыға беруді онда мерзімі көрсетілген қолхат негізінде «терезе» арқылы күн сайын Орталық инспекторы жүзеге асырады.
17. Құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12 тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде күту залының «терезесі» арқылы бас тарту себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
Мемлекеттік қызмет Орталық арқылы көрсетілген жағдайда, құжаттарды ресімдеу кезінде қателіктер анықталған, осы стандарттың 12-тармағына сәйкес құжаттар пакеті толық берілмеген және құжаттар тиісінше ресімделмеген кезде уәкілетті орган құжаттар пакетін алғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде кейіннен тұтынушыға беру үшін Орталыққа бас тартудың себептерін көрсетіп, хабарлама жолдайды.
3. Жұмыс қағидаттары
18. Уәкілетті орган мен Орталықтың қызметі адамның конституциялық құқықтарын, қызметтік борышын атқару кезіндегі заңдылықты сақтауға негізделеді және әдептілік, толық ақпарат беру, оның қорғалуын, сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарымен жүзеге асырылады.
4. Жұмыс нәтижелері
19. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қол жетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
20. Мемлекеттік қызметтер көрсететін мемлекеттік органның, мекеменің немесе өзге де субъектілердің жұмысы бағаланатын мемлекеттік қызметтердің сапа және қол жетімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәнін жыл сайын арнайы құрылған жұмыс топтары бекітеді.
5. Шағымдану тәртібі
21. Мемлекеттік қызметті ұсыну сапасы бойынша наразылықтар болған жағдайда уәкілетті органның және Орталық қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Орталықтың ақпараттық-анықтамалық қызметінің 58-00-58 телефоны бойынша алуға болады.
22. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда почта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде, уәкілетті органның немесе Орталықтың кеңсесі арқылы жұмыс күндерінде қолма-қол қабылданады.
Шағым уәкілетті орган мен Орталық директорының атына беріледі. Уәкілетті орган мен Орталықтың мекен-жайлары және басшыларының телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
23. Қабылданған шағым уәкілетті орган мен Орталықтың ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және он бес күнтізбелік күн ішінде қаралады, қосымша зерделеу немесе тексеру жүргізу қажет болған жағдайларда, қарау мерзімі 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
Өтініш берушіге шағымды қарау нәтижелері туралы жазбаша түрде почта арқылы хабарланады.
6. Байланыс ақпараты
24. Уәкілетті орган мен Орталық басшыларының жұмыс және қабылдау кестелері осы стандарттың 10-тармағында көзделген уәкілетті орган мен Орталықтың жұмыс кестелеріне сәйкес айқындалады.
Уәкілетті орган мен Орталықтардың байланыс телефондары, мекен-жайлары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда, сондай-ақ ресми ақпарат көздерінде және уәкілетті орган мен Орталықтардың үй-жайларында орналасқан стендтерде көрсетілген.
Орталықтар мен уәкілетті органдар басшыларының байланыс телефондары осы стандартқа 1 және 1-1-қосымшаларда көрсетілген.
25. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8 үй, интернет-ресурсы: www.minjust.kz.
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде
ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-қосымша
Р/с № | Орталықтың атауы | Орталықтың орналасу мекен-жайы | Операциялық залдың телефон нөмірі | Басшының телефон нөмірі |
1 | Ақмола облысының ХҚО | Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 «а» үй | 40-10-76 | қабылдау бөлмесі 40-10-63 |
2 | Ақтөбе облысының ХҚО | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 109-үй | 56-40-34 | қабылдау бөлмесі 56-57-87 |
3 | Алматы облысының ХҚО | Талдықорған қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 67 «б» үй | 24-31-10 | қабылдау бөлмесі 24-41-33 |
4 | Атырау облысының ХҚО | Атырау қаласы, Авангардская көшесі, 2-23 «б» үй | 28-39-14 | қабылдау бөлмесі 28-40-14 |
5 | Шығыс Қазақстан облысының № 1 ХҚО | Өскемен қаласы, Белинский көшесі, 37 «а» үй | 47-14-96 | қабылдау бөлмесі 28-94-67 |
6 | Шығыс Қазақстан облысының № 2 ХҚО | Семей қаласы, 408-орам, 21-үй | 33-57-97 | қабылдау бөлмесі 33-55-93 |
7 | Жамбыл облысының ХҚО | Тараз қаласы, Қойгелді көшесі, 158 «а» үй | 43-84-15 | қабылдау бөлмесі 43-84-14 |
8 | Батыс Қазақстан облысының ХҚО | Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 81-үй | 23-67-16 | қабылдау бөлмесі 23-68-81 |
9 | Қарағанды облысының ХҚО | Қарағанды қаласы, Чкалов көшесі, 7-үй | 41-63-03 | қабылдау бөлмесі 41-63-10 |
10 | Қостанай облысының ХҚО | Қостанай қаласы, Таран көшесі, 114-үй | 53-45-74 | қабылдау бөлмесі 54-10-20 |
11 | Қызылорда облысының ХҚО | Қызылорда қаласы, Мұратбаев көшесі, н/ж | 23-09-15 | қабылдау бөлмесі 23-08-46 |
12 | Маңғыстау облысының ХҚО | Ақтау қаласы, 15 шағынаудан, 67 «б» үй | 42-23-14 | қабылдау бөлмесі 42-23-12 |
13 | Павлодар облысының ХҚО | Павлодар қаласы, Павлов көшесі, 48-үй | 33-47-54 | қабылдау бөлмесі 33-47-35 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Петропавл қаласы, Әуезов көшесі, 157-үй | 33-21-12 | қабылдау бөлмесі 33-31-03 |
15 | Оңтүстік Қазақстан облысының ХҚО | Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесі, н/ж | 21-48-43 | қабылдау бөлмесі 30-06-79 |
16 | Алматы қаласы Алмалы ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 221-үй | 378-09-10 | қабылдау бөлмесі 378-09-09 |
17 | Алматы қаласы Бостандық ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Ходжанов көшесі, 9-үй | 249-69-04 | қабылдау бөлмесі 248-17-77 |
18 | Алматы қаласы Жетісу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-72 | қабылдау бөлмесі 378-47-01 |
19 | Алматы қаласы Медеу ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Марков көшесі, 44-үй | 386-90-18 | қабылдау бөлмесі 239-65-52 |
20 | Алматы қаласы Түркісіб ауданының ХҚО | Алматы қаласы, Зорге көшесі, 9-үй | 234-09-27 | қабылдау бөлмесі 234-09-35 |
21 | Астана қаласы Алматы ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Жұбанов көшесі, 2-үй | 37-21-94 | қабылдау бөлмесі 37-02-06 |
22 | Астана қаласы Алматы ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы, Күйші Дина көшесі, 31-үй, 1,2,3 іүж | 40-66-54 | қабылдау бөлмесі 40-65-62 |
23 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 1 ХҚО | Астана қаласы, Республика даңғылы, 43-үй | 32-07-13 32-46-97 | қабылдау бөлмесі 32-42-79 |
24 | Астана қаласы Сарыарқа ауданының № 2 ХҚО | Астана қаласы Тілендиев даңғылы, 81, 85-үйлер | 37-70-46 | қабылдау бөлмесі 37-74-34 |
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде
ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
1-1-қосымша
Р/с № | Уәкілетті органның атауы | Орналасқан мекен-жайы | Телефон нөмірі | Басшысының телефон нөмірі |
1 | «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Көкшетау қаласы, Сәтпаев көшесі, 9-үй | 23-32-58 | қабылдау бөлмесі 40-21-91 |
2 | «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 108 «а» үй | 55-73-13 | қабылдау бөлмесі 55-73-07 |
3 | «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Талдықорған қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 76-үй | 27-33-93 | қабылдау бөлмесі 27-33-91 |
4 | «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 96 «б» үй | 45-15-19 | қабылдау бөлмесі 45-15-34 |
5 | «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Өскемен қаласы, Буров көшесі, 51-үй | 53-79-73 | қабылдау бөлмесі 53-79-99 |
6 | «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Орал қаласы, Театральная көшесі, 16/2-үй | 50-91-96 | қабылдау бөлмесі 51-10-44 |
7 | «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын-мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Тараз қаласы, Төле би көшесі, 69-үй | 45-56-48 | қабылдау бөлмесі 45-58-22 |
8 | «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қарағанды қаласы, Ленин көшесі, 72/2-үй | 56-51-34 | қабылдау бөлмесі 56-56-63 |
9 | «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қостанай қаласы, Досжанов көшесі, 84-үй | 50-62-87 | қабылдау бөлмесі 50-63-45 |
10 | «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Қызылорда қаласы, Скатков көшесі, 96-үй | 23-07-34 | қабылдау бөлмесі 23-03-84 |
11 | «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Ақтау қаласы, 4-шағын аудан, 59-үй | 50-45-26 | қабылдау бөлмесі 50-76-11 |
12 | «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Павлодар қаласы, Есеналиев көшесі, 24-үй | 32-19-86 | қабылдау бөлмесі 32-03-24 |
13 | «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Петропавл қаласы, Көшеков көшесі, 10-үй | 33-38-38 | қабылдау бөлмесі 33-96-30 |
14 | «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Шымкент қаласы, Оспанов көшесі, 61-үй | 54-12-72 | қабылдау бөлмесі 53-50-53 |
15 | «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Алматы қаласы, Төле би көшесі, 155-үй | 378-46-58 | қабылдау бөлмесі 378-46-50 |
16 | «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік жөніндегі орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны | Астана қаласы, Иманов көшесі, 149-үй | 37-99-12 | қабылдау бөлмесі 37-65-58 |
«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын
жылжымалы мүліктің кепілі жөнінде
ақпарат беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Кесте. Сапа мен қол жетімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және қол жетімділік көрсеткіштері | Көрсеткіштің нормативтік мәні | Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы мәні | Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдағы мәні |
1. Уақтылылығы |
1.1. Құжат тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызмет көрсету жағдайларының % (үлесі) | | | |
1.2. Қызмет алу үшін кезекте __ минуттан аспайтын уақыт күткен тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2. Сапасы |
2.1. Қызмет көрсету үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
2.2. Лауазымды адам дұрыс ресімдеген (тіркеу құжаттар жағдайларының) % (үлесі) | | | |
3. Қол жетімділік |
3.1. Қызмет көрсету сапасына және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі) | | | |
3.2. Тұтынушы дұрыс толтырған және бірінші реттен тапсырған құжаттар % (үлесі) | | | |
3.3. Интернет арқылы қол жетімді қызметтердің, ақпараттың % (үлесі) | | | |
4. Шағымдану үдерісі |
4.1. Қызметтердің осы түрі бойынша қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына негізделген шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізді шағымдардың % (үлесі) | | | |
4.3. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттандырылған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
4.4. Шағымдану мерзіміне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |
5. Сыпайылық |
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі) | | | |