4. Құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласында статистикалық қызметті өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган сот террористік деп таныған ұйымдардың, оның ішінде шетелдік және халықаралық ұйымдардың бірыңғай тізімін жүргізеді. Көрсетілген тізім Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ресми мерзімді басылымдарда жариялануға жатады.»;
22) 7-тараудың тақырыбындағы «терроризмге қарсы тікелей күресті» деген сөздер «терроризмге қарсы іс-қимылды» деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 22-баптың тақырыбындағы және мәтініндегі «терроризмге қарсы тікелей күресті» деген сөздер «терроризмге қарсы іс-қимылды» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 8-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«8-тарау. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру заңдылығын бақылау мен қадағалау»;
25) 23 және 24-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«23-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылау
Қазақстан Республикасында терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын бақылауды терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
24-бап. Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметтің заңдылығын жоғары дәрежеде қадағалау
Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде заңдардың дәл және бірізді қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар жүзеге асырады.».
14. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95-құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 1-2, 2-құжат):
1) 27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 26) тармақшамен толықтырылсын:
«26) терроризм профилактикасына, сондай-ақ облыс, республикалық маңызы бар қала, астана аумағындағы терроризм зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады.»;
2) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 23) тармақшамен толықтырылсын:
«23) терроризм профилактикасына, сондай-ақ аудан, облыстық маңызы бар қала аумағындағы терроризм зардаптарын барынша азайтуға және (немесе) жоюға қатысады.».
15. «Төтенше жағдай туралы» 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат):
4-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы «террористік актілер» деген сөздер «терроризм актілері» деген сөздермен ауыстырылсын.
16. «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2005 ж., № 1-2, 1-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат):
1-баптың 5) тармақшасындағы, 31-баптың 1-тармағындағы «диверсиялық немесе террорлық актілерден» деген сөздер «диверсиялық актілерден немесе терроризм актілерінен» деген сөздермен ауыстырылсын.
17. «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2009 ж., № 19, 87-құжат):
12-баптың 4-тармағында:
2) тармақша «тану туралы» деген сөздерден кейін «, соның ішінде оның өз атауын өзгерткенін анықтау туралы» деген сөздермен толықтырылсын;
5) тармақшадағы «күрес» деген сөз «іс-қимыл» деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2010 жылғы сәуірдің 8-і.
№ 266-IV