«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2009 жылғы 6 тамыздағы № 113-ө Өкімі
1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі (бұдан әрі - тізбе) бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдар:
1) тізбеге сәйкес нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлесін және заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізсін;
2) тиісті ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді қабылдасын және қабылданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкіметін хабардар етсін.
Премьер-Министр | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
2009 жылғы 6 тамыздағы
№ 113-ө өкімімен
бекітілген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 17 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қабылдануы қажет нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
Р/с № | Нормативтік құқықтық актінің атауы | Актінің нысаны | Орындауға жауапты мемлекеттік орган | Орындау мерзімі |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1. | Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектілерінен сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) номенклатурасын және олардың көлемдерін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ (жинақтау), Қаржымині | 2009 жылғы тамыз |
2. | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі мемлекеттік уәкілетті органның сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылауды, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және лицензиялауды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҚТКШІА | 2009 жылғы тамыз |
3. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҚТКШІА | 2009 жылғы тамыз |
4. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 31 мамырдағы № 477 және 2006 жылғы 2 маусымдағы № 496 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЭБЖМ | 2009 жылғы тамыз |
5. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 4 сәуірдегі № 327 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Қаржымині | 2009 жылғы тамыз |
6. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 17 тамыздағы № 778 қаулысына толықтыру енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | Әділетмині | 2009 жылғы тамыз |
7. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі № 851 қаулысының күші жойылды деп тану туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ЕХӘҚМ | 2009 жылғы тамыз |
8. | Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 мамырдағы № 425 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы | Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы | ҚТКШІА | 2009 жылғы тамыз |
9. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 1 қыркүйектегі № 333 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қаржыминінің бұйрығы | Қаржымині | 2009 жылғы тамыз |
10. | Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 645 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы | Қаржыминінің бұйрығы | Қаржымині | 2009 жылғы тамыз |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЭБЖМ - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі
Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
Әділетмині - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
ҚТКШІА - Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық істері агенттігі