33. ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
34. Рұқсат берілген адам жұмыс орнына келмеген және (немесе) рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бірінші, екінші немесе үшінші санаттар бойынша тартылған шетелдік қызметкерлермен еңбек шарты бұзылған жағдайда, жұмыс беруші осы лауазым (кәсіп) үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келген кезде басқа шетелдік қызметкерді бастапқы берілген рұқсаттың қолданылу мерзімінің қалған кезеңіне осы Ережеде белгіленген тәртіппен тартуға рұқсат алу үшін уәкілетті органға бара алады. Бүл ретте осы Ереженің 8, 9-қосымшалардың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
Шетелдік қызметкермен еңбек шарты бұзылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде және (немесе) рұқсат берілген адам жұмыс орнына келмеген жағдайда, жұмыс беруші шетелдік қызметкер туралы мәліметтерді: тегін, атын, әкесінің атын, туған күнін, азаматтығын, рұқсаттың нөмірі мен берілген күнін, еңбек шарты бұзылған жағдайда - бұйрықтың нөмірі мен күнін көрсете отырып, уәкілетті органды жазбаша хабардар етеді.
Уәкілетті орган жұмыс берушінің хабарламасын алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарын рұқсат берілген адамның жұмыс орнына келмегені немесе шетелдік қызметкермен еңбек шартының бұзылғаны туралы хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 35-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
35. Рұқсат мынадай:
1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық ұсынылмаған және (немесе) тиісінше ресімделмеген;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдарға берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттар (олар болған жағдайда) орындалмаған;
3) бөлінген квотадан асып кеткен;
4) тартылатын шетелдік қызметкер талап етілетін санат пен біліктілікке сай келмеген;
5) егер тартылатын шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау нәтижелері осы Ереженің 16-тармағында белгіленген төменгі мәннен төмен болған;
6) ішкі еңбек рыногында тиісті ұсыныстар болған;
7) жұмыс беруші өзге шетелдік қызметкерлерді рұқсатсыз тартқан жағдайларда берілмейді. Мұндай жағдайда осындай факті анықталған күннен бастап бір жұмыс жылы ішінде рұқсат берілмейді.
36. Жұмыс беруші уәкілетті органның шешімімен келіспеген кезде, қабылданған шешімге заңнамаға сәйкес шағымдана алады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
37 Рұқсаттың мерзімін ұзартуды уәкілетті орган жұмыс берушінің өтініші бойынша тиісті облыс, Астана және Алматы қалалары үшін бөлінген квота шегінде жүзеге асырады.
Бірінші және екінші санаттар үшін рұқсат мерзімін ұзарту екі реттен артық жүзеге асырылмайды. Үшінші және төртінші санаттар үшін рұқсаттың мерзімін ұзарту жүзеге асырылмайды.
Рұқсат мерзімін ұзарту немесе бұған дейін рұқсат берілген, ол бойынша ерекше шарттың орындалу мерзімі басталмаған лауазымға (кәсіпке) жаңа рұқсат алу жұмыс берушіге қосымша ерекше шарттар жүктелмей жүргізіледі. Қалған жағдайларда ерекше шарттарды жүктеу осы Ереженің 20-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы өтініш берген, сондай-ақ «Нұрлы көш» бағдарламасына қатысушы Қазақстанның бұрынғы азаматтарына бірінші, екінші немесе үшінші санат бойынша берілген рұқсаттардың мерзімін ұзарту Қазақстан Республикасының азаматтығын алу сәтіне дейінгі қалған мерзімге жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл ретте жұмыс берушіге ерекше шарттар жүктелмейді.
38. Рұқсаттың мерзімін ұзарту үшін жұмыс беруші рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін кемінде жиырма жұмыс күні бұрын уәкілетті органға мынадай құжаттарды жібереді:
1) өтініш;
2) рұқсаттың түпнұсқасы;
3) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;
4) рұқсаттың мерзімін ұзарту негіздемесі.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 39-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
39. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттардың негізінде құжаттар берілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде рұқсаттың мерзімін ұзарту немесе ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылдайды және бас тартқан жағдайда себебін көрсете отырып жұмыс берушіні қабылданған шешім туралы бес жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
40. Рұқсаттың мерзімін ұзарту:
1) осы Ережеде көзделген құжаттар толық берілмеген және (немесе); тиісінше ресімделмеген;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттары (олар болған жағдайда) орындалмаған;
3) ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 41-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
41. Жұмыс берушінің ұсынудың белгіленген мерзімі аяқталғаннан кейін рұқсатты ұзарту үшін ұсынған құжаттарын уәкілетті орган қарауға қабылдамайды.
42. Уәкілетті орган жұмыс берушіні себебін көрсете отырып, жазбаша хабардар етіп, рұқсаттың қолданылуын үш айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға немесе рұқсатты қайтарып алуға құқылы.
43. Рұқсатты тоқтата тұру шетелдік жұмыс күшінің рұқсаттың қолдану мерзімі аяқталғанға дейін тұрғылықты тұратын жеріне кетуіне кепілдік беретін құжаттарды (банк пен жұмыс берушінің арасындағы шарттық көшірмесі мен жұмыс берушінің банктегі шотына кепілді жарнасын енгізуді растайтын құжат) уәкілетті органға осы Ереженің 27-тармағында белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда жүргізіледі.
44. Тоқтатылған рұқсаттың қолданылуы уәкілетті органның шешімі бойынша анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін қалпына келтіріледі, бұл туралы жұмыс берушіге қалпына келтіру туралы шешім қабылданған күннен бастап он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабарланады.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 45-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
45. Рұқсатты осы Ереженің 46-тармағының 1)-3) тармақшаларында көзделген негіздеме бойынша қайтарып алған жағдайда, уәкілетті орган бұл туралы жұмыс берушіні тиісті негіздемені көрсете отырып, кемінде бір ай бұрын жазбаша хабардар етеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 46-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)
46. Уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуды:
1) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;
2) жұмыс беруші осы Ережеде көзделген рұқсат берудің ерекше шарттарын орындамаған;
3) шетелдік қызметкерді рұқсатта көрсетілген лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) сәйкес келмейтін лауазымға (кәсіп немесе мамандыққа) тартқан жағдайда;
4) жұмыс берушінің бастамасы бойынша жүргізеді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
47. Жұмыс беруші рұқсатты қайтарып алу туралы хабарлама алғаннан кейін уәкілетті органның шешіміне сәйкес оның қолданылуы тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде рұқсатты уәкілетті органға тапсырады.
4. Қорытынды ережелер
48. Уәкілетті орган шетелдік жұмыс күшін тарту, жұмыс берушінің орталық атқарушы орган белгілеген нысан бойынша рұқсаттың ерекше шарттарын орындауы жөніндегі есепті орталық атқарушы органға ай сайын ұсынады.
Ережеге
1-қосымша
__________________________________________________________________
(рұқсат беретін органның толық атауы)
Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
РҰҚСАТ
№____ | 20__жылғы «__»______ |
Жұмыс беруші______________________________________________________
(заңды тұлға үшін: атауы, мекенжайы,
__________________________________________________________________
тіркеу нөмірі, тіркелген күні;
__________________________________________________________________
жеке тұлға үшін: Т.А.Ә, төлқұжат мәліметтері, үйінің мекенжайы)
__________________________________________________________________
Рұқсаттың қолданылатын
аумағы____________________________________________________________
__________________________________________________________________
Шетелдік
қызметкер_________________________________________________________
(Т.А.Ә., санаты, лауазымы/кәсібі)
__________________________________________________________________
(төлқұжат /жеке куәлік №, берілген күні және берген мекеме)
Жұмыс әдісі (тұрақты, вахталық)___________________________________
Рұқсат берудің негіздемесі________________________________________
Рұқсаттың қолданылу мерзімі___________бастап__________________дейін
(күні, айы, жылы) (күні, айы, жылы)
М.О. | қолы____________________________ (тегі, аты-жөні) |
Ережеге 2-қосымша
Іссапарға жіберілгендердің тізімі
Р/с № | Т.А.Ә. | Туған күні | Шыққан елі және азаматтығы (казақстандық азаматтар үшін баратын елі) | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және қолдану мерзімі | Білімі | Ұйымдағы лауазымы (орындап жүрген жұмысы) | Келу және кету күндерін көрсетіп, елде болу мерзімі (180 күнтізбелік күнге дейін) | Іссапардың мақсаты |
| | | | | | | | |
| | | | | | | | | | |
КУӘЛАНДЫРЫЛҒАН: Жергілікті атқарушы орган_________________________________________ (лауазымы, қолы, тегі, аты-жөні) М.О 20__жылғы «___»______________ | Жұмыс беруші___________________________________ (қолы, тегі, лауазымы) М.О |
Ережеге 3-қосымша
Жұмысқа тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер
Р/с № | Т.А.Ә. | Жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, берілген күні және қолдану мерзімі | Білімі | Мамандығы немесе кәсібі бойынша жұмыс стажы | Еңбек шартының немесе өкілдікті, филиалды басқаруға шетелдік заңды тұлғаның берген сенімхатының мерзімі |
| | | | | |
Басшы________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
Ережеге 4-қосымша
Жұмыс берушінің алдағы жылға шетелдік жұмыс күшін тартуының
Негіздемесі
Р/с № | Ұйым (толық атауы, заңды мекен-жайы) | Қызмет түрі | Ағымдағы жылы тартылатын шетелдік жұмыс күшінің саны (бірлік) | ___ жылы шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігі | Жобалар, келісім-шарттар, жоспарлар болған кезде оларды көрсете отырып, қажеттілік негіздемесі |
Барлығы: | Санаттар, лауазымдар, кәсібтер бөлінісінде |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
| | | | | | |
Басшы_______________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, лауазымы)
М.О.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 5-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге 5-қосымша
Шетелдік қызметкердің біліктілік сипаттамасын бағалау
нәтижесі бойынша
АНЫҚТАМА
1) білімі:__балл;
2) кәсібі (мамандығы) бойынша жұмыс стажы:__балл;
3) жергілікті атқарушы органдар ұсынысының негізінде жыл сайын орталық атқарушы орган белгілейтін тізімге сәйкес ішкі еңбек рыногында анағұрлым сұранысқа ие кәсіптердің тізбесіне енген мамандық (кәсіп):___балл.
Басшы__________________________________________________
(қолы, тегі, лауазымы)
200__жылғы «___»_____________»
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 6-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге 6-қосымша
Рұқсат берудің ерекше шарттары бойынша жұмыс берушімен келісу
Р/с № | Ерекше шарттар | Кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға немесе біліктілігін арттыруға тиісті қазақстандық азаматтардың саны. Жергілікті кадрлармен алмастырылуға тиісті шетелдік жұмыс күшінің саны. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру немесе алмастыру жүзеге асырылатын мамандықтардың, біліктіліктердің (кәсіптердің, лауазымдардың) атаулары. Қазақстандық азаматтар үшін құрылған жаңа жұмыс орындарының саны. | Ерекше шарттарды орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 |
| | | |
| | | |
Келісілген: | |
________________________________ (уәкілетті органның атауы) ________________________________ (қолы, тегі, лауазымы) 200__жылғы «___»_____________ М.О | ________________________ (жұмыс берушінің атауы) ________________________ (қолы, тегі, лауазымы) 200__жылғы «___»___________ М.О. |
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 7-қосымша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
Ережеге
7-қосымша
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
Басқармасына
_____________________________________________________________________________________________________
(облыс атауы, Астана, Алматы қалалары)
кімнен _______________________________________________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
___________________________________________________________облысында(Астана немесе Алматы қалаларында)
_____________________________________________________________________________________________________
(лауазымы мен мамандығын көрсете отырып, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты, саны)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын
_____________________________________________________________________________________________________
(керегі сызып көрсетілсін)
Негіздеме: ____________________________________________________________________________________________
(шетелдік жұмыс күшін бірнеше облыста және (немесе) Астана мен
_____________________________________________________________________________________________________
(немесе) Алматы қалаларында пайдалану қажеттігі)
_____________________________________________________________________________________________________
Жұмыс беруші туралы мәліметтер
Меншік нысаны _______________________________________________________________________________________
Құрылған күні ________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелу туралы куәлік
______________________________________________________________________________________________________
(№, кім және қашан берген)
СТН / БИН / ЖИН ______________________________________________________________________________________
(керегі сызып көрсетілсін)
Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________
Мекен-жай, телефон, факс _______________________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар _________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
Егер шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасындағы кызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік
заңды тұлғаның қызметкері болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші туралы келесі деректер толтырылады:
______________________________________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің толық атауы)
______________________________________________________________________________________________________
Резиденттік еліндегі тіркеу туралы деректер
______________________________________________________________________________________________________
(№, мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
______________________________________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі
______________________________________________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі мекен-жай, телефон_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
«Қолданыстағы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және квота белгілеу ережесімен таныстым».
Басшы ________________________________________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, дауазымы)
М.О.
20_жылғы «__» _________
Өтініш қарауға қабылданды 20_жылғы «__»________________
____________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)
ҚР Үкіметінің 2009.19.02 № 189 Қаулысымен (бұр. ред. қара); 2009.30.09 № 1486 қаулысымен (бұр.ред.қара) 8-қосымша өзгертілді
Ережеге
8-қосымша
Бірінші және екінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін:
1) орталық атқарушы орган бекіткен Басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына сәйкес лауазымға қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін күнтізбелік он бес күн бұрын және екі айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;
3) ішкі еңбек рыногында ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс берушінің бос орынға қазақстандық азаматтарды алудан бас тартуының негіздемесі;
4) осы Ереженің 34-тармағында көзделген жағдайда шетелдік қызметкерді тарту кезінде рұқсаттың түпнұсқасы;
5) тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмірі, берілген күні және берген орган, тұрақты тұратын елі, шыққан елі, білімі, орталық атқарушы орган бекітетін Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларына және 01-99 «Кәсіптер сыныптауышы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышына сәйкес мамандығының, біліктілігінің (лауазымының) атаулары көрсетіле отырып, тартылатын шетелдік қызметкерлер туралы мәліметтер;
6) тартылатын шетелдік қызметкерлердің біліктілігін растайтын құжаттар немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар:
білімі туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттік немесе орыс тілінде толтырылса, көшірмелері);
оның бұрын істеген жұмыс берушісінің ресми бланкісінде жазылған қызметкердің еңбек қызметі туралы жазбаша растауы қоса берілген қызметкердің еңбек қызметі туралы ақпарат (тиісті кәсіп бойынша жұмыс стажы жөнінде біліктілік талаптары болған кезде);
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 7) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара) (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
7) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезінде шетелдік маманның кәсіптік деңгейінің сәйкестігі туралы Қазақстан Республикасының білім беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының қорытындысы туралы құжаттар;
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 8) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
8) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ережеге 20-1-тармағына сәйкес тартылса);
ҚР Үкіметінің 2008 ж. 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысымен 9) тармақшамен толықтырылды (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді)
9) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса).
Мыналар:
1) жарғылық капиталындағы шетелдік заңды және (немесе) жеке тұлғалардың қатысуы кемінде 50%-ды құрайтын Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының бірінші басшылары ретінде;
акцияларының кемінде 50%-ы мемлекетке немесе шетелдік заңды немесе жеке тұлғаларға тиесілі Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдарының директорлары кеңесінің мүшелері ретінде шетелдік қызметкерді тартқан кезде осы қосымшаның 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген;
2) жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері ретінде;
«Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасы шеңберіндегі жобаларды іске асыруға қатысатын ұйымдарға шетелдік қызметкерлерді тартқан кезде осы қосымшаның 1) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.
ҚР Үкіметінің 2009.30.09 № 1486 қаулысымен 9-қосымша өзгертілді (бұр.ред.қара)
Ережеге
9-қосымша
Үшінші санат бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін ұсынылатын құжаттар:
1) орталық атқарушы орган бекіткен Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, Жұмысшылар кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасына сәйкес кәсіпке қойылатын біліктілік талаптарын көрсете отырып, уәкілетті органға өтініш бергенге дейін кемінде күнтізбелік он бес күн бұрын және екі айдан аспайтын мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланған бос орындар туралы хабарландырулар бар республикалық және жергілікті мерзімді басылымдардың түпнұсқасы;
Қазақстандық азаматтардың мәліметтерді жіберуі үшін хабарландыруларда жұмыс беруші мен уәкілетті органның атауы, орналасқан жері мен байланыс телефондары қосымша көрсетіледі.
Үшінші санат бойынша (білікті жұмысшылар) бос жұмыс орындарына үміткер қазақстандық азаматтар уәкілетті орган атына мәлімет жібереді;
2) өткен және ағымдағы күнтізбелік жылдар үшін берілген рұқсаттардың орындалу мерзімі келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат;