155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау»;
мынадай мазмұндағы бір жүз тоқсан алтыншы, бір жүз тоқсан жетінші, бір жүз тоқсан сегізінші және бір жүз тоқсан тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:
«155-1 бап. Концессиялық ұсыныстарды әзірлеу және іріктеу
155-2-бап. Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
155-3-бап. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
155-4-бап. Бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды бюджет жобасына енгізу негіздері»;
230-баптың тақырыбы «беру» деген сөзден кейін «немесе лимит көлемін ұлғайту» деген сөздермен толықтырылсын.
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-I, № 22-II, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжаттар; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 жылғы 6 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне балық шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
13-баптың 1-тармағының 4) тармақшасындағы және 20-баптың 1-тармағының 7) және 21) тармақшаларындағы «уәкілетті орган бекіткен» деген сөздер «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітілген» деген сөздермен ауыстырылсын.
3. «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., № 2-3, 25-құжат; 2001 ж., № 20, 258-құжат; 2002 ж., № 5, 50-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; № 13, 74-құжат; 2005 ж., № 17-18, 73-құжат; 2006 ж., № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 12, 86-құжат; № 13, 100-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 13-14, 55-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; №18, 84-құжат; № 22, 94-құжат):
3-баптың 3-тармағында:
1-3) тармақшада:
«мемлекеттік қызмет көрсету» деген сөздер «мемлекеттік қызметтер көрсету» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мемлекеттік қызмет көрсетуге» деген сөздер «көрсетілетін мемлекеттік қызметке» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-4) және 1-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«1-4) мемлекеттік қызмет көрсету регламенті − мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызмет көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді;
1-5) мемлекеттік қызметтер көрсету тiзiлiмi - көрсетілген мемлекеттік қызметтердi алушыларды, олардың көрсетiлуiн қамтамасыз ететiн мемлекеттік органдарды және ұйымдарды көрсете отырып, республикалық және жергiлiктi деңгейде көрсетiлетiн мемлекеттік қызметтердiң үнемi жаңартылып отыратын тiзбесiн және басқа да сипаттамаларды қамтитын нормативтiк құқықтық акт;».
4. «Әкімшілік рәсімдер туралы» 2000 жылғы 27 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 20, 379-құжат; 2004 ж., № 5, 29-құжат; 2007 ж., № 12, 86-құжат; № 19, 147-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 15-16, 74-құжат; № 18, 84-құжат):
1) 1-бапта:
2-2 және 2-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«2-2. Мемлекеттік қызмет көрсету - мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдардың жекелеген функцияларын іске асыру нысандарының бірі болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, жеке және заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған, жеке сипаттағы әрі жеке және (немесе) заңды тұлғалардың (мемлекеттік органдарды қоспағанда) өтініші бойынша жүзеге асырылатын қызметі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мемлекеттік қызметтер көрсетудің стандарттары мен регламенттері шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ақылы немесе тегін негізде көрсетіледі.
2-3. Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты - мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының, мазмұны мен нәтижелерінің сипаттамасын қамтитын мемлекеттік қызметтер көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық акт.»;
мынадай мазмұндағы 2-6-тармақпен толықтырылсын:
«2-6. Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті - мемлекеттік қызмет стандартының сақталуына қойылатын талаптарды белгілейтін және мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының, мемлекеттік қызметтер көрсететін лауазымды адамдардың, сондай-ақ өзге де жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік қызмет көрсетуінің тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламенті мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және өзге де жеке және заңды тұлғалардың іс-қимылының (өзара іс-қимылының) сипаттамасын да белгілейді.»;
2) 2-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін стратегиялық, бюджеттік және экономикалық жоспарлау түрлеріне қолданылмайды.»;
3) 9, 9-1 және 15-1-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау
1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.
Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын осы органның жұмыс жоспарының негізінде жасайды.
9-1-бап. Регламент және стандарт
1. Мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды.
2. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасына бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттар әзірлейді.
3. Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік орган әзірлейтін мемлекеттік қызмет көрсету стандартын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін үлгілік стандарт негізінде әзірленеді.
Орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының және мемлекеттік қызмет көрсететін өзге де жеке және заңды тұлғалардың қызметін ұйымдастыру үшін мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтер көрсету регламенттерін әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне бірнеше мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары және өзге де жеке және заңды тұлғалар қатысқан кезде мемлекеттік қызмет көрсету регламентін мемлекеттік органдар бірлесіп әзірлейді және бекітеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін әзірлеу жөніндегі әдіснамалық көмекті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
«15-1-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету
1. Мемлекеттік органдар, олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары, өзге де жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік қызметтер көрсету субъектiлерi болып табылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі қызмет мемлекеттік қызмет көрсету стандартының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін бекітеді.
4. Мемлекеттік қызметтер көрсету субъектілері оны көрсету үшін мемлекеттік органдардан, өзге де мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардан қосымша ақпарат алу қажет болатын қызметті ұсыну кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбеген болса, жеке және заңды тұлғалардан оны талап етпей қажетті ақпарат алмасуды қамтамасыз етуге тиіс.
5. Мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін жүргізуді және мемлекеттік қызмет көрсетудің үлгілік стандартын жетілдіруді мемлекеттік қызметтер көрсету тізілімін қалыптастыру мен жүргізу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына мониторинг жүргізу және оны бағалау үшін ақпарат жинауды ұйымдыстыруды мемлекеттік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеуді қамтамасыз ететін орталық мемлекеттік органдар жүзеге асырады.».
5. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат; № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж., № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13, 86, 87-құжаттар; № 15, 92, 95 -құжаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12, 88-құжат; № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 жылғы 2 ақпанда «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеуді оңайлату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 6-баптың 1-тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«9) жергілікті бюджеттің, аумақты дамыту бағдарламаларының атқарылуына бақылау жасау;».
2) 16-баптың 1-тармағының екінші бөлігі «санын» деген сөздің алдынан «мемлекеттік қызметшілер» деген сөздермен толықтырылсын;
3) 27-баптың 1-тармағының 1) тармақшасында:
«дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын» деген сөздер «дамыту бағдарламасын» деген сөздермен ауыстырылсын;
«мен бюджеттік параметрлердің» деген сөздер алып тасталсын;
«олардың» деген сөз «оның» деген сөзбен ауыстырылсын;
4) 31-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 1-8) тармақшамен толықтырылсын:
«1-8) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеп, мақұлдайды және ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламасын мәслихаттың бекітуiне ұсынады, оның орындалуын қамтамасыз етедi;».
6. «Қазақстанның Даму Банкі туралы» 2001 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 9, 85-құжат; 2003 ж., № 11, 56-құжат; № 12, 83-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 15, 85-құжат; № 23, 140, 142-құжаттар; 2005 ж., № 11, 37-құжат; № 23, 105-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 16, 99-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат):
11-баптың 2-тармағындағы «экономикалық» деген сөз «мемлекеттік» деген сөзбен ауыстырылсын.
7. «Жеке кәсіпкерлік туралы» 2006 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2006 ж., № 3, 21-құжат; № 16, 99-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 3, 20-құжат; № 17, 136-құжат; 2008 ж., № 13-14, 57, 58-құжаттар; № 15-16, 60-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 128, 129-құжаттар; 2009 ж., № 2-3, 18, 21-құжаттар; № 9-10, 47, 48-құжаттар; № 11-12, 54-құжат; № 15-16, 74, 77-құжаттар; № 17, 82-құжат; № 18, 84, 86-құжаттар; № 19, 88-құжат; № 23, 97-құжат; № 24, 125, 134-құжаттар):
1) 14-бап мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету тәртібін айқындайды;»;
2) 17-бап мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) жергілікті деңгейде жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз етеді;»;
3) 18-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
«жеке кәсіпкерлікті қаржылық қолдау.»;
мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
«2-1. Жеке кәсіпкерлік субъектілерін қаржылық қолдау:
1) тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) кепілдік берілген көлемін сатып алу;
2) екінші деңгейдегі банктер арқылы кредит беруді ұйымдастыру;
3) экономика салаларында әлеуметтік маңызы бар жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру;
4) арнайы инвестициялық бағдарламаларды іске асыру;
5) бюджет қаражаты есебінен қарыздар беру;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.
2-2. Мемлекеттік қаржылық қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің қызметі жүзеге асырылатын экономика саласын (салаларын) қаржылық қолдау тәртібін, нысанын, мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін тартылатын заңды тұлғаны (тұлғаларды), қаржылық қолдау мөлшері мен мемлекеттік қаржылық қолдау көрсету үшін қажетті басқа да талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
7-тармақтың бірінші бөлігіндегі «қаржылық қолдауды мемлекет тарапынан» деген сөздер «мемлекет тарапынан қаржылық қолдауды, оның ішінде» деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 19-баптың 3-тармағының 5) тармақшасындағы «қарыздар беру жолымен жүзеге асырылады.» деген сөздер «қарыздар беру;» деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6), 7) және 8) тармақшалармен толықтырылсын:
«6) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қаржы институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау;
7) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру;
8) лизинг жолымен жүзеге асырылады.».
8. «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат):
1) бүкіл мәтін бойынша
«экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға», «Экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган», «экономикалық жоспарлау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен» деген сөздер тиісінше «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға», «Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган», «мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен» деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 1-бапта:
8-1) тармақшадағы «8-1)» деген цифрлар «8-2)» деген цифрлармен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 8-1), 8-3), 8-4) және 8-5) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу - конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзірлеуді, конкурсқа қатысушымен комиссияның келіссөздер жүргізу процесінде консультациялық қызметтер көрсетуді қамтитын тәуелсіз сарапшылар көрсететін қызметтер;»;
«8-3) концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі - маркетингтік, техникалық-технологиялық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық зерттеулердің нәтижелерін, сондай-ақ концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы мен мүмкіндігін негіздейтін институционалдық шешімдерді, қаржылық шешімдерді, тәуекелдерді бағалау және оларды концессиялық жобаға қатысушылар арасында бөлу, қажет болған жағдайда мемлекеттік қолдау түрлері мен мөлшерін айқындау жөніндегі, сондай-ақ жобаны іске асыру кезінде оның мемлекеттік бюджетке және тұтастай экономиканың және оның саласының дамуына әлеуметтік-экономикалық нәтижеге ықпал етуі жөніндегі шешімдерді қамтитын жоба алдындағы құжат;
8-4) концессиялық ұсыныс - концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін одан әрі дайындау мақсатында мемлекеттік орган әзірлейтін тиісті іс-шаралардың жиынтығын қоса алғанда, концессиялық жобаның мақсатын, оған қол жеткізу жолдарын көрсететін тұжырымдамасы;
8-5) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган - стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;»;
11) тармақша алып тасталсын;
3) 7-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар концессия шарты бойынша қызметін жүзеге асыру барысында концессионер өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тұтынушылары бола алады.»;
4) 8-бапта:
4) тармақшадағы «(бұдан әрі - ұсыныс)» деген сөздер алып тасталсын;
8) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
5) 9-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«9-бап. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның өкілеттіктері
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:
1) мыналарды:
концессиялық ұсыныстардың экономикалық сараптамасын;
концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемесінің (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) экономикалық сараптамасын;
конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
концессия шарттары жобаларының, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;
концессиялық жобалардың, оның ішінде бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен іске асырылуына бағалауды жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;
2) техникалық-экономикалық негіздеменің экономикалық сараптамасының нәтижелерін ескере отырып, тізбені қалыптастырады және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді;
3) конкурстық құжаттаманы және концессия шарттарын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;
4) концессиялық міндеттемелерді қабылдаудың қаржылық шектері мен басымдықтарын белгілейді;
5) концессия объектісінің құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекітеді;
6) техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды айқындайды;
7) концессиялық ұсыныстарды, конкурстық құжаттаманы, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді және концессия шарттарының жобаларын сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;
8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
6) 10-бапта:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты конкурстық құжаттаманы және концессия шартының жобасын, оның ішінде оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде келіседі;»;
6) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
7) 11-бапта:
1) тармақша «табыс ететін» деген сөздерден кейін «концессиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) осы Заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
8) 12-бапта:
1) тармақша «объектілер бойынша» деген сөздерден кейін «концессиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«8) қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес қаржыландыру жүзеге асырылатын концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу үшін тәуелсіз сарапшыларды тартады.»;
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9) осы заңда, өзге де заңдарда, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
9) 13-бапта:
1) тармақша «объектілер бойынша» деген сөздерден кейін «концессиялық» деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
«10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіне орай Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.»;
10) 14-бапта:
1-тармақ «Концессионерлердің» деген сөздің алдынан «1.» деген цифрмен толықтырылып, 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың берiлуi;»;
2-1-тармақтағы «2), 3), 5), 6) және 7) тармақшаларына» деген сөздер «5) тармақшасына» деген сөздермен ауыстырылсын;
11) 15-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«концессиялық ұсыныстарды іріктеу;»;
12) 15-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-1-бап. Концессиялық ұсыныстарды дайындау
1. Концессиялық ұсыныстарды тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзірлеу сатысында жеке немесе заңды тұлғалардың жеке бастамасы тәртібімен енгiзген ұсыныстарын ескере отырып қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға ұсынады.
2. Концессиялық ұсыныстар:
1) саланың одан әрі дамуына ықпал ететін ағымдағы жай-күйінің проблемаларын;
2) концессиялық жоба мақсаттарының салада орын алған проблемаларды шешуге сәйкестігін;
3) концессионердің және концессионер ұсынатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) тұтынушылардың мүдделері теңдестірілімдігін қамтамасыз ету принципін негізге ала отырып, концессиялық жобаны іске асырудың балама нұсқаларын;
4) концессиялық жобаны іске асырған және мұндай іске асыру болмаған жағдайда саладағы ахуалды;
5) концессиялық жобаны іске асырудан түскен пайданы бөлуді;
6) концессиялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас саласына (аясына) болжамды мультипликативті әсерін бағалауды қамтитын салалық сараптамаға жатады.
3. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы республикалық меншікке жататын және осы Заңның 16-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген концессия объектілері бойынша концессиялық ұсыныстарды республикалық меншікке билік ету құқығын жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісуге тиіс.
4. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органдары және жергілікті атқарушы органдар концессиялық ұсыныстардың негізділігі үшін Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
5. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган концессиялық ұсыныстарға экономикалық сараптама жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады және оның қорытындысы негізінде техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыру жөніндегі ұсыныстарды тиісті бюджет комиссияларының қарауына енгізеді.
6. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді немесе түзетуді, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуді қаржыландыруға қаражат бөлу тәртібі Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.»;
13) мынадай мазмұндағы 15-2-баппен толықтырылсын:
«15-2-бап. Техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу
1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық ұсыныстардағы концессиялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
2. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуге немесе түзетуге, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізуге қойылатын талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.