2. Нәтижелерге бағалау жүргiзiлген жағдайда, осы бапта көрсетілген құжаттарға бағалау нәтижелерi қоса берiледi.
3. Осы бапта көрсетілген құжаттар ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейiн берiледi.»;
20) 67-бапта:
4-тармақтағы «қызмет көрсетулер тізіліміне сәйкес мемлекеттік» деген сөздер алып тасталсын;
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) стратегиялық жоспар жобасының, стратегиялық жоспардың немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасының құрамына енгізілген әрбір бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстар түрлері бойынша есеп-қисаптар;»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі стратегиялық жоспардың жобасында немесе стратегиялық жоспарға өзгерістер мен толықтырулар жобасында қосымша шығыстарды немесе бюджет кірістерін қысқартуды қажет ететін нормативтік құқықтық актілер әзірлеуді немесе оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынса, онда бюджеттік өтініммен бір мезгілде тиісті нормативтік құқықтық актінің жобасы енгізіледі.»;
11-тармақтағы «дамудың және бюджеттік параметрлердің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын;
21) 68-бапта:
тақырыптағы «жобалары мен» деген сөздер «жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және» деген сөздермен ауыстырылсын,
1-тармақта:
бірінші бөлікте:
«жобалары мен» деген сөздер «жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және» деген сөздермен ауыстырылсын;
«дамудың және бюджеттік параметрлердің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын;
екінші бөліктегі «жобалары мен» деген сөздер «жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобалары және» деген сөздермен ауыстырылсын,
2-тармақтың екінші бөлігі «стратегиялық жоспарлардың жобаларымен» деген сөздерден кейін «немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларымен» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтағы «стратегиялық жоспарлар мен бюджеттік өтінімдердің жобаларын» деген сөздер «стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын және бюджеттік өтінімдерді» деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 70-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша өз иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізу бойынша ақылы қызмет түрлерін көрсету және олардың тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түскен ақшаны жұмсау тәртібін тиісті саланың (аяның) орталық мемлекеттік органы әзірлейді және оны Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.»;
23) 72-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттеріне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
24) 73-баптың 4-тармағының 3) тармақшасындағы «аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына» деген сөздермен ауыстырылсын;
25) 74-баптың 1-тармағының екінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «дамуының және бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;»;
26) 75-баптың 1-тармағының үшінші бөлігінде:
1) тармақшадағы «дамуының және бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын;
2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар жобаларын;».
27) 77-баптағы және 78-баптың 5-тармағындағы «дамуының және бюджеттік параметрлерінің» деген сөздер «даму» деген сөзбен ауыстырылсын;
28) 79-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі «екі» деген сөз «бір» деген сөзбен ауыстырылсын;
2-тармақта:
екінші бөлікте:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана арасында төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бөлу;»;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;»;
2) тармақша «арналған» деген сөзден кейін «республикалық» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
үшінші бөлікте:
1) тармақша «төмен тұрған» деген сөздердің алдынан «аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
«1-1) жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы сомасын резерв түрлері бойынша бөлу;»;
2) тармақша «арналған» деген сөзден кейін «жергілікті» деген сөзбен толықтырылсын;
4) тармақша алып тасталсын;
29) 94-баптың 1-тармағы екінші бөлігінің 2) тармақшасы «активтерін сатудан түсетін түсімдерді» деген сөздерден кейін «,арыздарды» деген сөзбен толықтырылсын;
30) 96-бапта:
5-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдар мен басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын дайындау құны шарт құнына енгізілген объектілерден басқа, жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы міндетті түрде болған кезде жүргізіледі.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.»;
31) 97-бапта:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Бюджеттi атқару жөніндегі орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлiмшесi:
төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына;
тiркелген азаматтық-құқықтық мәмiлелерге;
бiрыңғай бюджеттік сыныптамаға;
толтырудың нысаны, толықтығы және дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының талаптарына төлеуге берiлетiн шоттардың сәйкестiгiн тексеруге саятын төлемдердi төлеу кезіндегі ағымдағы бақылауды жүзеге асырады.
Аванстық төлем сомасын қоспағанда, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлем жүргізу кезінде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі тауарларды жеткізу туралы шот-фактура немесе жүкқұжат (акт) немесе орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге құжат түрі көшірмелерінің бар-жоғын тексереді.
Жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы әзірлеу құны шарт құнына енгізілген, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не реконструкциялауға, үй-жайларды, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шығыстар бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі аванстық төлемнен кейінгі төлем жүргізу кезінде жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының бар-жоғын қосымша тексереді.»;
6-тармақта:
бірінші абзацта орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне осы баптың 5-тармағында көрсетілген, тіркелген азаматтық-құқықтық мәміле бойынша төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды табыс етуін қамтамасыз етеді және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оған жауапты болады.»;
32) 100-баптың 2-тармағында:
2) тармақшада:
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді;
4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында көзделген жағдайда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі төлеуге берілетін шоттарды бюджеттік кредит бойынша берешектің сомасын қайтаруға оны бөлген жоғары тұрған бюджетке ұсынғанға дейін жүзеге асырылады. Азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеу және төлемдерді жүргізу жөніндегі операцияларды тоқтата тұру жалақы төлеу және басқа да ақшалай төлемдер, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген ақшалай өтемақы, жәрдемақылар, алименттер төлеу, салық және әлеуметтiк аударымдарды, мiндеттi зейнетақы жарналарын аудару, банктiк қызмет көрсетуге ақы төлеу жүзеге асырылатын шығыстардың түрлерiн қоспағанда, тиісті жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі аппаратының қызметін қамтамасыз ететін бюджеттік бағдарлама бойынша жүзеге асырылады;»;
33) 102-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік мекеменің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуінен түсетін өз билігінде қалатын ақшаның есебінен операцияларды жүзеге асыру үшін мемлекеттік мекеме жыл сайын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) олардың түрлері бойынша өткізуден түсетін ақша түсімдері мен шығыстарының жоспарын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін Республикалық немесе жергілікті бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің оларды өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесінің сыныптауышы негізінде жасайды.»;
34) 104-баптың 4-тармағында:
2) тармақша алып тасталсын;
4) тармақшадағы «қаржыландыруға пайдаланылуы мүмкін.» деген сөздер «қаржыландыруға;» деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
«5) республикалық немесе облыстық бюджеттен бөлінген, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган олар бойынша ағымдағы қаржы жылы одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған нысаналы трансферттердің өткен қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомаларын қайтаруға пайдаланылуы мүмкін.»;
35) 105-баптың 1-тармағында:
«міндеттеріне» деген сөзден кейін «, Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаулыларында көрсетілген мақсаттарға» деген сөздермен толықтырылсын;
«пайдалануы» деген сөзден кейін «, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген қаражатты пайдалануы» деген сөздермен толықтырылсын;
36) 106-баптың 2-тармағының 5) тармақшасы «4-тармағында» деген сөзден кейін «, 20-бабының 5-тармағында» деген сөздермен толықтырылсын;
37) 107-бапта:
4-тармақ «уәкілетті органға» деген сөздерден кейін «, стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін қоспағанда, стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және» деген сөздермен толықтырылсын;
5-тармақта:
«уәкілетті орган» деген сөздерден кейін «стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және» деген сөздермен толықтырылсын;
«ішінде» деген сөзден кейін «стратегиялық жоспарға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобасын және» деген сөздермен толықтырылсын;
38) 108-баптың 4-тармағындағы «Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойғаннан» деген сөздер «Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына қол қойылғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
39) 109-баптың 5-тармағындағы «мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімге қол қойылғаннан» деген сөздер «мәслихаттың шешімін іске асыру туралы жергілікті атқарушы органның қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жергілікті атқарушы органның қаулысы қабылданғаннан» деген сөздермен ауыстырылсын;
40) 111-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Егер жүргізілген түзетуден кейін бюджетті нақтылау жүргізілсе, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды қоспағанда, бюджеттің түзетілген көрсеткіштері нақтыланған бюджетте көрсетіледі.»;
2-тармақтың 1) тармақшасында:
«функциялары» деген сөзден кейін «мен штат санының лимиттері» деген сөздермен толықтырылсын;
«бөлуді» деген сөзден кейін «, қысқартуды (ұлғайтуды)» деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақта:
1) тармақша:
«функциялары» деген сөзден кейін «мен штат санының лимиттері» деген сөздермен толықтырылсын;
«бөлуді» деген сөзден кейін «, қысқартуды (ұлғайтуды)» деген сөздермен толықтырылсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қаржы жылы iшiнде төмен тұрған бюджетке Қазақстан Республикасы Үкіметінiң және облыстың жергілікті атқарушы органының резервтерiнен қаражат бөлiнген, сондай-ақ қаржы жылы ішінде төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджетте көзделген бөлінетін бюджеттік бағдарламалардан қаражат бөлінген;»;
41) 112-баптың 1-тармағындағы «, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің стратегиялық жоспарларында айқындалған нәтиженің көрсеткіштері бойынша деректерді» деген сөздер алып тасталсын;
42) 113-баптың 1-тармағындағы «талдау, оның ішінде стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың жоспарлануын және іске асырылуын бағалау» деген сөздер «стратегиялық жоспар мен бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау негізінде талдау» деген сөздермен ауыстырылсын;
43) 124-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы тоғызыншы абзацпен толықтырылсын:
«стратегиялық жоспар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есебін;»;
44) 125-баптың 1-тармағындағы «тіркелген» деген сөз «қабылданған» деген сөзбен ауыстырылсын;
45) 126-баптың 2-тармағының бірінші абзацындағы «бірінші наурызына» деген сөздер «15 ақпанына» деген сөздермен ауыстырылсын;
46) 127-бапта:
1-тармақтағы «1 сәуірінен» деген сөздер «25 наурызынан» деген создермен ауыстырылсын;
3-тармақтағы «және бюджеттік өлшемдерде» деген сөздер алып тасталсын;
4-тармақтағы «1 мамырынан» деген сөздер «20 сәуірінен» деген сөздермен ауыстырылсын;
47) 128 және 130-баптардың 2-тармақтарының екінші абзацтарындағы, 129 және 131-баптардың 3-тармақтарындағы «және бюджеттік өлшемдерде» деген сөздер алып тасталсын;
48) 135-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік қаржылық бақылау органдары Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын бақылау объектілерінің бұзуын анықтау, жою және оған жол бермеу мақсатында жүзеге асырады.»;
49) 138-баптың 3) тармақшасында:
«бағдарламалардың» деген сөзден кейін «, аумақтарды дамыту бағдарламаларының» деген сөздермен толықтырылсын;
«, әлеуметтік саланың немесе жеке алғанда мемлекеттік басқару саласының (аясының)» деген сөздер «немесе жеке алғанда экономика саласының, әлеуметтік саланың, мемлекеттік басқарудың басқа салаларының» деген сөздермен ауыстырылсын;
50) 139-баптың 1) және 2) тармақшаларындағы «тексеру» деген сөз «бақылау» деген сөзбен ауыстырылсын;
51) 140-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«140-бап. Бақылау нәтижелерi бойынша қабылданатын актiлер
Бақылау нәтижелерi бойынша мынадай актiлер қабылданады:
1) сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары және Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган:
бақылау актiсi - мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша жасаған құжат;
бақылаудың қорытындылары туралы есеп - белгiлi бiр уақыт кезеңi iшіндегi бақылау бойынша жүргiзiлген жұмыс нәтижелерi туралы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары жасаған құжат;
қаулы - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi мен мәслихаттың тексеру комиссиясы қабылдайтын, бақылау нәтижелерін растайтын және ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға мiндеттi шешімдерді қамтитын құжат;
қорытынды - Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң және мәслихаттың тексеру комиссиясының бақылау актілері және (немесе) аудиторлық есептер негiзiнде жасалатын құжаты;
ұсыну - анықталған бұзушылықтарды және жұмыстағы кемшiлiктердi жою үшін бақылау объектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға жіберілген мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының орындауға міндетті құжаты;
2) ішкі бақылау қызметі:
ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды - жүргізілген бақылау қорытындылары бойынша жасалатын, ішкі бақылау қызметі және ішкі бақылау объектісі қол қоятын құжат;
ішкі бақылау нәтижелері туралы есеп - ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде жасалған, жұмыс тиімділігін арттыру, ішкі бақылау объектісі қызметінің тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізу мақсатында ішкі рәсімдерді, қағидаларды, процестерді жақсарту жөніндегі ұсынымдарды қамтитын, мемлекеттік органның басшысына табыс етілетін құжат.
Ішкі бақылау қызметі ішкі бақылау нәтижелері туралы есептің негізінде мемлекеттік органның басшысы ішкі бақылау қорытындылары бойынша қабылдайтын құжаттың жобасы болып табылатын, ішкі бақылау объектісінің жұмыста анықталған бұзушылықтар мен кемішіліктерді жоюы, сондай-ақ ондағы ұсынымдарды орындауы үшін міндетті болатын ұсыну жобасын жасайды.»;
52) 141-бапта:
6) тармақша «Қазақстан Республикасының Парламентіне» деген сөздерден кейін «қарау мен бекіту және Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат үшін» деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 11-1) және 18-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«11-1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қоры қаражатының пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырады;»;
«18-1) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган республикалық бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы;»;
21) тармақшадағы «ұсынымдар енгізеді,» деген сөздерден кейін «сыртқы» деген сөзбен толықтырылсын;
53) 142-бапта:
20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«20) Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган жергілікті бюджеттің атқарылуы бөлігінде жүргізген бақылау нәтижелері бойынша қабылданған актілерді сұратуға құқылы;»;
мынадай мазмұндағы 20-1) тармақшамен толықтырылсын:
«20-1) Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізеді;»;
54) 144-бапта:
1-тармақта:
мынадай мазмұндағы 9-1) және 9-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«9-1) ішкі бақылау объектісіне ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды енгізеді;
9-2) мемлекеттік органның басшысына ішкі бақылау нәтижелері туралы есепті және ұсыну жобасын енгізеді;»;
10) тармақша алып тасталсын;
2-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарда және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын тиісті атқарушы органдарда, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдарда ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
Аудандардың (облыстық бар маңызы қалалардың) атқарушы органдарында ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізген кезде облыстық деңгейдегі ішкі бақылау қызметі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізілген ауданның (облыстық бар маңызы қаланың) бюджетінен қаржыландырылатын мемлекеттік органның бірінші басшысына бақылау нәтижелері туралы есепті және ұсыну жобасын табыс етеді.»;
55) 145-баптың 1-тармағындағы «жоспарлары» деген сөз «жоспарлар туралы, олар бекітілгенге дейін» деген сөздермен ауыстырылсын;
56) 146-бапта:
1-тармақтың 3) тармақшасы «қарсылық» деген сөзден кейін «(ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытынды)» деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) бақылау актісін (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыны) жүргізілген бақылау нәтижелерімен танысуға берген күннен бастап үш күн мерзімде белгіленген тәртіппен бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қол қоюға құқылы. Нәтижелермен келіспеген жағдайда, бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылықтың болуы туралы ескертпемен қол қойылады. Бақылау актісіне (ішкі бақылау нәтижелері бойынша қорытындыға) қарсылық білдіру осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында айқындалған мерзімде ұсынылады;»;
57) 8-бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«8-бөлiм. Бюджеттік инвестициялар
30-тарау. Бюджеттік инвестицияларды жоспарлау
151-бап. Бюджеттік инвестициялар туралы жалпы ережелер
1. Бюджеттік инвестициялар:
1) бюджеттік инвестициялық жобаларды iске асыру;
2) концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру;
3) мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
2. Шешiлетiн мiндеттердiң маңыздылығы деңгейiне қарай бюджеттік инвестициялық жобалар және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобалар республикалық және жергiлiктi болып бөлiнедi.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды айқындау критерийлері:
1) меншiк түрi бойынша критерий - бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асыру нәтижесiнде алынған мүлiкке туындайтын меншiк (республикалық немесе коммуналдық) құқығына байланысты оны республикалық немесе жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жоба немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жоба ретiнде айқындайтын критерий;
2) пайда алушылар бойынша критерий - егер бюджеттік инвестициялық жобаның және (немесе) бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаның iске асырылуынан экономикалық пайда алушылар екi және одан да көп облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болып табылса, бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны - республикалық, ал егер бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны iске асырудан экономикалық пайда алушылар бiр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың субъектiлерi болған жағдайда, жергiлiктi ретінде айқындайтын критерий болып табылады.
4. Бюджеттік инвестициялық жобаны немесе бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаны республикалық ретiнде айқындау үшiн оның осы баптың 3-тармағында көрсетілген критерийлердiң бiрiне сәйкестiгi жеткiлiктi болады.
5. Жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды облыстық, республикалық маңызы бар қаланың, астананың және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) деп сыныптау осы баптың 3-тармағында көзделген критерийлер негiзiнде жүзеге асырылады.
6. Республикалық бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды орталық мемлекеттік органдар республикалық бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
7. Жергiлiктi бюджеттік инвестициялық жобаларды және бюджеттен қоса қаржыландыру шартымен концессиялық жобаларды жергiлiктi атқарушы органдар жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен iске асырады.
152-бап. Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау
Бюджеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау үш кезеңде:
1) инвестициялық ұсыныстар әзiрлеу;
2) бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық- экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
3) бюджеттi әзiрлеу сатысында бюджеттік инвестициялық жобаларды iрiктеу кезеңiнде жүзеге асырылады.
153-бап. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеу
1. Инвестициялық ұсыныстарды әзiрлеудi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының жобаларын әзiрлеу сатысында жүзеге асырады.
2. Инвестициялық ұсыныстар салалық сараптамадан өткiзiлуге жатады.
3. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi инвестициялық ұсыныстарды қалыптастырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi органға ұсынады.
4. Инвестициялық ұсыныстар:
1) бюджеттік инвестициялық жоба бойынша жалпы ақпаратты;
2) жоба мақсаттарының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген экономика саласын (аясын) дамыту басымдықтарына сәйкестігі туралы ақпаратты;
3) бюджеттік инвестициялық жобаның мақсаттарына қол жеткізудің балама нұсқаларын;
4) бюджеттік инвестициялық жоба іске асырылған немесе мұндай іске асыру болмаған жағдайда, экономика саласының (аясының) ықтимал даму нұсқаларын;
5) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудан түсетін пайданы бөлу туралы ақпаратты;
6) бюджеттік инвестициялық жобаны іске асырудың экономиканың сабақтас салаларына (аясына) болжамды әсерін бағалауды қамтуға тиіс.
5. Бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi ұсынылатын инвестициялық ұсыныстардың негiздiлiгi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
6. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган инвестициялық ұсыныстарды қараудың және iрiктеудiң тиiстi әдiстемелерi бойынша, оның iшiнде шығындар мен пайданы талдау негiзiнде (осы әдiстеменi қолдану мүмкiн болған жағдайда) бюджеттік бағдарламалар әкiмшiлерiнiң инвестициялық ұсыныстарын қарайды және олар бойынша қорытындыны тиiстi бюджет комиссияларының қарауына енгiзедi.