Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1315 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 11 тамыздағы № 502 Қаулысымен күші жойылды
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексінің (Салық кодексі) 202-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 23, 288-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға квота белгілеу ережесі, жұмыс берушілерге рұқсат берудің шарттары мен тәртібінде:
20-тармақта:
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) шетелдік жұмыс күші тартылатын мамандықтар бойынша немесе еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарын кәсіптік даярлауды немесе қайта даярлауды (егер шетелдік жұмыс күші осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса);»;
төртінші абзацта «1)» деген саннан кейін «1-1),» деген сандармен толықтырылсын;
бесінші абзацта «тармағының» деген сөзден кейін «1-1),» деген сандармен толықтырылсын;
алтыншы абзацта «2) тармақшасында» деген сөз «1-1) және 2) тармақшаларында» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Егер Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарт бойынша өзінің қызметкерлерін Қазақстан Республикасына жіберсе, оның рұқсат алуына байланысты құжаттарды ресімдеу Қазақстан Республикасында соның пайдасына жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін заңды тұлғаға (оның ішінде Қазақстан Республикасында қызметін филиал, өкілдік арқылы жүзеге асыратын шетелдік заңды тұлғаға) жүктеледі.»;
Ережеге 7-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
Ережеге 8-қосымшадағы 7) тармақшада «құжаттар» деген сөзден кейін «;» қойылып, мынадай мазмұндағы 8) және 9) тармақшалармен толықтырылсын:
«8) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ережеге 20-1-тармағына сәйкес тартылса);
9) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса).»;
Ережеге 9-қосымшадағы 6) тармақшадан кейін мынадай мазмұндағы 7) және 8) тармақшамен толықтырылсын:
«7) шетелдік жұмыс беруші мен тартылатын шетелдік қызметкер арасында жасалған, шетелдік қызметкердің табыс сомасы көрсетіле отырып, еңбек шартының (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса);
8) жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келісім-шарттың (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшірмесі (егер шетелдік қызметкер осы ереженің 20-1-тармағына сәйкес тартылса).».
2. Осы қаулы 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1315 қаулысына
қосымша
Ережеге 7-қосымша
Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар
Басқармасына
__________________________________________________________________
(облыс атауы, Астана, Алматы қалалары)
кімнен ___________________________________________________________
(заңды немесе жеке тұлғаның толық атауы)
ӨТІНІШ
___________________________________________________________облысында(Астана немесе Алматы қалаларында)
_____________________________________________________________________________________________________
(лауазымы мен мамандығын көрсете отырып, тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаты, саны)
шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беруді/ұзартуды сұраймын
_____________________________________________________________________________________________________
(керегі сызып көрсетілсін)
Негіздеме: ____________________________________________________________________________________________
(шетелдік жұмыс күшін бірнеше облыста және (немесе) Астана мен
_____________________________________________________________________________________________________
(немесе) Алматы қалаларында пайдалану қажеттігі)
_____________________________________________________________________________________________________
Жұмыс беруші туралы мәліметтер
Меншік нысаны _______________________________________________________________________________________
Құрылған күні ________________________________________________________________________________________
Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелу туралы куәлік
______________________________________________________________________________________________________
(№, кім және қашан берген)
СТН / БИН / ЖИН ______________________________________________________________________________________
(керегі сызып көрсетілсін)
Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________
Мекен-жай, телефон, факс _______________________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттар _________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
Егер шетелдік қызметкер Қазақстан Республикасындағы кызметін филиал, өкілдік құрмай жүзеге асыратын шетелдік
заңды тұлғаның қызметкері болып табылған жағдайда, онда шетелдік заңды тұлға-жұмыс беруші туралы келесі деректер толтырылады:
______________________________________________________________________________________________________
(шетелдік заңды тұлға-жұмыс берушінің толық атауы)
______________________________________________________________________________________________________
Резиденттік еліндегі тіркеу туралы деректер
______________________________________________________________________________________________________
(№, мемлекеттік тіркеу күні және тіркеу органының атауы)
______________________________________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі салықтық тіркеу нөмірі немесе оның аналогі
______________________________________________________________________________________________________
Жүзеге асырылатын қызмет түрі __________________________________________________________________________
Резиденттік елдегі мекен-жай, телефон_____________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________________________
«Қолданыстағы Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тарту және квота белгілеу ережесімен таныстым».
Басшы ________________________________________________________________________________________________
(қолы, тегі, аты-жөні, дауазымы)
М.О.
20_жылғы «__» _________
Өтініш қарауға қабылданды 20_жылғы «__»________________
____________________________________________________________
(жауапты тұлғаның тегі, аты-жөні, қолы)