Орнықты дамуға көшуді, экономикалық, әлеуметтік және экологиялық даму факторларының теңгерімдігін сақтауды қамтамасыз ету тұрмыс сапасын арттырудың негізгі құралы болып табылады.
Қазақстанның жағдайында орнықты дамуға өту бірінші кезекте мыналарды білдіреді:
экономиканы экологиялық таза, қалдықсыз, серпінді технологияларды, жаңартылған ресурстар мен энергия көздерін барынша қарқынды пайдалануға бағыттау;
халықтың денсаулығын және демографиялық жағдайды жақсарту;
адами капиталдың сапасын, білім берудің икемді және тиімді жүйесінің жұмыс істеуін, зияткерлік және ұтқыр еңбек ресурстарын қалыптастыруды орнықты жақсарту үшін жағдайлар жасау;
қоршаған орта сапасының жоғары стандарттарына, табиғи ресурстарды сақтауға қол жеткізу;
макродеңгейде дамудың экономикалық, әлеуметтік және экологиялық аспектілерінің теңгерімдігін басқару.
Экологиялық таза және қалдықсыз технологияларға көшу Қазақстан үшін қазіргі заман талабы болып табылады, өйткені жоғары экологиялық шығындар қазақстандық кәсіпорындар өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді. Қоршаған орта үшін қауіпсіз және өте аз қолайсыз экологиялық зардаптармен өндірілген тауарлар мен қызметтер әлемдік нарықтарда аса мәнді орынға ие болады деп күтілуде. Бұл бірінші кезекте, жаһандық жылынуды болдырмау жөніндегі әлемдік қоғамдастықтың күш-жігеріне байланысты.
Әлемдегі барынша табысты компаниялардың қызметі әлеуметтік және экологиялық жауапты бизнестің жоғары рентабельділікке ие екендігін және жалпы алғанда тиісті салалар мен елдің бәсекеге қабілеттіктерін көтеретінін растайды.
Қазақстан әлемдік нарықта «өзінің экологиялық орнын иеленуіне» белсенді әзірлеу айтарлықтай мүмкіндікке ие. Бұл елдің географиялық орналасуына, халықтың аз тығыздылығына, қазіргі заманғы экологиялық технологияларды тарту үшін мүмкіндіктер беретін жаңа өндірістерді дамытудың «бастапқы» кезеңімен байланысты.
Бұл үшін экологиялық шығындар өте аз технологияларды енгізуді басымды мемлекеттік қолдау саясаты іске асырылуға тиіс. Керісінше, қоршаған орта үшін қауіпті технологиялар, машиналар мен жабдықтардың әкелінуі шектелуі тиіс. Бұл үшін технологияларға экологиялық сараптауды енгізу, сондай-ақ елге әкелінетін жабдықтар мен машиналардың тиісті параметрлерін міндетті түрде декларациялау туралы мәселесін қарау қажет.
Қалдықтарды екінші рет қайта өңдеудің тиімді отандық секторы құрылуы тиіс. Бұл ретте, мемлекет қысқа мерзімде ел экономикасының шикізаттық емес секторларының бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруды қамтамасыз ететін институционалдық аспектілерді қоса алғанда иесіз қалдықтарды орталықты басқару және қайта өңдеу жөніндегі проблемаларды кешенді түрде шешуі тиіс.
Қоршаған ортаны қорғауды басқарудың ынталандыратын экологиялық-экономикалық тетіктері енгізілуі тиіс.
Қазақстан жаңартылған ресурстар мен энергияның балама көздеріне тиімді көшуді қамтамасыз етуі қажет. Дәстүрлі энергиялық ресурстар құнын арттыруға үрдістер жағдайында балама көздерді пайдалану тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттігін арттырады, сондай-ақ қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға ықпал ететін болады.
Еліміздің бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін Қазақстан климаттық өзгерістердің алдын-алу жөніндегі халықаралық күш-жігерге аса белсенді түрде қатысуға тиіс. Атап айтқанда, Киото хаттамасы және Біріккен Ұлттар Ұйымының климаттың өзгеруі жөніндегі Негіздемелік конвенциясының ережелері шеңберінде "пост-Киото" бойынша шараларды әлемдік қоғамдастықпен бірлесе отырып әзірлеу және іске асыру.
Қазақстан халқының тұрмыс сапасын жаһандық бәсекеге қабілеттілік деңгейіне дейін жақсарту әлеуметтік орта, қауіпсіздік пен халық денсаулығының жоғары деңгейін талап етеді.
Әлеуметтік ортаның тұрақтылығы - бұл елдің ұзақ мерзімді жоғары бәсекеге қабілеттілігінің кепілі. Қазақстан гүлденген қоғамға барар жолда, қарама-қайшылығы күшейген қоғамға айналмауы тиіс.
Сондықтан ел экономикасын қажеттіліктерін білімді және дені сау еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуге назар аударумен қатар Қазақстанда әлеуметтік қамсыздандыру мен әлеуметтік қорғау жүйесі есебінен әлеуметтік ортаның тұрақты және қауіпсіз дамуы қалыптасуы тиіс. Ол үшін осы жұмыс шеңберінде кедейшілік деңгейін өлшеу жүйесін жаңғырту, ана мен баланы әлеуметтік қорғау жүйесін нығайту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету тәсілдерін қалыптастыру бойынша шаралар жүзеге асырылады
Сондай-ақ, адами капиталдың бәсекеге қабілеттілігінің кешенді дамуына қол жеткізу үшін халықтың рухани, мәдени және ақпараттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мен дамыту үшін шарттар және қызмет көрсетудің жоғарғы сапасына қол жеткізуге, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың үйлесімді дамуын қамтамасыз ету талап етіледі.
Әлеуметтік қауіпсіздік деңгейі, өндірісте еңбекке салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау, тұрмыстық және жол жарақатын болдырмау деңгейі ерекше рөл атқарады.
Еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде халықтың денсаулығы көрсеткіштерін жақсарту бойынша пәрменді шаралар қабылдауды қамтамасыз ету қағидатты маңызды.
Осы мақсатта, біріншіден денсаулық сақтау саласында бәсекеге қабілеттілікті арттыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.
Бұл үшін бастапқы медициналық-санитарлық көмекті реформалау және аурухана секторын қайта құрылымдау, медициналық ұйымдарды аккредиттеу институттарын, тәуелсіз медициналық сарапшылар мен ішкі ауруханалық менеджменттерді дамыту арқылы жүзеге асырылатын медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру бойынша жұмыстар жалғастырылады.
Сонымен қатар, денсаулық сақтау жүйесін басқаруды жетілдіру мәселелері шешілуі тиіс. Орта мерзімді кезеңде денсаулық сақтаудың бизнес процестерінде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды қамтамасыз ететін «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің бірыңғай ақпараттық жүйесін құру» жобасын дамыту жалғасады. Саланы білікті басқару кадрларымен қамтамасыз ету үшін барлық деңгейде денсаулық сақтау ісінің менеджерлерін даярлау жүйесі құрылатын болады.
Саланы қаржыландыру жүйесін, оның ішінде түпкі нәтижеге бағдарланған медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасады.
Осымен қатар, медициналық кадрларды даярлау мен қайта даярлауда тиімді жұмыс істейтін жүйені құру, ғылыми зерттеулердің нәтижелігін көтеру, сондай-ақ саланың кадрлық ресурстарын дамыту жөнінде шараларды қабылдау талап етіледі.
Бұдан басқа, дәрілік препараттардың қолжетімділігін, тиімділігін, қауіпсіздігін және сапасын арттыруға бағытталған амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етудің жаңа моделін, фармацевтика саласына мемлекеттік стандарттарды енгізу арқылы дәрілік көмектің қол жетімділігі мен сапасын жақсарту қажет.
Екіншіден, туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығының деңгейін арттыруға және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған шараларды қабылдау қамтамасыз етілуі тиіс.
Белгіленген бағытты кешенді іске асыру кардиологиялық және кардиохирургиялық көмектерді дамыту, халықты туберкулезден қорғау, қан қызметтерін жетілдіру жолымен әлеуметтік маңызды аурулар деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
Бұдан басқа, қоғамдық денсаулықты сақтау жөніндегі мемлекеттің күш-жігері экономикалық және әлеуметтік прогрестің шамасына қарай өсіп отыруы тиіс және аурулардың салдарымен күресуге ғана емес аурудың туындау себептерін жоюға бағытталуы тиіс.
Осыған байланысты халықты сауықтыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде әсер ететін шаралар қабылдауды қамтамасыз ету қажет. Атап айтқанда, салауатты өмір салты, ұтымды тамақтану, гигиеналық және санитарлық ережелер пайдасына ақпараттық науқан кеңейетін болады. Сондай-ақ, бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыру базасында халықты салауатты өмір салтына, оңалтуға оқыту бағдарламалары енгізіледі, созылмалы аурулары бар науқастар үшін мектептер ұйымдастырылатын болады.
Осымен қатар, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығы жақсаруы тиіс. Бұл бағыт өте қауіпті аурулар мен вакцина басқару инфекцияларының деңгейін төмендету, сондай-ақ бақылауды күшейту арқылы ауыз судың қауіпсіздігін қамтитын шаралар арқылы қамтамасыз етілетін болады. Атап айтқанда, ауыз судың физиологиялық толыққанды өлшемдерге сәйкестігінің жаңа аса қатаң талаптары белгіленуі тиіс. Халықты кепілденген сападағы қажетті мөлшерде ауыз сумен орнықты және толық қамтамасыз ету мақсатында сумен жабдықтау жүйесінің құрылысында және ауыз судың сапасын дайындауда жаңа қол жетімді озық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасады.
Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі шеңберінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету, азық-түліктердің, оның ішінде генетикалық түрленген, қауіпсіздігіне тиімді бақылауды кейіннен қамтамасыз ететін қызметтер лабораторияларын жаңғырту және халықаралық аккредиттеуді аяқтау саласында нормативтік құқықтық актілерді үйлестіруді жетілдіру жөнінде жұмыстар жалғасатын болады.
Үшіншіден, ана мен баланың денсаулығын қорғау қызметін жетілдіру қажет. Осы мақсатта, Қазақстан Республикасында ана мен бала өлімін төмендетудің 2008 - 2010 жылдарға арналған кешенді шаралар қабылданады, онда ұрпақты болу жастағы әйелдердің денсаулығын жақсарту, перинаталдық қызмет көрсету сапасын арттыру, бала жасындағы аурулар мен қауіпсіз аналықты кіріктіріліп енгізу бойынша Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бағдарламасын кеңінен енгізу, сондай-ақ, ДДСҰ-ның ұсынған тірі туу және елі туу өлшемдеріне көшуді жүзеге асыру жөнінде және медициналық-статистикалық көрсеткіштер деректерінің болжамды өсуіне байланысты әкімшілік шаралар қабылдауға уақытша мораторий жариялай отырып, кешенді іс-шаралар қарастырылады.
Бұдан басқа, жоғарыда көрсетілген шаралармен қатар халықтың денсаулығын күшейту үшін дене шынықтыру және бұқаралық спорттық тиімді жүйелер құруды қамтамасыз ету қажет.
«Білімге негізделген экономикаға» көшу адами капиталға қағидатты маңызды рөл береді. Бұл жаңа әлемдік экономикада кәсіпкерлік рухымен, шығармашылық тәсілімен, шешім қабылдаудағы стандартсыздық пен жылдамдығымен үнемі өзгеріп отыратын жағдайларда жұмыс істей білу қабілетімен ерекшеленетін менеджерлері, компаниялары мен халқы бар елдердің ғана орны болатынына негізделген.
Сондықтан білім берудің бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру мәселесі маңызды болып табылады.
Қазақстандық білім беру жүйесінің бәсеке қабілеттілігі білім беру қызметтерінің ішкі және де халықаралық нарықтарда да қамтамасыз етілуі тиіс.
Осы мақсатта білім беру процестеріне қазіргі заманғы білім беру технологиялары мен білім беру бағдарламалары мақсатты және дәйекті түрде енгізілетін болады.
Оқу-ағарту жүйесін басқарудың тиімділігін арттыру қажет.
Педагогикалық кадрлардың біліктіліктерін арттыру сапасын көтеру талап етіледі. Шетел мемлекеттерімен біліктілік арттыру, педагогикалық кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша тәжірибе алмасуға ерекше көңіл бөлу қажет. Жаңа білім алуды көтермелеу, оқытудың белсенді тренингтік технологияларын енгізу факторларын кеңінен қолдану қажет.
Қазақстан білімге негізделген экономикаға уақытылы және толықтай көшу үшін АКТ-ны интенсивті қолдану мүмкіндігімен сипатталатын болашақ жұмысшыларды «шығаратын» білім беру жүйесін қалыптастыру қажет. Жалпы алғанда, қазақстандық білім беру жүйесінің, бірінші кезекте АКТ бөлігінде, жаратылыс-математикалық және техникалық ғылымдарды іргелі ету қамтамасыз етілуі, сондай-ақ оны «тілдердің үштұғырлығына» негізделіп дамыту жүзеге асырылуы тиіс.
Мектепке дейінгі білім беру, сауықтыру және түзеу бағдарламаларын алуда балалар үшін бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету қажет.
Балалардың мектептегі дайындық деңгейіне басты назар аударылуы қажет және оқушылардың өмірлік жолда мамандықты таңдауды позитивті дәлелінің мүмкіндіктеріне кедергі келтіретін мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарттарын қайта қарау қажет. Оқушылардың оқу процесінде алатын білімі теориялықтан практикалық-пәрмендіге табиғи трансформациялануын қамтамасыз ету қажет.
Мектептерді «компьютерлендіру» және «интернеттендіру» сатысынан мектептік ақпараттық кеңістікті құруға кешуді қамтамасыз ету қажет. Қазақстандық мектептерге жаңа зияткерлік және білім беру технологияларын енгізу қажет. Мектептің болашақ қазақстандық түлегі қажетті ақпаратты жинап, талдап және қолдана білетін, ұжымда жұмыс істей алатын және кез-келген проблеманын шешімі бар екендігін түсінетін болуы керек.
Елдің зияткерлік әлеуетін құру және дамыту үшін дарынды балалармен жұмыс жасауға көңіл бөлінуі керек.
Жалпы алғанда, осы міндеттерге қол жеткізу үшін Қазақстанда дарындарды басқару туралы жаһандық түсінікті дамыту қажет. Сондықтан дарындарды басқарудың ең үздік тәжірибесін енгізу басталады. Дарындарды басқару жүйесі білім беру саласынан бастау алып, басқа салаларға кірігуі қажет. Атап айтқанда, дарындарды басқару мәселелері корпоративтік басқару қағидаттарының жүйесіне енгізілуі тиіс.
Орнықты даму, экологиялық білім беру және ағарту үшін білім беру саласындағы бағдарламалардың іске асырылуына ерекше назар бөлінуі қажет.
Техникалық және қызмет көрсету еңбегінің білікті кадрлары мен мамандарын даярлаудың әлемдік тәжірибесі дамыған елдерде бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау мақсатында техникалық және кәсіби білімнің қол жетімділігіне, оның еңбек әлемінің кәсіптік білім беру оқу мекемелерінің байланысын анықтайтын прагматикалық аспектілерінің күшеюіне маңызды мән берілетіндігін растайды.
Бірінші кезекте, бұл кәсіптік білімнің сапасы мен қол жетімділігінің басым инвестициялар ұлғайтылуы және қазіргі заманғы құқықтық орта құрылуы қажеттігін анықтайды.
Осыған байланысты, білім беру саласында әсіресе, қаржыландыру мәселелерінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің жүйесін қалыптастыруға және дамытуға басты назар аударылуы қажет. Бұдан басқа білім беру жүйесінде мемлекеттік-жеке серіктестік жүйесін дамыту шеңберінде кадрларды даярлау, оқыту бағдарламаларын әзірлеу, тәжірибе өткізу мен жұмысқа орналастыру бөлігінде оқу үдерісіне кәсіпорындарды тарту саласында әлеуметтік серіктестік тетігін құру қажет.
Жалпы алғанда, кәсіптік білімнің ғылыммен және өндіріспен байланысын күшейту жұмыс істейтін тетіктердің тұтастай енгізілуін қажет етеді. Бұл білім жүйесінің нарық пен қоғам талаптарына жауап беруіне нақты мүмкіндік-беретін бастауыш, орта кәсіби және жоғары білім жүйелерінің бизнеспен қатынасында жаңа деңгейге шығуына қажет. Басқаша айтқанда, кәсіптік мектептер, кәсіптік техникалық училищелер, колледждер немесе университеттердің, олардың бизнес үшін жауапты және сенімді әріптес ретінде болмауы кезіндегі жұмысы нақты мұқтаждықтарға сәйкес ретінде соңғы болып қабылданбайды.
Сондықтан, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің базасында бизнес және бастауыш, орта мен жоғары кәсіби білім беру арасындағы байланыстарды дамытуға бағытталған мақсатты мемлекеттік инвестицияның жаңа түрін енгізу мүмкіндігі мен орындылығы мәселелерін пысықтау қажет. Яғни, ұйымға бизнес-қоғамдастықпен қатынасы белсенді қатысуға тікелей ынталандыратын білім беру секторы тетігін енгізу мәселелерін білуді талап етеді.
Оның негізгі нұсқасы келесідей бекітіледі. Қаржыландыру конкурстық өтінім жүйесінде негізделеді, онда кеңес беру, коммерциялық ұйым үшін ғылыми зерттеу, студенттердің тәжірибеден өтуіне үлкен мүмкіндікті ұйымдастыру, түлектерді жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында оқу орнына қаржылық ресурстарда қолданылатын жоба мен нақты жоспарды ұсыну қажет.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, қаржылық қолдаудың мұндай түрі табысты болды және бизнес пен қоғамға «білімнің берілу» пайызын едәуір ұлғайтты.
Осымен қатар, жоғары кәсіптік білімнің сапасын жоғарылату үшін академиялық мәселелерді шешуде жоғары оқу орындарына кең дербестікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану қажет. Бұдан басқа, жоғары оқу орындарының жыл сайынғы рейтинг жүйесін енгізу қажет, сондай-ақ, жоғары оқу орындарын басқаруға шетелдік университеттерінің жетекші менеджерлерін тарту бойынша жұмыстар жүргізу қажет.
Сонымен қатар, отандық білім беру жүйесін жаңғырту саласындағы маңызды фактор біліктілікті тиімді арттыруға, қайта біліктілікті арттыруға, сондай-ақ, экономиканың келешектегі талаптарына сәйкес қолданыстағы қазақстандық еңбек ресурстарын оқытуға қабілетті жүйені қалыптастыру болу керек. Басқаша айтқанда, біліктілікті арттыру, қайта біліктілікті арттыру және еңбек ресурстарын үздіксіз оқыту жүйесі Қазақстанда «басып оза» жұмыс істеуі қажет және білімге негізделген экономикаға өтуді жүзеге асыратын ұлттық экономиканың ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Бұл қазіргі уақытта жұмыспен қамтылған алты миллион қазақстандықтың барлығы бұрынғыдай 2015 жылы да еңбек ететініне негізделген. Сонымен бірге отандық еңбек нарығы сол уақытқа дейін бизнес процесс көзқарасымен және технологияны тұтынушылар мен салалық ерекшеліктер тұрғысынан қарағанда бір қатар аспектілер бойынша өзгереді.
Сондықтан неғұрлым жетілдірілген ынталандырудың жаңа тетіктерін әзірлеп, енгізу қажет және қайта біліктілікті арттыру мен қазақстандық кадрларды өмір бойы оқыту қол жетімділігін жеңілдету.
Осыған байланысты, Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің базасында, ал өңірлік деңгейде бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестердің базасында нәтижесі Қазақстандағы қазіргі уақыттағы кәсіптің қалыптасқан жағдайын сайма-сай көрсетуге мүмкіндік беретін кешенді, ауқымды жұмыс жүргізу және елдің еңбек ресурстарының кәсіби құрылымдарын одан әрі дамыту жоспарын әзірлеу қажет. Бұдан басқа, қоғамдық, бизнес және ғылыми орталармен еліміздегі аса талап етілетін мамандықтардың рейтинг жүйесін жүргізу туралы мәселелер пысықтауды қажет етеді.
Бұл, өз кезегінде, елде қазақстандық еңбек нарығын алдын алу жүйесі мен жедел қалыптастыруды құру үшін негіз болады. Сонымен бірге осы жұмыстың шеңберінде еңбек даулары, еңбек ереуілдері мен шиеленістерінің бастапқы мониторингін жүргізуді мақсатқа лайықтылығы зерделенетін болады.
Орнықты дамуға көшуді қамтамасыз етуде қоршаған орта сапасының бәсекеге қабілеттілігі стандарттарын қалыптастыру маңызды рөл атқарады.
Бұл үшін, «тарихи ластануды» жоюға жағдайлар жасалуы тиіс. Автокөлік ластануды төмендету арқылы қалалық орта сапасын біртіндеп жақсарту қажет. Қоршаған ортаны қорғау саласында техникалық реттеудің халықаралық қағидаттарына өту жүзеге асырылуы тиіс. Барлық ірі кәсіпорындарда нормативтер мен стандарттарды сақтауға кепілдік беретін қазіргі заманғы үздіксіз өндірістік экологиялық бақылау жүйесін енгізу талап етіледі. Гидрометеорологиялық және экологиялық мониторинг жүргізудің бәсекеге қабілетті жүйесін қалыптастыру қажет етіледі.
Қолданыстағы стандарттарды халықаралық стандартпен барынша толық үйлестіру, оның ішінде кәсіпорындар мен ұйымдардың Халықаралық ISO 14001 стандарттарына өтуі жөніндегі шараларды кеңейту қажет болады.
Қазақстанның орнықты даму және қоршаған ортаны қорғау мәселелерінде халықаралық саладағы рөлін жандандыру қажет. Макродеңгейде орнықты дамуға көшу процесін, оның ішінде тұрақты дамудың стратегиялық жобалаудың ғылыми негізделген тәсілдерін қолдану, елде өңірлер мен салалар бойынша орнықты дамуға көшудің мақсатты көрсеткіштерін енгізе отырып басқару маңызды рөль атқарады.
Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың негізгі құралдарының үлгі* тізбесі | - Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшуінің 2007 - 2024 жылдарға арналған тұжырымдамасы; |
- Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында техникалық кәсіптік білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау мен дамытудың 2005 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстанның мәдениет пен өнерінің 2009-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2008 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында Тұрғын-үй құрылысының 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Жаңартылатын ресурстарды және баламалы энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдаланудың тұжырымдамасы; |
- Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Мәдениет саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жетілдірудің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Тарихи-мәдени мұраларды қалпына келтіру мен зерделеудің 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы (әзірленуде); |
- 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» салалық бағдарламасы; |
- 2008 - 2010 жылдарға арналған халықты жұмыспен қамту жүйесін жетілдіру жөніндегі Іс-шаралар жоспары; |
- Қазақстан Республикасы халқының Инвестициялық мәдениеті мен қаржылық сауаттылығын арттырудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- «Қазақстан Республикасында көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту жөніндегі экономикалық саясат пен ұйымдастыру шараларының 2005 - 2010 жылдарға арналған негізгі бағыттары» бағдарламасы туралы» бағдарламасы; |
- 2007 - 2011 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бағдарламасы (әзірленуде); - «Салауатты өмір салты» кешенді бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында ЖҚТБ індетіне қарсы іс-әрекет жөніндегі 2006-2010 жылдарға арналған бағдарлама; |
- Қазақстан Республикасындағы кардиологиялық және кардиохирургиялық көмекті дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Ана мен бала өлімін азайтудың 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы (әзірленуде); |
- Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру мен дамытудың 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында тұрғын үй-коммуналдық саласын дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғауының 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы (әзірленуде); |
- Қазақстан Республикасының телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасындағы ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы |
- мемлекеттік органдар дамуының стратегиялық жоспарлары (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу кезінде) |
Іске асыру параметрлері | - жан басына шаққандағы ЖІӨ | - 2009 жылдың соңына қарай $ 9 000 кем емес; - 2012 жылдың соңына қарай $ 14 000 кем емес; - 2015 жылдың соңына қарай $ 22 000 кем емес. |
- жұмыссыздық деңгейі. | - 2009 жылдың соңына қарай 7,1 %; - 2012 жылдың соңына қарай 5,3 %; - 2015 жылдың соңына қарай 4,5 %. |
- туылған кезде күтілетін өмір сүру ұзақтығы. | - 2009 жылдың соңына қарай 67,7 жас; - 2012 жылдың соңына қарай 68,7 жас; - 2015 жылдың соңына қарай 69,5 жас. |
- экологиялық орнықтылықтың индексі | - 2009 жылдың соңына қарай 68 балл; - 2012 жылдың соңына қарай 73 балл; - 2015 жылдың соңына қарай 74 балл. |
- өндірісте ресурстарды пайдаланудың тиімділік индексі. | - 2009 жылдың соңына қарай 33 %; - 2012 жылдың соңына қарай 37 %; - 2015 жылдың соңына қарай 40 %. |
- энергияны жұмсаудың жалпы көлеміндегі энергия көздерінің балама және жаңартылатын көздерін пайдаланудың үлесі. | - 2009 жылдың соңына қарай 0,028 %; - 2012 жылдың соңына қарай 0,05 %; - 2015 жылдың соңына қарай 0,8 %. |
- білім беру деңгейін сипаттайтын ұстанымдар бойынша жетекші рейтингтік ұйымдардағы дәрежесінің позициясы.* | - 2009 жылдың қорытындысы бойынша - бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына; - 2012 жылдың қорытындысы бойынша - бәсекеге барынша қабілетті 45 елдің қатарына; - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - бәсекеге барынша қабілетті 40 елдің қатарына. |
- денсаулық сақтау деңгейін сипаттайтын позициялар бойынша жетекші рейтингтік ұйымдардағы Қазақстан рангісі позициясы.* | - 2009 жылдың қорытындысы бойынша - бәсекеге барынша қабілетті 85 елдің қатарына; - 2012 жылдың қорытындысы бойынша - бәсекеге барынша қабілетті 80 елдің қатарына; - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - бәсекеге барынша қабілетті 75 елдің қатарына. |
__________________________