Осы мақсатта Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің базасында бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестердің қатысуларымен мынадай бағыттар бойынша бірінші кезекте енгізілуі қажет нормативтік құқықтық актілер жобасының тізбесімен жүйелі негізде нұсқаулықтар дайындайтын тұрақты «сұхбат алаңы» жасалатын болады:
бизнесті жүргізудің құнын, оның ішінде есеп нысандарын қысқарту, жеңілдету, өзгерту есебімен төмендету;
жеке меншіктің беріктілігінің кепілі мен мүлтіксіз қорғалуын қамтамасыз ету;
іс-әрекеттің транзакциялық шығындарын, оның ішінде кәсіпорындарды ашу мен жабу, меншікті тіркеу үшін талап етілетін рәсімдерді жүргізу саны мен уақытын қысқарту.
Жалпы алғанда, бәсекеге қабілеттілік жөніндегі өңірлік кеңестердің іс-әрекеттері өңірлердің экономикасын әртараптандыру мен оңтайландыруға, оның шикізаттық бағдарын жоюға, адам капиталын және физикалық инфрақұрылымын дамытуға бөгет болатын түйінді проблемаларды болдырмау мәселесі бойынша ұсыныстар мен нұсқаулықтар әзірлеуге, сондай-ақ Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңеске көрсетілген салалардағы жалпы мемлекеттік саясаттарды жүргізу жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеу мен енгізуге бағытталатын болады.
Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың құралдарының үлгі* тізбесі | - Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық негізгі дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы; - Қазақстан Республикасында «Электронды үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; *қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды онтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып; **осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі «3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері» деген тарауда келтірілген. - Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі тұжырымдама; - Қазақстан Республикасында Қаржы секторын дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасы; - Нәтижеге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін енгізу жөніндегі тұжырымдама; - Қазақстан Республикасының Әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімдік жоспары (тиісті орта мерзімді кезеңге); - Орта мерзімді фискалдық саясат тиісті орта мерзімді кезеңге); - «2005 - 2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында Экономикалық саясаттың негізгі бағыттары мен көлеңкелі экономиканың көлемін қысқарту бойынша ұйымдастыру шаралары» бағдарламасы; - Қазақстан Республикасының Көші-қон саясаты тұжырымдамасы; - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі жүйесін жаңғырту мен дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; - Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; - Қазақстан Республикасында Патент жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы; - Қазақстан Республикасында Техникалық реттеу жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; - Қазақстан Республикасының Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; - Қазақстан Республикасында Бәсекелестікті дамыту мен қорғаудың 2007 - 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; - Табиғи монополиялар саласындағы тарифтік саясатты жетілдірудің 2008 - 2010 жылдарға арналған бағдарламасы; - мемлекеттік органдар дамуының стратегиялық жоспарлары (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу кезінде) |
Іске асыру параметрлері | - ЖІӨ-нің мөлшері. - Қазақстан - барынша бәсекеге дәрежесінің қабілетті 50 елдің позициясы*. қатарына; - макроэкономиканы - 2009 жылдың сипаттайтын қорытындысы бойынша ұстанымдар - барынша бәсекеге бойынша жетекші қабілетті 25 елдің рейтингтік қатарына; ұйымдардағы - 2012 жылдың Қазақстан қорытындысы бойынша дәрежесінің - барынша бәсекеге позициясы*. қабілетті 20 елдің қатарына; - нарық тиімділігін сипаттайтын ұстанымдар бойынша жетекші рейтингтік Қазақстан дәрежесінің позициясы | 2009 жылдың аяғына қарай 18 трлн. теңгеден кем болмауы тиіс; - 2012 жылдың аяғына қарай 29 трлн. теңгеден кем болмауы тиіс; - 2015 жылдың аяғына қарай 44 трлн. теңгеден кем болмауы тиіс. - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 35 елдің қатарына. қорытындысы бойынша барынша бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына; - 2012 жылдың ұйымдардағы қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 35 елдің қатарына; *. - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына; - институттарды - 2009 жылдың дамыту деңгейін қорытындысы бойынша сипаттайтын - барынша бәсекеге ұстанымдар қабілетті 60 елдің бойынша жетекші қатарына; рейтингтік - 2012 жылдың ұйымдардағы қорытындысы бойынша - 2015 жылдың қорытындысы бойынша -барынша бәсекеге қабілетті 15 елдің қатарына. |
* осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде осындай параметрдің түрін қолдану ерекшелігі "3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері тарауында келтірілген.
__________________________
* осы Тұжырымдаманы іске асыруды талдау кезінде осындай параметрлердің түрін қолдану ерекшелігі «3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері» тарауында келтірілген.
Үшінші басымдық. Инновациялық және технологиялық
Даму моделі
Индустриялдық-инновациялық тәсілден инновациялық-индустриялдық тәсілге екпінді түбегейлі ығысу. Халықаралық стандарттар мен бизнестің қатаң талаптарына сәйкес келетін бәсекеге қабілетті инновациялық-индустриялық инфрақұрылымды дамыту. Венчурлік қаржыландыру индустриясын құру. Ғылыми-зерттеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар, өндірушілер мен мемлекеттік органдардың арасында түйіскен байланыстарды орнату, инновациялық-оқу-ағарту консорциумдар жүйесін құру. Ғылымды көп қажет ететін өнімге экспортты әртараптандырудың өсімі мен құрылымын қамтамасыз ететін технологиялық даму саясаты.
Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
Қазақстан қайта өңдеу мен сервистік-технологиялық секторлардың пайдасына экономиканы әртараптандырып қана қоймай, жеткілікті түрде қысқа мерзімде жақсы, жылдам және арзан өнімдерді өндіруді үйренуі керек. Сондықтан индустриялдық-инновациялық тәсілден инновациялық-индустриялдық тәсілге екпінді түбегейлі ығысу, сондай-ақ технологиялық болжаушылық фактор күшейтілуі тиіс.
Мәселен, индустриялық-инновациялық тәсілден инновациялық-индустриялық тәсілге екпінді ығысуы индустрияны дамытудың қосымша құралы ретінде алынатын инновацияны дамытудың негізінде емес, керісінше Қазақстанның инновациялық жүйесін дамытудың нәтижесінде күтіледі.
Инновациялық даму бағытының басымдығын анықтай отырып, нақты экономикалық және бизнес-процестердегі инновациялыққа қарағанда оны ұғыну мен күнделікті өмірге енгізуге деген дайындықтың маңызды мағынаға ие екенін терең түсіну қажет. Сондықтан, мемлекет тарапынан инновациялық кәсіпкерлік іс-әрекеттің шарттары жақсартылады және ҒЗТКЖ-ні инвестициялау ынталандырылады. Отандық кәсіпорындардағы инновациялық процесс ажырамас және перманентті болуы тиіс.
Сондай-ақ, венчурлік қаржыландыру индустриясын құру бойынша кешенді жұмыстар жүргізілуі тиіс. Елімізге жетекші венчурлік инвесторларды тарту қажет. Венчурлік капиталды тарту, оның ішінде жаңа кәсіпорындарды құру арқылы тетіктерін жетілдіру және ұлғайту талап етіледі. Жаңа инновациялық қаржы тетіктері енгізілуі, атап айтқанда зияткерлік капитал кездерін ғылыми-зерттемелік тәуекелді азайту ушін және ықтимал инвесторларды тарту үшін венчурлік тәуекелді сақтандыру тетіктері әртараптандырылуы тиіс.
Жүйелі негізде инновацияны коммерциализациялаудың тетіктерін әзірлеу мен енгізу жалғасады, патент белсенділігін ынталандыру, озық шетелдік технологияларды игеру және әлемдік ғылыми қауымдастыққа кірігулер бойынша шаралар қабылданады.
Зерделеулерді жүргізу жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған ғылымды көп қажет ететін, ресурсты үнемдейтін, экологиялық таза өндірістерді әзірлеу мен енгізуге, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұдайы өндіру, наножүйе және материалдар, биотехнология, көмірсутекті және тау металлургиялық секторлар индустриясын және олармен байланысты ядролық және космос технологиялары сияқты сервистік салаларды дамытуға бағытталатын болады.
Жалпы алғанда, елдің технологиялық даму саясатын іске асыру экспортты ғылымды қажет ететін салаға әртараптандырудың өсуі мен құрылымын қамтамасыз ететін болады.
Сонымен қатар, елдің инновациялық серпіні бойынша Үкіметпен, бизнес қоғамдастығымен, «Ғылым қоры» АҚ-ның, «Қазына» ОДҚ» АҚ-ның, «Самұрық» АҚ-ның, «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың, жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың арасында ұлттық келісім жасасу туралы мәселе пысықталатын болады. Атап айтқанда, осындай келісімнің шеңберінде мемлекет жоғары технологиялық шағын бизнестегі инновациялық зерделеулерді қолдау мен шағын және орта бизнесті технологиялық жаңғыртуды ғылыми сүйемелдей отырып, қолдауды жүзеге асыру үшін серіктестік - «Инновациялық ынтымактастық» деген жобамен шығады.
Мәселен, министрліктер, ведомстволар мен жергілікті басқару органдары жоспарлап отырған қаражаттың белгіленген пайызы зерттеудің мақсатына, яғни жеке сектор қалыптастыратын нақты, мәнді бәсекеге қабілетті өтінімдерге бағдарланатын болады. Тиісінше, алынған өнімдерді коммерциялық пайдалануға кәсіпорындар мен ғылыми ұйымдарға беру шарттары бойынша нормативтік құқықтық орта құрылатын болады.
Өз кезегінде, компанияларға олардың тікелей дамулары үшін қажетті болатын ғылыми-зердемелік жұмыстарға өзіндік үлесін қосу бөлігінде жұмыстарды жандандыру ұсынылатын болады.
Өкінішке орай, бүгінгі таңда ғылыми-зерделеу ұйымдары, жоғары оқу орындары, кәсіпорындар, өндірушілер мен мемлекеттік органдардың арасында түйіскен байланыстарды орнату шешімін таппай келеді.
Бұл үшін Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңес тұрақты негізде осы аталған субъектілердің арасында серіктестіктің әр түрлі түрлері мен тетіктерін қалыптастыру және жұмыс істету бойынша үздік әлемдік тәжірибені іс жүзінде іске асыру талданатын, әрі жүйеленетін болады және жолға қойылады.
Қазақстанда технологиялық даму деңгейінің қарқынды өсуін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) дамыту мен қамту күшейтілетін болады. Атап айтқанда, осы бағыт Қазақстан мен барынша озық елдер арасындағы технологиядағы алшақтықты қысқартуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта инфрақұрылым мен халықтың АКТ-мен жұмысының дағдылары басымды түрде дамитын болады, сондай-ақ телекоммуникация секторын кезең-кезеңімен аса реттеу және ырықтандыру жүргізілетін болады. Осы саланың «негізгі локомотиві» болып жаңа инфрақұрылымдық АКТ жобаларын жасауға бағдарланған «Зерде» АҚ»-ы компаниялар топтары табылады. Олардың базаларында отандық компаниялар жаңа «зияткерлік» жоғары технологиялық бизнесті жасайды.
Күннен-күнге қымбаттап отырған энергетикалық ресурстардың проблемасын энергияны жинақтаушы технологиялар мен энергияның жаңғырмалы және баламалы кездерін енгізу арқылы шешу қажет. Осы мақсатта оларды әзірлеу және тетіктерін енгізу үшін мемлекеттік-жеке серіктестік жүйесі қалыптасуы тиіс.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, экономиканың өнімділігін арттырудың негізгі қайнар көзі жоғары технологиялық өндіріс болып табылады, ол қазақстандық жоғары технологиялық стандарттарды жасаудың біртұтас тетігін қалыптастыру қажеттілігін туғызады. Қазақстанда осы тұрғыдан «жасыл» энергетикалық кәсіпорындарды дамыту бөлігінде едәуір резерв бар.
Жаңа энергияны жинақтаушы технологияларды жасау отандық технопарктердің базасында жүзеге асырылатын болады. Энергияны жинақтаушы машина жасауды дамытуға, экономика энергия сыйымдылығын төмендету бойынша жаңа өнеркәсіптік технологияларды жасауға басты назар аударылатын болады. Шетелдік инвесторлармен жасасатын келісімдерде қазіргі заманғы энергияны жинақтаушы технологияларды енгізу және қолда бар қуаттар мен өндірістерді жаңартулардың міндетті шарттары қарастырылатын болады.
Энергияның артылатын және балама көздерін тиімді және ұтымды пайдалану үшін ең үздік халықаралық тәжірибе жинақталады және жүйелендіріледі, заңнамалық база әзірленді және жетілдіріледі, әзірлемелерді институционалдық және зияткерлік жағынан сүйемелдеу мәселесі зерделенеді, жаңғырмалы энергетика саласында ғылыми әзірлемелер мен технологиялар тартылады және енгізіледі. Сосын әр түрлі пилоттық жобаларды кезең-кезеңімен енгізуді бастау қажет.
Басымдықты іске асыру картасы
Іске асырудың негізгі құралдарының үлгі* тізбесі | - Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003 - 2015 жылдарға арналған стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Аумақтарын дамыту стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясы; |
- Қазақстан Республикасының Ғылымын дамытудың 2007 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Цифрлық телерадио хабарларын таратуды дамытудың 2008 - 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасында «электрондық үкіметті» дамытудың 2008 - 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы; |
- Артылатын ресурстарды және баламалы энергия көздерін тиімді және ұтымды пайдаланудың тұжырымдамасы; - Қазақстан Республикасының Патент жүйесін дамытудың 2007 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесін қалыптастыру және дамытудың 2005 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі технологиялық даму бағдарламасы; |
- Ірі инвестициялық жобаларды ұлттық және өңірлік деңгейде іске асыруға қаржы институттарын тарту жөніндегі бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Телекоммуникация саласын дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасындағы Ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007 |
- 2009 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2006 - 2008 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі 2006 - 2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі шаралар тұжырымдамасы; |
- Қазақстан Республикасының Агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамытудың 2009 - 2011 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- Мемлекеттік активтерді басқарудың 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасы; |
- мемлекеттік органдар дамуының стратегиялық жоспарлары (жаңа жоспарлау жүйесін енгізу кезінде) |
Іске асыру параметрлері | - қайта өңдеу өнеркәсібіндегі инновациялық белсенді кәсіпорындардың үлес салмағы. | - 2009 жылдың аяғына қарай 11 %-дан кем- емес; - 2012 жылдың аяғына қарай 13 %-дан кем емес; |
жаңа технологиялық толқынды отандық шағын және орта кәсіпорындардың үлес салмағы | - 2015 жылдың аяғына қарай 14 %-дан кем емес; - 2009 жылдың аяғына қарай 3 %-дан кем емес; - 2012 жылдың аяғына қарай 6 %-дан кем емес; |
- инновацияны дамытуды сипаттайтын ұстанымдар бойынша жетекші рейтингтік ұйымдардағы Қазақстан рангінің позициясы | - 2015 жылдың аяғына қарай 10 %-дан кем емес. - 2009 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 65 елдің қатарына; - 2012 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 60 елдің қатарына; - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 55 елдің қатарына. |
- технологиялық дайындықты сипаттайтын жетекші рейтингтік ұйымдардағы Қазақстан дәрежесінің позициясы | - 2009 жылдың * қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 60 елдің қатарына; - 2012 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына; - 2015 жылдың қорытындысы бойынша - барынша бәсекеге қабілетті 40 елдің қатарына. |
* қатал бекітілген емес, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру мен бағдарламалық құжаттарды оңтайландыру жөніндегі жұмыстарды ескере отырып;
* осы Тұжырымдаманы іске асыруға талдау жасау кезінде осындай параметрлердің түрін пайдаланудың ерекшелігі «3. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері» деген тарауда келтірілген.
Төртінші басымдық. Бәсекеге қабілеттіліктің
тік және көлденең аспектілері
Даму моделі
Еңбек өнімділігінің өсуі. Экономиканың энергия тиімділігін арттыру. Энергия генераторлық қуаттар мен электр желілері объектілерін озық дамыту. Автокөлік саласын реформалау. Темір-жол саласын реформалау. Әуе, су көлігі мен инфрақұрылымдарды дамыту. Көлік-коммуникациялық кешенінде мегажобалы тәсілдерді пысықтау. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің экологиялық және биологиялық тазалығы. Биоотын. Тоқыма. Нефтехимия. Нефтегаздық машина жасау. Аса жоғары технологиялық өзгеріп жасалған атом өнеркәсібінің өнімі. Туризм орталығы. Сауда орталығы. Полярлық даму мен еліміздің жаңа кеңістік қаңқасын жасау.
Негіздеме және іс-қимылдар стратегиясы
Қазақстан бірқатар экономикалық жетістіктерге қол жеткізгенімен өнімділіктің бәсекеге қабілеттігі деңгейіне жете алмай отыр. Сондықтан, бәсекеге қабілеттік аспектілері шеңберінде аса өзекті мәселелер, яғни ұлттық экономиканың қарқындылығын және өнімділігін арттыру алынады.
Осыған байланысты бірінші кезекте еңбек өнімділігін арттырудың жеделдетілген қарқынын қамтамасыз ету талап етіледі. Жалпы алғанда, бұл отандық жұмысшы күшіне бәсекеге қабілеттіліктің көрінісін түбегейлі өзгертуді анықтайды, өйткені таяу жылдарда «жеткілікті білімді және арзан қазақстандық еңбек ресурстары» сарапшылар тарапынан елдің мәнді бәсекелі артықшылықтары ретінде бағаланып келді.
Дегенмен, Қазақстанның білімге негізделген экономикаға өту қажеттіліктерін ескерсек, егерде осы жағдайды бәсекелі артықшылық ретінде қарастырсақ, онда ол басқа, нағыз артықшылықтармен тікелей қарама-қайшылықта бола бастайды.
Сондықтан, еңбек өнімділігіне деген тәсілдер мен қатынастар жартылай ұмытылған және аз талданатын статистикалық көрсеткіштен дамыған экономика деңгейіне ара қатынасқа мемлекеттік органдардың экономикасы саласында шешімдер қабылдау кезінде бағалаудың басты өлшемі мәртебесіне дейін өзгертілетін болады.
Біріншіден, бұл өндірістің көлемін ұлғайту жағдайында өндірістік қуаттар, технологиялар, жұмыс орындарды оңтайландыру бойынша «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберіндегі ауқымды саясат есебімен шешілетін болады.
Екіншіден, еңбек ақының өсуін басқарудың, оның ішінде кәсіподақтардың атқаратын рөлі мен өкілеттіктерін арттыру, сапа өнімділігі мен еңбек өнімділігі және жұмысшылардың жауапкершілігіне қойылатын талаптарды күшейту, еңбекақы жүйесін жетілдіру, табыстарды, жалақының нысандары мен жүйесін индексациялау тәртібі мен шарттары мәселелерін қарастыратын әлеуметтік серіктестік туралы келіссөздерді жасасу арқылы тетіктер енгізілетін болады.
Үшіншіден, еңбек сапасын қазіргі заманғы басқару саласында тиісті мамандарды даярлау қажет, яғни оқу бағдарламалары қайта қаралады. Осы аталмыш үш шарт өзара байланыста іске асырылуы тиіс.
Энергияны ұтымды және үнемді жұмсау оның аса энергиялық экстенсивтігіне байланысты күллі ұлттық экономиканың алдында тұрған түйінді міндеттердің бірі болып табылады.
Энергиямен жабдықталуды реттейтін нормативтік құқықтық база бар, бірақта ол жетілдіруді талап етеді, өйткені экономиканың энергия тиімділігін арттыру міндеттерін шешуге ықпал ететін тетік әлі құрылмаған.
Нормативтерге жататын энергиямен жабдықтау, энергияны жұмсау категориясы мен энергияны пайдаланатын жабдықтар спектрін және энергия тиімділігі стандарттарын дамытуға, сондай-ақ энергияны пайдаланудың белгіленген нормативтерін арттырғаны үшін экономикалық санкциялар және заң баптарын бұзғаны үшін жауапкершілікті ынталандыратын экономикалық тетіктер бөлігінде құқықтық нормаларды нақты айқындау қажет.
Бәсекеге қабілеттілік жөніндегі ұлттық кеңестің шеңберінде 2008 жылдың бірінші жартысына дейін еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің энергия тиімділігін ұлғайту, сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың олардың өнімділігін арттыруға ынталандыру бойынша кешенді ұсыныстар дайындалатын болады.
Инфрақұрылымның бәсекеге қабілеттігі деңгейін өсіру үшін мыналарға екпін жасау қажет.
Біріншіден, Қазақстанның энергия генераторлық қуаттары мен электр желілері объектілерін оңтайландыру және озық дамыту бойынша шаралар іске асырылуы тиіс.
Екіншіден, автожол саласында озық әлемдік тәжірибе негізінде және Қазақстанның өзгешелігін ескере отырып, белгілі бір реформалар жүргізуді бастау қажет.
ДЭФ рейтингісіне сәйкес Қазақстандағы инфрақұрылымның жалпы сапасы 68-ші орында тұр, бұл ретте автожол сапасы өте төмен 98-ші орынға ие. Дегенмен, жер бетіндегі жолдар қатынасы желісінің негізгі үлесі осы автокөлік жолдарына тиесілі.
Осындай нәтиженің себебі автожол саласында қандай да болсын нарықтық қайта құрылымдардың жоқтығы болып табылады. Автожол саласындағы барлық бағдарламаларды қаржыландыру мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. Бірақ, табысты әлемдік тәжірибе автожол саласы ел бюджеті үшін ауыртпалық туғызбайтын, керісінше локомотив, әрі экономиканың өзіндік даму нүктесі бола алатындығын дәлелдеп отыр.
Автожол саласындағы қайта құрылудың мәні жеке капиталды тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау және мемлекеттік-жеке серіктестік тетігінде тәуекелдерді әділ бөлуде. Қазақстан Республикасының әлеуметтік саясат пен ел экономикасының ерекшелігі ақылы автокөлік жолдарын енгізуді кең көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Мемлекет автожол саласы объектілерінің концессионерінің қызметін атқаратын «тұтынушы мен төлеуші» функциясын орындайтын үлгі аса перспективті болып табылады. Жол қорының жедел-шаруашылық басқару функциялары орталықсыздандырылуы тиіс.
Үшіншіден, темір-жол саласында реформалар жалғасатын болады. Темір-жол қызметтері нарығын қалыптастыру, жолаушылар тасымалдау қызметтерінің сапасын жақсарту, Қазақстанның темір-жол көлігінің техникалық деңгейін әлемдік стандарттар деңгейіне дейін арттыру, мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде отандық машина жасауды дамыту үшін жағдайлар жасау олардың нәтижелері болады.
Төртіншіден, әуе көлігінде қазіргі заманғы технологияларды дамыту және қолдану әуе кемелері паркін жаңарту, әуежай инфрақұрылымдарын жолаушылар мен жүктерге қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарды қолдана отырып қайта құру және жаңғырту, радионавигациялық кешенді халықаралық (транзиттік) және ішкі әуе қозғалысына шектеусіз қызмет көрсету үшін халықаралық талаптарға сәйкес келтіру жолымен жүргізілетін болады.
Бесіншіден, су көлігінде теңіз және ішкі кеме жолдарын, жағалық инфрақұрылымды дамыту, теңіз және жаға бойындағы навигацияның қауіпсіздігін арттыру бойынша жұмыстар жалғасады.
Алтыншыдан, мемлекеттік қолдаудың қаржылық емес құралдарын қолдана отырып, инфрақұрылымдарды дамытудың бірыңғай ынталандыру жүйесін дайындау туралы мәселе шешуді талап етеді. Көлік жүйесі елдің геостратегиялық ресурстарынан барынша пайда табуға қабілетті жоғары технологиялық, тиімді инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы экономиканың өзіндік өсу нүктелеріне айналуға тиіс. Осы тұрғыдан, мынадай тәсілдер маңызды шарттар болады.
Бірінші. Моралдық және материалдық тозығы жеткен, байланыспаған ұлттық көлік-коммуникациялық кешендерден транзиттік жүйені жасау - бұл транзитті дамытудың перспективасыз жолы.
Екінші. Трансконтиненталды тасымалдаушылар бейнесінде сыртқы одақтастар белсенді тартылуы тиіс.
Үшінші. Қазіргі заманда табыстың шешуші факторы болып табылатын барлық транзитке қатысушылардың мүдделерінің теңдігін қамтамасыз ету қажет.
Басқаша айтқанда, трансконтиненталдық тасымалдау сызбаларын Қазақстанның пайдасына түбегейлі өзгертетін шаралар керек.
Сондықтан, көлік-коммуникация саласында серпінді жобаларды қалыптастыруға және оның іске асыруға мемлекеттік қолдау жүйесіне негізделетін мәнділігі жағынан жаңа стратегиялық бағыт - мегажобалық тәсіл дайындалуы тиіс. Осы тәсіл бытыраңқы, салалық жобалардан гөрі транзит сызбасына әсер ететін барлық мүдделі тараптарды біріктіретін бастау болуға қабілетті. Өзіндік функционалдық мазмұны бойынша осындай жоба транзиттің халықаралық магистральды арнасы, ал инфрақұрылымдардың ұлттық жүйесі оның перифериялық қамтуы болып табылады. Сөйтіп, ел экономикасы үшін қаржы ауыртпашылығын минимизациялау және ұлттық инфрақұрылымның даму жоспарларын коммерциализациялау қамтамасыз етілетін болады.
Осы мақсатта транзиттің жаңа жүйесінің бәсекеге қабілеттігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге қабілетті Қытай мен Еуропа арасындағы халықаралық, технологиялық біртұтас, қазіргі заманғы көлік-коммуникациялық кешенін жасауды көздейтін «Д-50» шартты атаумен салалардың серпінді мегажобасының мүмкіндіктері мен іске асыру ерекшеліктері зерделенетін болады.
Осы бағытта тиісті инвестиция алдындағы зерттеулер жүргізу қажет, ал Қазақстанның имидж бағдарламаларының шеңберінде шетелдік мемлекеттер, индустриялық және халықаралық қаржы институттары, халықаралық тасымалдаушылар сияқты ықтималды жобаға қатысушылар арасында оның танымал етуді жүргізуді бастау қажет.